"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 20.07.2023 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Цифрлық даму және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) білім басқармалары және білім беру ұйымдары осы бұйрықтың қолданылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Аймағамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "____"___________ ________ |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "____"___________ ________ |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы "__"_______ №__ бұйрығымен бекітілген |
"Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Ұлттық білім беру дерек қоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ҰБДҚ) қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 20.07.2023 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру объектілері - электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтамасыз ету, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;
2) ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы - Қазақстан Республикасында пайдаланылатын деректерді берудің стандартты хаттамалары негізінде ақпараттандыру объектілері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
3) дербес деректер - мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасымалдаушыдарда тіркелген мәліметтер;
4) ҰБДҚ паспорты - ҰБДҚ-дағы әкімшілік деректер мен статистикалық бақылау деректерін қамтитын электрондық нысан;
5) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
3. ҰБДҚ - ның әкімшілік деректері мен статистикалық байқаулар деректері (бұдан әрі - деректер) мемлекеттің меншігі болып табылады және оларды коммерциялық мақсаттар үшін пайдалануға тыйым салынады, білім беру мониторингін қоспағанда, өзге мақсаттар үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) жазбаша келісімін талап етеді.
Осы ҰБДҚ мемлекеттің меншігі болып табылады және оны коммерциялық мақсатта пайдалануға жол берілмейді, ал өзге де мақсаттар үшін пайдалану Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) жазбаша келісімін талап етеді.
4. Жеке және заңды тұлғалар ҰБДҚ-ның жалпыға қолжетімді деректеріне ашық қолжеткізеді.
5. Кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге білім беру ұйымының ҰБДҚ деректері мен паспорттарына рұқсат беріледі.
6. ҰБДҚ деректері мемлекеттік бақылау жүргізу, стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, білім беру жүйесі бойынша талдау және мониторинг жүргізу үшін пайдаланылатын ресми ақпарат болып табылады.
2 тарау. ҰБДҚ қалыптастыру тәртібі
7. ҰБДҚ-ын қалыптастыру ҰБДҚ паспортында әкімшілік деректерді енгізу және өзектендіру арқылы жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен және мемлекеттік емес ақпараттандыру объектілерімен интеграциялау арқылы жүзеге асырылады;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарымен;
3) білім беру ұйымдарымен;
8. Министрлік айқындаған Заңды тұлға облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, республикалық, дербес білім беру ұйымдарының, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, қорғаныс саласындағы уәкілетті органдарға ведомстволық өзге де бағынысты білім беру ұйымдарының ҰБДҚ паспорттарын жасайды, өзектендіреді және деректерін енгізеді, өзектендіруді үйлестіреді, сондай-ақ, осы ұйым қызметкерлерінің есептік жазбасын жасайды.
9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім басқару органдары:
1) білім беру ұйымдарын ҰБДҚ-да тіркеуді, оның ішінде білім беру ұйымының ҰБДҚ паспортын құруды, білім беру ұйымы пайдаланушыларының есептік жазбаларын жасауды және іске қосуды қамтиды;
2) ұйымдастыру-құқықтық нысаны, меншік нысаны, атауы, заңды (нақты) мекенжайы өзгерген жағдайда білім беру ұйымының ҰБДҚ паспортындағы бастапқы деректерді өзгерту;
3) аумақтық бөлінісі бойынша ҰБДҚ-да деректерді жинауды үйлестіру;
4) білім беру ұйымдары енгізген деректердің сапасы мен анықтығын тексеруді, анықталған қателерді түзетуді үйлестіруді қамтиды.
10. Облыстың білім беруді басқару органдары ҰБДҚ паспорттарын және ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органы қызметкерлерінің есептік жазбаларын жасайды және өзектендіреді.
11. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) білім басқару органының, білім беру ұйымының ҰБДҚ-да деректерді жинауды Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, толтыруды және өзектендіруді бірінші басшының бұйрығымен айқындалған қызметкер өзгерістердің туындау фактісі бойынша тұрақты, бірақ олар туындаған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
12. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) білім басқару органының басшысы деректердің уақтылы өзектіленуіне бақылауды жүзеге асырады және ҰБДҚ-да толтырылатын деректердің анықтығын электрондық цифрлық қолтаңбамен растайды.
13. Білім беру ұйымының басшысы деректердің уақтылы өзектіленуіне бақылауды жүзеге асырады және ҰБДҚ-да толтырылатын деректердің анықтығын электрондық цифрлық қолтаңбамен растайды.
14. ҰБДҚ-да ҰБДҚ паспорттарындағы деректерді енгізу және өзектендіру кезінде тарихи деректердің сақталуы қамтамасыз етіледі.
3 тарау. ҰБДҚ сүйемелдеу тәртібі
15. ҰБДҚ-ны сүйемелдеуді ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заңнамаға сәйкес Заңды тұлға жүзеге асырады.
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
2) ҰБДҚ-ны сүйемелдеуді және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
3) ҰБДҚ-ны сүйемелдеуді және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін өзге де адамдарды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне тартады;
4) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес дербес деректерді қорғау жөнінде шаралар қолданады;
5) ҰБДҚ-да орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
6) интеграциялау кезінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін ҰБДҚ-ға қосуды жүзеге асырады;
7) ҰБДҚ жұмысы бойынша консультациялық көмек көрсетеді.
16. ҰБДҚ-ны сүйемелдеу шеңберінде Заңды тұлға:
1) ҰБДҚ көрсеткіштерді қосу және өзектендіруді;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беру ұйымдары мен білім беруді басқару органдары деректерінің дұрыстығын (верификациясын) тексеру алгоритмдерін жасауды;
3) форматтық-логикалық бақылау элементтерінің әдіснамасын жасау және өзектендіруді;
4) әкімшілік деректердегі статистикалық және логикалық ауытқуларды анықтауды;
5) ҰБДҚ-мен жұмыс бойынша нұсқаулық материалдар мен оқыту бейнероликтерін дайындауды;
6) әкімшілік деректердің электрондық нысандарын қалыптастыру және жаңғыртуды;
7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы" 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 Бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген) бекітілген әкімшілік деректер нысандарынның формасын қалыптастыру және түсіруді;
8) жыл сайынғы Ұлттық статистикалық жинақты дайындауды;
9) қолданушыларды ҰБДҚ-мен жұмыс жасау бойынша консультациялық сүйемелдеуді;
10) қолданушыларды ҰБДҚ-мен жұмыс жасау бойынша оқытуды;
11) ҰБДҚ жұмыс істеуі жөніндегі байланыс-орталығының жұмысын қамтамасыз етеді.
17. Заңды тұлға ҰБДҚ-на мынадай ақпаратты орналастырады:
1) кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын алдағы техникалық не профилактикалық жұмыстар туралы хабарландыру;
2) ҰБДҚ-мен жұмыс істеудің әртүрлі мәселелері бойынша пайдаланушыларға арналған хабарламалар;
3) мәтіндік және бейне форматтағы нұсқаулықтар, жиі қойылатын сұрақтар және оларға жауаптар;
4) Заңды тұлғаның байланыс ақпараты.
4 тарау. Жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
18. ҰБДҚ жүйелік-техникалық қызмет көрсету шеңберінде Заңды тұлға:
1) техникалық не профилактикалық жұмыстарды жүргізуге қажетті уақытты қоспағанда, мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, ҰБДҚ-да тәулік бойы режимде техникалық қызмет көрсетуді қамтиды;
2) ҰБДҚ серверлік және телекоммуникациялық жабдығының диагностикасы және мониторингін;
3) Министрліктің жабдықтарында ҰБДҚ деректерін сақтау және ақпарат зақымдалған немесе істен шыққан жағдайда қалпына келтіруді;
4) Министрліктің жабдықтарында ҰБДҚ-дағы ақпаратты қорғау және резервтік көшіруді;
5) бағдарламалық қамтылым мен бастапқы бағдарламалық кодтың ақауларын әкімшілендіру, түзетулер енгізу, түрлендіру және жою, жаңғырту жүргізбестен және ақпараттық жүйенің тұтастығын сақтау шартымен техникалық іркілістерді жедел жою;
6) ҰБДҚ-на форматтық-логикалық бақылау элементтерін жаңарту және бағдарламалық енгізуді;
7) серверлік және телекоммуникациялық жабдыққа, еркін бағдарламалық қамтылымға, дерекқорды басқару жүйесіне, операциялық жүйелерге жедел қызмет көрсетуді;
8) деректермен алмасу үшін ақпараттық жүйелермен интеграцияны, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен және өзге де ақпараттандыру объектілерімен өзара іс-қимылды қамтиды;
9) ҰБДҚ-ның ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізуге дайындық және анықталған ескертулерді жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
19. Заңды тұлға ақпаратты іздеу және ҰБДҚ-ға орналастыру бойынша техникалық мәселелер бойынша өтініштерді кері байланыс арқылы қабылдайды.
20. ҰБДҚ-ын басқа ақпараттық жүйелермен интеграциялау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы №123 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
21. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде Заңды тұлға "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысын басшылыққа алады.
22. Заңды тұлға ҰБДҚ-ның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты тұлғаны айқындайды.