Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 16.08.2022 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ашық деректер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Әкімшілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
_________________ Ә. Исекешев
2016 жылғы 29 қаңтар
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 408 бұйрығымен бекітілген |
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ашық деректер тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.12.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Ашық мәліметтер жиынтығының атауы | Актуалдау кезеңі | Ұсыну мерзімі | Дереккөзі (АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы немесе API мемлекеттік органдардың жүйесі) | Жауапты тұлға |
1. | Қазақстан Республикасында спорт және дене шынықтырудың дамуы туралы статистикалық деректер | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК |
2. | Республикалық арнайы олимпиада резервінің мектеп-интернат-колледждерінің тізбесі (атауы, байланыс: мекенжайы, телефоны, сайты) | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК |
3. | Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын мүгедектер туралы мәліметтер (облыс, шұғылданушылар саны) | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК |
4. | Қазақстан Республикасында жаттықтырушы-оқытушылар құрамы туралы мәліметтер | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК |
5. | Спорт түрлері бойынша аккредиттелген федерациялар тізімі (атауы, қызметтің негізгі бағыттары, басшысы, байланыс (мекенжайы, телефон, веб-сайт) | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК |
6. | Спортшыларды диспансерлік бақылау саны | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК |
7. | Ресми спорттық іс-шараларында халықаралық жарыстарда, әлем чемпионаттарында, Азия чемпионаттарында және халықаралық турнирлерде ұтып алған медальдар туралы мәліметтер | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК |
8. | Қазақстан Республикасында кешенді іс-шаралар тізімі | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК |
9 | Қазақстан Республикасында мүгедектерге арналып өткізілетін жоспарланған спорттық іс-шаралар тізімі | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК |
10. | Қазақстан Республикасында бұқаралық спорт түрлері бойынша жоспарланған спорттық іс-шаралар тізімі | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК |
11. | Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлері бойынша жоспарланған спорттық іс-шаралар тізімі | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК |
12. | Республикалық спорт колледжінде оқитындардың саны | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК |
13. | Спорт мектебінде және республикалық арнайы олимпиада резервінің мектеп-интернаттарында-колледждарында оқитындардың саны | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК |
14. | Дене шынықтыру мен спорт бойынша орта арнайы біліммен дайындалған спортшылар саны | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК |
15. | Күрделі жөндеуге жататын республикалық спорт ұйымдар | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК |
16. | Стипендия алушылардың саны | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК |
17. | Құрылынатын спорт объектілер туралы мәлемет | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК |
18. | Лицензиясы бар құмар ойындары субьектілерінің тізімі | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК | ||
19. | Жоғары класстық спортшылар туралы мәлімет (спорт шебері, халықаралық класты спорт шебері, еңбек сіңірген спорт шебері) | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК |
20. | Спорт мектебінде, мектеп-интернаттарында-колледждарында бір оқушыға оқуына шығындардың құны | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК |
21. | Ел ішінде және шетелде өткізілген әлеуметтiк маңызды және мәдени iс-шаралардың саны | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | МӨІД |
22. | Республикалық театрлардағы жаңа театрлық қойылымдардың саны (жылдық кесiм) | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | МӨІД |
23. | Елде және шет елдерде тағылымдамадан өткен мәдениет мекемелері қызметкерлерінің саны | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | МӨІД |
24. | Республика кiтапханаларына таратылған әлеуметтiк маңызы бар әдебиеттердiң саны | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | МӨІД |
25. | Тарихи-мәдени мұраларды елде және шетелдерде танымал етуге бағытталған iс-шаралардың жыл сайынғы саны | Жыл сайын | Жыл сайын 20 наурыз | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | МӨІД |
26. | Алдағы жылға арналған халықаралық туристік іс-шаралар туралы ақпарат | жарты жылда бір рет | жарты жылда бір рет | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | ТИК |
27. | ҚР МСМ ұйымдық құрылым | жарты жылда бір рет | жарты жылда бір рет | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | ПБҚ |
28. | ҚР МСМ ведомстволық бағыныстағы ұйымдары | жарты жылда бір рет | жарты жылда бір рет | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | ПБҚ |
29. | ҚР МСМ-дағы бос лауазымдар туралы мәліметтер | жарты жылда бір рет | жарты жылда бір рет | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | ПБҚ |
30. | ҚР МСМ басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі | жарты жылда бір рет | жарты жылда бір рет | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | ӘД |
31. | ҚР МСМ басшыларының атына түсетін азаматтар өтініштері бойынша статистикалық мәліметтер | жарты жылда бір рет | жарты жылда бір рет | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | ӘД |
32. | ҚР МСМ-нің қоғамдық кеңесінің құрылымы (қызмет түрін, байланыс деректерін көрсетіп) | жарты жылда бір рет | жарты жылда бір рет | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | ТСЖД |
33. | ҚР МСМ-нің қоғамдық кеңесінің отырыстарын өткізу кестесі | жарты жылда бір рет | жарты жылда бір рет | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | ТСЖД |
34. | Ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің тізімі | жарты жылда бір рет | жарты жылда бір рет | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | ТСЖД |
35. | ҚР МСМ-нің ақпараттық жүйелерінің тізімі | жарты жылда бір рет | жарты жылда бір рет | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | ӘД |
36. | ҚР МСМ-нің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің тізімі | жарты жылда бір рет | жарты жылда бір рет | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | ЗҚД |
37. | Алдағы шаралардың күнтізбесі (анонс) | жарты жылда бір рет | жарты жылда бір рет | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | ТСЖД |
38. | Спорт түрлерінің реестрі | жарты жылда бір рет | жарты жылда бір рет | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | СДШІК |
39. | Қазақстандық туроператорлардың тізімі | жарты жылда бір рет | жарты жылда бір рет | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | ТИК |
40. | Турагенттер тізімі | жарты жылда бір рет | жарты жылда бір рет | АРМ арқылы ашық мәліметтердің интернет-порталы | ТИК |
Ескерту:
АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны;
ӘД – Әкімшілік департаменті;
ЗҚД – Заң қызметі департаменті;
ҚР – Қазақстан Республикасы;
ҚР МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;
МӨІД – Мәдениет және өнер істері департаменті;
ПБҚ – Персоналды басқару қызметі;
СДШІК – Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
ТИК - Туризм индустриясы комитеті;
ТСЖД – Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті;
API (ЭйПиАй) - қолданбалы бағдарламалаудың интерфейсі (англ. application programming interface).