"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 шiлдедегi № 311 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 шiлдеде № 28881 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17705 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру (бұдан әрі - ТжКОББ) ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) оқуға қабылдау тәртібін айқындайтын "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Оқуға түсушілерді мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) бойынша ТжКОББ ұйымдарына білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) (бұдан әрі – №122 бұйрық) Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру Қағидалары бойынша осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес өтініштері бойынша ТжКОББ ұйымының жобалық мүмкіндігін ескере отырып, жүзеге асырылады.

      Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша ТжКОББ ұйымдарына мемлекеттік тапсырысы бойынша тұлғаларды оқуға қабылдау конкурстық негізде тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

      мынадай мазмұндағы 24-1 тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) өтінімдері бойынша ТжКОББ ұйымдарына түсетін талапкерлерді іріктеу кәсіпорындар (ұйымдар, мекемелер) өкілдерінің қатысуымен ТжКОББ ұйымының қабылдау комиссиясы өткізген әңгімелесудің қорытындылары бойынша жүргізіледі.";

      33-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "33. ТжКОББ ұйымына мемлекеттік тапсырыс бойынша педагогикалық, медициналық мамандықтар, сондай-ақ өнер және мәдениет мамандықтары бойынша оқуға түсетін адамдар арнайы және/немесе шығармашылық емтихандар, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес психометриялық тестілеу тапсырады. Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы және/немесе шығармашылық емтихандарды өткізу сәтінде талапкерлер конкурстарға, олимпиадаларға немесе спорттық жарыстарға қатысқан жағдайда емтихандар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып жүргізіледі. Арнайы және/немесе шығармашылық емтихандардың тақырыптарын ТжКОББ ұйымы дербес белгілейді.";

      42-тармақтың 2, 3 тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      2) медициналық мамандықтар бойынша психометриялық тестілеу "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанында бағаланады;

      3) арнайы және шығармашылық емтихандар бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған адамдар келесі емтиханға, конкурсқа жіберілмейді.";

      56-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органдардың құзыретіндегі ТжКОББ ұйымдарына түсетін адамдар арасындағы конкурсты ТжКОББ ұйымдары мемлекеттік тапсырысты бөлуді автоматтандырылған жүйені қолдану арқылы өз бетінше жүргізеді.";

      62-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Басқа елдің білім туралы құжаты бар адамдар үшін білім туралы құжатта осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген міндетті және бейінді пәндер болмаған кезде міндетті және бейінді пәндердің тізбесін Білім басқармасының ақпараттық жүйесі арқылы ТжКОББ ұйымдарының қабылдау комиссиялары белгілейді.";

      63-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "63. Мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлінбеген орындар, мамандықтар бойынша топтар (15 адамнан кем) жинақталмаған, қамтылмаған талапкерлер болған кезде күнтізбелік жылдың 29 тамызына дейін №122 бұйрыққа сәйкес мамандықтар және ТжКОББ ұйымдары бойынша мемлекеттік тапсырыс қайта бөлінеді.

      Білім басқармаларының ақпараттық жүйесі білім басқармасына ТжКОББ ұйымдарына қабылдау үшін талапкерлерді бөлу қорытындыларын:

      білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша ТжКОББ ұйымдарында оқу үшін әңгімелесуден сәтті өткен адамдардың тізімін;

      кәсіпорындардың өтінімдері, сондай-ақ арнайы оқу бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау үшін әңгімелесуден сәтті өткен адамдардың тізімін;

      орта буын және қолданбалы бакалавр мамандықтары бойынша оқуға конкурстан өткен адамдардың тізімін жібереді.";

      66-тармақ 4) тармақшамен мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "4) кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) өтінімдері бойынша күнтізбелік жылдың 18 тамызына дейін жүргізіледі.".

      68 тармақ алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
А. Аймағамбетов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
______________Ә. Тұрысов
2022 жылғы "____"_____________
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
_______________Д. Абаев
2022 жылғы "____"_____________
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау вице-министрі
_______________В. Дудник
2022 жылғы "____"_____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады