"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 14 шiлдедегi № 522 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 шiлдеде № 28864 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 11-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында:

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Жоғары оқу орындарында білім алатын және әскери кафедраларда запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша оқу үшін іріктелген азаматтарды (бұдан әрі – студенттер) медициналық куәландыруды оқу басталар алдында жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) медициналық комиссиялары жүргізеді.

      Әскери кафедралар студенттерге әскери оқу орнына оқуға түсетін азаматтың медициналық куәландыру картасын ресімдейді. Медициналық куәландыру басталғанға дейін студенттер ЖАО-ның медициналық комиссиясына осы Қағидалар 31-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық құжаттарды, осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген медициналық зерттеу нәтижесін және әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікті ұсынады.

      Медициналық куәландыру процесінде көрсеткіштер бойынша денсаулық жағдайын айқындау үшін қосымша зертханалық, аспаптық зерттеу әдістері жүргізіледі.

      Әскери (оқу-жатығу) жиындар алдында студенттерді медициналық куәландыруды ЖАО-ның медициналық комиссиялары жүргізеді. Куәландыру нәтижесі бойынша "Әскери (оқу-жаттығу) жиындарға жарамды (жарамсыз)" деген қорытынды шығарылады.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Медициналық куәландыруды ЖАО-ның медициналық комиссиясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру қағидалары) көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери-медициналық (медициналық) мекемелерінің (ұйымдардың) штаттан тыс тұрақты әрекет ететін әскери-дәрігерлік комиссиялары (бұдан әрі – ӘДК) жүргізеді.

      Әскери бөлімдерге немесе өңірлік қолбасшылықтарға (бұдан әрі – ӨңҚ) жіберер алдында азаматтарға организмде есірткі заттарының бар болуына тестілеу жүргізіледі, оның нәтижесі келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтың медициналық куәландыру картасына жазылады.

      Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін мерзімді қызмет әскери қызметшілері медициналық куәландыруға медициналық кітапшамен жіберіледі, онда медициналық көмекке жүгінуді көрсетумен және осы Қағидалардың 70-тармағында көрсетілген зерттеу нәтижесімен эпикриз ресімделеді.";

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін қатардағы жауынгерлер құрамында, кіші сержанттар құрамында және оқу бітіру курсында оқитындардан басқа, ӘОО курсанттарында (кадеттерінде) Талаптарға сәйкес әскери қызметке жарамдылық санатын жеке бағалау көзделетін аурулар болған кезде ӘДК "Әскери қызметке шектеулі жарамды" деген қорытынды шығарады.";

      145 және 146-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "145. Талаптарға сәйкес әскери қызметке жарамдылықты дербес бағалау көзделетін аурулар болған кезде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген және есепке алу мақсатында куәландырылатын азаматтарға қатысты ӘДК-ның (ЖАО медициналық комиссиясының) "Әскери қызметке шектеулі жарамды", әскери жиындарға шақыру кезінде әскери міндеттілерге қатысты – "Әскери жиындарға жарамсыз", әскери қызметке шақыру кезінде запаста тұратын офицерлер құрамының әскери міндеттілеріне қатысты – "Әскери қызметке бейбіт уақытта жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды" деген қорытындысы шығарылады.

      146. Талаптарға сәйкес әскери қызметке уақытша жарамсыздық көзделетін аурулар болған кезде әскери жиындарға шақырылатын әскери міндеттілерге қатысты ӘДК-ның (ЖАО медициналық комиссиясының) "Әскери жиындарға жарамсыз", әскери қызметке шақырылатын әскери міндеттілерге қатысты – "Әскери қызметке уақытша жарамсыз" деген қорытындысы шығарылады.";

      188 және 189-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "188. Медициналық куәландыру басталғанға дейін авиациялық персоналға:

      1) кеуде қуысы ағзаларын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу (куәландыратын күні 3 айдан кешіктірілмей);

      2) 12 жалғамалық әдіспен электрокардиография (тыныш жағдайда және дене жүктемесінен кейін);

      3) жалпы қан және несеп талдауы;

      4) қандағы қантты зерттеу;

      5) фиброгастродуоденоскопия (көрсеткіштер бойынша);

      6) 40 жастан асқан адамдарға көздің ішкі қысымын өлшеу;

      7) мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенографиясы (көрсеткіштер бойынша);

      8) мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция);

      9) құрт жұмыртқалары мен лямблия кисталарына нәжісті зерттеу жүргізіледі.

      Авиациялық персоналға стационарлық медициналық куәландыру кезінде, әуе қозғалысының операторы, ұшқышсыз ұшатын аппараттардың операторы, парашютші, планерші, әуеде ұшушы, сондай-ақ әуе кемесінің бортында ұшу тапсырмаларын орындауға қатысатын маман лауазымдарына алғаш рет тағайындалатын әскери қызметшілерге жоғарыда аталған зерттеулерге қосымша мынадай зерттеулер:

      құрсақ қуысы ағзаларын, қалқанша безін, жүрек және несеп-жыныстық жүйесін ультрадыбыстық зерттеу;

      фиброгастродуоденоскопия;

      қанды зерттеу: тромбоциттер, ретикулоциттер, коагулограмма, бауыр сынамалары, холестерин, липопротеидтер (стационарлық медициналық куәландыру кезінде);

      Нечипоренко бойынша несепті, тәуліктік несептің оксалаттарын зерттеу (жоғары маневр жасайтын ұшақтарда ұшатын ұшқыштар мен штурмандарға);

      тік ішекті аспаптық зерттеу (40 жастан асқан адамдарға);

      қанды В және С гепатиттерінің маркерлеріне зерттеу;

      мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенографиясы;

      тоналдық аудиометрия;

      функционалдық сынамаларды көрсеткен кезде электроэнцефалография жүргізіледі.

      189. Барлық клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеулер медициналық куәландыру басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен ерте емес орындалады. Медициналық көрсеткіштер бойынша қосымша зерттеулер жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 189-1-тармақпен толықтырылсын:

      "189-1. Медициналық зерттеу нәтижесін ұсынбаған авиациялық персонал медициналық куәландыруға жіберілмейді.";

      191-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "191. Дәрігерлік-ұшқыш комиссиялардың (бұдан әрі – ДҰК) қорытындысы медициналық куәландырылған сәттен бастап бір жыл бойы жарамды. ДҰК қорытындысының мерзімі өткен соң авиациялық персонал ұшу жұмысына (ұшуға үйретуге, ұшуларға басшылық жасауға, парашюттен секіруге және ұшуға) жіберілмейді және медициналық куәландыруға (амбулаториялық, стационарлық) жіберіледі.

      Авиациялық персоналына осы Қағидалардың 192-тармағына сәйкес мерзімі айқындалатын кезекті стационарлық медициналық куәландыру объективті себептер бойынша жүргізілмеген жағдайда, штаттық ӘДК-ның рұқсаты бойынша штаттан тыс ДҰК-да амбулаториялық медициналық куәландыру жүргізіледі, оның қорытындысы 6 айға дейін жарамды болады.";

      осы Қағидаларға 17-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы Қағидаларға 20-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеде:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Штаттық ӘДК (ДҰК):

      1) өкілеттіктері шегінде бағынысты әскери-дәрігерлік (дәрігерлік-ұшқыш) сараптау комиссияларының қорытындыларын қарайды және бекітеді (бекітпейді) немесе жояды;

      2) оларға қолбасшылық немесе медициналық куәландырудан өткен адамдар шағымданған кезде өзінің және өкілеттіктері шегінде бағынысты комиссиялардың қорытындыларын бақылау тәртібінде қайта қарайды;

      3) азаматтардың әскери қызмет өткеруге (міндеттерін атқаруға), әскери жиындардан өтуіне байланысты мертігуінің (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының), ауыруының, қаза табуының (қайтыс болуының) себепті байланысы туралы ӘДК қорытындысын қабылдайды;

      4) азаматтардың әскери қызмет өткеруге (міндеттерін атқаруға), әскери жиындардан өтуіне байланысты мертігуінің (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының), ауыруының, қаза табуының (қайтыс болуының) себепті байланысы туралы өзінің және өкілеттіктері шегінде бағынысты әскери-дәрігерлік сараптама комиссияларының қорытындыларын қайта қарайды;

      5) өкілеттіктері шегінде бағынысты әскери-дәрігерлік (дәрігерлік-ұшқыш) сараптаманың және әскери-дәрігерлік (дәрігерлік-ұшқыш) сараптама комиссиялары сараптамалық қызметінің жай-күйін талдайды;

      6) әскери-дәрігерлік сараптама нәтижесі бойынша, сондай-ақ орнында зерделеумен әскери-медициналық (медициналық) мекемелерде (ұйымдарда) медициналық куәландыруды ұйымдастырудағы және жүргізудегі кемшіліктерді анықтайды;

      7) ЖАО-ның медициналық комиссияларында әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу және әскери қызметке шақыру кезінде, келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген, әскери оқу орындарына оқуға түскен кезде азаматтарды, әскери міндеттілерді медициналық куәландыруды ұйымдастыруды, оның жай-күйі мен нәтижесін зерделейді;

      8) штаттан тыс (тұрақты және уақытша әрекет ететін) ӘДК-ға (ДҰК-ға) және ЖАО-ның медициналық комиссияларына осы Ережені, әскери-дәрігерлік (дәрігерлік-ұшқыш) сараптама жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді іс жүзінде қолдану бойынша түсіндірме береді;

      9) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік (дәрігерлік-ұшқыш) сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқауларды әзірлейді;

      10) әскери қызметшілерді және әскери міндеттілерді әскери-медициналық (медициналық) мекемелерге стационарлық немесе амбулаториялық тексеруге және медициналық куәландыруға жіберудің мақсатқа сәйкестігін айқындайды;

      11) өкілеттіктері шегінде бағынысты әскери-дәрігерлік сараптама комиссияларынан, әскери-медициналық (медициналық) мекемелерден (ұйымдардан) және орталық атқарушы органдардың өзге де бөлімшелерінен, өзге де орталық мемлекеттік органдардан, әскери бөлімдер мен мекемелерден сараптамалық қорытындыны айқындау үшін құжаттарды сұратады;

      12) ӘДК (ДҰК) қорытындысына ықпал еткен куәландыру тәртібін бұзу анықталған жағдайда, сондай-ақ өкілеттіктері шегінде бағынысты әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары қорытындысының негізділігін тексеру үшін бақылап (ішкі) тексеруді және (немесе) қайта медициналық куәландыруды тағайындайды;

      13) ұшқыштар құрамының лауазымдарында тұрған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері басшылығына медициналық куәландыру жүргізеді;

      14) әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша консультация, қорытындылар, анықтамалар береді;

      15) әскери-дәрігерлік (дәрігерлік-ұшқыш) сараптама мәселелері бойынша норма шығару қызметіне қатысады;

      16) құрылымдық бөлімше басшысының келісімімен әскери-медициналық қызмет мамандарын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар жобаларын дайындау үшін, сондай-ақ жүктелген функциялар мен міндеттерге сәйкес жүргізілетін әскери-дәрігерлік сараптама жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін тартады;

      17) әскери-дәрігерлік сараптама бойынша медициналық персоналды әдістемелік, практикалық, дипломнан кейінгі даярлауға қатысады;

      18) комиссиялар сарапшылары әскери-дәрігерлік сараптама жөніндегі мәселелерді қарау кезінде сотта және басқа да мемлекеттік органдарда мемлекеттік мекемелерді білдіреді;

      19) әскери-дәрігерлік (дәрігерлік-ұшқыш) сараптама бойынша есеп беру құжаттарының нысандарын әзірлеуге қатысады;

      20) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Штаттан тыс тұрақты әрекет ететін ӘДК жыл сайын тиісті әскери-медициналық (медициналық) мекеме (ұйым) бастығының бұйрығымен мынадай құрамда тағайындалады: хирург, терапевт, невропатолог, окулист, оториноларинголог, стоматолог. Қажет болған кезде комиссия құрамына басқа да мамандықтардың дәрігерлері тартылады. ӘДК төрағасы болып әскери-медициналық (медициналық) мекеме (ұйым) медициналық бөлімінің (қызметінің) бастығы, ал орта медициналық персонал қатарынан комиссия хатшысы тағайындалады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Гарнизондық ӘДК гарнизон бастығының бұйрығымен осы Ереженің 15-тармағында айқындалған құрамда құрылады. Гарнизондық ӘДК төрағасы болып әскери емхана бастығы немесе әскери-медициналық (медициналық) мекеме (ұйым) медициналық бөлімінің (қызметінің) бастығы, орта медициналық персонал қатарынан комиссия хатшысы тағайындалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2022 жылғы 14 шілдедегі
№ 522 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерінде әскери-
дәрігерлік сараптама
жүргізу қағидаларына
17-қосымша

      Нысан

Жергілікті атқарушы органдар медициналық комиссияларының және штаттан тыс (уақытша, тұрақты әрекеттегі) әскери-дәрігерлік комиссияларының қорытындылары

      Жергілікті атқарушы органдар медициналық комиссиялары, штаттан тыс (уақытша, тұрақты әрекеттегі) әскери-дәрігерлік комиссиялары қорытындыларын мыналарға шығарады:

      1. Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, әскерге шақыру бойынша әскери қызметке шақыру кезінде мынадай азаматтарға қатысты:

      әскери қызметке жарамды;

      әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды;

      кейіннен медициналық куәландырумен тексеруге (емдеуге) мұқтаж;

      әскери қызметке _____ айға уақытша жарамсыз (жіті ауру немесе созылмалы аурудың асқынуы, мертігу болған кезде (жүргізілген емдеуден кейін);

      әскери қызметке бейбіт уақытта жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;

      әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз.

      2. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына түсетін азаматтарға қатысты:

      ____________________________________________ оқуға түсуге жарамды (жарамсыз).

                  (оқу орнының атауы)

      3. Техникалық және кәсіби, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына, оның ішінде шет мемлекеттердің, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларға түсетін азаматтарға және әскери қызметшілерге қатысты:

      ___________________________________________ оқуға түсуге жарамды (жарамсыз).

      (оқу орнының атауы)

      4. Жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедрадаларда запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша әскери даярлықтан өтуге ниет білдірген азаматтарға қатысты:

      әскери кафедрада запастағы офицерлерді (сержанттарды) даярлау бағдарламасы бойынша оқуға жарамды (жарамсыз);

      әскери (оқу-жаттығу) жиындарға жарамды (жарамсыз).

      5. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қатысты:

      келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамды;

      келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамды, __________________________

      (әскер түрінде (тегінде) немесе әскери-есептік мамандықтар бойынша жарамдылық санаты көрсетіледі);

      кейіннен медициналық куәландырумен тексерілуге мұқтаж;

      медициналық куәландыруға келмеуіне (толық тексерілмеуіне) байланысты қорытынды шығарылған жоқ;

      келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамсыз.

      6. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге (офицерлерден басқа) қатысты:

      әскери қызметке жарамды;

      әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды;

      әскери қызмет міндеттерін орындаудан ____ тәулікке босатылсын (әскери бөлім медициналық пунктінің лазаретіне жатқызылады);

      әскери қызмет міндеттерін орындаудан ____ тәулікке ішінара (қандай жұмыс түрінен, сабақтан, нарядтан екені көрсетілсін) босатылсын;

      ауруы бойынша ________________ тәулікке демалыс берілсін;

      кейіннен медициналық куәландырумен ауруы бойынша __________________ (жүргізу орны көрсетілсін)______тәулікке демалыс берілсін;

      әскери қызметке бейбіт уақытта жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;

      әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз.

      7. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, әскери оқу орындары курсанттарына (кадеттеріне) және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлерге қатысты:

      әскери қызметке жарамды;

      әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды;

      ___ айдан кейін кейіннен медициналық куәландырумен шамалы шектеулермен әскери қызметке жарамды;

      ____________________________________________ оқуға түсуге жарамды (жарамсыз);

      (әскери оқу орнының, факультет атауы көрсетілсін)

      әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды, __________________

      ___________ _________________________________________ оқуға түсуге жарамсыз;

      (әскери оқу орнының, факультет атауы көрсетілсін)

      ______________ айдан кейін қайта медициналық куәландырылуға жатады (мерзімі көрсетілсін) (қорытынды соғыс уақытына шығарылады);

      ауруы бойынша ________________ тәулікке демалыс берілсін;

      _______________ кейіннен медициналық куәландырумен ауруы бойынша (жүргізу орны көрсетілсін) ____ тәулікке демалыс берілсін;

      әскери қызмет міндеттерін орындаудан ____ тәулікке босатылсын;

      әскери қызмет міндеттерін орындаудан ____ тәулікке ішінара ________________________ босатылсын; (қандай жұмыс түрінен, сабақтан, нарядтан екені көрсетілсін)

      әскери қызметке шектеулі жарамды;

      әскери қызметке бейбіт уақытта жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;

      әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз;

      әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз, шығаруды ресімдеу үшін қажетті, бірақ 30 тәуліктен аспайтын мерзімге әскери қызмет міндеттерін орындаудан босатылуға жатады.

      8. Он сегіз жасқа толмаған курсанттарға (кадеттерге) қатысты:

      __________________________________________________ оқуға жарамды (жарамсыз);

      (әскери оқу орнының, факультет атауы көрсетілсін)

      әскери қызмет міндеттерін орындаудан _____ тәулікке босатылсын;

      әскери қызмет міндеттерін орындаудан ______ тәулікке ішінара (қандай жұмыс түрінен, сабақтан, нарядтан екені көрсетілсін) босатылсын.

      9. Танкілерді және басқа да машиналарды су астында жүргізуге жарамдылығын айқындау үшін куәландырылатын, әскери жиыннан өтетін әскери қызметшілерге, азаматтарға қатысты:

      танкілерді және басқа да машиналарды су астында жүргізуге жарамды;

      ___________________ айдан кейін қайта медициналық куәландырумен танкілерді және басқа да машиналарды су астында жүргізуге уақытша жарамсыз;

      кейіннен медициналық куәландырумен тексерілуге жатады;

      танкілерді және басқа да машиналарды су астында жүргізуге жарамсыз

      ________________________________________________________________________.

      (әскери қызметке жарамдылығы көрсетілсін)

      10. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің және арнайы мақсаттағы бөлімдер әскери қызметшілеріне қатысты:

      Десанттық-шабуылдау әскерлерінде (арнайы мақсаттағы бөлімдерде) қызметке жарамды;

      __ айдан кейін қайта медициналық куәландырумен парашютпен секіруге уақытша жарамсыз;

      кейіннен медициналық куәландырумен тексерілуге жатады;

      Десанттық-шабуылдау әскерлерінде (арнайы мақсаттағы бөлімдерде) қызметке жарамсыз

      _________________________________________________________________________.

                  (әскери қызметке жарамдылық санаты көрсетілсін)

      11. Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілеріне қатысты:

      Әскери-теңіз күштерінде қызметке жарамды;

      ______________ айдан кейін қайта медициналық куәландырумен Әскери-теңіз күштерінде қызметке уақытша жарамсыз (келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге қатысты шығарылады);

      кейіннен медициналық куәландырумен тексерілуге жатады;

      Әскери-теңіз күштерінде қызметке жарамсыз, _________________________________.

                                    (әскери қызметке жарамдылық санаты көрсетілсін)

      12. Жауынгер жүзгіштер мен сүңгуірлер құрамына қатысты:

      _____ метрге дейінгі тереңдікте жауынгер жүзгіш қызметіне жарамды;

      сүңгуір жұмысына жарамды;

      _______ метрге дейінгі тереңдікте сүңгуірлер жұмысына жарамды;

      _______метрге дейінгі тереңдікте тереңге сүңгитін сүңгуір жұмысына жарамды;

      _______ метрге дейінгі тереңдікте акванавт жұмысына жарамды;

      _______ метрге дейінгі тереңдікте жауынгер жүзгіш қызметіне жарамсыз;

      акванавт жұмысына жарамсыз, _______ метрге дейінгі тереңдікте тереңдікке сүңгитін сүңгуір жұмысына жарамды;

      тереңдікке сүңгитін сүңгуір жұмысына жарамсыз, _______ метрге дейінгі тереңдіктегі жұмысқа сүңгуір ретінде жарамды;

      кейіннен медициналық куәландырумен стационарлық (амбулаторлық) тексерілуге жатады;

      _____ айдан кейін (мерзімі көрсетілсін) қайта куәландырумен жауынгер жүзгіш қызметіне (сүңгуір жұмысына) уақытша жарамсыз;

      жауынгер жүзгіш қызметіне жарамсыз _______________________________________;

      (әскери қызметке жарамдылығы көрсетіледі)

      сүңгуір жұмысына жарамсыз _______________________________________________.

                                          (әскери қызметке жарамдылығы көрсетіледі)

      13. Радиоактивті заттармен, иондаушы сәулелендіру көздерімен, зымыран отынының компоненттерімен, электр-магниттік өріс және лазерлік сәулелендіру көздерімен жұмыс үшін іріктеп алынатын әскери қызметшілерге, азаматтық персонал адамдарына қатысты:

      ______________________________________________ қызметке (жұмысқа) жарамды;

      (зиянды фактор көрсетілсін)

      _______________________________________ қызметке (жұмысқа) уақытша жарамсыз;

      (зиянды фактор көрсетілсін)

      _______________ айдан кейін медициналық куәландырылуға жатады;

      кейіннен медициналық куәландырумен тексерілуге жатады;

      ______________________________________________ қызметке (жұмысқа) жарамсыз;

      (зиянды фактор көрсетілсін)

      _________________________________________________________________________.

      (әскери қызметшілер үшін әскери қызметке жарамдылық санаты көрсетілсін)

      14. Әскери жиындарға шақырылатын азаматтарға қатысты:

      әскери жиындарға жарамды (жарамсыз);

      әскери жиындарға шақырудан босатылуға уақытша мұқтаж.

      15. Есепке алу мақсатында куәландырылатын азаматтарға қатысты:

      әскери қызметке жарамды;

      шамалы шектеулермен әскери қызметке жарамды;

      әскери қызметке шектеулі жарамды;

      әскери қызметке бейбіт уақытта жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;

      әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз.

      16. Оқу-жаттығу бөлімдеріне іріктелетін әскери қызметшілерге және оқу-жаттығу бөлімдерінің курсанттарына қатысты:

      оқу-жаттығу бөлімінде оқуға жарамды (белгілі бір әскери-есептік мамандық бойынша);

      кейіннен медициналық куәландырумен тексерілуге жатады;

      оқу-жаттығу бөлімінде оқуға жарамсыз (белгілі бір әскери-есептік мамандық бойынша)

      _________________________________________________________________________.

                  (әскери қызметке жарамдылық санаты көрсетілсін)

      17. Егер ол қоныс аударуға байланысты болса, басқа әскери-медициналық мекемеде немесе медициналық денсаулық сақтау ұйымында емдеуді жалғастыру үшін әскери қызметшілерге қатысты:

      емдеуді жалғастыру үшін _________________________________________________

      (әскери-медициналық мекеме немесе медициналық денсаулық

      ________________________________________________________ ауыстыруға мұқтаж.

      сақтау ұйымының атауы және оның орналасқан жері көрсетілсін)

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерінде әскери-
дәрігерлік сараптама
жүргізу қағидаларына
20-қосымша

      Нысан

Дәрігерлік-ұшқыш комиссиясының қорытындылары

      Дәрігерлік-ұшқыш комиссиялары мынадай қорытындылар шығарады:

      1. Авиациялық персоналды даярлау бойынша әскери оқу орнының ұшқыш мамандықтарына оқуға түсетін азаматтарға:

      I (бірінші) баған бойынша авиациялық персоналды даярлау бойынша әскери оқу орнының ұшқыш мамандықтарына оқуға түсуге жарамды (жарамсыз).

      2. Авиациялық персоналды даярлау бойынша әскери оқу орнының курсанттарына (ұшқыш мамандығына және авиация тегіне қарамастан):

      II-V (екінші-бесінші) баған бойынша ұшуға оқытып-үйретуге жарамды (жарамсыз);

      стационарлық медициналық куәландыруға (тексерілуге, емделуге) жіберілуге жатады;

      кейіннен медициналық куәландырумен _______ тәулік мерзімге ауруы бойынша демалыс берілсін;

      _______ тәулікке сынып сабақтарына қатысумен барлық жұмыс пен нарядтан босатылсын;

      кейіннен медициналық куәландырумен _______ тәулік мерзімге әскери қызметтің басқа міндеттерін орындаумен ұшудан босатылсын.

      Ұшуға оқытып-үйретуге жарамсыз деп танылған курсанттарға дәрігерлік-ұшқыш комиссия әскери қызметке жарамдылық туралы қорытынды шығарады.

      3. Даярлаудың ұшу бейіні бойынша әскери академияларға оқуға түсетін әскери қызметшілерге:

      ____________________________________________ оқуға түсуге жарамды (жарамсыз).

      (әскери академия және факультет атауы көрсетіледі)

      Түпкілікті іріктеу кезінде денсаулық жағдайы бойынша оқытып-үйретудің ұшу бейіні бойынша әскери академияларға оқуға түсуге жарамсыз деп танылған әскери қызметшілерге дәрігерлік-ұшқыш комиссия ұшу жұмысына жарамдылық туралы қорытынды шығарады.

      4. Ұшқыштар құрамына (ұшқыштарға):

      II-V (екінші-бесінші) бағандар бойынша шектеусіз ұшу жұмысына жарамды;

      II-V (екінші-бесінші) бағандар бойынша меңгерген ұшақтар типінде ұшу жұмысына жарамды;

      II-V (екінші-бесінші) бағандар бойынша дыбыстан ұшқыр ұшақтарды қоспағанда, ұшу жұмысына жарамды;

      II-V (екінші-бесінші) бағандар бойынша екінші пилот болған кезде қосарланып басқарылатын оқу-жаттығу ұшақтарында ұшу жұмысына жарамды;

      II-V (екінші-бесінші) бағандар бойынша ұшқыш-оператор (ұшқыш-штурман) болып ұшу жұмысына жарамды;

      II-V (екінші-бесінші) бағандар бойынша жоғары маневрлік пилотаждық артық жүктемелерді орындауды қоспағанда, ұшу жұмысына жарамды;

      III-V (үшінші-бесінші) бағандар бойынша дербес басқарылатын дыбыстан ұшқыр ұшақтарды қоспағанда, бомбалаушылардың барлық типінде ұшу жұмысына жарамды;

      IV-V (төртінші-бесінші) бағандар бойынша көлік және поршеньді ұшақтардың барлық типінде ұшу жұмысына жарамды;

      IV-V (төртінші-бесінші) бағандар бойынша _______________ ұшу жұмысына жарамды;

      (әуе кемесінің типі көрсетіледі)

      V (бесінші) баған бойынша тікұшақтардың барлық типінде ұшу жұмысына жарамды;

      V (бесінші) баған бойынша екінші пилот болған кезде тікұшақтардың барлық типінде ұшу жұмысына жарамды;

      V (бесінші) баған бойынша корабльдік орналасу тікұшақтарын қоспағанда, тікұшақтардың барлық типінде ұшу жұмысына жарамды;

      V (бесінші) баған бойынша меңгерілген тікұшақтар типтерінде ұшу жұмысына жарамды;

      V (бесінші) баған бойынша жоғары маневрлік тікұшақтарды қоспағанда, ұшу жұмысына жарамды;

      II-V (екінші-бесінші) бағандар бойынша ұшу жұмысына жарамсыз.

      5. Ұшқыштар құрамына (штурмандарға):

      II-V (екінші-бесінші) бағандар бойынша штурман болып шектеусіз ұшу жұмысына жарамды;

      III-V (үшінші-бесінші) бағандар бойынша бомбалаушылардың барлық типінде штурман болып ұшу жұмысына жарамды;

      III-V (үшінші-бесінші) бағандар бойынша дыбыстан ұшқыр ұшақтарды қоспағанда, штурман болып ұшу жұмысына жарамды;

      IV-V (төртінші-бесінші) бағандар бойынша көлік және поршеньді ұшақтардың барлық типінде штурман болып ұшу жұмысына жарамды;

      V (бесінші) баған бойынша тікұшақтардың барлық типінде штурман болып ұшу жұмысына жарамды;

      V (бесінші) баған бойынша корабльдік орналасу тікұшақтарын қоспағанда, тікұшақтардың барлық типінде штурман болып ұшу жұмысына жарамды;

      II-V (екінші-бесінші) бағандар бойынша штурман болып ұшу жұмысына жарамсыз.

      6. Ұшқыштар экипажының басқа адамдарына (борт инженер, борт техник, борт радисі және басқа борт мамандары):

      VI (алтыншы) баған бойынша көлік ұшақтарының барлық типінде (борт инженер, борт техник, борт радисі және басқа борт мамандары) ұшу жұмысына жарамды;

      VI (алтыншы) баған бойынша тікұшақтардың барлық типінде (борт инженер, борт техник, борт радисі және басқа борт мамандары) ұшу жұмысына жарамды;

      VI (алтыншы) баған бойынша (борт инженер, борт техник, борт радисі және басқа борт мамандары) ұшу жұмысына жарамсыз.

      7. Парашютшілерге:

      VI (алтыншы) баған бойынша парашютпен секіруге жарамды (жарамсыз).

      8. Планершілер мен әуеде қалықтаушыларға:

      VI (алтыншы) баған бойынша _______ (әуе кемесінің типі көрсетіледі) ұшуға жарамды (жарамсыз).

      9. Әуе кемесінің бортында ұшу тапсырмаларын орындайтын әскери қызметшілерге:

      VI (алтыншы) баған бойынша ұшуға (кім болып және ұшақ типі көрсетіледі) жарамды (жарамсыз).

      10. Ұшуға басшылық жасауды және басқаруды жүзеге асыратын әскери қызметшілерге, әуе қозғалысының, ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларына:

      VII (жетінші) баған бойынша ұшуға басшылық жасауға жарамды (жарамсыз);

      VII (жетінші) баған бойынша ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруға жарамды (жарамсыз).

      11. Мамандыққа қарамастан, барлық әскери қызметшілерге:

      стационарлық медициналық куәландыруға жіберуге жатады;

      кейіннен медициналық куәландырумен ____ тәулік мерзімге ауруы бойынша демалыс берілсін;

      кейіннен медициналық куәландырумен ____ тәулік мерзімге әскери қызметтің басқа міндеттерін орындаумен ұшудан босатылсын;

      ____ тәулік мерзімге әскери қызмет міндеттерін орындаудан босатылсын;

      ___ айдан кейін кейіннен медициналық куәландырумен ______________ ұшу жұмысына (ұшуға басшылық жасауға, ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруға) жарамды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады