"Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқауды жүзеге асыру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы статистикалық есепке алу мен есептілік нысандарын, оларды жүргізу, толтыру тәртібін және ұсыну мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-235/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-87 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 тамызда № 29201 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқауды жүзеге асыру қағидаларын, денсаулық сақтау саласында статистикалық есепке алу мен есептілік нысандарын, оларды жүргізу, толтыру тәртібін және ұсыну мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-235/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21735 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 75-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 2) тармақшасына, 13-бабына және 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқауды жүзеге асыру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы статистикалық есепке алу мен есептілік нысандарын, оларды жүргізу, толтыру тәртібін және ұсыну мерзімдерінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқауды жүзеге асыру қағидалары, денсаулық сақтау саласындағы статистикалық есепке алу мен есептілік нысандары, оларды жүргізу тәртібі, толтыру және ұсыну мерзімдері (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 75-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 2) тармақшасына, 13-бабына және 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы статистикалық байқауды жүргізу тәртібін, статистикалық есепке алу мен есептілік нысандарын, оларды жүргізу тәртібін, толтыру мен ұсыну мерзімдерін айқындайды.";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандар аудандық, облыстық деңгейде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі уәкілеттік берген ұйымдарда жиынтық нысандарда қалыптастырылады.

      6. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынады.

      7. Министрлік денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды өңірлер бөлінісінде Қазақстан Республикасы бойынша жиынтық жылдық нысандарға қалыптастырады.";

      денсаулық сақтау саласындағы статистикалық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы статистикалық есепке алу мен есептіліктің нысандарын, оларды жүргізу, толтыру тәртібі және ұсыну мерзімдері қағидаларына қосымшада:

      "Денсаулық сақтау ұйымдарының саны туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарында ұсыну (статистикалық есепке алу):

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аудандық денсаулық сақтау ұйымдары - облыстық денсаулық сақтау ұйымдарына, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау ұйымдарына есепті кезеңнен кейінгі 1 қаңтарға дейін;

      3. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары - есепті кезеңнен кейінгі 10 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне.".

      4-тармақ алып тасталсын;

      "Халықтың сырқаттанушылығының негізгі көрсеткіштері бойынша есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарында ұсыну (статистикалық есепке алу):

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аудандық денсаулық сақтау ұйымдары - облыстық денсаулық сақтау ұйымдарына, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау ұйымдарына есепті кезеңнен кейінгі 1 қаңтарға дейін;

      3. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары - есепті кезеңнен кейінгі 10 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне.".

      4-тармақ алып тасталсын;

      "Кадрлармен қамтамасыз ету бойынша есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарында ұсыну (статистикалық есепке алу):

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аудандық денсаулық сақтау ұйымдары - облыстық денсаулық сақтау ұйымдарына, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау ұйымдарына есепті кезеңнен кейінгі 1 қаңтарға дейін;

      3. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары - есепті кезеңнен кейінгі 10 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне.".

      4-тармақ алып тасталсын;

      "Ана өлімі бойынша есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарында ұсыну (статистикалық есепке алу):

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аудандық денсаулық сақтау ұйымдары - облыстық денсаулық сақтау ұйымдарына, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау ұйымдарына есепті кезеңнен кейінгі 1 қаңтарға дейін;

      3. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары - есепті кезеңнен кейінгі 10 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне.".

      4-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚР Денсаулық сақтау
министрінің міндетін атқарушы
А. Есмагамбетова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады