"Селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тіркелген топологияларды, тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлерінің атауларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 692 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 тамызда № 29231 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тіркелген топологияларды, тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлерінің атауларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17376 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, тауар шығарылған жерлерінің атауларын және интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-1 бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тіркелген топологияларды, тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлерінің атауларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, тауар шығарылған жерлерінің атауларын және интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау қағидалары";

      1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, тауар шығарылған жерлерінің атауларын және интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" (бұдан әрі – Патент заңы), "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" (бұдан әрі – Тауар белгілері туралы заңы), "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы", "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" заңдарына сәйкес әзірленген және Селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, тауар шығарылған жерлерінің атауларын және интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеуге жататын мәліметтерді "Өнеркәсiп меншiгi – Промышленная собственность" ресми бюллетеньде (бұдан әрі – Бюллетень) жариялау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) географиялық нұсқама – географиялық объектінің аумағынан шығарылатын, белгілі бір сапасы, беделі немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен байланысты тауарды сәйкестендіретін белгі. Осы географиялық объектінің аумағында оның сипаттамаларының қалыптасуына елеулі әсер ететін тауар өндіру сатыларының ең болмағанда біреуі жүзеге асырылуға тиіс;

      2) жалпыға бірдей белгілі тауар белгісі – уәкілетті органның мүдделі тұлғалардың дәлелдемелеріне негізделген шешімімен жалпыға бірдей белгілі деп танылған тау ар белгісі немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгі;

      3) интегралдық микросхема – электрондық схема функцияларды орындауға арналған түпкiлiктi немесе аралық нысандағы микроэлектронды бұйым, оның элементтерi мен байланыстары бұйым дайындалғанда негiзге алынған материалдың көлемiнде және (немесе) бетiнде бөлiнбейтiн етiп қалыптастырылады;

      4) интегралдық микросхема топологиясы – интегралдық микросхеманың элементтерi мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығының материалдық жеткізгіште тiркелген кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы;

      5) Мемлекеттiк тiзiлiм – өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң, селекциялық жетiстiктердiң, тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың, тауар шығарылған жерлерінің атауларының және интегралдық микросхемалар топологияларының тіркелген тiзiлiмi;

      6) патент иеленушi – қорғау құжатының иесi;

      7) патенттік сенім білдірілген өкіл – Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары білімі, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінде тіркелген, әрекетке қабілетті азаматы;

      8) сараптама ұйымы – "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегі комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 шелдедегі № 756 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы;

      9) тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі (бұдан әрі – тауар белгісі) – тауар белгілері туралы Заңға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын, бір заңды немесе жеке тұлғалардың тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсетілетін қызметтерінен) ажырату үшін қызмет ететін белгі;

      10) тауар шығарылған жердің атауы – елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа географиялық объектінің қазіргі заманғы немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауын білдіретін не қамтитын, осындай атауды немесе осындай атаудан туынды атауды қамтитын және ерекше қасиеттері тек қана немесе ең бастысы ғана болатын тауарға қатысты оны пайдалану нәтижесінде белгілі болған белгі осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалады. Осы географиялық объектінің аумағында тауардың ерекше қасиеттерін қалыптастыруға елеулі әсер ететін тауар өндірудің барлық сатылары жүзеге асырылуға тиіс;

      11) тауар белгісінің иесі (құқық иеленушісі) немесе тауар шығарылған жердің географиялық нұсқамасын және (немесе) атауын пайдалану құқығының иесі – тауар белгісіне айрықша құқығы немесе "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес тауар шығарылған жердің географиялық атауын және (немесе) атауын пайдаланудың айрықша құқығы бар жеке немесе заңды тұлға.";

      4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Тауар шығарылған жерлердің және географиялық нұсқамалардың атауларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібі

      11. Тиісті мемлекеттік тізілімдерде ресми бюллетеньде тіркеу негізінде "Географиялық нұсқамалар – Географические указания" және "Тауар шығарылған жердің атауы – Наименование места происхождения товара" бөлімдерінде қазақ және орыс тілдерінде апта сайын сараптама ұйымы мынадай мәліметтерді жариялайды:

      1) географиялық нұсқамалар;

      2) тауар шығарылған жердің атауы;

      3) тіркеу нөмірі мен күні;

      4) тауардың ерекше қасиеттерінің сипаттамасы;

      5) иесінің атауы және оның тұрғылықты жерін немесе орналасқан жерін көрсету;

      6) өтінімнің нөмірі мен берілген күні;

      7) өкіл туралы мәліметтер (патенттік сенім білдірілген өкіл туралы).

      Көрсетілген мәліметтерді енгізу олардың алдына ДЗМҰ стандарты бойынша библиографиялық деректерді сәйкестендіру үшін тиісті халықаралық кодты (бұдан әрі – ИНИД) қоюмен сүйемелденеді және жариялау кезінде пайдаланылады. Елдің коды ДЗМҰ-ның тиісті стандартына сәйкес қойылады.

      Тауар шығарылған жерлердің географиялық нұсқамалары мен атауларын тіркеуге қатысты мәліметтерді жариялауды сараптама ұйымы үзінді көшірмені жібергеннен кейін жүзеге асырады.

      1-параграф. Тауарлар шығарылған жерлердің атауларына және географиялық нұсқамаларға мемлекеттік тізілімдерде өзгерістер енгізу туралы мәліметтерді жариялау тәртібі

      12. Мемлекеттік тізілімдерде енгізілген өзгерістер негізінде "Хабарлама – Извещения" бөлімінде сараптама ұйымы апта сайын мынадай деректерді жариялайды:

      1) тауарлар шығарылған жерлердің атауларын және географиялық нұсқамаларды тіркеуді жарамсыз деп тану туралы:

      географиялық нұсқамалар және (немесе) тауар шығарылған жердің атауы;

      тіркеу нөмірі және күні;

      иесінің аты;

      тоқтату күні;

      тоқтату себебі.

      2) тауар иесінің бастамасы бойынша тауарлар шығарылған жерлердің атауларын және географиялық нұсқамаларды тіркеудің қолданысын тоқтату туралы:

      географиялық нұсқамалар және (немесе) тауар шығарылған жердің атауы;

      тіркеу нөмірі және күні;

      иесінің аты;

      тоқтату күні;

      тоқтату себебі.

      3) географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту туралы:

      тіркеу нөмірі;

      иесінің аты;

      тіркеудің қолданылу мерзімі ұзартылған күн.

      4) иесінің – заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына (құқықтық мирасқорлығына) байланысты атауының өзгеруі және/немесе оның орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі туралы:

      тіркеу нөмірі;

      тауар иесінің жаңа атауы және/немесе тіркелген географиялық нұсқаманың мекенжайы және (немесе) тауар шығарылған жер атауы.

      5) меншік иесінің - жеке тұлғаның Т.А.Ә, және/немесе тұрғылықты мекенжайы өзгергені туралы:

      тіркеу нөмірі;

      тауар иесінің жаңа атауы және/немесе тіркелген географиялық нұсқаманың және (немесе) тауар шығарылған жер атауының мекенжайы.

      6) анық және техникалық қателерді түзету туралы, сондай-ақ географиялық нұсқаманың және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге қатысты басқа да өзгерістер туралы:

      тіркеу нөмірі;

      түзетілген деректердің сипаттамасы.

      Тауарлар шығарылған жерлердің және географиялық нұсқамалардың атауларын тіркеуге және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары мен географиялық нұсқамаларын пайдалану құқығын беруге қатысты мәліметтерді, сондай-ақ кейінгі өзгерістерді сараптама ұйымы бюллетеньде олар тиісті мемлекеттік тізілімдерде жазылғаннан кейін тікелей жариялайды. Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне, Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізуге қатысты мәліметтерді жариялауды сараптама ұйымы тиісті хабарлама жібергеннен кейін жүзеге асырады.

      2-параграф. Тауар шығарылған жердің және географиялық нұсқаманың атауын пайдалану құқығын қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтерді жариялау тәртібі

      13. Тауар шығарылған жердің және географиялық нұсқаманың атауының пайдалану құқығының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтерді сараптама ұйымы апта сайын "Хабарлама – Извещения" бөлімінде қазақ және орыс тілдерінде мынадай деректерді көрсете отырып жариялайды:

      1) тіркеу нөмірі;

      2) иесінің аты;

      3) тіркеудің қолданылу мерзімі ұзартылған күн.

      Тауар шығарылған жердің және географиялық нұсқаманың атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімін ұзартуға қатысты мәліметтерді жариялауды сараптама ұйымы тиісті хабарлама жібергеннен кейін жүзеге асырады.

      3-параграф. Тауар шығарылған жердің және географиялық нұсқаулық атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімін тоқтату туралы мәліметтерді жариялау тәртібі

      14. Тауар шығарылған жердің және географиялық нұсқаманың атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімінің тоқтатылғаны туралы мәліметтерді сараптама ұйымы апта сайын "Хабарлама – Извещения" бөлімінде қазақ және орыс тілдерінде мынадай деректерді көрсете отырып жариялайды:

      1) тіркеу нөмірі (өтінім нөмірі, берілген күні);

      2) атауы;

      3) иесінің аты;

      4) тоқтату күні;

      5) тоқтату себебі.

      Тауар шығарылған жердің және географиялық нұсқаманың атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімінің тоқтатылуына қатысты мәліметтерді жариялауды сараптама ұйымы тиісті хабарлама жібергеннен кейін жүзеге асырады.

      4-параграф. Тауар шығарылған жердің және географиялық нұсқаулықтың атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімін мерзімінен бұрын тоқтату, жарамсыз деп тану және қолданылу мерзімін жою туралы мәліметтерді жариялау тәртібі

      15. Тауар шығарылған жердің және географиялық нұсқаманың атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімінің күшін жою туралы мәліметтерді сараптама ұйымы апта сайын "Хабарлама – Извещения" бөлімінде қазақ және орыс тілдерінде мынадай деректерді көрсете отырып жариялайды:

      1) тіркеу нөмірі (өтінім нөмірі, берілген күні);

      2) атауы;

      3) иесінің аты;

      4) қолданылу мерзімі мерзімінен бұрын тоқтатылған, жарамсыз деп танылған және күшін жойған күн;

      5) қолданылу мерзімін мерзімінен бұрын тоқтатудың, жарамсыз деп танудың және күшін жоюдың себебі көрсетілуге тиіс.

      Тауар шығарылған жердің және географиялық нұсқаманың атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімінің күшін жоюға қатысты мәліметтерді жариялауды сараптама ұйымы тиісті хабарлама жібергеннен кейін жүзеге асырады.".

      2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
К. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады