"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының бірінші және екінші курстар курсанттарына, тыңдаушыларына пошталық жөнелтілімдері үшін қаржылай өтемақының мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 10 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 19 тамыздағы № 54/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 тамызда № 29219 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының бірінші және екінші курстар курсанттарына, тыңдаушыларына пошталық жөнелтілімдері үшін қаржылай өтемақының мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10895 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының бірінші және екінші курстар курсанттарына, тыңдаушыларына пошталық жөнелтілімдері үшін қаржылай өтемақының мөлшерін белгілеу туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының бірінші және екінші курс курсанттарына, тыңдаушыларына пошталық жөнелтілімдері үшін қаржылай өтемақы мөлшері айына 130 теңге сомасында белгіленсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
Е. Сагимбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады