БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 408 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13302 болып тіркелген);
2) "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 408 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 350 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16200 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
Д. Абаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі |