Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 13 шiлдедегi № 260 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 шiлдеде № 28828 болып тіркелді.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 10-тармағының он бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2022 жылғы 13 шілдедегі
№ 260 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабы 10-тармағының он бірінші бөлігіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында (бұдан әрі – ТЖМ арнаулы оқу орны) әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу тәртібін айқындайды.

      2. Үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуына байланысты əскери қызметтен шығару салдарынан ТЖМ арнаулы оқу орнынан шығарып жіберілген, сондай-ақ əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан әскери қызметші оқытудың бірінші жылының шығындарын (бұдан әрі – оқу шығындары) қоспағанда, өзін ТЖМ арнаулы оқу орнында оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, стипендия төлеуге және жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін ақшаны мемлекетке өтейді.

      Көрсетілген міндеттемелер ТЖМ оқу орнында әскери қызметші мәртебесінде оқудың бірінші жылы ішінде оқудан шығарылған және келесі курсқа көшірілмеген, мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тәртіппен әскери бөлімдерге жіберілген курсанттарға қолданылмайды.

      ТЖМ арнаулы оқу орнына қайта қабылдау немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру оқу және (немесе) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру кезеңінде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алуды тоқтата тұруға негіз болып табылады. ТЖМ арнаулы оқу орнында оқыту кезеңі есепке алынбастан, күнтізбелік есептеумен келісімшарт бойынша он жыл әскери қызмет өткергеннен кейін оқытуға жұмсалған шығынды өндіріп алу тоқтатылады.

      3. ТЖМ арнаулы оқу орнын бітірген əскери қызметші теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуымен байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сай келмеуі бойынша əскери қызметтен шығарылған жағдайда, оқу шығындарына сәйкес келетін ақшаны мемлекетке әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қызмет өткерілмеген əрбір толық ай үшін пропорционалды түрде өтейді.

      4. Оқудан шығарылған (шығарылып жіберілген) әскери қызметшілерді есепке алуды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) кадр қызметі жүзеге асырады.

      ТЖМ ведомствосы, аумақтық орган, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеме оқудан шығарылған немесе шығарылып жіберілген әскери қызметшінің соңғы қызмет (оқу) орнына байланысты бес жұмыс күні ішінде ТЖМ кадр қызметіне әскери қызметшінің азаматтық қорғау органдарынан шығарылғаны (шығарылып жіберілген) туралы хабарлайды.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу тәртібі

      5. ТЖМ арнаулы оқу орны әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған, өтеуге жататын оқу шығындарын есептеу үшін жыл сайын 20 желтоқсанға дейін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚР ТЖМ арнаулы оқу орнында бір әскери қызметшіні оқытуға жұмсалатын нақты шығындардың жиынтық есебін (бұдан әрі – жиынтық есеп) әзірлейді және бекітеді.

      6. Әскери қызметшіні ТЖМ арнаулы оқу орнында оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу сомасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен есептеледі.

      7. Жиынтық есеп оқып жатқан әскери қызметшілердің жеке (оқу) істеріне тігіледі.

      8. Осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген әскери қызметшілерге оқуға жұмсалған шығындар өтелмеген жағдайда, жұмыстан шығарылған немесе оқудан шығарып жіберілген кезден бастап бір ай мерзімде оларды ерікті түрде өтеу қажеттігі туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) (еркін нысанда) тапсырылады (жолданады).

      Хабарлама қол қойғызып тапсырылады не почта жөнелтімімен жұмыстан шығарылған немесе оқудан шығарылған әскери қызметшінің атына, оның соңғы тұрғылықты жері бойынша, ТЖМ, ведомство, аумақтық орган, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеме, қызметтен шығарылған немесе оқудан шығарылған әскери қызметшінің соңғы қызмет (оқу) орнына қарай жіберіледі.

      Хабарламада өтелуге жататын оқытуға жұмсалған шығындар сомасы, банк деректемелері және ерікті өтеу мерзімі көрсетіледі.

      Ерікті түрде өтеу мерзімі хабарлама алған күннен бастап бір айды құрайды.

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығымен бекітілген пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларының 125-тармағында көзделген адресаттың пошта жөнелтілімін алудан бас тартуы немесе ол болмауы себептері бойынша пошта жөнелтілімін тапсыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, ерікті өтеу мерзімі пошта жөнелтілімін қайтарған кезден бастап бір айды құрайды.

      9. Жұмыстан шығарылған немесе оқудан шығарып жіберілген әскери қызметші оқуға арналған шығындарды өтеуден жазбаша түрде бас тартқан, толық көлемде өтемеген не хабарлама алған немесе осы Қағидалардың 8-тармағының бесінші бөлігінде көзделген пошта жөнелтілімін қайтарған кезден бастап бір ай ішінде жазбаша жауап болмаған жағдайларда ТЖМ, оның ведомствосы немесе аумақтық органы не ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемесі оқуға арналған шығындарды ерікті түрде өтеу мерзімі өткен күннен кейін талап-арызды сотқа жолдауды қамтамасыз етеді.

      10. Оқуға жұмсалған шығындарды өтеу жөніндегі талап қою жұмысын жұмыстан шығарылған немесе әскери қызметшінің соңғы қызмет (оқу) орнына байланысты ТЖМ-ның, ведомствоның, аумақтық органның, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменің заң қызметі жүзеге асырады.

      11. Осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген оқудан шығарылған немесе шығарылып жіберілген әскери қызметшілердің оқуына жұмсалған оқу шығындарын өтеуді есепке алу мен мониторингтеуді ТЖМ, ведомствоның, аумақтық органның, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменің кадр қызметі оқудан шығарылған немесе босатылған әскери қызметшінің соңғы қызмет (оқу) орнына қарай жүзеге асырады.

      12. Әскери қызметшілерді ТЖМ арнаулы оқу орындарында оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден түскен қаражат республикалық бюджеттің кірісіне аударылуы тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрлігінің арнаулы оқу
орнында әскери қызметшіні
оқытуға жұмсалған бюджет
қаражатын мемлекетке
өтеу қағидаларына
қосымша

      Нысан

  "Бекітемін"
____________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
"____"____________________
(күні)

____/____ оқу жылында __________________ білім беру бағдарламасы бойынша

      (оқу бағдарламасының атауы)

      __________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнының атауы)

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында бір әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі

Шығындар атауы 2 курс 3 курс 4 курс Барлығы

1

Әскери қызметшіні тамақпен қамтамасыз етуге байланысты шығындар





2

Оқитын әскери қызметшінің стипендиясы





3

Әскери қызметші мәртебесінде ТЖМ оқу орнында оқуы кезеңіндегі жол жүру шығындары





Жиыны





      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында (бұдан әрі – ТЖМ арнаулы оқу орны) бір әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі шығындарының әрбір тармағына ТЖМ арнаулы оқу орны қызметтерінің бастықтары жеке есеп айырысулар жасайды және жинақтап қорыту үшін қаржы қызметіне ұсынады.

      Әскери қызметшіні тамақпен қамтамасыз етуге жұмсалған шығындар "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Білім беру ұйымдарының курсанттарын тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 255 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10814 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.

      Курсанттарға стипендия Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбпү қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес есептеледі.

      Жол жүруге жұмсалған шығындар оқуға жұмсалған нақты шығындар бойынша есептеледі.

      ҚР ТЖМ арнаулы оқу орнының қаржы қызметінің басшысы

      Мөр орны

      __________________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      "_____"___________________________________

      (күні)

      ҚР ТЖМ арнаулы оқу орнының кадр қызметінің бастығы

      ___________________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      "_____"__________________________________________

      (күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады