БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 12 шілдедегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28797 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларында:
20-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшасымен толықтырылсын:
"11) өтінім берілген күні соңғы 3 (үш) жыл ішінде салық аударымдары бойынша оң серпінінің болуы (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы). Осы тармақшаның талабы қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық төлеуден босатылған және/немесе тіркелген күнінен бастап ұлттық институтқа өтінім түскен күнге дейін күнтізбелік үш жылдан аз уақыт өткен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қолданылмайды.";
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
К. Шарлапаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі