"Жол жүру құжатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2022 жылғы 26 шiлдедегi № 624 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 шiлдеде № 28943 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жол жүру құжатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 134 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22306 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жол жүру құжатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Жол жүру құжатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жүріп-тұруы үшін босқын мәртебесі берілген адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан реадмиссиялауға немесе шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында болу кезеңінде шетелдік паспортты жоғалтқан немесе Қазақстан Республикасынан шығу үшін шетелдік паспортының жарамдылық мерзімі өткен жағдайда "Жол жүру құжатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

      4) босқын – нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне орай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмейтін шетелдік немесе осындай қауіп салдарынан еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін, өзі тұрақты тұратын немесе өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген азаматтығы жоқ адам;

      5) босқын куәлігі – босқынның жеке басын куәландыратын және мәртебесін растайтын құжат;

      6) жол жүру құжаты – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуы үшін берілетін құжат.

      7) электрондық формуляр – жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқынның куәлігінен басқа) дайындау үшін нөмірі және штрих коды бар бланк, "Шетелдіктерді құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – ШҚТ ТП) арқылы ресімделеді және толтырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін (балалар және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) өкілдікке өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып) көрсетілетін қызметті алушыға "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) не "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі –портал) арқылы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көзделген тізбеге сәйкес жеке жүгінген кезде құжаттар топтамасын береді.

      Процесс сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді енгізетін мемлекеттік қызмет көрсетуге негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күші ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      "Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде ШТҚ ТП орталық торабына ресімделген электрондық формулярды береді.

      Электрондық формуляр орталық торапқа түскеннен кейін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың Полиция департаменттерінің көші-қон қызметтері басқармаларының (бұдан әрі - КҚҚБ) қызметкері бір жұмыс күні ішінде электрондық формулярды толтырудың дұрыстығына және негізділігіне тексеруді жүзеге асырады.

      Стандарттың 9-тармағында көзделген бас тарту үшін негіздемелер бар болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы алдын ала, бірақ әкімшілік акті қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етеді. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдаудың нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші оларды қанағаттандыру туралы шешім қабылдайды және жеке басын куәландыратын құжатты дайындауға электрондық формуляр жібереді не мемлекеттік қызметті көрсетуден толық немесе ішінара бас тарту туралы шешім қабылдайды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету деректерін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте ақпараттық мониторинг жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы енгізуді қамтамасыз етеді.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіпте шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      1-қосымшада:

      оң жақтағы жоғарыдағы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  ""Жол жүру құжатын беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына қосымша";

      2-реттік нөмір мынадай редакцияда жазылсын:

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы: www.egov.kz - жол жүру құжаттарын ауыстырған кезде;
2) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 16 жасқа толмаған көрсетілетін қызметті алушылар, соңдай-ақ реадмиссиялауға және Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберуге жататын адамдар үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы М. Кожаев
     
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
     
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
     
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады