БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 11-1-4/66-1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16585 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 436-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесінде:
2-реттік нөмір мынадай редакцияда жазылсын:
"
2. | Аустрия Республикасының Елшілігі | Әкімшілік-техникалық персоналға ҚҚС-ты қайтару жүргізілмейді. |
";
4-реттік нөмір мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. | Бельгия Корольдігінің Елшілігі |
1. Күніне бір шот-фактура бойынша сатып алу сомасына төменгі шек ҚҚС-сыз 125 еуро. |
1. Күніне бір шот-фактура бойынша сатып алу сомасына төменгі шек ҚҚС-сыз 125 еуро. |
";
18 және 19-реттік нөмірлер мынадай редакцияда жазылсын:
"
18. | Италия Республикасының Елшілігі |
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы - 310 еуро. |
1. Сатып алудың бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы - 310 еуро. |
19. | Канада Елшілігі | 1. Өкілдікке ҚҚС-ты қайтару, егер Қазақстан Республикасы аумағында ресми түрде сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің, ҚҚС-ты қоса алғанда, әрбір шот-фактурасының сомасы 120 АҚШ доллардан асатын болса, жүргізіледі. |
1. Бірге тұратын олардың жұбайларын қоса алғанда, дипломатиялық персонал мүшелеріне ҚҚС-ты қайтару, егер Қазақстан Республикасы аумағында жеке және отбасылық пайдалану үшiн сатып алынған тауарлардың, көрсетілген қызметтердің, орындалған жұмыстар |
";
22-реттік нөмір мынадай редакцияда жазылсын:
"
22. |
Қытай Халық Республикасының Елшілігі |
1. Сатып алынған тауарлар мен коммуналдық қызметтер үшін бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы – 17 АЕК. |
1. Сатып алынған тауарлар мен коммуналдық қызметтер үшін бір шот-фактура бойынша төменгі шегінің жалпы сомасы – 17 АЕК. |
";
мынадай мазмұндағы 43, 44, 45, 46, 47 және 48-реттік нөмірлермен толықтырылсын:
"
43. | Пәкістан Ислам Республикасының Елшілігі |
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шегі - 8 АЕК. | Бір шот-фактура бойынша төменгі шек - 8 АЕК. |
44. | Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Алматы қаласындағы географиялық жағынан қашық орналасқан офисі |
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек - 8 АЕК. | ҚҚС-ты қайтару тек офис басшысы мен оның отбасы мүшелері үшін жүргізіледі. |
45. | Халықаралық Қызыл Крест комитеті өкілдігі (ХҚКК) |
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 8 АЕК. | ҚҚС-ты қайтару Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылатын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын ХҚКК Өкілдігінің мүшелерін қоспағанда, ХҚКК Өкілдігінің мүшелеріне, олардың жұбайларына/зайыптарына, олардың асырауындағы отбасы мүшелері үшін жүргізіледі. |
46. | Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы. |
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 55 АҚШ доллары. | |
47. | Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы. |
1. Бір шот-фактура бойынша төменгі шек – 55 АҚШ доллары. |
".
2) "Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 11-1-4/66-2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16586 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 45-1 тармақпен толықтырылсын:
"45-1. Пәкістан Ислам Республикасының Елшілігі.";
мынадай мазмұндағы 73-1, 73-2 және 73-3 тармақтармен толықтырылсын:
"73-1. Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы.";
"73-2. Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы.";
"73-3. Тәжікстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы.";
мынадай мазмұндағы 80-1 тармақпен толықтырылсын:
"80-1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Алматы қаласындағы географиялық жағынан қашық орналасқан офисі.";
84-тармақ алынып тасталсын;
89-тармақ алынып тасталсын;
96, 97 және 98-тармақтар алынып тасталсын;
100-тармақ алынып тасталсын;
103-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 104 тармақпен толықтырылсын:
"104. Халықаралық Қызыл Крест комитеті өкілдігі.".
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. |
А. Рахметуллин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі