Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін бюджет қаражаты есебінен сатып алу және олардың ақысын төлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 12 тамыздағы № ҚР ДСМ-82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 тамызда № 29113 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 59-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін бюджет қаражаты есебінен сатып алу және олардың ақысын төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бюджет департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінде ұсталатын адамдарға қатысты нормаларды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚР Денсаулық сақтау
министрінің міндетін атқарушы
А. Есмагамбетова

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Бұйрыққа қосымша

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін бюджет қаражаты есебінен сатып алу және олардың ақысын төлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін бюджет қаражаты есебінен сатып алу және олардың ақысын төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 59-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін бюджет қаражаты есебінен сатып алу және олардың ақысын төлеу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемін көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі

      2. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемін көрсету (бұдан әрі - МКҚК) бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері денсаулық сақтау субъектілерін таңдау рәсімдерін жүргізбей, әкімшінің тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражат шегінде жүзеге асырады.

      3. МКҚК шеңберінде қызметтерді сатып алу мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасу;

      2) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын орындау.

      4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қаржы жылының бірінші бес жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау субъектісіне көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының қол қойылған жобасын жібереді. Қызметтерді сатып алу шартының жобасы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қызметтер көлемін, медициналық қызметтерге тарифтерді, МКҚК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ай сайынғы қаржыландыру жоспарын, тараптардың құқықтары мен міндеттерін, тараптардың жауапкершілігін, деректемелерін көздейді.

      5. Денсаулық сақтау субъектісі көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының жобасына ескертулерді немесе ұсыныстарды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне көрсетілетін қызметтерді сатып алудың қол қойылған шартын немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартына қол қоюдан дәлелді бас тартуды ұсынады.

      6. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі денсаулық сақтау субъектісінің көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының жобасына ескертулерін немесе ұсыныстарын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде денсаулық сақтау субъектісінің ұсыныстарын көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының жобасына енгізбеу себептерін негіздей отырып, қол қойылған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының жобасын денсаулық сақтау субъектісіне қайта жібереді.

      7. Денсаулық сақтау субъектісі үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қол қойылған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын ұсынады.

      8. Шарт қазынашылық органдарда тіркелген кезден бастап күшіне енді деп есептеледі.

      9. Қол қойылған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартына өзгерістер енгізу:

      1) денсаулық сақтау субъектілері арасында орналастыру кезінде олармен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттары жасалған МКҚК көрсету шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтерге арналған тарифтер өзгерген;

      2) қайта ұйымдастырылатын денсаулық сақтау субъектісінің міндеттемелері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасқан денсаулық сақтау субъектісінің міндеттемелерін құқықтық мирасқорлығы кезінде, оның қызметінің тиісті кіші түрлері бойынша медициналық қызметке лицензиясы болған кезде, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасқан денсаулық сақтау субъектісі қайта ұйымдастырылған;

      3) тергеу изоляторларында немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың саны ұлғайған жағдайларда жүзеге асырылады.

      10. МКҚК көрсету шеңберінде қызметтерді сатып алумен байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормалары өзгерген немесе толықтырылған кезде қызметтерді сатып алу шартының қолданылуы осы құқық нормаларына сәйкес келтіріледі.

      Бұл ретте, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының қолданылуы тоқтатылады немесе осындай өзгерістер немесе толықтырулар күшіне енген күннен бастап өзгереді.

      11. МКҚК көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын орындау мынадай шарттық міндеттемелерді орындауды қамтиды:

      1) өнім берушілер қызметтерді көрсету және қызметтерді сатып алу шартының талаптарын сақтау;

      2) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу.

      12. МКҚК көрсеткен кезде қызметтерге ақы төлеуді бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жүзеге асырады.

3-тарау. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерінің ақысын төлеу тәртібі

      13. Денсаулық сақтау субъектілерінің - өнім берушілердің көрсетілетін қызметтерінің ақысын төлеу бюджеттік бағдарламалар әкімшісі тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражат шегінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттарының негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      14. Өнім берушілердің қызметтерінің ақысын төлеу МКҚК шеңберінде медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі мониторингінің нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.

      Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапа және көлемінің мониторингі "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелердің мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 13 мамырдағы №ҚР ДСМ-43 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28054 болып тіркелген) жүргізіледі.

      Мониторинг нәтижелері бойынша Мониторинг жүргізу қағидаларына 1–қосымшаға сәйкес бірыңғай ақаулар сыныптауышына (бұдан әрі-Ақаулардың бірыңғай сыныптауышы) сәйкес өнім берушіге ақы төлеуге жататын соманы азайту үшін негіз болып табылатын медициналық көмек көрсету ақаулары анықталады.

      15. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша ақы төлеудің есепті кезеңі күнтізбелік ай болып табылады.

      16. Қызметтердің ақысын төлеу көрсетілген қызметтер актісінің негізінде тарифтер бойынша жүзеге асырылады.

      17. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі өнім берушімен келісу бойынша аванстық (алдын ала) төлемді кейіннен аванстық (алдын ала) төлем төленген соманы ұстап қалу кестесіне сәйкес ұстап қала отырып, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты сомасының отыз пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлемді жүзеге асырады.

      18. Көрсетілген қызметтер актісін қалыптастыру көрсетілген қызметтер үшін шот-тізілім, қызметтерді сатып алу шартын орындау хаттамасының негізінде жүзеге асырылады.

      19. Өнім беруші есепті кезең аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде (желтоқсан - 20 желтоқсан үшін) осы Қағидаларға 1–қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алудың әрбір шартына жеке көрсетілген қызметтердің шот-тізілімін (шот-тізілімдер) қолмен немесе автоматты режимде қалыптастырады және басшы немесе уәкілетті лауазымды тұлға қол қойған және өнім берушінің мөрімен (бар болса) қағаз жеткізгіште немесе өнім берушінің цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат түрінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне береді.

      Өнім беруші қол режимінде шот-тізілімді дұрыс қалыптастырмаған және (немесе) қате деректермен шот-тізілімді қағаз жеткізгіште ұсынған кезде, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі алғаннан кейін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оны қайта қалыптастыру және ұсыну үшін көрсетілген қызметтердің шот-тізілімін (шот-тізілімдер) өнім берушіге қайтарады.

      Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көрсетілген еңсерілмейтін күш мән-жайлары және (немесе) тиісті уәкілетті органның хатымен расталған ақпараттық жүйелердегі жаңартулармен байланысты мән-жайлар туындаған кезде, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі еңсерілмейтін күш мән-жайлары жойылғаннан кейін және ақпараттық жүйелерде жаңартылған көрсетілген қызметтер үшін шот-тізілімді қабылдайды.

      20. Көрсетілген қызметтер шот-тізілімінде ағымдағы есепті кезең ішінде олардың орындалуы аяқталған көрсетілетін қызметтер саны, сондай-ақ өнім беруші төлеуге ұсынатын сома көрсетіледі.

      21. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын орындау хаттамасының негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметтер актісін (бұдан әрі - көрсетілетін қызметтер актісі) жасайды.

      Көрсетілген қызметтер актісі көрсетілген қызметтерді сатып алудың әрбір шартына жеке қолмен немесе автоматтандырылған режимде қалыптастырылады және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің және өнім берушінің басшысы немесе уәкілетті лауазымды адамы қағаз жеткізгіште қол қояды және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің және өнім берушінің мөрлерімен (бар болса) куәландырылады немесе ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде қалыптастырылады.

      22. Қағаз жеткізгіштегі төлем құжаттары жеткізуші мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі үшін бір-бір данадан екі данада қалыптастырылады.

      23. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілуіне байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының қолданылуы ішінде төлеуге қабылданбаған, көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты қолданылатын жылдан кейінгі жылы жүргізіледі.

      Ағымдағы қаржы жылының шот-тізіліміне алдыңғы қаржы жылында медициналық көмек көрсету басталған және ағымдағы қаржы жылында аяқталған жағдайлар енгізіледі.

      24. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен өнім беруші арасында төлем құжаттарымен алмасу ресми хат алмасуды жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

      25. Көрсетілген қызметтердің қол қойылған актілері бойынша төлемді бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі есепті кезең аяқталғаннан кейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей өнім берушінің Екінші деңгейлі банктегі есеп айырысу шотына немесе қызметтер көрсеткені үшін алынған қаражатты есепке алу және жұмсау бойынша банк операцияларын жүргізу үшін ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырады.

      Түзетілген шот-тізілім қайта ұсынылған кезде және осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген негіздер бойынша еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде төлем түзетілген шот-тізілім ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      26. Көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының жылдық сомасынан аспайтын сома шегінде жүргізіледі.

      27. Өнім беруші көрсетілген қызметтер актісімен келіспеген кезде, оны алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бюджеттік бағдарламалар әкімшісін көрсетілген қызметтер актісіне қол қоюдан бас тарту туралы бас тарту себептерін негіздей отырып және бас тарту себебін растайтын есептер мен құжаттарды қоса беріп хабарлайды.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі көрсетілген қызметтер актісіне қол қоюдан бас тартуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей өнім берушіге қабылданған шешімдердің бірін хабарлайды:

      - көрсетілген қызметтер актісін түзету және шешімнің дұрыстығын растайтын есептер мен құжаттарды қоса беріп, көрсетілген қызметтер актісін қол қоюға қайта жіберу;

      - осы шешімді негіздей отырып, оған өзгерістер енгізбестен көрсетілген қызметтер актісін қайта жіберу.

      Қол қойылған көрсетілген қызметтер актілері бойынша ақы төлеу мерзімі бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен өнім беруші көрсетілген қызметтер актісіне қол қою жөніндегі келісімге қол жеткізуге жұмсалған уақыт кезеңіне ұзартылады.

      28. Ақы төлеу нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі тоқсан сайын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті салыстырып тексеру актісін қалыптастырып, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттары бойынша медициналық көрсетілетін қызметтер көлемдерінің және қаржылық міндеттемелерінің орындалуын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

      29. Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсеткені үшін қызметтердің ақысын төлеу тергеу изоляторында ұсталатын бір адамға шаққандағы кешенді тариф бойынша жүзеге асырылады.

      30. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсеткені үшін көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын бір адамға шаққандағы кешенді тариф бойынша жүзеге асырылады.

      31. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын науқас адамдарға медициналық көмек көрсеткені үшін қызметтердің ақысын төлеу туберкулезбен ауыратын бір науқасқа шаққандағы кешенді тариф бойынша жүзеге асырылады.

      32. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын психикасының, мінез-құлқының бұзылулары (аурулары) бар адамдарға медициналық көмек көрсеткені үшін қызметтердің ақысын төлеу қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын психикасының, мінез-құлқының бұзылулары (аурулары) бар бір адамға шаққанда кешенді тариф бойынша жүзеге асырылады.

  Қылмыстық-атқару
(пенитенциарлық) жүйесінің
тергеу изоляторлары мен
мекемелерінде ұсталатын
адамдарға медициналық
көмек көрсету бойынша
денсаулық сақтау
субъектілерінің көрсетілетін
қызметтерін бюджет
қаражаты есебінен
сатып алу және олардың
ақысын төлеу кағидаларына
1-қосымша
20 ___ жылғы "___" _________ № ____ шарт бойынша 20 ___ жылғы "___"
____________ бастап 20 ____ жылғы "____" ___________ дейінгі кезең үшін
медициналық көмек көрсеткені үшін 20 ___ жылғы "___" __________№_______ шот-тізілім    Қаржыландыру көзі______________________________________    Өнім берушінің атауы: _______________________    Бюджеттік бағдарламаның атауы: ______________________________________    Бюджеттік кіші бағдарламаның атауы: __________________________________    Бекітілген халықтың саны ________________ адам    Коэффициент (болған жағдайда)____________    Бір адамға шаққандағы кешенді тариф, айына _________ теңге.
Р/с № Атауы Ақы төлеуге ұсынылғаны (теңге)
1 2 3
1. Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек/ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек / қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек/ / қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулар) бар адамдарға медициналық көмек

Жиыны

Төлем жиыны: ________________________________ теңге Өнім берушінің басшысы (уәкілетті лауазымды тұлға): _____________ /___________ (аты, әкесінің аты, тегі, (бар болса)/қолы) (қағаз жеткізгіште құжат үшін) Өнім берушінің бас бухгалтері: ________________________ /__________ (аты, әкесінің аты, тегі, (бар болса)/қолы) (қағаз жеткізгіште құжат үшін) Мөрдің орны (бар болса) (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін) Күні: 20__жылғы "___"__________
  Қылмыстық-атқару
(пенитенциарлық) жүйесінің
тергеу изоляторлары мен
мекемелерінде ұсталатын
адамдарға медициналық
көмек көрсету бойынша
денсаулық сақтау субъектілерінің
көрсетілетін қызметтерін
бюджет қаражаты есебінен
сатып алу және олардың
ақысын төлеу кағидаларына
2-қосымша
 
Нысан
20 ___ жылғы "___" _________ № ____ шарт бойынша 20 ___ жылғы "___" _________ бастап 20 ___ жылғы "___" _________ дейінгі кезең үшін медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша көрсетілген қызметтердің 20 ___ жылғы "___" _________№_______ актісі Қаржыландыру көзі_______________________________________________ Өнім берушінің атауы: _______________________________________________ Бюджеттік бағдарламаның атауы: ______________________________________ Бюджеттік кіші бағдарламаның атауы:__________________________________ Шарт бойынша жалпы құны _______________________________________ теңге Аванстың жалпы сомасы ________________________________ теңге Желтоқсанда төленген аванстың жалпы сомасы: ______________________ теңге Ақы төленген (көрсетілген) қызметтердің жалпы сомасы __________ теңге Орындалған (көрсетілген) қызметтердің жалпы сомасы ___________________ теңге
№ Р/с № Атауы Ақы төлеуге ұсынылған сома, теңге Шешуге жатады және ақы төлеуге, оның ішінде ішінара төлеуге жатпайтын сома, теңге Ақы төлеуге қабылданған, теңге
1 2 3 4 5
11. Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға медициналық көмек/ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек / қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек/ / қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары (аурулар) бар адамдарға медициналық көмек



Жиыны



      2- кесте. Өзге де төлемдер/шегерімдер сомасы
р/с № Медициналық көмек түрлері Тағайындау (анықтамалықтан таңдалған себептер өзге шегерімдер/төлемдер енгізу кезінде) Төлем Шегерім
саны сомма саны сомма
1 2 3 4 5 6 7
11.





22.






Жиыны





Төлемге қабылданған барлығы: _____________ теңге, оның ішінде: 1. ұстап қалған сомасы: _____________ теңге, оның ішінде: 1.1. сапа мен көлемді мониторингілеу нәтижелері бойынша: ___________ теңге; 2. Шешілген сома: ___________ теңге /қабылданған: ______ теңге, оның ішінде: 2.1. төлемдер: _____________ теңге, 2.2. шегерімдер:_____________теңге. Бұрын төленген авансты ұстап қалу сомасы: _____________ теңге; Келесі кезеңде ұстап қалуға тиісті бұрын төленген аванстың қалдығы: ______ теңге; Аударуға есептелгені, жиыны: _____________ теңге.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі:_______________________
(толық атауы)
Мекенжайы: ____________________________
БСН: _____________________________
ЖСК: ____________________________
БСК: _____________________________ _______________________________ (бенефициардың атауы)
КБЕ: _____________________________
Басшы: _________________/___________
(Тегі, аты, әкесінің аты /қолы) (бар болса)
(қағаз жеткізгіште акт үшін)
Мөр орны (бар болса) (қағаз жеткізгіште акт үшін)

Өнім беруші:_________________________ (өнім берушінің атауы) Мекенжайы:____________________________ БСН:_______________________________ ЖСК:_______________________________ БСК:_______________________________ Банкінің атауы:_________________ ____________________________________ ____________________________________ КБЕ:_______________________________ Басшысы: _________________/__________ (Тегі, аты, әкесінің аты /қолы) (бар болса) (қағаз жеткізгіште акт үшін) Мөр орны (бар болса) (қағаз жеткізгіште акт үшін)

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі ЖСК – жеке сәйкестендіру коды БСК – банктік сәйкестендіру коды КБЕ – бенефициар коды
  Қылмыстық-атқару
(пенитенциарлық) жүйесінің
тергеу изоляторлары мен
мекемелерінде ұсталатын
адамдарға медициналық
көмек көрсету бойынша
денсаулық сақтау субъектілерінің
көрсетілетін қызметтерін
бюджет қаражаты есебінен
сатып алу және олардың
ақысын төлеу кағидаларына
3-қосымша
Нысан
"___________" шарт бойынша ____________________ және _________ арасында "_______" дейінгі кезең үшін медициналық көрсетілетін қызметтер көлемінің орындалуын және көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттары бойынша қаржылық міндеттемелерді салыстырып тексеру актісі
Күні:_____________
Өңір:__________________

      Біз, төменде қол қоюшылар___________ атынан __________________, сенімхат негізінде әрекет ететін________________бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің басшысы бір тараптан, және ________________________ атынан Жарғының негізінде әрекет ететін директор _______________________ екінші тараптан, есепке алу деректері бойынша өзара есеп айырысулардың жай-күйі туралы осы салыстыру актісін жасады:
Атауы Шарт Ұсынылды Сапа және көлем мониторингі бойынша алынғандар Өзге төлемдер / шегерімдер
саны сома саны сома саны сома
Медициналық көмектің түрлері

Есеп беру кезеңдерін жазу







Кестенің жалғасы

Төлеуге қабылданды Игерілмеу нәтижелері бойынша азаюы Сапа мен көлем мониторингінің нәтижелері бойынша азайту

саны сома саны сома саны сома
Медициналық көмектің түрлері








Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі:____________________ (толық атауы) Мекенжайы: ____________________________ БСН: _____________________________ ЖСК: ____________________________ БСК: _____________________________ __________________________________
(бенефициардың атауы) КБЕ:
_____________________________
Басшы: _________________/___________
(тегі, аты, әкесінің аты /қолы) (бар болса) (қағаз
жеткізгіште акт үшін)
Мөр орны (бар болса) (қағаз жеткізгіште акт үшін)

Өнім беруші:___________________________ (өнім берушінің атауы)
Мекенжайы:______________________________
БСН:_______________________________
ЖСК:_______________________________ БСК:_______________________________ Банкінің атауы:_________________ ____________________________________ ____________________________________ КБЕ:_______________________________ Басшы: _________________/__________ (тегі, аты, әкесінің аты /қолы) (бар болса) (қағаз жеткізгіште акт үшін) Мөр орны (бар болса) (қағаз жеткізгіште акт үшін)

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі ЖСК – жеке сәйкестендіру коды БСК – банктік сәйкестендіру коды КБЕ – бенефициар коды



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады