"Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 86 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 тамыздағы № 312 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 тамызда № 29135 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 86 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27085 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жариялануынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова
     
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2022 жылғы 15 тамыздағы
№ 312 бұйрығына
қосымша

Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу

      2. Экономикалық қызмет түрлерінің жіктелуі кәсіптік тәуекелдің 22 сыныбын анықтайды.

      3. Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу үшін бастапқы деректер ретінде алдыңғы бес жылдағы келесі статистикалық көрсеткіштер пайдаланылады:

      экономикалық қызмет түрі бойынша қызметкерлердің орта жылдық тізімдік саны, адам;

      экономикалық қызметтің жекелеген түрлері бойынша зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер саны, адам;

      еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің саны, адам;

      еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде қаза тапқандар саны, адам;

      еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендерге төленетін төлемдердің жылдық есептелген сомасы, оның ішінде жазатайым оқиғадан зардап шеккен бір адамға есептелген төлемдердің орташа мөлшері;

      еңбек қызметіне байланысты қызметкерлер қайтыс болған жағдайда есептелген төлемдердің жылдық сомасы, оның ішінде есептелген төлемдердің орташа мөлшері;

      қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемесін қабылдағаны үшін сақтандырушымен төленген сыйлықақылардың жылдық сомасы;

      экономикалық қызмет түрі бойынша еңбекақы төлеудің жылдық қоры;

      жұмыс уақытын жоғалту – зардап шеккендерде, соның ішінде қайтыс болғандарда есепті жылы аяқталған еңбекке жарамсыздықтың күнтізбелік адам-күндерінің саны.

      4. Экономикалық қызмет түрлері төменде көрсетілген индикаторлардың мәндері негізінде кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызылған:

      экономикалық қызмет түрлері бойынша зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің үлес салмағы, %;

      1000 қызметкерге шаққандағы өндірістегі жазатайым оқиғалар жиілігінің коэффициенті;

      1000 қызметкерге шаққандағы өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар жиілігінің коэффициенті;

      1000 қызметкерге шаққандағы өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар жиілігі коэффициентінің 1000 қызметкерге шаққандағы өндірістегі барлық жарақаттану оқиғаларының жиілігі коэффициентіне арақатынасы;

      экономикалық қызмет түрлері бойынша зардап шеккендердің санын бөлу, %;

      экономикалық қызмет түрлері бойынша зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер санын бөлу, %;

      еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендерге төленетін төлемдердің есептелген жылдық сомасының және еңбек қызметіне байланысты қызметкерлер қайтыс болған жағдайда есептелген төлемдердің жылдық сомасының экономикалық қызмет түрі бойынша еңбекақы төлеудің жылдық қорына арақатынасы, %;

      еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендерге төленген төлемдердің есептелген жылдық сомасының және еңбек қызметіне байланысты қызметкерлер қайтыс болған жағдайда есептелген төлемдердің жылдық сомасының сақтандырушыға экономикалық қызмет түрі бойынша төленген сыйлықақылардың жылдық сомасына арақатынасы,%.

      5. Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу төмендегі алты кезеңге сәйкес жүргізілді:

      1) бірінші кезеңде алдыңғы бес жылдың статистикалық көрсеткіштердің орташа арифметикалық мәні негізінде экономикалық қызмет түрлерін жіктеудің бес сандық деңгейі бойынша осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген индикаторлардың есебі жүргізілді.

      Негізгі индикатор ретінде 1000 қызметкерге шаққандағы өндірістегі жарақаттанудың барлық жазатайым оқиғаларының жиілік коэффициенті қабылданды;

      2) екінші кезеңде 1000 қызметкерге шаққандағы өндірістегі жарақаттанудың жазатайым оқиғаларының жиілігі коэффициентінің республикалық көрсеткіштен асатын экономикалық қызметтің тиісті түрінде зардап шеккендердің үлес салмағы бойынша үстем болатын экономикалық қызметтің барлық бес сандық жіктелімін бөлу арқылы кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызылатын экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жиынтығын айқындау;

      3) үшінші кезеңде жалпы жиынтықтағы экономикалық қызметтің әрбір түрі бойынша индикаторларға мәндердің өсу тәртібіне сәйкес дәрежелер берілді: ең төменгі мән (нөл) 1 – дәрежеге ие, ең үлкен мән-экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша тиісті көрсеткіштің шамасы бойынша әртүрлі мәндерінің санына тең дәреже (тең мәндерге бірдей дәреже берілді);

      4) төртінші кезеңде экономикалық қызметтің әрбір түрі бойынша жалпы жиынтығында дәрежелердің орташа өлшемді мәндері мен олардың сомалық мөлшері есептелген;

      5) бесінші кезеңде топтастырудың сандық (барлық жиынтық бойынша орташа мәнді ескере отырып, деректерді ең төменгіден ең жоғарғысына қарай ретке келтіру) және сапалық (кәсіптік тәуекел сыныптарының жалпы санына тең) белгілері бойынша аралықтар айқындалды;

      6) алтыншы кезеңде экономикалық қызметтің барлық түрлері дәрежелердің орташа өлшенген мәндерінің жиынтық шамасының тиісті аралығына сәйкес кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызылды.

      6. Экономикалық қызмет түрлері осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызылады.

  Экономикалық қызмет түрлерін
кәсіптік тәуекел сыныптарына
жатқызу қағидаларына
қосымша

Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу

      Кәсіптік тәуекелдің 1-сыныбы

      60xxx Бағдарлама және теле-радио хабарлама жасау жөніндегі қызмет

      62xxx Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

      65xxx Міндетті әлеуметтік қамсыздандырудан басқа, сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру

      66xxx Қаржылық көрсетілетін қызметтер мен сақтандыру саласындағы қосалқы қызмет

      69xxx Құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет

      72xxx Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер (72199 қоспағанда)

      73xxx Жарнама қызметі және нарық конъюнктурасын зерттеу

      97ххх Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі

      98xxx Өзіндік тұтынуы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді көрсету өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі

      99ххх Аумақтан тыс ұйымдар мен органдардың қызметі

      Кәсіптік тәуекелдің 2-сыныбы

      53xxx Пошталық және курьерлік қызмет (53100 қоспағанда)

      55xxx Уақытша тұру жөнінде қызмет көрсету

      58xxx Баспа қызметі

      64xxx Қаржылық делдалдық, сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз етуді қоспағанда

      74xxx Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

      77xxx Жалдау, прокат және лизинг

      79xxx Туристік агенттіктердің және операторлардың қызметі, брондау және ілеспе қызмет

      82xxx Коммерциялық қызметті қолдауға бағытталған офистік әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

      85xxx Білім беру

      88xxx Тұратын жермен қамтамасыз етусіз әлеуметтік қызметтер көрсету

      90xxx Шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызмет

      92ххх Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызмет

      93xxx Спорт, демалыс және ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет

      94xxx Қоғамдық бірлестіктер (ұйымдар) қызметі

      95xxx Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

      Кәсіптік тәуекелдің 3-сыныбы

      45xxx Автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату

      63xxx Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет

      70xxx Бас компаниялардың қызметі; басқару мәселелері бойынша консультация беру

      72199 Жаратылыстану және техникалық ғылымдары саласындағы өзге де зерттеулер мен әзірлемелер

      84xxx Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру (84230, 84250 қоспағанда)

      86xxx Денсаулық сақтау саласындағы қызмет (86101, 86210, 86900 қоспағанда)

      91xxx Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің және өзге де мәдениет саласындағы қызметтер

      96xxx Өзге де жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну

      Кәсіптік тәуекелдің 4-сыныбы

      02ххх Орман шаруашылығы және ағаш дайындау

      03xxx Балық аулау және балық өсіру

      46xxx Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, көтерме саудада сату

      47xxx Автомобильдер мен мотоциклдерді сатудан басқа, бөлшек саудада сату

      59xxx Кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар, дыбыс жазбалар және музыкалық шығармаларды шығару саласындағы қызмет

      61xxx Телекоммуникациялар

      68xxx Жылжымайтын мүлікпен операциялар

      78xxx Жұмысқа орналастыру саласындағы қызмет

      86210 Жалпы дәрігерлік практика

      86900 Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызмет

      87xxx Тұруды қамтамасыз етумен әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну

      Кәсіптік тәуекелдің 5-сыныбы

      14xxx Киім өндіру

      18xxx Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

      26xxx Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

      32xxx Өзге де дайын бұйымдар өндіру

      53100 Жалпыға қызмет көрсету шегіндегі пошталық қызмет

      56xxx Тамақ өнімдерімен және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету (56101 қоспағанда)

      71xxx Сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет (71122 қоспағанда)

      75ххх Ветеринариялық қызмет

      81xxx Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру бойынша қызмет

      84230 Әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет

      86101 Кең профильді және мамандандырылған ауруханалар қызметі

      Кәсіптік тәуекелдің 6-сыныбы

      01xxx Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтерді ұсыну (01111 қоспағанда)

      80xxx Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тергеу жүргізу бойынша қызмет

      Кәсіптік тәуекелдің 7-сыныбы

      10xxx Тамақ өнімдерін өндіру (10511, 10611 қоспағанда)

      11xxx Сусындар өндіру

      21xxx Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

      56101 Жол бойындағы белдеулерде орналасқан объектілердің қызметінен басқа, мейрамханалардың кызметі және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша корсетілетін қызметтер

      84250 Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет

      Кәсіптік тәуекелдің 8-сыныбы

      12xхх Темекі өнімдерін өндіру

      13xxx Тоқыма бұйымдарын өндіру

      15xxx Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

      22xxx Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

      Кәсіптік тәуекелдің 9-сыныбы

      01111 Тұқым өсіруді қосқанда, дәнді және бұршақ дақылдарды өсіру

      10511 Консервіленген сүттен басқа сүтті өңдеу және сыр өндіру

      39ххх Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

      51xxx Су көлігінің қызметі (51101 қоспағанда)

      Кәсіптік тәуекелдің 10-сыныбы

      10611 Ұн өндіру

      27xxx Электр жабдықтарын өндіру

      29xxx Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

      35xxx Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау (35111, 35121, 35130, 35303 қоспағанда)

      49xxx Құрлық және құбырмен жүретін көліктің қызметі (49311, 49410 қоспағанда)

      50xxx Су көлігінің қызметі

      71122 Геологиялық барлаулар мен ізденулер бойынша қызмет (ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерсіз)

      Кәсіптік тәуекелдің 11-сыныбы

      07xxx Металл кендерін өндіру (07101,07102, 07292, 07298, 07299 қоспағанда)

      31xxx Жиһаз өндіру

      52xxx Жүкті қоймалау және қосалқы көлік қызметі

      Кәсіптік тәуекелдің 12-сыныбы

      05xxx Көмір өндіру (05101, 05102, 05103 қоспағанда)

      17xxx Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

      43xxx Мамандандырылған құрылыс жұмыстары (43298, 43991, 43999 қоспағанда)

      Кәсіптік тәуекелдің 13-сыныбы

      25xxx Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру (25111 қоспағанда)

      30xxx Басқа көлік құралдарын өндіру

      41xxx Ғимараттар құрылысы (41201, 41202 қоспағанда)

      43298 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрылыс-монтаж жұмыстары

      Кәсіптік тәуекелдің 14-сыныбы

      05103 Тас көмірді байыту

      06xxx Шикі мұнай және табиғи газ өндіру

      19xxx Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

      33xxx Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату (33125, 33171 қоспағанда)

      36ххх Суды жинау, өңдеу және тарату

      41201 Тұрғын ғимараттарының құрылысы

      42xxx Азаматтық құрылыс (42111, 42990 қоспағанда)

      49311 Автобуспен тасымалдау

      Кәсіптік тәуекелдің 15-сыныбы

      16xxx Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

      28xxx Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

      35111 Жылу электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі

      35303 Жылу энергиясын беру

      42990 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де инженерлік имараттар құрылысы

      49410 Жүк автомобиль көлігінің қызметі

      Кәсіптік тәуекелдің 16-сыныбы

      09xxx Кен өндіру өнеркәсібінде саласындағы кызметтер көрсету (09100 қоспағанда)

      20xxx Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

      23xxx Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру (23510, 23611 қоспағанда)

      24xxx Металлургия өндірісі (24100, 24410, 24430, 24440 қоспағанда)

      33171 Теміржолдардың жылжымалы құрамын жөндеу

      35121 Электр энергиясын жеткізу

      37ххх Ақаба суларды жинау және өңдеу

      41202 1, 2-санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, тұрғын емес ғимараттар құрылысы

      43999 Арнайы біліктілігі талап ететін өзге де құрылыс жұмыстары

      Кәсіптік тәуекелдің 17-сыныбы

      05101 Тас көмірді ашық тәсілмен өндіру

      09100 Мұнай мен табиғи газды өндіруге ықпал ететін қызметтерді көрсету 23510 Цемент өндіру

      24100 Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру

      25111 Құрылыстық болат конструкциялар өндіру

      33125 Арнайы мақсаттағы басқа да машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

      Кәсіптік тәуекелдің 18-сыныбы

      07102 Темір кендерін ашық тәсілмен өндіру

      23611 Құрастырмалы темірбетон және бетон конструкциялар мен бұйымдар өндіру

      Кәсіптік тәуекелдің 19-сыныбы

      08xxx Өзге де пайдалы қазбаларды өндіру

      24410 Асыл (бағалы) металдар өндіру

      35130 Электр энергиясын тарату

      42111 Жолдар мен автомагистральдар құрылысы

      51101 Кестеге бағынатын жолаушылар әуе көлігінің қызметі

      Кәсіптік тәуекелдің 20-сыныбы

      07299 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де металл кендерін өндіру және байыту

      24430 Қорғасын, мырыш және қалайы өндіру

      24440 Мыс өндіру

      Кәсіптік тәуекелдің 21-сыныбы

      05102 Тас көмірді жер асты тәсілмен өндіру

      07292 Мыс кенін өндіру және байыту

      07298 Бағалы металдар мен сирек кездесетін металл кендерін өндіру

      38ххх Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

      Кәсіптік тәуекелдің 22-сыныбы

      07101 Темір кендерін жер асты тәсілмен өндіру

      43991 Шахталар құрылысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады