Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ мөлшерлерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 29 шiлдедегi № 347 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 тамызда № 29030 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 75) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидалары, сондай-ақ мөлшерлері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы Ш. Каринова

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы вице-министрі
_______________ Д. Жаналинов
2022 жылғы "____"_____________
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі
_______________ Т. Жаксылыков
2022 жылғы "____"_____________

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы 29 шілдедегі
№ 347 Бұйрығына қосымша

Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидалары, сондай-ақ мөлшерлері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу тәртібін, сондай-ақ мөлшерлерін белгілейді.

      2. Біржолғы сыйақы беруді жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі болып табылады (бұдан әрі – Министрлік).

      3. Біржолғы сыйақы жеке сипатта болады және бір жыл ішінде қайталап берілмейді.

      4. Біржолғы сыйақы ағымдағы жылдың жетістігі үшін ғана беріледі.

      5. Біржолғы сыйақы алуға кандидаттар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс.

      6. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері сауалнамаларда көрсетілген жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оларды дайындаған педагогтер біржолғы сыйақымен марапаттау үшін кандидаттар болып табылады. Сауалнамадағы деректердің дұрыстығы ата-аналардың, асырап алушылардың, қорғаншылардың немесе қамқоршылардың, патронат тәрбиешілердің және оларды алмастыратын басқа да адамдардың қол қоюы арқылы расталады.

      7. Біржолғы сыйақы:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаның тиісті тізбесіне сәйкес халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болған қазақстандық білім алушыларға, Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшелеріне;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаның тиісті тізбесіне сәйкес халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған педагогтерге беріледі.

      8. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге келесі көлемдегі біржолғы сыйақыны көрсете отырып, сертификат беріледі:

      1) I дәрежелі диплом мен алтын медаль үшін – 1500 АЕК;

      2) II дәрежелі диплом мен күміс медаль үшін – 1000 АЕК;

      3) III дәрежелі диплом мен қола медаль үшін – 500 АЕК мөлшерінде сертификат беріледі.

      11. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған педагогтерге келесі көлемдегі біржолғы сыйақыны көрсете отырып, сертификат беріледі:

      1) I дәрежелі диплом мен алтын медаль иегерін дайындаған педагогқа – базалық лауазымдық айлықақы 26,5 еселенген мөлшерінде;

      2) II дәрежелі диплом мен күміс медаль иегерін дайындаған педагогқа – базалық лауазымдық айлықақы 17,5 еселенген мөлшерінде;

      3) III дәрежелі диплом мен қола медаль иегерін дайындаған педагогқа – базалық лауазымдық айлықақы 8,5 еселенген мөлшерінде біржолғы сыйақы белгіленеді.

2-тарау. Біржолғы сыйақы төлемінің тәртібі

      9. Қазақстан Республикасы құрама командаларының жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық олимпиадаларға қатысу нәтижелеріне сәйкес Республикалық ғылыми-практикалық орталығы "Дарын" (бұдан әрі – "Дарын" РҒПО):

      1) жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімін, ұйымдастырушы елдердің ресми сайттарында жарияланған нәтижелерінің көшірмелерін бекітеді;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаның тиісті тізбесіне сәйкес халықаралық олимпиадалардың I, II, III дәрежелі дипломдарымен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттауды ұйымдастырады.

      10. Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған педагогтердің тізімдері жеңімпаз және жүлдегер оқитын білім беру ұйымының педагог деректері көрсетіле отырып, растайтын құжаттары негізінде қалыптастырылады.

      11. Біржолғы сыйақы алуға үміткерлер "Дарын" РҒПО-ға мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың (ол болған кезде) және (немесе) туу туралы куәліктің (ол болған кезде) және (немесе) төлқұжатының (ол болған кезде) көшірмесін;

      2) I, II, III дәрежелі дипломдардың көшірмелерін;

      3) ағымдағы банктік есепшоттың деректемелерін;

      4) педагогтың жұмыс орнынан анықтама;

      5) Біржолғы сыйақы иегерінің оқу орнынан педагог туралы деректер көрсетілген анықтаманы ұсынады.

      Деректердің дұрыстығы білім беру ұйымы басшысының, ата-аналардың, асырап алушылардың, қорғаншылардың немесе қамқоршылардың, патронат тәрбиешілердің және оларды алмастыратын басқа да адамдардың қол қою арқылы расталады.

      12. Білім беру ұймының растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасы құрама командаларының педагогтар тізімі "Дарын" РҒПО-ның бұйрығымен бекітіледі.

      13. Біржолғы сыйақы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді.

      14. Педагог екі және одан да көп жеңімпаз бен жүлдегер дайындаған кезде біржолғы сыйақы әрбір жеңімпаз бен жүлдегер үшін төленеді.

      15. Білім алушылар екі және одан да көп педагогтарды көрсеткен кезде біржолғы сыйақы сомасы көрсетілген педагогтер арасында тең пропорцияда бөлінеді.

      16. Жеңімпаз немесе жүлдегер біржолғы сыйақы алудан бас тартқан жағдайда, жеңімпаздарды немесе жүлдегерлерді дайындаған педагогтердің біржолғы сыйақы алу құқығы сақталады.

      17. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі "Дарын" РҒПО ұсынған құжаттардың негізінде Министрліктің интернет-ресурсында орналастыра отырып, ағымдағы жылға біржолғы сыйақы беру туралы бұйрық шығарады. Бұйрықта марапатталғандардың тізімі, осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарына сәйкес төлемдердің мөлшері көрсетіледі.

      18. Біржолғы сыйақылар жеңімпаздар мен жүлдегерлердің және көрсетілген педагогтердің тиісті ағымдағы банктік есепшоттарына ақшалай қаражатты аудару жолымен төленеді.

      19. Біржолғы сыйақыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шығыстар (салықтар және басқа да міндетті төлемдер мен алымдар) кірмейді.

  Жалпы білім беретін пәндер
бойынша халықаралық
олимпиадалардың жеңімпаздары
мен жүлдегерлеріне, оларды
дайындаған педагогтерге
біржолғы сыйақы төлеу
қағидаларына,
сондай-ақ жалпы білім беретін
пәндер бойынша халықаралық
олимпиадалардың жеңімпаздары
мен жүлдегерлеріне, оларды
дайындаған педагогтерге
біржолғы сыйақы мөлшерлеріне
1-қосымша

Халықаралық олимпиада жеңімпазының/жүлдегерінің сауалнамасы

      • Қатысушының аты-жөні (ол болған кезде) _________________________________________________________________

      • Олимпиада пәні _________________________________________________

      • Мектеп атауы (ауыл, аудан, қала, облыс)_____________________________

      _________________________________________________________________

      • Сыныбы _________

      • Қатысушының байланыстары (моб. телефон нөмірі, мессенджерлер, e-mail)

      ___________________________________________________________

      • Ата-аналардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және байланыстары
(мобильді нөмірі, телефон, whatsup)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      • Сізді халықаралық олимпиадаға дайындаған педагогтің тегі, аты, әкесінің

      аты (ол болған кезде)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      • Оның жұмыс немесе оқу орны ______________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Ата-аналардың, асырап алушылардың, қорғаншылардың немесе қамқоршылардың,

      патронат тәрбиешілердің және оларды алмастыратын басқа да адамдардың қолы

      ___________________________________________________________________

      Жауаптарыңыз үшін рақмет. Өз қолымен толтырылған және қол қойылған,

      сканерленген сауалнаманы электрондық мекенжайға жолдауыңызды сұраймыз.

  Жалпы білім беретін пәндер
бойынша халықаралық
олимпиадалардың жеңімпаздары
мен жүлдегерлеріне, оларды
дайындаған педагогтерге
біржолғы сыйақы төлеу
қағидаларына, сондай-ақ жалпы
білім беретін пәндер бойынша
халықаралық олимпиадалардың
жеңімпаздары мен
жүлдегерлеріне, оларды
дайындаған педагогтерге
біржолғы сыйақы мөлшерлеріне
2-қосымша

Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесі Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар

Олимпиадалар атауы

1.

Математикадан халықаралық олимпиада (International Mathematical Olympiad (Интернейшэнал Математикал Олимпиад)

2.

Физикадан халықаралық олимпиада (International Physic Olympiad (Интернейшэнал Физик Олимпиад)

3.

Химиядан халықаралық олимпиада (International Chemistry Olympiad (Интернейшэнал Кэмистри Олимпиад)

4.

Биологиядан халықаралық олимпиада (International Biology Olympiad (Интернейшэнал Байолоджи Олимпиад)

5.

Географиядан халықаралық олимпиада (International Geography Olympiad (Интернейшэнал Джиографи Олимпиад)

6.

Информатикадан халықаралық олимпиада (International Olympiad in Informatic (Интернейшэнал Олимпиад Ин Информатик)

7.

Лингвистикадан халықаралық олимпиада (International Linguistic Olympiad (Интернейшэнал Лингуистик Олимпиад)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады