Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № ҚР ДСМ -43 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 мамырда № 28054 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 69-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы жөнінде мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 13 мамырдағы
№ ҚР ДСМ -43 Бұйрығына
қосымша

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 69-бабының 2-1-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) әзірленді және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг (бұдан әрі – МКҚК) жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

      2) денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;

      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) медициналық ақпарат – медициналық көмек көрсету процесінде туындайтын және медициналық құжаттар мен медициналық ақпараттық жүйелерде көрсетілген пациенттер мен аурулар туралы ақпарат, сондай-ақ денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ақпарат;

      5) медициналық ақпараттық жүйе – электрондық форматта денсаулық сақтау субъектілері процестерін жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

      6) медициналық көмек – дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер кешені;

      7) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган – медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы басшылықты, медициналық қызметтер (көмек) сапасын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      8) медициналық қызметтер – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдік, оңалту және паллиативтік бағыты бар іс-әрекеттері;

      9) тәуелсіз сарапшы – уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін және тәуелсіз сарапшылар тізілімінде тұрған жеке тұлға.

2-тарау. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу тәртібі 1-параграф. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің көрсетілетін қызметтердің саны мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізу тәртібі

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға МКҚК шеңберінде денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерге ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерге мониторингті (бұдан әрі – мониторинг) ұйымдастырады және жүзеге асырады.

      4. Мониторинг денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінде және ақпараттық жүйелер болмаған кезде қызмет берушіге бару арқылы, сондай-ақ қызмет берушіден медициналық құжаттарды сұрату арқылы жүргізіледі. Ақпараттық жүйелер болмаған кезде мониторинг қағаз жеткізгіштерде медициналық құжаттама негізінде жүргізіледі.

      5. Денсаулық сақтау субъектілеріне мониторинг жылына 1 реттен жиі жүргізілмейді.

      6. Мониторингті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, соның ішінде "Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-103/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21218 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидалары) сәйкес тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту арқылы жүргізіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 26.06.2024 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Кодекстің 273 бабының 2 тармағына сәйкес, тәуелсіз сарапшылар және (немесе) тарту кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен тәуелсіз сарапшы арасында мониторинг жүргізу кезінде өздеріне мәлім болған медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын дербес медициналық деректерді үшінші тұлғаларға жария етпеу туралы келісімге қол қойылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 26.06.2024 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мониторинг нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Бірыңғай ақаулардың жіктеуішіне сәйкес қызметтер берушіге төлеуге жататын соманы азайту үшін негіз болып табылатын медициналық көмек көрсету ақаулары анықталады.

      9. Мониторинг қорытындысы бойынша мыналар қалыптастырылады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемінің мониторингі бойынша қорытынды, олардың біреуі қол қойылған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қызмет берушіге жіберіледі;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада қызметтерді сатып алу шартын тиісінше орындау бойынша қорытынды, олардың біреуі қол қойылған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қызмет берушіге жіберіледі.

      Қызметтер берушіге бару арқылы МКҚК шеңберінде денсаулық сақтау субъектілеріне мониторинг мониторинг аяқталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей қорытынды қалыптастырыла отырып 10 (он) жұмыс күнінен асырылмай жүргізіледі.

      10. Мониторинг мынадай түрлермен қамтамасыз етіледі:

      1) ағымдағы мониторинг;

      2) жоспардан тыс мониторинг;

      3) проактивті мониторинг;

      4) нысаналы мониторинг;

      5) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдардың қайтыс болуы мен өлім жағдайларына мониторингі жүргізеді.

      11. Қызмет берушіге барған кезде бастапқы медициналық құжаттаманы денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне енгізілген деректермен деректердің дұрыстығына, толықтығына және толтырылу сапасына салыстырып тексеру жүргізіледі.

      12. Мониторинг қызмет берушінің медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарының және клиникалық хаттамалардан сақталу мәніне жүргізіледі.

      13. Қызмет берушінің рұқсат беру және құқық белгілейтін құжаттарының болуы бойынша ақпарат алу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мемлекеттік ақпараттық жүйелерде деректерді іздеуді жүзеге асырады және ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде қызмет берушіден құжаттарға сұрау салуды жүргізеді.

      14. Мониторинг жүргізу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мынадай жағдайларда Тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту қағидаларына сәкес тәуелсіз сарапшыларды және (немесе) бейінді мамандарды:

      1) өлім жағдайларын, емделген жағдайларды қарау кезінде медициналық көмектің сапасын растау;

      2) көрсетілген медициналық қызметтерге жоспарлы, проактивті, нысаналы мониторингтер жүргізу арқылы;

      3) азаматтық процестің тарабы ретінде қатысу арқылы жүзеге асыру үшін тартады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 26.06.2024 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мониторинг шарттық міндеттемелерге сәйкес тұрақты негізде жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша Кодекстің 69-бабының 2-1 тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қызмет берушілерге көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жүргізіледі.

      16. Мониторинг бойынша қорытынды осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес белгілі бір кезеңде ағымдағы мониторинг мен нысаналы мониторингтен өткен медициналық қызметтің медициналық көмек қызметтерінің тізілімдерінде көрсетіледі.

      17. Жүргізілген мониторинг бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ай, тоқсан, жартыжылдық және жыл кезеңділігімен есепті кезеңнен кейінгі 10-күнге қарай (оныншы) есеп қалыптастырады.

      18. Мониторинг барлық түрлерін жүргізу кезінде медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің анықталған ақаулары ағымдағы кезеңде ақы төлеу кезінде ескеріледі.

      19. Жүргізілген мониторинг бойынша ақпаратты медициналық көмек көрсету кезінде қызмет берушілердің бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды орындау бойынша ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қарайды.

      20. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға мониторинг аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілген мониторинг бойынша, оның барысында қызметті берушіге әкімшілік ықпал ету шараларын талап ететін немесе медициналық көмек сапасын жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылдауды талап ететін бұзушылықтар анықталған ақпаратты жібереді.

2-параграф. Ағымдағы мониторинг

      21. Ағымдағы мониторинг - денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерде және денсаулық сақтау субъектісіне бару арқылы тұрақты негізде жүргізілетін, медициналық ақпараттық жүйелер болмаған кезде мониторинг қағаз жеткізгіште медициналық құжаттама негізінде жүргізілетін ағымдағы есепті кезеңде медициналық қызметтерді бағалауды білдіретін медициналық қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелер мониторингін жүргізу түрі.

      22. Медициналық қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемінің ағымдағы мониторингі:

      1) көрсетілген медициналық қызметтер (көмек) ақауларының Бірыңғай жіктеуішінен ақаулар бере отырып, денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйелерінде;

      2) қағаз жеткізгіштердегі бастапқы медициналық құжаттаманы зерделеу, ақпараттық жүйелерге енгізілген деректерді бастапқы медициналық құжаттамамен салыстырып тексеруді және шарттық міндеттемелерді орындау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асыру үшін қызмет берушіге бару арқылы жүзеге асырылады.

      23. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ағымдағы мониторинг кезінде медициналық ақпараттық денсаулық сақтау жүйелерінде автоматтандырылған тәсілмен белгіленген ақауларды растай отырып немесе қабылдамай, сондай-ақ Бірыңғай ақаулар жіктеушінің ақауларды бере отырып, өнім беруші көрсеткен медициналық қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлеміне бағалау жүргізеді.

      24. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде медициналық ақпараттық жүйелер болмаған жағдайда медициналық қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемінің ағымдағы мониторингі қағаз жеткізгіште медициналық құжаттаманы зерделеу негізінде, соның ішінде ақауларды растау немесе бас тарту кезінде жүргізіледі.

      25. Ағымдағы мониторинг кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жүргізілген проактивті мониторингтен кейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күн өткен соң көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша анықталған ақаулар мен міндеттемелер жойылмаған жағдайда, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Бірыңғай ақаулардың жіктеуішіне сәйкес қызметті берушіге төлеуге жататын соманы азайтуды жүргізеді.

      26. Медициналық қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемінің ағымдағы мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі.

3-параграф. Жоспардан тыс мониторинг

      27. Жоспардан тыс мониторинг - медициналық қызметтер (көмек) көрсету тәртібін бұзудың нақты фактілері мен мән-жайлары бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі мониторингінің түрі, мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) медициналық көмек (қызмет көрсету) көрсетудің расталмаған жағдайлары фактілерін анықтау);

      2) медициналық қызметтерді (көмекті) тұтынушылардан және (немесе) заңды тұлғалардан өтініштердің түсуі;

      3) басқа қызмет берушінің сапасы мен көлемінің ағымдағы немесе нысаналы мониторингін жүргізу нәтижелері бойынша қызмет берушінің денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзу жағдайлары анықталған жағдайларда.

      Жоспардан тыс мониторинг негіздеме түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      28. Қызмет берушіге алдағы жоспардан тыс мониторинг жүргізу туралы хабарлама кемінде 24 сағат бұрын беріледі. Хабарлама қызмет берушіде электрондық құжат айналымы болған кезде электрондық түрде немесе жеткізілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хат-хабармен жіберіледі.

      29. Қызмет берушіге барған кезде "Бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізу және есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-244/2020 бұйрығына (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21761 болып тіркелген) сәйкес есептік медициналық нысандар мен деректерді толтырудың дұрыстығына, толықтығына және сапасына бастапқы медициналық құжаттаманы салыстырып тексеру жүргізіледі, көрсетілген медициналық қызметтердің (көмектің) сипатын, көлемі мен сапасын көрсететін жүйелік немесе кездейсоқ қатені болдырмау үшін көлемде емделген жағдайларды кездейсоқ таңдау жүзеге асырылады.

      30. Медициналық көрсетілетін қызметтерді (көмекті) тұтынушылардан және (немесе) заңды тұлғалардан өтініштер себебі бойынша жоспардан тыс мониторинг өтініш шеңберінде және өтініште көрсетілген фактілер бойынша ғана жүргізіледі.

4-параграф. Проактивті мониторинг

      31. Проактивті мониторинг - медициналық қызметтер (көмек) көрсету тәртібін бұзуға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтауға және алдын алуға бағытталған медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі мониторингінің түрі.

      32. Проактивті мониторинг жүргізу кезінде көрсетілген медициналық көмектің/қызметтердің көлемін негізсіз арттыру, медициналық көмек (қызмет көрсету) көрсетудің расталмаған жағдайларды қоспағанда, Бірыңғай ақаулар жіктеуішінің қызметтер берушіге төлеуге жататын соманы азайту бойынша іс-шаралар жүргізілмейді.

      33. Проактивті мониторинг мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) ағымдағы қаржы жылында қызмет берушімен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасу кезінде;

      2) медициналық қызметтің жаңа белгілі бір түрлеріне, медициналық көмек түрлеріне қызмет берушімен шарт жасасу кезінде.

      34. Проактивті мониторинг мыналарға қатысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарына қолданылады:

      1) дәлелді медицина қағидаттарын, медициналық көмек көрсету тәртібін және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін регламенттейтін денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, сапалы медициналық көмек көрсету қағидаттарына негізделеді;

      2) тұтынушыға медициналық қызметтерді Шарттың бүкіл қолданылу мерзімі ішінде медициналық қызметтерді (көмекті) көрсетудің қолжетімділігін, уақтылығын, іркіліссіздігін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді. Көрсетілген міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін жағдайлар туындаған кезде Қызмет беруші қызмет берушілердің дерекқорына қосылған бірлесіп орындаушыларды тарту арқылы қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуі не қызметтерді сатып алу шартының сомасын болжанатын орындалмау сомасына азайтуы қажет;

      3) пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасы мен тиімділігін үздіксіз жақсартуды қамтамасыз ету;

      4) пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметінің жұмысын қамтамасыз ету;

      5) халықты бекітуді қамтамасыз ету;

      6) ауруларды басқару бағдарламасын енгізуді және орындауды қамтамасыз ету;

      7) зертханалық-диагностикалық қызметтерді бірлесіп орындауға шарт жасасу және оны кейіннен бірлесіп орындаушыға жеткізу кезінде өзінің өндірістік базасының базасында (медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін қызметтер берушілер үшін) зертханалық материалды алуды қамтамасыз ету;

      8) МКҚК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен қамтамасыз ету;

      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін дәрілік заттарды (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) және медициналық бұйымдарды пайдалану.

      35. Қызмет берушіге бару арқылы проактивті мониторинг медициналық көмек көрсетудің әрбір түрі және шарттары бойынша жылына 1 (бір) рет жүргізіледі және медициналық қызметтерді (көмекті) көрсету тәртібінің бұзылуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтауға және алдын алуға бағытталған.

      36. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша анықталған ақаулар мен орындалмаған міндеттемелерді жоюды қызмет беруші проактивті мониторинг нәтижелері бойынша қорытындыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде жүргізеді.

      37. 45 (қырық бес) күнтізбелік күн өткен соң көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша анықталған ақаулар мен міндеттемелер жойылмаған кезде, бюджттеік бағдарламалар әкімшісі ағымдағы (жоспарлы) мониторинг жүргізу кезінде Бірыңғай ақаулар жіктеуішіне сәйкес қызмет берушіге төлеуге жататын соманы азайтуды жүргізеді.

      38. Проактивті мониторинг жүргізу үшін қызметті берушіге бару жоспары алдағы жылға ағымдағы жылғы 30 желтоқсанға дейін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің сайтында орналастырылады.

5-параграф. Нысаналы мониторинг

      39. Нысаналы мониторинг - медициналық қызметтің белгілі бір түрлері, медициналық көмектің түрлері бойынша жүргізілетін медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасы мен көлемі мониторингінің түрі.

      40. Нысаналы мониторинг жүргізу мақсатында қызмет берушілердің тізімін қалыптастыру үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) ағымдағы және жоспардан тыс мониторингтердің нәтижелері;

      2) денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйелерінен алынатын мәліметтер.

      41. Алдағы нысаналы мониторинг жүргізу туралы хабарлама қызмет берушіге кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын беріледі. Хабарлама жеткізушіде электрондық құжат айналымы болған кезде электрондық түрде немесе жеткізілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хат-хабармен жіберіледі.

      42. Нысаналы мониторинг жүргізу үшін қызметтер берушіге бару жоспары бюджетттік бағдарламалар әкімшісінің сайтында тоқсан сайын орналастырылады.

6-параграф. Қайтыс болу және өлім жағдайларының мониторингі

      43. Қайтыс болу және өлім жағдайларының мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі.

      44. Қайтыс болу және өлім жағдайларының мониторингі денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып және қосымша медициналық құжаттаманы сұрату, сондай-ақ медициналық ақпараттық жүйелер болмаған кезде қызметті берушіге бару арқылы жүзеге асырылады. Қайтыс болу және өлім жағдайларының мониторингіне сотталған адамның ұстау және болу орны бойынша стационарларда және стационарды алмастыратын жағдайларда өліммен аяқталған барлық жағдайлар жатады.

      45. Қайтыс болу және өлім жағдайларының мониторингін жүргізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйелерінен қайтыс болу жағдайларының жүктемесі пайдаланылады, медициналық ақпараттық жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіште медициналық құжаттама пайдаланылады.

      46. Қайтыс болу және өлім жағдайлары мониторингінің нәтижелері денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйелеріне енгізіледі, медициналық ақпараттық жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіште қалыптастырылады және ақы төлеу кезінде ескеріледі.

      47. Қайтыс болу және өлім жағдайлары мониторингін жүргізу кезінде сот-медициналық сараптаманың нәтижелері (бар болса) ескеріледі.

      48. Қайтыс болу және өлім жағдайлары мониторингінің нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болу және өлімнің әрбір жағдайына қайтыс болу және өлім жағдайы мониторингінің нәтижелері бойынша екі данада қорытынды қалыптастырады, оның біреуі қызметті берушіге жіберіледі.

      49. Тәуелсіз сарапшы және/немесе бейінді маман "Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21727 болып тіркелген) сәйкес (бұдан әрі – Ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары) екі данада әрбір емделіп шыққан жағдайға сараптама қорытындысын қалыптастырады, оның біреуі қызмет берушінің басшысына тапсырылады.

      50. Қайтыс болу және өлім жағдайының мониторингі бойынша қорытындымен келіспеген жағдайда, қызмет беруші қорытынды ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ескертулер және (немесе) қарсылықтар жібереді.

      51. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынылған ескертулерді және (немесе) қарсылықтарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды және қызметті берушіге дәлелді жауап береді. Қызметті беруші қорытындымен келіспеген жағдайда, Ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына сәйкес тәуелсіз сарапшыларды және/немесе бейінді мамандарды тарта отырып, қайтыс болу және өлім жағдайының сыртқы сараптама жүргізіледі.

  Қылмыстық-атқару
(пенитенциарлық) жүйесінің
тергеу изоляторлары мен
мекемелерінде ұсталатын
адамдарға медициналық
көмектің қосымша көлемі
шеңберінде денсаулық сақтау
субъектілері көрсететін
қызметтерге ақы төлеу уәкілетті
орган айқындайтын тәртіппен
медициналық көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен көлемі
жөніндегі шарттық
міндеттемелерге мониторинг
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Ақаулардың бірыңғай жіктеуіші*

Ақау коды

Ақаудың атауы

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға

(емделіп шығу жағдайының құнынан)

1.0

Медициналық құжаттаманы ресімдеу ақаулары

30 %

1.1.

Медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізуге кедергі келтіретін медициналық құжаттаманы ресімдеудің ақаулары (алғашқы медициналық құжаттамада немесе мамандардың тексерулері, тексерулері, консультациялары нәтижелерінің медициналық ақпараттық жүйесінде медициналық құжаттамада пациенттің денсаулық жағдайының серпінін, медициналық көмек көрсетудің көлемін, сипатын, шарттарын бағалауға мүмкіндік беретін күнделікті жазбалардың болмауы)

+

1.2.

Медициналық ақпараттық жүйелерге деректерді енгізу (деректерді дұрыс емес, уақтылы емес, толық емес және сапасыз енгізу)

+

1.3.

Пациент қайтыс болған сәттен бастап 10 (он) күннен кешіктірмей қайтыс болған мәліметтерді уақтылы тіркемеу/уақтылы есептен шығармау

-*

1.4.

Бастапқы медициналық құжаттамада пациенттің медициналық араласуға хабардар етілген ерікті келісімінің болмауы

+

2.0

Көрсетілген медициналық қызметтің (көмектің) көлемін негізсіз арттыру

50 %

2.1.

Емдеу және диагностикалық қызметтер санын негізсіз ұлғайту

+

2.2.

Клиникалық-диагностикалық қызметтер негізсіз көрсетілуі

+

2.3.

Консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетуге негізсіз бағыттау

+

3.0

Негізсіз қайта ауруханаға жатқызу

100 %

4.0

Медициналық қызмет (көмек) көрсетудің расталмаған жағдайы

300 %

4.1.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымды, оның ішінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша берудің расталмаған жағдайы

+

4.2.

Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйе тіркеліміне пациенті негізсіз есепке алу

+

5.0

Емдеу – диагностикалық іс-шаралардың, қызметтер көрсетудің Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардан, қағидалардан/ клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқуы

30 %

5.1.

Емдеудің нәтижесінде асқынуларға әкеп соққан диагностикалық / емдік іс-шаралардың уақтылы немесе тиісінше орындалмауы

+

5.2.

Емдеудің нәтижесінде нашарлауға әкеп соққан диагностикалық / емдік іс-шаралардың уақтылы немесе тиісінше орындалмауы

+

5.3.

Диагностикалық/емдік іс-шаралардың уақтылы немесе тиісінше орындалмауы, емнің нәтижесі өзгеріссіз

+

5.4.

Медициналық көмек көрсету стандарттарын /Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережелерді сақтамау

+

5.5.

Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексеру (скрининг) жүргізу қағидаларын сақтамау

-

5.6.

Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес профилактикалық егулер жүргізу қағидаларын сақтамау

-

5.7.

Клиникалық хаттамаларға сәйкес препараттармен, медициналық бұйымдармен және медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі бойынша, соның ішінде амбулаториялық дәр-дәрмекпен уақтылы қамтамасыз етпеуді

-

5.8.

Көрсетілімдер болмаған кезде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды негізсіз тағайындау/жазып беру

+

5.9.

Медициналық ұйымның ауруларды басқару бойынша әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерін сақтамауы

-

5.10.

Қарсы көрсетілімдер болған кезде медициналық көмек көрсету

+

5.11.

Консультациялық-диагностикалық қызметтерге негізсіз жолдама беру

+

5.12.

Медициналық көмек көрсету кезіндегі полипрагмазия

+

5.13

Медициналық қызметтерді күту ұзақтығы

-

5.14

Клиникалық-диагностикалық қызметтерді күту ұзақтығы күнтізбелік 10 күннен астам

-

6.0

Негізделген шағымдар

100 %

6.1.

Медициналық көмектің сапасына шағымдар

+

6.2.

Медициналық көмектің қолжетімділігіне шағымдар

+

7.0

Клиникалық және морфологиялық диагноздардың сәйкес келмеу жағдайлары

50 %

8.0

Пациентті қабылдау бөлімінде ауруханаға жатқызудан негізсіз бас тарту

100 %

      Ескертпе: "+" белгісі - ақаулардың осы кіші кодтары қолданылады; "-" белгісі - ақаулардың осы кодтары мен кіші кодтары қолданылмайды;

      * медициналық көмек көрсету ақауы (бұдан әрі - ақау) – медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын сақтамауды және клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқуды, сондай-ақ медициналық қызмет (көмек) көрсетудің расталмаған жағдайы фактілерін айқындайтын медициналық қызмет (көмек) көрсету тәртібінің бұзылуы.

  Қылмыстық-атқару
(пенитенциарлық) жүйесінің
тергеу изоляторлары мен
мекемелерінде ұсталатын
адамдарға медициналық
көмектің қосымша көлемі
шеңберінде денсаулық сақтау
субъектілері көрсететін
қызметтерге ақы төлеу уәкілетті
орган айқындайтын тәртіппен
медициналық көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен көлемі
жөніндегі шарттық
міндеттемелерге мониторинг
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

      Медициналық қызметтердің сапасы мен көлемінің мониторингі бойынша қорытынды
202_ жылғы "______"_______________№____/____


      1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы:
___________________________________________________________
2. Қызметті берушінің атауы:
___________________________________________________________
(қызметті берушінің толық атауы)
3. Медициналық көмектің нысаны / түрі / қызмет түрі:
___________________________________________________________
4. Мониторинг үшін негіздеме:
___________________________________________________________
5. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі маманының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
/лауазымы: ____________________
6. Мониторинг жүргізу мерзімдері: 202___жылғы "_____" _______бастап "___" ________.
7. Мониторинг нәтижелері:

медициналық картаның № / тарификатор бойынша қызмет коды

Жеке сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі – ЖСН)

Қызметтің атауы

Анықталған ақаулар*


























Жиыны, ақаулар саны


      Ескертпе:

      * - Қызмет түріне байланысты ақаулардың кодтары (кіші кодтары) санамаланады.

      8. Ұсынысынмдар, ұсыныстар:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
9. Проактивті мониторинг жүргізу кезінде шарт тармақтарының анықталған
бұзушылықтарын жоюға арналған мерзімдер.
10. Өткізілген проактивті мониторингтен 45 күн өткен соң ағымдағы мониторинг нәтижесі.

медициналық картаның № / тарификатор бойынша қызмет коды

ЖСН

Қызметтің атауы

Анықталған ақаулар*

Ақауды жою/жоймау туралы белгі































Жиыны, ақаулар саны



Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің маманы:
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) /қолы)
(қағаз жеткізгіште есеп үшін)
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) /қолы)
(қағаз жеткізгіште есеп үшін)

Қызметті беруші:
Бірінші басшысы:
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) /қолы)
(қағаз жеткізгіште есеп үшін)
Пациентті қолдау және ішкі
сараптама қызметінің басшысы:
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) /қолы)
(қағаз жеткізгіште есеп үшін))

      * Қызметті беруші – бюджеттік бағдарламалар әкімшісі уәкілетті орган бекіткен Қағидаларға сәйкес қызметтерді сатып алу шартын жасасқан денсаулық сақтау субъектісі

  Қылмыстық-атқару
(пенитенциарлық) жүйесінің
тергеу изоляторлары мен
мекемелерінде ұсталатын
адамдарға медициналық
көмектің қосымша көлемі
шеңберінде денсаулық сақтау
субъектілері көрсететін
қызметтерге ақы төлеу уәкілетті
орган айқындайтын тәртіппен
медициналық көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен көлемі
жөніндегі шарттық
міндеттемелерге мониторинг
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

      Шарттық міндеттемелерді тиісінше орындау бойынша қорытынды
202_ жылғы "______"_______________№____/____


      1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы:
___________________________________________________________
2. Қызметті берушінің атауы:
___________________________________________________________
(қызметті берушінің толық атауы)
3. Медициналық көмектің нысаны / түрі / қызмет түрі:
___________________________________________________________
4. Мониторинг үшін негіздеме:
___________________________________________________________
5. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі маманының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
/лауазымы: ____________________
6. Мониторинг жүргізу мерзімдері: 202___жылғы "_____" _______бастап "___" ________.
7. Мониторинг нәтижелері:

Шарттың орындалмаған тармағы

Шартты орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың сипаттамасы










Жиыны, орындалмаған тармақтар саны


      8. Проактивті мониторинг жүргізу кезінде шарт тармақтарының анықталған
бұзушылықтарын жою мерзімдері.
9. Жүргізілген Проактивті мониторингтен 45 жұмыс күнінен кейінгі нәтижелер.

Проактивті мониторинг кезінде анықталған шарттың орындалмаған тармағы

Шарттың тармағын жою/жоймау туралы белгі










Жиыны, орындалмаған тармақтар саны


Бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің маманы:
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) /қолы)
(қағаз жеткізгіште есеп үшін)
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) /қолы)
(қағаз жеткізгіште есеп үшін)

Қызметті беруші:
Бірінші басшысы:
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) /қолы)
(қағаз жеткізгіште есеп үшін)
Пациентті қолдау және ішкі
сараптама қызметінің басшысы:
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) /қолы)
(қағаз жеткізгіште есеп үшін))

  Қылмыстық-атқару
(пенитенциарлық) жүйесінің
тергеу изоляторлары мен
мекемелерінде ұсталатын
адамдарға медициналық
көмектің қосымша көлемі
шеңберінде денсаулық сақтау
субъектілері көрсететін
қызметтерге ақы төлеу уәкілетті
орган айқындайтын тәртіппен
медициналық көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен көлемі
жөніндегі шарттық
міндеттемелерге мониторинг
жүргізу қағидаларына
4-қосымша

      Ағымдағы (жоспарлы) мониторингтен өткен медициналық көмек қызметтерінің тізілімі
202___жылғы "___" _____ бастап 202___жылғы "___" _____ кезеңі
__________________________________________________________
(Қызметті берушінің атауы)

Р/с №

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Медициналық картаның №

Тізбе бойынша код*











































Барлық ақаулар жиыны













оның ішінде есепті кезеңде













оның ішінде алдыңғы кезеңдер үшін













Жиыны, алу сомасы (теңгемен)













оның ішінде есепті кезеңде













оның ішінде алдыңғы кезеңдер үшін













      Кестенің жалғасы

Тізбе бойынша код*

Алуға жататын сома (теңгемен)


































































































































































      Ескертпе: * - расталған ақаулары бар қызметтер бойынша "1" қойылады, егер ақау болмаса немесе ақпарат болмаса "х" белгісімен таңбаланады.

  Қылмыстық-атқару
(пенитенциарлық) жүйесінің
тергеу изоляторлары мен
мекемелерінде ұсталатын
адамдарға медициналық
көмектің қосымша көлемі
шеңберінде денсаулық сақтау
субъектілері көрсететін
қызметтерге ақы төлеу уәкілетті
орган айқындайтын тәртіппен
медициналық көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен көлемі
жөніндегі шарттық
міндеттемелерге мониторинг
жүргізу қағидаларына
5-қосымша

      Нысаналы мониторингтен өткен медициналық көмек қызметтерінің тізілімі
202___жылғы "___" _____ бастап 202___жылғы "___" _____ кезеңі

      _________________________________________________________
(Қызметті берушінің атауы)

Р/с №

Жеке сәйкестендіру нөмірі

медициналық картаның №

Тізбе бойынша код*











































Барлық ақаулар жиыны













оның ішінде есепті кезеңде













оның ішінде алдыңғы кезеңдер үшін













Жиыны, алынатын сомасы (теңгемен)













оның ішінде есепті кезеңде













оның ішінде алдыңғы кезеңдер үшін













      Кестенің жалғасы

Тізбе бойынша код*

Алуға жататын сома (теңгемен)


































































































































































      Ескертпе: * - расталған ақаулары бар қызметтер бойынша "1" қойылады, егер ақау болмаса немесе ақпарат болмаса "х" белгісімен таңбаланады

  Қылмыстық-атқару
(пенитенциарлық) жүйесінің
тергеу изоляторлары мен
мекемелерінде ұсталатын
адамдарға медициналық
көмектің қосымша көлемі
шеңберінде денсаулық сақтау
субъектілері көрсететін
қызметтерге ақы төлеу уәкілетті
орган айқындайтын тәртіппен
медициналық көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен көлемі
жөніндегі шарттық
міндеттемелерге мониторинг
жүргізу қағидаларына
6-қосымша

Қайтыс болу және өлім жағдайлары мониторингінің нәтижелері бойынша қорытынды

      1. Сараптама жүргізген қызметкердің, адамның, соның ішінде маманды, ғылыми
дәрежесін көрсете отырып, сарапшының және/немесе бейінді маманның тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, аккредиттеу туралы куәліктің №.
2. Сараптама жүргізілген денсаулық сақтау субъектісінің (объектісінің) атауы.
3. Қайтыс болу мониторингінің мәні.
4. Өлім жағдайы мониторингінің мәні.
5. Мониторинг нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар
туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер.
6. Қорытынды.
7. Ұсынымдар:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
_________________________________________ __________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қайтыс болу мониторингін жүргізген тұлғаның қолы)

      Күні 202__жылғы "____"___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады