"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 476 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің м.а. 2022 жылғы 22 шiлдедегi № 550 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 шiлдеде № 28949 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 476 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15803 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қатардағы жауынгер, сержант және офицер құрамының лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер мынадай әскери киім нысанын киіп жүреді:

      1) ерекше салтанатты – салтанатты рәсімді орындау кезінде және әскери қызметші әйелдер үшін (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде өткізілетін әскери парад, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша өткізілетін салтанатты іс-шаралар, халықаралық келіссөздер мен шетел делегацияларымен кездесу өткізу кезінде);

      2) салтанатты:

      саптағы – парадқа қатысқан, әскери бөлімге (корабльге) Жауынгерлік Туды тапсырған, әскери қызметшілерге мемлекеттік награда тапсырған және жоғары офицер атағын берген, Әскери ант қабылдаған, құрметті қарауыл құрамына тағайындалған кезде, сондай-ақ әскери бөлімнің (корабльдің) жылдық мерекесі күні, Отан қорғаушы күніне және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың кәсіби мерекесі күні құрметіне салтанатты сапқа тұруда, корабльді суға жіберген, қатарға қосылатын корабльде Әскери-теңіз туын көтерген кезде, ескерткішке және жауынгерлер зиратына гүлшоғын қойған кезде, әскери құрмет көрсету көзделген адамды жерлеген кезде;

      саптан тыс – парадтық есептоптан тыс парадқа қатысатындар, ведомстволық награда алған, лауазымға тағайындалған және әскери атақ берілген кезде тікелей бастыққа өзін таныстырған кезде, салтанатты отырыста, ресми қабылдауда, шекаралық бақылау бөлімшелерінің қызмет өткеруі уақытында;

      3) күнделікті:

      саптағы және саптан тыс – жауынгерлік даярлық бойынша сабақта (далалық сабақтан басқа) және тәуліктік наряд құрамында қызмет өткерген кезде, штабтағы, басқарма мен мекемедегі жұмыс кезінде, сондай-ақ қызметтен тыс уақытта (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштер) Әскери-теңіз күштерінен және теңіз жаяу әскері бөлімдерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі) теңіз бөлімшесінен басқа);

      Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштерінде және теңіз жаяу әскері бөлімдерінде, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшесінде – жауынгерлік даярлық бойынша сабақта және тәуліктік (корабльдік) наряд құрамында қызмет атқарған кезде, жауынгерлік кезекшілікте, корабль теңізге (оқу-жаттығуға) шыққан кезде, корабль (әскери бөлім) командирінің нұсқауы бойынша штабтағы, басқарма мен мекемедегі жұмыс кезінде, сабақта, сондай-ақ қызметтен тыс уақытта.

      Күнделікті киім нысанын әскери бөлім (корабль) бөлімшелерінде сапта болумен байланысты емес міндеттерді орындаған кезде, бөлім орналасқан жердегі сыныптық сабақта, әскери оқу орнының (әскери факультеттің) дәрісханаларында, зертханалары мен шеберханаларында, қызметтік кеңес пен жиналыста киіп жүруге жол беріледі;

      4) далалық – оқу-жаттығуда, далалық шығуда, жауынгерлік кезекшілікте, қарауыл құрамында, тәуліктік нарядта қызмет атқарған, Мемлекеттік шекараны қорғау және күзету жөніндегі міндеттерді орындаған, оқу-жаттығу орталығындағы, полигондағы сабақта, гауптвахтада болған кезде, сондай-ақ әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) нұсқауы бойынша күнделікті қызмет кезінде.

      3. Мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, әскери оқу орнының (әскери факультеттің) курсанттары, әскери колледждің кадеттері, ұландары және республикалық мектептің тәрбиеленушілері мынадай әскери киім нысанын киіп жүреді:

      1) салтанатты – парадқа қатысқан, әскери бөлімге (корабльге) Жауынгерлік Туды тапсырған, мемлекеттік және ведомстволық награда алған, Әскери ант қабылдаған, құрметті қарауыл құрамына тағайындалған кезде, әскери бөлімнің (корабльдің) жылдық мерекесі күні, Отан қорғаушы күніне және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың кәсіби мерекесі күні құрметіне салтанатты сапқа тұруда, корабльді суға жіберген, қатарға қосылған корабльде Әскери-теңіз жалауын көтерген, Жауынгерлік туды күзету бойынша сақшы болып түскен кезде, бөлім орналасқан жерден босатылған кезде, демалыста болған уақытта және әскери бөлім (корабль) командирінің нұсқауы бойынша;

      2) күнделікті (Қарулы Күштер Әскери-теңіз күштерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімшесінің әскери қызметшілері үшін) – корабль теңізге оқу-жаттығуға, маневр жасауға, жауынгерлік кезекшілікке шыққан, корабльдік (тәуліктік) наряд құрамында қызмет атқарған кезде және корабль (әскери бөлім) командирінің нұсқауы бойынша сабақта;

      3) далалық – күнделікті тіршілік әрекеті кезінде, оқу-жаттығуда, далалық шығуда, жауынгерлік кезекшілікте, қарауыл, тәуліктік наряд құрамында қызмет атқарған, Мемлекеттік шекараны қорғау және күзету жөніндегі міндеттерді орындаған кезде, оқу-жаттығу орталығындағы сабақта, сондай-ақ әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) нұсқауы бойынша;

      4) жұмыс киімі – шаруашылық жұмысын орындаған, гауптвахтада ұсталған кезде. Техника мен қару-жараққа қызмет көрсеткен кезде жұмыс киімі нысанын киюге әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) нұсқауы бойынша жол беріледі.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери бөлімінің (кораблінің) командирлері, мекемесінің бастықтары:

      1) әскери қызметшілерге әскери киім нысаны киюге берілген кезде оны үйлестіріп пішуді, мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, әскери оқу орнының (әскери факультеттің) курсанттарына, әскери колледж кадеттеріне, ұландарына, республикалық мектеп тәрбиеленушілеріне, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілерге бекітіліп берілген мүлікке таңба қоюды ұйымдастырады;

      2) барлық бөлімшеде тұрмыстық қызмет көрсету бөлмесін, киім-кешек пен аяқ киімді кептіруге арналған бөлмені, рота мүлкін және мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің, әскери оқу орны (әскери факультет) курсанттарының, әскери колледж кадеттерінің, ұландарының, және республикалық мектеп тәрбиеленушілерінің жеке заттарын сақтауға арналған қойманы жабдықтау бойынша шаралар қабылдайды, киім-кешек пен аяқ киім заттарын уақтылы жууды және жөндеуді қамтамасыз етеді;

      3) кезең-кезеңімен саптық байқау өткізеді. Таңертеңгілік қарап-тексеру, саптық байқау өткізу кезінде, сондай-ақ жазғы (қысқы) киім нысанына көшкен кезде, барлық сапқа тұрғызуда және сабақ басталар алдында белгіленген киім нысанын, сыртқы келбетін, киім-кешек пен аяқ киім заттарының жай-күйін тексереді, анықталған кемшілікті жоюға барлық шараны қабылдайды.

      Әскери қызметшілердің, әскери оқу орны (әскери факультет) курсанттарының, әскери колледж кадеттерінің, ұландарының және республикалық мектеп тәрбиеленушілерінің салтанатты, күнделікті, далалық киім нысанын бөлімшенің және қызметтік үй-жайдың шкафында сақтауға жол беріледі.

      7. Гарнизон құрамына кіретін әскери бөлім мен мекеме әскери қызметшілері үшін жазғы немесе қысқы киім нысанына көшу, заттай мүлік заттарын көктемде және күзде киюді бастау және киюді тоқтату тиісті гарнизон бастықтарының бұйрығымен белгіленеді.";

      10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштерінен және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшесінен ауыстырылғаннан, корабльдік әскери атағы бардан басқа, басқа басқару органына, әскери бөлімге (мекемеге) қызмет өткеру үшін ауыстырылған қатардағы жауынгер, сержант және офицер құрамының лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер кию мерзімі аяқталғанға дейін ауыстырылған күні олар киіп жүрген әскери киім нысанын киіп жүреді. Одан кейін оларға осы басқару органы, әскери бөлім (мекеме) үшін белгіленген киім нысаны беріледі.

      11. Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштеріне және теңіз жаяу әскері бөліміне, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшесіне қызмет өткеру үшін ауыстырылған Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қатардағы жауынгер, сержант және офицер құрамының лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштері және теңіз жаяу әскері бөлімі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімшесі әскери қызметшілерінің әскери киім нысанын киіп жүреді.

      12. Басқа басқару органына, әскери бөлімге (мекемеге) қызмет өткеру үшін ауыстырылған авиация жоғары офицер құрамының әскери қызметшілері Қарулы Күштер Әскери-әуе күштері әскери қызметшілерінің әскери киім нысанын киіп жүреді.

      Басқа басқару органына, әскери бөлімге (мекемеге) қызмет өткеру үшін ауыстырылған корабльдік әскери атағы бар Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштерінде және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшесінде келісімшарт және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімшесі әскери қызметшілерінің әскери киім нысанын киіп жүреді.

      13. Ұлттық ұлан басқару органына, әскери бөліміне (мекемесіне) қызмет өткеру үшін ауыстырылған Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қатардағы жауынгер, сержант және офицер құрамының лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің киім нысанын киіп жүреді.

      14. Басқа басқару органына, әскери бөлімге (мекемеге) ауыстырылған Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштерінде және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшесінде (корабльдік әскери атағы бардан басқа), әскери полицияда қатардағы жауынгер, сержант және офицер құрамының лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер кию мерзімі аяқталғанға дейін олар ауыстырылған күні киіп жүрген әскери киім нысанын киіп жүреді. Одан кейін оларға осы басқару органы, әскери бөлім (мекеме) үшін белгіленген киім нысаны беріледі.

      15. Әскери оқу орнында (әскери факультетте) тұрақты құрам (қатардағы жауынгер, сержант және офицер құрамының лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер) осы әскери оқу орны қарамағында болатын сол Қарулы Күштер түрінің, әскер тегінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың (қызметтің) әскери киім нысанын киіп жүреді.";

      17, 18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Курстық даярлықтан өту кезінде ауыспалы құрамның әскери қызметшілері олар келген Қарулы Күштер түрінің, әскер тегінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың (қызметтің) киім нысанын киіп жүреді.

      18. Барлық әскери оқу орнында білім алатын Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштерінде және теңіз жаяу әскерінде, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшесінде келісімшарт және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштері және теңіз жаяу әскері бөлімі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімшесі әскери қызметшілерінің киім нысанын киіп жүреді.

      19. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің әскери қызметшілері Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштері әскери қызметшілерінің киім нысанына ұқсас күнделікті киім нысанын киіп жүреді.

      20. Курсанттар Құрлық әскерлері үшін белгіленген киім нысанын киіп жүреді. Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімшесі әскери оқу орнының (әскери факультеттің) курсанттары Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшесі үшін белгіленген киім нысанын киіп жүреді.

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясында әскери оқу орнының (әскери факультеттің) курсанттары ашық жасыл түсті, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінде қызғылт-сары түсті берет киіп жүреді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Қатардағы жауынгер, сержант және офицер құрамының лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлерге қызметтен тыс уақытта, ал қызмет уақытында әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) нұсқауы бойынша азаматтық киім киіп жүруге жол беріледі.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жұмыс киімі және арнайы киім нысаны, егер олар аумақтан тыс орналасқан болса, тек әскери бөлім мен мекеме аумағында, сондай-ақ жұмыс істейтін жерде, жауынгерлік, оқу-жауынгерлік және арнайы міндеттер орындалатын орында киіп жүріледі.

      Жұмыс істейтін жерге, жауынгерлік, оқу-жауынгерлік, оқу-жаттығу, арнайы міндеттерді орындау орнына барған және кері қайтқан кезде жұмыс киімін және арнайы киім нысанын киіп жүруге жол беріледі.";

      27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Халықаралық әуежай әскери қатынастар комендатурасының әскери қызметшілеріне қаракөлден тігілген құлақшын, қара көк түсті фуражка мен пилотка киіп жүруге жол беріледі.

      Қызметтік міндеттерінде өткізу пунктінде құжат ресімдеуге қатысу көзделген Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілеріне қаракөлден тігілген құлақшын киіп жүруге жол беріледі.

      28. Айнала жиегі түсірілген малақай (күнқағары бар малақай) және құлаққабы түсірілген құлақшынды сыртқы ауа температурасы –10°С және одан төмен болған кезде киіп жүруге жол беріледі. Сапта айнала жиек пен құлаққап командирдің (бастықтың) нұсқауы бойынша түсіріледі. Құлаққап түсірілген кезде құлақшын тоқыма бауының ұштары иек астына байланады, құлаққап көтеріліп тұрған кезде тоқыма баудың байланған ұштары құлаққап астына жиналады. Қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсеткен кезде, шаруашылық жұмыста және бөлімше командирінің нұсқауы бойынша құлақшынның құлаққабы артқа қарай қайырылып байланады.

      29. Үлкен бастықтың нұсқауы бойынша:

      1) саптағы қысқы салтанатты киім нысаны кезінде жылы ауа райында күнқағары бар малақай және құлақшын орнына – фуражка (әскери қызметші әйелдер үшін – әйелдер шляпасы);

      2) саптағы және саптан тыс қысқы күнделікті киім нысаны кезінде жылы ауа райында күнқағары бар малақай және құлақшын орнына – фуражка немесе берет;

      3) саптағы және саптан тыс жазғы күнделікті киім нысаны кезінде ыстық ауа райында берет орнына – кепи, әскери қызметші әйелдерге – пилотка;

      4) қысқы далалық киім нысаны кезінде күнқағары бар малақай және құлақшын орнына – далалық жүн малақай (малақай-маска);

      5) қысқы киім нысаны кезінде жылы ауа райында күнқағары бар малақай және құлақшын орнына, жазғы киім нысаны кезінде (тек десанттық-шабуылдау әскерінің, теңіз жаяу әскерінің және арнайы мақсаттағы бөлім мен бөлімшенің, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери бөлімінің әскери қызметшілері үшін) далалық бүркеніш түсті фуражка орнына – берет;

      6) күнделікті киім нысаны кезінде – ақ түсті фуражка (тек Әскери-теңіз күштерінің, теңіз жаяу әскері бөлімінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімшесінің әскери қызметшілері үшін) киіп жүріледі.

      Әскери қызметші әйелдер салтанатты киім нысаны кезінде әйелдер шляпасын киіп жүреді.

      Белгіленген түсті фуражка тек салтанатты киім нысанымен киіледі (жоғарғы офицер құрамы мен полковниктен басқа).

      30. Әскери қызметші әйелдерден басқа, қатардағы жауынгер, сержант және офицер құрамының лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлерге арналған теріден тігілген жағасы (жоғары офицер құрамында, полковник пен 1-дәрежелі капитанда – қаракөлден тігілген жағасы) бар астары жылы пальтоның алдыңғы барлық түймесі оң жаққа қарай салынады. Еденнен пальтоның етегіне дейінгі арақашықтық – 38 – 40 сантиметр.

      Әскери қызметші әйелдерге арналған теріден тігілген жағасы (полковник пен 1-дәрежелі капитанда – қаракөлден тігілген жағасы) бар астары жылы пальтоның алдыңғы барлық түймесі сол жаққа қарай салынады. Еденнен пальтоның етегіне дейінгі арақашықтық – 42 – 45 сантиметр.

      Саптағы салтанатты киім нысаны кезінде астары жылы пальто салтанатты белдікпен және аксельбантпен, ал саптан тыс салтанатты белдіксіз және аксельбантсыз киіледі.

      Астары жылы пальто сыртқы жағына қарай ұқыпты қаратылып бүктелген қалыпта сол жақ қолда ұстап жүріледі.

      31. Әскери колледж курсанттарына, кадеттеріне, ұландарына және республикалық мектеп тәрбиеленушілеріне, мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, Әскери-теңіз күштері әскери оқу орнының курсанттарына арналған астары жылы пальтоның алдыңғы барлық түймесі оң жаққа қарай салынады, пальто жағасына ақ түсті жаға астары тігілетін қара түсті жүн (шұға) галстукпен киіледі.

      Саптағы салтанатты киім нысаны кезінде пальто жез тоғасы бар ақ түсті белдік белбеумен және аксельбантпен, ал саптан тыс белдіксіз және аксельбантсыз киіледі.

      Еденнен пальто етегіне дейінгі арақашықтық:

      1) әскери оқу орнының курсанттары, мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін – бой ұзындығына байланысты 29 – 32 сантиметр;

      2) әскери колледж кадеттері, ұландары және республикалық мектеп тәрбиеленушілері үшін – бой ұзындығына байланысты 35 – 40 сантиметр.

      Астары жылы пальто сыртқы жағына қарай ұқыпты қаратылып бүктелген қалыпта сол жақ қолда ұстап жүріледі.

      32. Әскери қызметші әйелдерден басқа, қатардағы жауынгер, сержант және офицер құрамының лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлерге арналған теріден тігілген жағасы (жоғары офицер құрамында, полковник пен 1-дәрежелі капитанда – қаракөлден тігілген жағасы) бар қысқы күртешенің желден қорғайтын қақпағы бар "сыдырмалы" ілмегі салынады. Қақпақтың түймелері оң жаққа қарай астарлы ілмекке салынады.

      Әскери қызметші әйелдерге арналған теріден тігілген жағасы (полковник пен 1-дәрежелі капитанда – қаракөлден тігілген жағасы) бар қысқы күртешенің желден қорғайтын қақпағы бар "сыдырмалы" ілмегі салынады. Қақпақтың түймелері сол жаққа қарай астарлы ілмекке салынады.

      Саптағы күнделікті киім нысаны кезінде қысқы күртешенің барлық түймесі салынады, саптан тыс күнделікті киім нысаны кезінде қысқы күртешенің жоғарғы түймесі салынбайды.

      Қысқы күртеше сыртқы жағына қарай ұқыпты қаратылып бүктелген қалыпта сол жақ қолда ұстап жүріледі.

      33. Әскери қызметші әйелдерден басқа, қатардағы жауынгер, сержант және офицер құрамының лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлерге арналған маусымдық плащтың алдыңғы барлық түймесі оң жаққа қарай астарлы ілмекке салынады. Еденнен плащтың етегіне дейінгі арақашықтық – 42 – 45 сантиметр.

      Әскери қызметші әйелдерге арналған маусымдық плащтың алдыңғы барлық түймесі сол жаққа қарай астарлы ілмекке салынады. Еденнен плащтың етегіне дейінгі арақашықтық – 42 – 45 сантиметр.

      Плащтың белдігі киіп жүргенде тоғаға салынады.

      Маусымдық плащ сыртқы жағына қарай ұқыпты қаратылып бүктелген қалыпта сол жақ қолда ұстап жүруге жол беріледі.

      34. Плащ-жамылғының барлық түймесі салынады және жауын-шашынды ауа райы кезінде (капюшонмен немесе капюшонсыз) жазғы және қысқы сыртқы киімнің сыртынан киіледі.

      Мыналарға:

      плащ-жамылғыны иық бауда бүктелген және жиналған қалыпта немесе саптан тыс сыртқы жағына қарай ұқыпты қаратып бүктелген қалыпта сол жақ қолда ұстап жүруге;

      далалық және арнайы киім нысаны кезінде плащ-жамылғы орнына "Пончо" түріндегі жамылғы киіп жүруге жол беріледі.

      35. Әскери оқу орнының курсанттары және Әскери-теңіз күштерінде және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшесінде мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер бушлатының барлық ілгегі мен түймесі салынады және ол жағасына ақ түсті жаға астары тігілетін қара түсті жүн (шұға) галстукпен киіледі.

      36. Ашық мундирдің (тужурканың) барлық түймесі оң, әскери қызметші әйелдерде сол жаққа қарай салынады. Мундир (тужурка) саптағы салтанатты киім нысаны кезінде салтанатты белдікпен және аксельбантпен, ал саптан тыс салтанатты белдіксіз және аксельбантсыз киіп жүріледі.

      Десанттық-шабуылдау әскерінің, теңіз жаяу әскері және арнайы мақсаттағы бөлім мен бөлімшенің, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне саптағы салтанатты киім нысаны кезінде мундирді (тужурканы) галстукпен жейде орнына тельняшкамен киюге жол беріледі.

      37. Күнделікті кительдің (тужурканың) барлық түймесі оң жаққа, әскери қызметші әйелдерде сол жаққа қарай салынады.

      Стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-тактикалық және жедел-аумақтық, жергілікті әскери басқару органында әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге және әскери оқу орнының (әскери факультеттің) тұрақты құрамына китель мен шалбар орнына белгіленген түсті ұзын жеңді күнделікті күртеше мен шалбар, ал жазғы күнделікті киім нысаны кезінде күндізгі ауа температурасы +20°С және одан жоғары болғанда белгіленген түсті қысқа жеңді күртеше мен шалбар киіп жүруге жол беріледі.

      38. Сыртынан киілетін нысанды жейде мен фланельден тігілген нысанды жейденің алдыңғы жағы түсірілмей, екі жаны жиналып шалбарға салынады, тельняшкамен және нысанды жағамен киіледі. Жазғы уақытта тельняшкасыз киюге жол беріледі.";

      40, 41, 42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Жазғы бүркеніш түсті (десанттық жазғы) далалық күртешенің барлық түймесі оң жаққа қарай салынады.

      Мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, әскери оқу орнының (әскери факультеттің) курсанттары, әскери колледждің кадеттері, ұландары және республикалық мектеп тәрбиеленушілері) жазғы далалық күртешені жоғарғы жиегі жағадан 1-2 миллиметр шығып тұратын ақ түсті жаға астарымен киеді.

      Қатардағы жауынгер, сержант және офицер құрамының лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлерге далалық нысанды киімді бір тәуліктен астам мерзімге кию кезінде далалық (десанттық) күртешені ақ түсті жаға астарымен киюге жол беріледі.

      Күртеше футболкамен киіледі. Десанттық-шабуылдау әскерлерінде, теңіз жаяу әскері және арнайы мақсаттағы бөлім мен бөлімшеде күртешенің алдыңғы жағы түсірілмей, екі жаны жиналып шалбарға салынады және тельняшкамен киіледі.

      Жазғы уақытта кезінде күндізгі ауа температурасы +20°С және одан жоғары болған кезде күртешенің жоғарғы түймесі салынбай киіледі, бұл ретте күртеше қайырмасының жоғарғы бұрыштары лацкан түрінде қайырылады және күртешенің жеңі шынтақ буынынан 2 – 4 сантиметр жоғары қайырылады.

      Далалық күртеше амунициямен тек далалық сабақтар кезінде, ал сабақтан тыс оларсыз киіледі (әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеретін сарбаздардан, әскери оқу орнының (әскери факультеттің) курсанттарынан, әскери колледждің кадеттерінен, ұландарынан және республикалық мектептің тәрбиеленушілерінен басқа).

      Далалық тік пішілген шалбар биік қонышты бәтеңкеге салынады. Шалбарды биік қонышты бәтеңкеге салмай, сыртына түсіріп киюге жол беріледі, бұл ретте шалбардың жиегі тартылып жиналады.

      41. Астары жылы далалық күртеше желден қорғайтын қақпағы бар "сыдырмалы" ілмекке салынады. Қақпақтың барлық түймесі оң жаққа қарай астарлы ілмекке салынады. Ауа райы жағдайына байланысты астары жылы далалық күртеше астары жылы немесе жазғы далалық шалбармен (десанттық шалбармен) киіледі. Шалбарды биік қонышты бәтеңкеге салмай, сыртына түсіріп киюге жол беріледі, бұл ретте шалбардың жиегі тартылып жиналады.

      Астары жылы далалық күртеше амунициямен тек далалық сабақтар кезінде, ал сабақтан тыс оларсыз киіледі (мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерден, әскери оқу орнының курсанттарынан, әскери колледждің кадеттерінен, ұландарынан және республикалық мектептің тәрбиеленушілерінен басқа).

      42. Қорғаныш түсті күртешенің (жұмыс киімі нысанының) барлық түймесі салынады және ақ түсті жаға астарымен киіледі, оның жоғарғы жиегі жағадан 1-2 миллиметр шығып тұрады.

      Жазғы уақытта күндізгі ауа температурасы +20°С және одан жоғары болған кезде күртешенің жоғарғы түймесі салынбай және белдік белбеусіз киіледі, бұл ретте күртеше қайырмасының жоғарғы бұрыштары лацкан түрінде қайырылады және күртешенің жеңі шынтақ буынынан 2 – 4 сантиметр жоғары қайырылады.

      43. Халықаралық әуежай әскери қатынастар комендатурасының әскери қызметшілеріне қара көк түсті пальто мен қысқы күртеше (жағасы қаракөлден тігілген), маусымдық плащ, мундир, китель, свитер мен шалбар киіп жүруге жол беріледі.

      Қызметтік міндеттерімен өткізу пункттерінде құжаттар ресімдеуге қатысу көзделген Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілеріне қаракөлден тігілген жағасы бар пальто және қысқы күртеше киіп жүруге жол беріледі.";

      46 және 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Жазғы күнделікті киім нысаны кезінде жеңіл жүн матадан тігілген күнделікті кительді немесе тужурка мен шалбарды (юбканы) киюге жол беріледі.

      47. Мыналарды (үлкен бастықтың нұсқауы бойынша) киіп жүруге жол беріледі:

      1) қысқы күнделікті киім нысаны кезінде жылы ауа райында және жазғы күнделікті киім нысаны кезінде суық ауа райында қысқы күртеше жағасыз немесе қысқы күртеше орнына – маусымдық плащ;

      2) қысқы және жазғы күнделікті киім нысаны кезінде китель орнына – свитер;

      3) қысқы күнделікті киім нысаны кезінде – қара түсті астары жылы пальто (тек Әскери-теңіз күштерінің, теңіз жаяу әскері бөлімінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімшесінің әскери қызметшілері үшін).";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Мынадай жейдені киіп жүруге жол беріледі:

      1) жазғы салтанатты киім нысаны кезінде мундирсіз (тужуркасыз) погондары бар және галстукпен ақ түсті, ал қызметтік үй-жайларда – жылдың кез келген уақытында. Қызметтік міндеттерімен өткізу пункттерінде құжаттарды ресімдеуге қатысу көзделген Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілеріне жазғы уақытта қызмет өткерген кезде – галстуксыз, қысқа жеңді;

      2) жазғы күнделікті киім нысаны кезінде кительсіз (тужуркасыз, свитерсіз) погондары бар және галстукпен (әйелдер галстугымен) ашық жусан түстес, ашық көк және ақ сары түсті, ал қызметтік үй-жайда, дәрісханадағы (шеберханадағы) сабақта – жылдың кез келген уақытында;

      3) күндізгі ауа температурасы +20°С және одан жоғары болған кезде жазғы күнделікті киім нысаны кезінде галстуксыз, кительсіз (тужуркасыз, свитерсіз) жеңі қысқа, погондары бар, жоғарғы түймесі салынбаған (жағасы қайырылған) ашық жусан түстес, ашық көк және ақ сары түсті.

      Жейделер белгіленген үлгідегі және түстегі, таза, үйлестіріп пішілген және үтіктелген, дұрыс таңдалған погондармен киіледі.

      Түсі өңген және үтіктелмеген жейдені, майысқан және кірлеген погондары бар жейдені киюге, сондай-ақ жейденің артқы бойына қыр салуға жол берілмейді.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Футболка (тельняшка) далалық киім нысаны кезінде киіледі. Жазғы уақытта техникаға қызмет көрсету жөніндегі жұмысты, шаруашылық жұмысты орындаған кезде футболканы бүркеніш түсті далалық жазғы күртешесіз немесе жұмыс күртешесіз киіп жүруге жол беріледі.";

      54, 55, 56 және 57-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Халықаралық әуежай әскери қатынастар комендатурасының әскери қызметшілеріне ашық көк түсті жейде киюге, қара көк түсті кашне мен галстук тағуға жол беріледі.

      55. Ақ түсті жүн (трикотаж) қолғап салтанатты киім нысаны кезінде парадта киіледі. Салтанатты киім нысаны кезінде ақ түсті былғары қолғап киюге жол беріледі. Салтанатты киім нысаны кезінде парадтарда қара түсті қолғап ерекше нұсқау бойынша киіледі.

      Қара түсті жүн қолғап қысқы күнделікті, далалық және жұмыс киімі нысаны кезінде киіледі, сондай-ақ жазғы киім нысаны кезінде суық ауа райында киюге жол беріледі. Қара түсті жүн қолғап орнына іші жылы қара түсті былғары қолғап киюге жол беріледі.

      Әскери сәлемдесуді орындау кезінде қолғап шешілмейді.

      Қысқы нысанды киім кезінде жылы ауа райында қара түсті жүн (тері) қолғапты кимеуге жол беріледі.

      56. Әскери киім нысанын киіп жүрген кезде белгіленген үлгіде қара (ақ) түсті, дұрыс жай-күйде және ұдайы тазаланатын аяқ киім киіледі. Бәтеңкенің бауы ұқыпты байланып, етіктің қонышы жиналып киіледі. Үстіңгі жағы бүлінген немесе өкшесі желінген аяқ киімді, етіктің қонышын түсіріп немесе қайырып киюге жол берілмейді. Жазғы уақытта корабльдерде саптан тыс және корабльдік нарядтар қызметі жөніндегі міндеттерді атқарудан бос уақытта сандалет немесе спорттық туфли киюге жол беріледі. Әскери колледждің кадеттеріне, ұландарына және республикалық мектептің тәрбиеленушілеріне жаппай спорттық іс-шараларды өткізу уақытында және дене шынықтыру сабақтарында, сондай-ақ сабақтардан бос уақытта спорттық туфли киюге жол беріледі.

      57. Мыналарды (үлкен бастықтың нұсқауы бойынша) киіп жүруге жол беріледі:

      1) жазғы далалық киім нысаны кезінде қонышы ұзын қара түсті былғары бәтеңке орнына – қонышы ұзын құм түстес былғары бәтеңке немесе қонышы қысқа қара түсті былғары бәтеңке;

      2) қысқы далалық киім нысаны кезінде қонышы ұзын іші жылы қара түсті былғары бәтеңке орнына – іші жылы қонышы қысқа қара түсті былғары етік.

      Қысқы уақытта жылы ауа райында жазғы киім нысанының аяқ киімін киюге жол беріледі.

      Салтанатты және күнделікті киім нысаны кезінде саптан тыс белгіленген аяқ киіммен бірдей пішінді қара түсті азаматтық аяқ киім (өкшесінің биіктігі 4 сантиметрден аспайды) киюге жол беріледі.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Қатардағы жауынгер, сержант мен офицер құрамының лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлердің мундирлерінде (тужуркаларында) салтанатты белдік алдыңғы жағында жоғарыдан үшінші түймеге тиіп тұрады.

      Астары жылы пальтоға салтанатты белдік таққан кезде ол жоғарыдан үшінші түймеге тиіп тұрады.

      Таққан кезде белдік тоғасы алдыңғы жағында ортасында болады.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, әскери оқу орнының (әскери факультеттің) курсанттарына, әскери колледждің кадеттеріне, ұландарына және республикалық мектептің тәрбиеленушілеріне далалық белбеу орнына жез тоғасы бар қоңыр түсті белдік белбеу тағып жүруге жол беріледі. Белбеу астары жылы пальтоның, кительдің, жазғы және астары жылы бүркеніш түсті далалық (десанттық) күртешенің, қысқа тонның, жылы кеудешенің, Әскери-теңіз күштерінде сыртынан киілетін нысанды жейдеге, фланельден тігілген нысанды жейдеге шалбардың сыртына тағылады.

      Мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің, әскери оқу орны (әскери факультет) курсанттарының, әскери колледж кадеттерінің, ұландарының және республикалық мектеп тәрбиеленушілерінің ашық кителінде (бүркеніш түсті күртешесінде) белдік белбеу үшінші түйменің үстін жауып тұрады, ал астары жылы пальтода (бүркеніш түсті астары жылы күртешеде) екінші және үшінші түйме арасында болады.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Аксельбант саптағы салтанатты киім нысаны кезінде тағылады:

      1) жоғары офицерлер құрамы, полковник атағындағы әскери қызметшілер, әскери дирижерлар мен үрлемелі оркестрдің әскери қызметшілері – екі ұштығы бар алтын түстес;

      2) аға және кіші офицерлер құрамы, қатардағы жауынгер, сержант және офицер құрамының лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, әскери қызметші әйелдер, құрметті қарауыл әскери қызметшілері – бір ұштығы бар алтын түстес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштерінде – екі ұштығы бар);

      3) әскери оқу орнының (әскери факультеттің) курсанттары, мерзімді қызмет өткеретін әскери қызметшілер, әскери колледж кадеттері, ұландары және республикалық мектеп тәрбиеленушілері – бір ұштығы бар күміс түстес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштерінде – алтын түстес).";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Жапсыра тігілетін погондар астары жылы пальтоға тағылады.

      Алмалы-салмалы погондар мундирге, кительге, тужуркаға және қысқа тонға тағылады.

      Муфталардағы алмалы-салмалы погондар қысқы күртешеге, маусымдық плащқа, жейдеге, астары теріден тігілген күртешеге және свитерге тағылады.

      Әскери атағы бойынша ілмектер бүркеніш түсті жазғы күртешенің жағасына жаға жиегінен 5 миллиметр арақашықтықта тағылады.

      Қан тобы көрсетілген кеуде жапсырмасы бүркеніш түсті жазғы күртешеге кеуденің сол жақ қалтасы қақпағының жоғарғы жиегі бойына тағылады.

      "Қазақстан" кеуде жапсырмасы бүркеніш түсті жазғы күртешеге кеуденің оң жақ қалтасы қақпағының жоғарғы жиегі бойына тағылады.

      Әскери атағы бойынша кеуде жапсырмасы бүркеніш түсті астары жылы күртешенің оң жағына, ал қан тобы сол жағына симметриялы, желден қорғайтын қақпақтың жоғарғы бұрышынан 10 сантиметр арақашықтықта тағылады.

      Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің және әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілеріне арналған арнайы киім нысанына әскери атағы бойынша төртбұрышты пішінді кеуде жапсырмасы кеуденің сол жағына жаға ұшының деңгейіне тағылады.

      Далалық киім-кешектің сол жақ жеңіне жапсыра тігілетін әскери атағы бойынша жеңдегі жапсырма жеңнің жоғарғы нүктесінен 1 сантиметр арақашықтыққа тағылады.

      Әскери атағы бар Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшесі жағалық бөлімшесінің әскери қызметшілері негізі белгіленген түсті және ашық жасыл түсті жиегі бар погондар тағады.

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің әскери қызметшілері, күнделікті киім нысанында қара көк түсті погондар тағады.

      Штаттық әскери-есептік мамандықтары корабльдік болып табылмайтын Әскери-теңіз күштері жағалық бөлімшесінің әскери қызметшілері (әскери атақтары бар) қызыл түсті жиегі бар погондар тағады.

      Шағын погондар сыртынан киілетін нысанды жейдеге, фланельден тігілген нысанды жейдеге және жұмыс жейдесіне жапсыра тігіліп тағылады.";

      72 және 73-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Әскери қызметшілердің Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілігін көрсететін шеврондар жеңнің жоғарғы нүктесінен 12 сантиметр арақашықтықта киім-кешектің сол жақ жеңіне тігіледі, әскери колледждің ұландары және республикалық мектептің тәрбиеленушілері үшін жеңнің жоғарғы нүктесінен 8 сантиметр арақашықтықта тігіледі. Қазақстан Республикасынан тысқары жерде халықаралық міндеттемелерді орындайтын әскери қызметшілер ағылшын тілінде жазылған жазуы бар шеврондар мен жапсырмалар тағады.

      73. Әскери қызметшілердің Қарулы Күштер түрлеріне, әскер тектеріне, бас қолбасшылықтарға, өңірлік қолбасшылықтарға, әскери бөлімдерге тиесілігін көрсететін шеврондар жеңнің жоғарғы нүктесінен 12 сантиметр арақашықтықта киім-кешектің оң жақ жеңіне тігіледі, оның пішінінің диаметрі 81 миллиметр шеңбер (келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін 1, 2, 3-сыныпты сержанттар мен старшиналарға, шебер және штаб сержанттарға немесе старшиналарға арналған шеврондардан басқа). Әскери полиция әскери қызметшілері үшін шеврондар жеңнің жоғарғы нүктесінен 2 сантиметр арақашықтықта тігіледі. Әскери колледждің кадеттері, ұландары және республикалық мектептің тәрбиеленушілері үшін шеврондар жеңнің жоғарғы нүктесінен 8 сантиметр арақашықтықта болады.

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің шеврондары шеңбер, оның пішінінің диаметрі 81 миллиметр.";

      77 және 78-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Әскери оқу орны (әскери факультет) курсанттарының (Әскери-теңіз күштерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшесінен басқа) оқу курстары бойынша жеңдегі белгілері – әскер түрінің, тегінің түсі бойынша шұғадан тігілген қақпақшаға ұштары төмен қаратып орналастырылған алтын түстес оқадан жасалған бұрыштамалар кительдің және астары жылы пальтоның сол жеңінің сыртқы жағына Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілікті көрсететін жеңдегі белгіден 1 сантиметр төмен олардың төменгі жиегіне қарама-қарсы тігіледі.

      Оқу курсына сәйкес жеңдегі белгілерге бұрыштамалар орналастырылады: бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші – курсанттар үшін тиісінше 1, 2, 3, 4, 5-курс.

      Оқаның ені – 10 миллиметр, ұзындығы – 75 миллиметр. Бұрыштамалар арасындағы арақашықтық – 2 миллиметр.

      78. Әскери-теңіз күштері әскери оқу орны (әскери факультет) курсанттарының оқу курстары бойынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі теңіз бөлімшесінің жеңдегі белгілері – қара (сыртынан киілетін нысанды жейдеге – ақ) түсті шұғадан тігілген ұштары төмен қаратып орналастырылған алтын түстес оқадан жасалған бұрыштамалар сол жақ жеңнің сыртқы жағына тігіледі. Бұрыштамалардың жоғарғы жағына Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілікті көрсететін жеңдегі белгіден 1 сантиметр төмен олардың төменгі жиегіне қарама-қарсы тігілетін диаметрі 20 миллиметр алтын түстес жұлдыз орналастырылады.

      Оқу курсына сәйкес жеңдегі белгілерге бұрыштамалар орналастырылады: бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші – курсанттар үшін тиісінше 1, 2, 3, 4, 5-курс.

      Оқаның ені – 10 миллиметр, ұзындығы – 75 миллиметр. Бұрыштамалар арасындағы арақашықтық – 2 миллиметр. Бұрыштаманың жоғарғы бұрышының ұштарын біріктіретін сызықтан тік эмблема жұлдызының ортасына дейінгі арақашықтық – 25 миллиметр.";

      83 және 84-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар (Әскери-теңіз күштерінен, теңіз жаяу әскері бөлімінен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшесінен және әскери прокуратура органдарынан басқа) әскери қызметшілерінің (жоғары офицерлер құрамынан басқа) мундирлері мен кительдерінің жағаларына алтын түстес "KZ" эмблемасы жағаның төменгі жиегіне қарама-қарсы тағылады. Жағаның төменгі жиегінен әріптердің төменгі жиегіне дейінгі арақашықтық – 15 миллиметр.

      84. Әскери киім нысанында (мундирде, тужуркада, кительде, сыртынан киілетін нысанды жейдеде, фланельден тігілген нысанды жейдеде) ордендер мен медальдарды немесе планкадағы орден ленталары мен медаль ленталарын және әскери төсбелгіні тағып жүру міндетті болып табылады.

      Әскери қызметшілерге салтанатты киім нысанына сегіз ведомстволық, халықаралық медальдарды және басқа да мемлекеттер наградаларынан артық тағуға жол бермейді.

      Сегіз ведмостволық, халықаралық медальдарды және басқа мемлекеттер наградаларынан артық бар болған жағдайда анағұрлым жоғары дәрежедегі "Мінсіз қызметі үшін" медальдары тағылады.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Жазғы салтанатты (жейдеге), жазғы күнделікті (свитерге немесе жейдеге), далалық киім нысанынан басқа, барлық киім нысанына:

      1) әскери оқу орнын аяқтағаны туралы төсбелгісі;

      2) жоғары азаматтық оқу орнын аяқтағаны туралы төсбелгісі;

      3) үздіктер мен сыныпты мамандар төсбелгісі;

      4) "Нұсқаушы-парашютші" төсбелгісі;

      5) "Үздік парашютші" төсбелгісі;

      6) "Парашютші" төсбелгісі;

      7) спорттық белгілер мен медальдар;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да ерекшелік белгілері тағылады.

      Осы оқу орнында тек курстық даярлықты (докторантураны, адьюнктураны, әскери-академиялық курсты, біліктілікті арттыру курсын) бітірген жағдайда жоғары және орта әскери оқу орнын бітіргені туралы төсбелгіні тағуға жол берілмейді.";

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Әскери қызметшілерде екі және одан көп азаматтық жоғары және әскери оқу орнын бітіргені туралы төсбелгісі бар болған кезде барлық төсбелгі тағылады.

      Азаматтық жоғары оқу орнын (университетті, институтты) бітіргені туралы төсбелгіні жоғары әскери оқу орнын бітіргені туралы төсбелгісі бар болған кезде одан оң жаққа қарай, онымен бір деңгейде тағуға жол беріледі.

      Жоғары әскери оқу орнын бітіргені туралы белгі бар болған кезде әскери оқу орнын бітіргені туралы белгі тағылмайды.

      Әскери колледжді, республикалық мектепті және арнайы мектеп-интернатты бітіргені туралы төсбелгі кеуденің оң жағына тағылады және одан оңға қарай жоғары немесе орта әскери оқу орнын бітіргені туралы белгімен бір деңгейде, ал осы белгі болмаған кезде оның орнына орналастырылады.";

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері Бас штабы
бастығының бірінші орынбасары
М. Хусаинов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министірінің міндетін
уақытша атқарушы
2022 жылғы 22 шілдедегі № 550
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің, басқа да
әскерлері мен әскери
құралымдарының
әскери киім нысанын киіп жүру
және айырым белгілерін,
сондай-ақ басқа да
белгілерді тағып жүру
қағидаларына
2-қосымша

Әскери қызметшілерге арналған амуниция

      1. Амуниция жиынтығының құрамына мынадай заттар кіреді:

Р/с №

Заттар атауы

Заттар саны

Ескертпе

1.

Қорғаныш дулыға

1


2.

Броньды кеудеше (жүзгенде киетін броньды кеудеше)

1


3.

Қатпарлы кеудеше

1

Иық немесе белдік-иық жүйесі бауларын беруге жол беріледі

4.

Далалық белдік

1

Керек-жарақ беруге жол беріледі

5.

Плащ-шатыр (плащ-жамылғы)

1


6.

Астары және жылу ұстайтын кілемшесі (каримат) бар ұйықтауға арналған қап

1


7.

Рюкзак (зат қабы)

1


8.

Оқжатарға арналған ішкі сөмке

1


9.

Иық бауы бар қол оқшашарына оқжатарға арналған ішкі сөмке

1

Оқшашаршыға беріледі

10.

Қол гранатасына арналған сөмке

2


11.

Құтыға арналған қап

1


12.

Құрастырылған бақырға арналған қап

1


13.

Газтұмшаға және жеке қорғану құралдарына арналған қап

1


      Ескертпе: Басқа әскери мамандық әскери қызметшісіне арналған амуниция жиынтығына тиесілі қаруға сәйкес өзгерістермен жоғарыда аталған заттар кіреді.

      2. Амуницияны жинау және тағу:

      1) далалық белбеуге немесе жабдыққа иық бау немесе белдік-иық жүйесі және амуниция заттары тағылады;

      2) арқадағы белдік ілгектері бел ортасында, ал баудың пішінді жиегі жауырын арасында орналасатындай иық немесе белдік-иық жүйесінің баулары бой мен өлшем бойынша шақтап келтіріледі;

      3) белбеу мен иық немесе белдік-иық жүйесіне бауларға қажетті ішкі сөмкелер мен қаптар бекітіледі және оларға оқ-дәрілер, гранаталар, құты, құрастырылған бақыр, газтұмша және жеке қорғану құралдары салынады;

      4) амуниция киіледі.

      Командирдің (бастықтың) нұсқауы бойынша кейбір амуниция заттарын жеке заттарға арналған сөмкеде (рюкзакта) немесе зат қабында сақтауға (салуға) жол беріледі.

      3. Плащ-шатырды жинау мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) плащ-шатыр оның төмен бұрышына тігілген ілмектер кенептің сыртқы жағында болатындай бет жағын сыртына қаратып төрт бүктеп (тік және көлденең бүктеп) жиналады;

      2) жиналған кенеп екі рет бүктеледі және одан кейін ілмектері ораудың сыртқы жағында болатындай жиналады.

      4. Келісімшарт бойынша және әскерге шақыру бойынша офицерлер мен келісімшарт бойынша сержанттар мен сарбаздардың жеке заттарына арналған сөмкеге (рюкзакқа) немесе зат қабына мыналар салынады:

      1) ол пайдаланылмайтын жағдайда плащ-шатыр (алып жүруге арналған белбеуі бар плащ-жамылғы немесе пончо);

      2) жатын қап;

      3) бас киім (қысқы далалық киім нысаны кезінде – жазғы бас киім, жазғы далалық киім нысаны кезінде – қысқы бас киім);

      4) қосымша ұйық – 4 жұп (2 жұп мақта-матадан, 2 жұп жүннен), іш киім – 1 жиынтық, жылы іш киім – 1 дана, белгіленген түсті футболка – 1 дана, трусы – 1 дана және жаға астары – 2 дана (немесе өлшенген ақ түсті материал);

      5) кружка мен қасығы бар бақыр;

      6) жеке тамақтану рационы (қоймада сақталады, ерекше кезеңде беріледі);

      7) ол пайдаланылмайтын жағдайда қорғаныш дулығасы;

      8) жуынатын керек-жарақ (қорапқа салынған иіс сабын, тіс пастасы, қорапқа салынған тіс щеткасы, қырынуға арналған керек-жарақ) және сүлгі – 2 дана (бет және аяқ);

      9) шаруашылық керек-жарақ заттары (ақ түсті жіп – 1 дана, қорғаныш түсті жіп – 1 дана, тігін инесі – 2 дана, киім мен аяқ киім щеткасы, түйме жинағы, аяқ киім кремі);

      10) жеке таңу пакеті;

      11) қолшам;

      12) сіріңке – 1 қорап, майшам – 2 дана;

      13) жиналмалы пышақ (канцелярлық пышақ және ұштағышқа жол беріледі);

      14) жазу керек-жарағы жинағы (А5 форматтағы дәптер – 1 дана, хат – 2 дана, қалам – 1 дана автоқалам – 1 дана.

      Далалық сөмке болған кезде командирлік қолшам, пышақ және жазу құралдары сөмке (рюкзакқа) салынбайды.

      5. Курсанттардың, кадеттердің және мерзімді қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшілердің жеке заттарына арналған сөмкеге (рюкзакқа) немесе зат қапшығына мыналар салынады:

      1) ол пайдаланылмайтын жағдайда плащ-шатыр;

      2) жатын қап;

      3) бас киім (қысқы далалық киім нысаны кезінде – жазғы бас киім, жазғы далалық киім нысаны кезінде – қысқы бас киім);

      4) қосымша ұйық – 4 жұп (2 жұп мақта-матадан, 2 жұп жүннен), іш киім – 1 жиынтық, жылы іш киім – 1 жиынтық, белгіленген түсті футболка – 1 дана, трусы – 1 дана мен жаға астары – 2 дана (өлшенген ақ түсті материал);

      5) кружка мен қасығы бар бақыр;

      6) жеке тамақтану рационы (қоймаларда сақталады, ерекше кезеңде беріледі);

      7) ол пайдаланылмайтын жағдайда қорғаныш дулығасы;

      8) жуынатын керек-жарақ (қорапқа салынған иіс сабын, тіс пастасы, қорапқа салынған тіс щеткасы, қырынуға арналған керек-жарақ) және сүлгі – 2 дана (бет және аяқ);

      9) шаруашылық керек-жарақ заттары (ақ түсті жіп – 1 дана, қорғаныш түсті жіп – 1 дана, тігін ине – 2 дана, киім мен аяқ киім щеткасы, қорғаныш түсті түйме – 2 дана, аяқ киім кремі);

      10) жеке таңу пакеті;

      11) жазу керек-жарағы жинағы (А5 форматтағы дәптер – 1 дана, хат – 2 дана, қалам – 1 дана автоқалам – 1 дана).

      6. Командирлік далалық сөмкеге мыналар салынады:

      1) жұмыс және анықтама дәптері;

      2) офицер сызғышы;

      3) түрлі-түсті қарындаш (қызыл түсті – 2 дана, көк түсті – 2 дана, қара түсті – 1 дана, қоңыр түсті – 1 дана, жасыл түсті – 1 дана, сары түсті – 1 дана);

      4) фломастерлер жинағы;

      5) өшіргіш (резеңке), қарындашқа арналған ұштағыш, қайшы, кеңсе пышағы;

      6) құбылнама;

      7) курвиметр, циркуль-өлшегіш;

      8) қол шам.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады