Селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, тауар шығарылған жерлерінің атауларын және интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 қыркүйекте № 17376 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 18.08.2022 № 692 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-1 бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 18.08.2022 № 692 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тіркелген топологияларды, тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлерінің атауларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін бекіту туралы қағиданың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 1348 бұйрығына
қосымша

Селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, тауар шығарылған жерлерінің атауларын және интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 18.08.2022 № 692 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, тауар шығарылған жерлерінің атауларын және интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" (бұдан әрі – Патент заңы), "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" (бұдан әрі – Тауар белгілері туралы заңы), "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы", "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" заңдарына сәйкес әзірленген және Селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, тауар шығарылған жерлерінің атауларын және интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеуге жататын мәліметтерді "Өнеркәсiп меншiгi – Промышленная собственность" ресми бюллетеньде (бұдан әрі – Бюллетень) жариялау тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 18.08.2022 № 692 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) географиялық нұсқама – географиялық объектінің аумағынан шығарылатын, белгілі бір сапасы, беделі немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен байланысты тауарды сәйкестендіретін белгі. Осы географиялық объектінің аумағында оның сипаттамаларының қалыптасуына елеулі әсер ететін тауар өндіру сатыларының ең болмағанда біреуі жүзеге асырылуға тиіс;

      2) жалпыға бірдей белгілі тауар белгісі – уәкілетті органның мүдделі тұлғалардың дәлелдемелеріне негізделген шешімімен жалпыға бірдей белгілі деп танылған тау ар белгісі немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгі;

      3) интегралдық микросхема – электрондық схема функцияларды орындауға арналған түпкiлiктi немесе аралық нысандағы микроэлектронды бұйым, оның элементтерi мен байланыстары бұйым дайындалғанда негiзге алынған материалдың көлемiнде және (немесе) бетiнде бөлiнбейтiн етiп қалыптастырылады;

      4) интегралдық микросхема топологиясы – интегралдық микросхеманың элементтерi мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығының материалдық жеткізгіште тiркелген кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы;

      5) Мемлекеттiк тiзiлiм – өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң, селекциялық жетiстiктердiң, тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың, тауар шығарылған жерлерінің атауларының және интегралдық микросхемалар топологияларының тіркелген тiзiлiмi;

      6) патент иеленушi – қорғау құжатының иесi;

      7) патенттік сенім білдірілген өкіл – Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары білімі, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінде тіркелген, әрекетке қабілетті азаматы;

      8) сараптама ұйымы – "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегі комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 шелдедегі № 756 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы;

      9) тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі (бұдан әрі – тауар белгісі) – тауар белгілері туралы Заңға сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын, бір заңды немесе жеке тұлғалардың тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) басқа заңды немесе жеке тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсетілетін қызметтерінен) ажырату үшін қызмет ететін белгі;

      10) тауар шығарылған жердің атауы – елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа географиялық объектінің қазіргі заманғы немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауын білдіретін не қамтитын, осындай атауды немесе осындай атаудан туынды атауды қамтитын және ерекше қасиеттері тек қана немесе ең бастысы ғана болатын тауарға қатысты оны пайдалану нәтижесінде белгілі болған белгі осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалады. Осы географиялық объектінің аумағында тауардың ерекше қасиеттерін қалыптастыруға елеулі әсер ететін тауар өндірудің барлық сатылары жүзеге асырылуға тиіс;

      11) тауар белгісінің иесі (құқық иеленушісі) немесе тауар шығарылған жердің географиялық нұсқамасын және (немесе) атауын пайдалану құқығының иесі – тауар белгісіне айрықша құқығы немесе "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес тауар шығарылған жердің географиялық атауын және (немесе) атауын пайдаланудың айрықша құқығы бар жеке немесе заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 18.08.2022 № 692 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде тіркелетін мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібі

      3. Мемлекеттiк тiзiлiмдерде тiркелгеннен кейiн сараптама ұйымы апта сайын ресми бюллетеннің "Изобретения – Өнертабыстар", "Полезные модели – Пайдалы модельдер", "Промышленные образцы - Өнеркәсiптiк үлгiлер" бөлімінде қазақ және орыс тілдерінде мәліметтер жарияланады:

      1) патенттің нөмірі;

      2) индекс (индекстер) тақырып (тақырыптар) Халықаралық патенттік сыныптама (бұдан әрі – ХПС), өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық сыныптамасы (бұдан әрі – ӨҮХС);

      3) өтінімнің нөмірі және берілген күні;

      4) патенттің жарияланған күні;

      5) нөмірі, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (бұдан әрі – ДЗМҰ) стандартына сәйкес тіркеу күні мен коды, өтініште бұрынғы басымдылық күні сараптама жасау ұйымымен өтініш беру күнінен артық болған жағдайда, өнертабыстың басымдығын негізге ала отырып, бірінші өтінімді беру туралы өтінім беруші (оған қосымша материалдарды алу күні);

      6) ертерек жарияланған нөмір (қайта басып шығарылған);

      7) Патенттік кооперация туралы шарттың (Patent Cooperation Treaty, бұдан әрі – РСТ) 23 (1) немесе 40 (1) - баптарына сәйкес ұлттық фазаға өтінімді өту күні;

      8) қабылдаушы ведомствомен белгілеген, халықаралық өтінімнің тіркеу нөмірі және халықаралық тапсыру күні;

      9) халықаралық өтінімнің халықаралық жарияланған күні мен нөмірі; автордың (авторлардың) есімі, егер соңғы (соңғы) айтылғандардан бас тартпаса автордың ДЗМҰ стандартына сәйкес тұрғылықты жерінің коды (кодтары);

      10) аты немесе патент иеленушінің атауы, патент иеленушінің тұратын елінің коды (тары), ДЗМҰ стандартына сәйкес;

      11) атауы;

      12) бейнесі;

      13) патенттік сенім білдіруші туралы мәлімет;

      14) формуласы, өнеркәсiптiк үлгiнiң маңызды ерекшелiктерiнiң тiзбесi.

      Сараптама ұйымы өнертабысқа патент беру туралы мәлiметтердi өтiнiм берiлген күннен бастап – он сегiз ай өткеннен кейін, ал пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге патент беру туралы мәлiметтердi он екi ай өткеннен кейін бюллетеньде жариялайды. Өтiнiм берушiнiң өтiнiшхаты бойынша сараптама ұйымы мәлiметтердi көрсетiлген мерзiмнен ерте жариялайды.

1-параграф. Өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізу туралы мәліметтерді жариялау тәртібі

      4. Енгізілген өзгерістер негізінде Мемлекеттік тізілімінің "Хабарлама-Извещения" бөлiмiнде сараптама ұйымымен мынадай мәліметтер жарияланады:

      1) Мемлекеттік тізілімдегі жазбаларда анық және техникалық қателерді түзету туралы;

      2) ұсынылған және тіркелген (немесе) құқықтарды беру туралы:

      келісімшарт түрі;

      келісімшарт нөмірі;

      келісімшарт күні;

      атауы;

      патент нөмірі;

      тіркелген нөмір;

      иесі;

      иесінің мекенжайы;

      құқық иеленуші;

      құқық иеленушінің мекенжайы.

      3) ұсынылған құқықты тіркеудің маңызды шарттарына қатысты тіркелген өзгерістер туралы:

      келісімшарт түрі;

      келісімшарт нөмірі;

      келісімшарт күні;

      атауы;

      патент нөмірі;

      тіркелген нөмір;

      лицензиар (қосалқы лицензиар);

      лицензиардың (қосалқы лицензиядың) мекенжайы;

      лицензиат (қосалқы лицензиат);

      лицензиаттың (қосалқы лицензияттың) мекенжайы.

      4) тіркелген ұсынылған құқықты тоқтату (мерзімінен бұрын тоқтату) туралы:

      шарттың түрі;

      шарттың нөмірі;

      шарттың күні;

      шартты мерзімінен бұрын бұзу күні;

      атауы;

      патент нөмірі;

      тіркеу нөмірі;

      лицензиар (қосалқы лицензиар);

      лицензиардың (қосалқы лицензиярдың) мекенжайы;

      лицензиат (қосалқы лицензиат);

      лицензиаттың (қосалқы лицензияттың) мекенжайы.

      5) патенттi жарамсыз деп тануға байланысты толық немесе iшiнара жарамсыз деп тану туралы:

      тіркеу нөмірі;

      өтінім нөмірі;

      ұсыну күні;

      патент атауы;

      иесінің аты;

      тоқтату күні;

      тоқтату себебі.

      6) патент иеленушінің өтініші бойынша патенттің қолданылуын тоқтату:

      тіркеу нөмірі;

      өтінім нөмірі;

      ұсыну күні;

      патент атауы;

      иесінің аты;

      тоқтату күні;

      тоқтату себебі.

      7) патент иеленушінің атына және оның мекенжайына өзгерістер енгізу:

      тіркеу нөмірі;

      патент иеленушінің атауы және оның мекенжайы.

      Мемлекеттік тізілімде өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілерді тіркеуге өзгерістер енгізу туралы ақпаратты жариялау сараптама ұйымына тиісті өзгерістер енгізу туралы хабарлама жіберілгеннен кейін жүзеге асырылады.

2-параграф. Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгілерге патенттердің жарамдылық мерзімін қалпына келтіру мерзімін ұзарту туралы мәліметтерді жариялау тәртібі

      5. Өнертабысқа, пайдалы моделге, өнеркәсiптiк үлгiге патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту, тоқтату және қалпына келтiру туралы мәлiметтер апта сайын сараптама ұйымымен "Хабарлама - Извещения" бөлімінде қазақ және орыс тілдерінде мынадай мәліметтерді көрсете отырып жарияланады:

      1) қорғау құжатының нөмірі;

      2) өтінім нөмірі;

      3) патенттің қолданылу мерзімінің ұзартылғанға дейінгі күні/патенттің мерзімінің қалпына келтіру күні.

      Өнертабысқа, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту, тоқтату, қалпына келтiруге қатысты мәліметтерді жариялауды тиiстi хабарлама жiбергеннен кейiн сараптама ұйымы жүзеге асырады.

3-параграф. Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге патенттiң шұғыл қолданылу мерзімін тоқтату, жарамсыз деп тану және күшін жою туралы мәлiметтердi жариялау тәртібі

      6. Өнертабысқа, пайдалы моделге, өнеркәсiптiк үлгiге патенттiң күшiн жою туралы мәлiметтер апта сайын сараптама ұйымының "Хабарлама - Извещения" бөлімінде қазақ және орыс тілдерінде мынадай мәліметтер көрсетіле отырып жарияланады:

      1) қорғау құжатының нөмірі;

      2) жойылған күн;

      3) мерзімінен бұрын тоқтату, жарамсыз деп тану және күшін жою себебі.

      Төлемді уақытында төлемеген жағдайда патенттің мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы:

      тіркеу нөмірі;

      өтінім нөмірі;

      мерзімінен бұрын тоқтату күні;

      тоқтату себебі.

      Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге патенттiң күшiн жоюға қатысты мәліметті жариялауды тиiстi хабарлама жiбергеннен кейiн сараптама ұйымы жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік тізілімде тауар таңбаларын тіркеуге қатысты мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібі

      7. Енгізілген мәліметтердің тіркелгендігі туралы мемлекеттік тізілімнің ресми бюллетенінің "Тауар таңбалары – Товарные знаки" бөлімінде қазақ және орыс тілдерінде апта сайын сараптама ұйымымен мынадай мәліметтер жарияланады:

      1) тіркеудің реттік нөмірі;

      2) тіркеу күні;

      3) тіркеудің қолдану мерзімі;

      4) өтiнiмнiң нөмiрi;

      5) өтiнiш беру күнi;

      6) тауар таңбасы/қызмет көрсету таңбасы иесінің атауы;

      7) тауар таңбасының бейнесi;

      8) түстерді көрсету;

      9) тіркелген тауар таңбасына қатысты тауарлар мен қызметтердiң тiзбесi;

      10) егер конвенциялық басымдылық белгіленсе, бірінші өтінімнің елі, нөмірі және берілген күні;

      11) қорғалмайтын элементтер;

      Тауар таңбалары мен қызмет көрсету белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеу туралы мәліметтерді жариялау тауар таңбасына/қызмет көрсету таңбасына куәлікті жібергеннен кейін сараптама ұйымы жүзеге асырады.

1-параграф. Мемлекеттік тізілімге өзгерістер енгізгені туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібі

      8. Мемлекеттік тізіліміне енгізілген өзгерістер негізінде "Хабарлама - Извещения" бөлімінде сараптама ұйымы келесі мәліметтерді жариялайды:

      1) қорғалғалатын тауар таңбасына тіркелгені туралы құқықты беру:

      шарттың түрі;

      шарттың нөмірі;

      шартты тіркеу күні;

      тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының атауы;

      тіркеу нөмірі;

      өтінім нөмірі;

      иесі;

      иесінің мекенжайы;

      құқық иеленуші;

      құқық иеленушінің мекенжайы.

      2) тіркелген тауар таңбасын пайдалану құқығын тіркеу туралы:

      шарттың түрі;

      шарттың нөмірі;

      шартты тіркеу күні;

      тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының атауы;

      тіркеу нөмірі;

      өтінім нөмірі;

      лицензиар (қосалқы лицензиар);

      лицензиардың (қосалқы лицензиар) мекенжайы;

      лицензиат (қосалқы лицензиат);

      лицензиаттың (қосалқы лицензиаттың) мекенжайы.

      3) кепiл шартында:

      шарттың түрі;

      шарттың нөмірі;

      шартты тіркеу күні;

      тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының атауы;

      тіркеу нөмірі;

      өтінім нөмірі;

      лицензиар (қосалқы лицензиар);

      лицензиардың (қосалқы лицензиардың) мекенжайы;

      лицензиат (қосалқы лицензиат);

      лицензиаттың (қосалқы лицензиаттың) мекенжайы.

      4) кешенді кәсіпкерлік лицензия туралы шарт туралы:

      шарттың түрі;

      шарттың нөмірі;

      шартты тіркеу күні;

      тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының атауы;

      тіркеу нөмірі;

      өтінім нөмірі;

      ұсыну күні;

      лицензиар (қосалқы лицензиар);

      лицензиардың (қосалқы лицензиардың) мекенжайы;

      лицензиат (қосалқы лицензиат);

      лицензиаттың (қосалқы лицензиаттың) мекенжайы.

      5) тіркелген шарттарға қосымша келісімдер туралы:

      шарттың түрі;

      шарттың нөмірі;

      шартты тіркеу күні;

      тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының атауы;

      тіркеу нөмірі;

      өтінім нөмірі;

      ұсыну күні;

      лицензиар (қосалқы лицензиар);

      лицензиардың (қосалқы лицензиардың) мекенжайы;

      лицензиат (қосалқы лицензиат);

      лицензиаттың (қосалқы лицензиаттың) мекенжайы;

      өзгерістерді көрсету.

      6) тауар таңбасын тіркеуді толық немесе ішінара жарамсыз деп тану туралы:

      тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының атауы;

      тіркеу нөмірі;

      өтінім нөмірі;

      ұсыну күні;

      иесі;

      тоқтатуға негіз болған себептер.

      7) иесінің бастамасы бойынша тауар таңбасын тіркеуді тоқтату туралы:

      тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының атауы;

      тіркеу нөмірі;

      өтінім нөмірі;

      ұсыну күні;

      иесі;

      тоқтатуға негіз болған себептер.

      8) тауар таңбасын тіркеу мерзімін ұзарту туралы:

      тіркеу нөмірі;

      иесінің аты;

      тіркеудің қолданылу мерзімі ұзартылған күн.

      9) қайта ұйымдастырылуына (мұрагерлілігіне) және/немесе оның орналасқан жерінің мекенжайын өзгертуге байланысты иесінің атауын өзгерту:

      тіркеу нөмірі;

      заңды тұлғаның және/немесе тіркелген тауар таңбасы иесінің - жаңа атауы.

      10) иеленушінің ТАӘ (бар болса) өзгергені туралы - жеке тұлғаның және/немесе тұрғылықты мекенжайының өзгергені туралы:

      тіркеу нөмірі.

      11) тауар таңбасы тіркелген тауардың (қызметтердің) тізбесін қысқарту туралы, маңыздылығы бойынша тіркеуді өзгертпейтін:

      тіркеу нөмірі.

      12) айқын және техникалық қателерді, сондай-ақ тауар таңбасын тіркеуге қатысты өзге де өзгерістерді:

      тіркеу нөмірі;

      түзетілген деректердің сипаттамасы.

      Тіркеуге байланысты өзгерістер, хат алмасу және өкілдің мекенжайын өзгертуден басқа, бюллетеньде хабарландыру түрінде жариялануға жіберіледі.

      Тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміне енгізілетін өзгерістер туралы мәліметтерді жариялау тиісті хабарлама жіберілгеннен кейін сараптама ұйымымен жүзеге асырылады.

2-параграф. Тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының мерзімінің ұзартылғаны туралы мәліметтерді жариялау тәртібі

      9. Тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердің атауын тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәлiметтер апта сайн сараптама ұйымымен "Хабарлама - Извещения" бөлімінде қазақ және орыс тілдерінде келесі мәліметтерді көрсете отырып жарияланады:

      1) тіркеу нөмірі;

      2) меншік иесінің аты;

      3) тіркеудің қолданылу мерзімі ұзартылған күн.

      Тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметті жариялауды тиісті хабарлама жібергеннен кейін сараптама ұйымы жүзеге асырады.

3-параграф. Тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының мерзімінің тоқтатылуы туралы, жарамсыз деп танылуы және күшін жою туралы мәлiметтердi жариялау тәртібі

      10. Тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тіркеудің жарамдылық мерзімін жою туралы мәліметтер апта сайын сараптама ұйымымен қазақ және орыс тілдерінде "Хабарлама - Извещения" бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіле отырып жарияланады:

      1) тіркеу нөмірі (өтініш нөмірі, берілген күні);

      2) атауы;

      3) меншік иесінің аты;

      4) қолданылу мерзiмiнен бұрын тоқтату, жарамсыз деп тану және жою;

      5) жарамдылық мерзімін мерзімінен бұрын бұзу, жарамсыз деп тану және күшін жою туралы.

      Тауар таңбасын, қызмет көрсету белгiсiн тiркеудi жою туралы мәліметтерді жариялауды тиiстi хабарлама жiбергеннен кейiн сараптама ұйымы жүзеге асырады.


4-тарау. Тауар шығарылған жерлердің және географиялық нұсқамалардың атауларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібі

      Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 18.08.2022 № 692 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Тиісті мемлекеттік тізілімдерде ресми бюллетеньде тіркеу негізінде "Географиялық нұсқамалар – Географические указания" және "Тауар шығарылған жердің атауы – Наименование места происхождения товара" бөлімдерінде қазақ және орыс тілдерінде апта сайын сараптама ұйымы мынадай мәліметтерді жариялайды:

      1) географиялық нұсқамалар;

      2) тауар шығарылған жердің атауы;

      3) тіркеу нөмірі мен күні;

      4) тауардың ерекше қасиеттерінің сипаттамасы;

      5) иесінің атауы және оның тұрғылықты жерін немесе орналасқан жерін көрсету;

      6) өтінімнің нөмірі мен берілген күні;

      7) өкіл туралы мәліметтер (патенттік сенім білдірілген өкіл туралы).

      Көрсетілген мәліметтерді енгізу олардың алдына ДЗМҰ стандарты бойынша библиографиялық деректерді сәйкестендіру үшін тиісті халықаралық кодты (бұдан әрі – ИНИД) қоюмен сүйемелденеді және жариялау кезінде пайдаланылады. Елдің коды ДЗМҰ-ның тиісті стандартына сәйкес қойылады.

      Тауар шығарылған жерлердің географиялық нұсқамалары мен атауларын тіркеуге қатысты мәліметтерді жариялауды сараптама ұйымы үзінді көшірмені жібергеннен кейін жүзеге асырады.

1-параграф. Тауарлар шығарылған жерлердің атауларына және географиялық нұсқамаларға мемлекеттік тізілімдерде өзгерістер енгізу туралы мәліметтерді жариялау тәртібі

      12. Мемлекеттік тізілімдерде енгізілген өзгерістер негізінде "Хабарлама – Извещения" бөлімінде сараптама ұйымы апта сайын мынадай деректерді жариялайды:

      1) тауарлар шығарылған жерлердің атауларын және географиялық нұсқамаларды тіркеуді жарамсыз деп тану туралы:

      географиялық нұсқамалар және (немесе) тауар шығарылған жердің атауы;

      тіркеу нөмірі және күні;

      иесінің аты;

      тоқтату күні;

      тоқтату себебі.

      2) тауар иесінің бастамасы бойынша тауарлар шығарылған жерлердің атауларын және географиялық нұсқамаларды тіркеудің қолданысын тоқтату туралы:

      географиялық нұсқамалар және (немесе) тауар шығарылған жердің атауы;

      тіркеу нөмірі және күні;

      иесінің аты;

      тоқтату күні;

      тоқтату себебі.

      3) географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту туралы:

      тіркеу нөмірі;

      иесінің аты;

      тіркеудің қолданылу мерзімі ұзартылған күн.

      4) иесінің – заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына (құқықтық мирасқорлығына) байланысты атауының өзгеруі және/немесе оның орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі туралы:

      тіркеу нөмірі;

      тауар иесінің жаңа атауы және/немесе тіркелген географиялық нұсқаманың мекенжайы және (немесе) тауар шығарылған жер атауы.

      5) меншік иесінің - жеке тұлғаның Т.А.Ә, және/немесе тұрғылықты мекенжайы өзгергені туралы:

      тіркеу нөмірі;

      тауар иесінің жаңа атауы және/немесе тіркелген географиялық нұсқаманың және (немесе) тауар шығарылған жер атауының мекенжайы.

      6) анық және техникалық қателерді түзету туралы, сондай-ақ географиялық нұсқаманың және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге қатысты басқа да өзгерістер туралы:

      тіркеу нөмірі;

      түзетілген деректердің сипаттамасы.

      Тауарлар шығарылған жерлердің және географиялық нұсқамалардың атауларын тіркеуге және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары мен географиялық нұсқамаларын пайдалану құқығын беруге қатысты мәліметтерді, сондай-ақ кейінгі өзгерістерді сараптама ұйымы бюллетеньде олар тиісті мемлекеттік тізілімдерде жазылғаннан кейін тікелей жариялайды. Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне, Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізуге қатысты мәліметтерді жариялауды сараптама ұйымы тиісті хабарлама жібергеннен кейін жүзеге асырады.

2-параграф. Тауар шығарылған жердің және географиялық нұсқаманың атауын пайдалану құқығын қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтерді жариялау тәртібі

      13. Тауар шығарылған жердің және географиялық нұсқаманың атауының пайдалану құқығының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтерді сараптама ұйымы апта сайын "Хабарлама – Извещения" бөлімінде қазақ және орыс тілдерінде мынадай деректерді көрсете отырып жариялайды:

      1) тіркеу нөмірі;

      2) иесінің аты;

      3) тіркеудің қолданылу мерзімі ұзартылған күн.

      Тауар шығарылған жердің және географиялық нұсқаманың атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімін ұзартуға қатысты мәліметтерді жариялауды сараптама ұйымы тиісті хабарлама жібергеннен кейін жүзеге асырады.

3-параграф. Тауар шығарылған жердің және географиялық нұсқаулық атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімін тоқтату туралы мәліметтерді жариялау тәртібі

      14. Тауар шығарылған жердің және географиялық нұсқаманың атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімінің тоқтатылғаны туралы мәліметтерді сараптама ұйымы апта сайын "Хабарлама – Извещения" бөлімінде қазақ және орыс тілдерінде мынадай деректерді көрсете отырып жариялайды:

      1) тіркеу нөмірі (өтінім нөмірі, берілген күні);

      2) атауы;

      3) иесінің аты;

      4) тоқтату күні;

      5) тоқтату себебі.

      Тауар шығарылған жердің және географиялық нұсқаманың атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімінің тоқтатылуына қатысты мәліметтерді жариялауды сараптама ұйымы тиісті хабарлама жібергеннен кейін жүзеге асырады.

4-параграф. Тауар шығарылған жердің және географиялық нұсқаулықтың атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімін мерзімінен бұрын тоқтату, жарамсыз деп тану және қолданылу мерзімін жою туралы мәліметтерді жариялау тәртібі

      15. Тауар шығарылған жердің және географиялық нұсқаманың атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімінің күшін жою туралы мәліметтерді сараптама ұйымы апта сайын "Хабарлама – Извещения" бөлімінде қазақ және орыс тілдерінде мынадай деректерді көрсете отырып жариялайды:

      1) тіркеу нөмірі (өтінім нөмірі, берілген күні);

      2) атауы;

      3) иесінің аты;

      4) қолданылу мерзімі мерзімінен бұрын тоқтатылған, жарамсыз деп танылған және күшін жойған күн;

      5) қолданылу мерзімін мерзімінен бұрын тоқтатудың, жарамсыз деп танудың және күшін жоюдың себебі көрсетілуге тиіс.

      Тауар шығарылған жердің және географиялық нұсқаманың атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімінің күшін жоюға қатысты мәліметтерді жариялауды сараптама ұйымы тиісті хабарлама жібергеннен кейін жүзеге асырады.

5-тарау. Жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісіне қатысты мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібі

      16. Белгіні немесе тауар таңбасын жалпыға бірдей белгілі деп тану негізінде Тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміне енгізілетін тиісті мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде апта сайын сараптама ұйымымен "Тауар белгісін жалпы жұртқа белгiлi деп тану – Общеизвестные товарные знаки" бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіле отырып жарияланады:

      1) реттік тіркеу нөмірі;

      2) тіркеу күні;

      3) жалпыға белгілі тауар белгісінің бейнесі;

      4) түстерді көрсету;

      5) жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбасының иесiнiң аты;

      6) өтiнiмнiң нөмiрi;

      7) өтiнiм беру күнi;

      8) тіркеудің жарамдылық мерзімі;

      9) жалпыға белгілі тауар таңбасына қатысты тіркелген тауарлар мен қызметтер тізбесі;

      Белгіні немесе тауар таңбасын жалпыға бірдей деп тану туралы мәліметтерді жариялау тиісті хабарлама жіберілгеннен кейін сараптама ұйымы жүзеге асырады.

1-параграф. Жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтерді жариялау тәртібі

      17. Жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбасының мерзімін ұзарту туралы мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде апта сайын сараптама ұйымымен "Хабарлама - Извещения" бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіле отырып жарияланады:

      1) тіркеу нөмірі;

      2) меншік иесінің аты;

      3) тіркеудің қолданылу мерзімі ұзартылған күн.

      Жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбасының қолданылу мерзімін ұзартуға қатысты мәліметтерді жариялауды тиісті хабарлама жіберілгеннен кейін сараптама ұйымы жүзеге асырады.

2-параграф. Жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісінің мерзімінің тоқтатылуы туралы, жарамсыз деп танылуы және күшін жою туралы мәлiметтердi жариялау тәртібі

      18. Жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбасының қолданылу мерзімін тоқтату туралы мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде апта сайын сараптама ұйымымен "Хабарлама - Извещения" бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіле отырып жарияланады:

      1) тіркеу нөмірі (өтінім нөмірі, берілген күні);

      2) атауы;

      3) меншік иесінің аты;

      4) қолданылу мерзiмiнен бұрын тоқтату, жарамсыз деп тану және жою күні;

      5) қолданылу мерзімін мерзімінен бұрын бұзу, жарамсыз деп тану және күшін жою.

3-параграф. Селекциялық жетістікке қатысты мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібі

      19. Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркелу негізінде тіркеу туралы мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде апта сайын сараптама ұйымымен "Селекциалық жетістіктер – Селекционное достижение" бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіле отырып жарияланады:

      Селекциялық жетістіктердің ресми бюллетенінде мынадай ақпарат енгізіледі:

      1) жариялауды жүзеге асыратынн орган немесе ұйымның коды немесе өзге де сәйкестендіру құралдары;

      2) сөздік атауы құжаттың түрі;

      3) патент нөмірі;

      4) өсiмдiктердiң, жануарлардың, сорттардың, тұқымдардың түрi;

      5) ДЗМҰ-ның стандартына сәйкес патент иеленушінің аты немесе атауы және оның тұрғылықты жері немесе орналасқан жері кодын көрсете отырып мекенжайы;

      6) ДЗМҰ-ның стандартына сәйкес автордың (авторлардың) аты және оның тұрғылықты жеріндегі елінің кодының атауы;

      7) тіркеу нөмірі және өтінім беру күні;

      8) патент берiлген өтiнiмдi табыс ету күнi;

      9) сұрыптың, тұқымның сипаттамасына енгiзiлген жиынтығы;

      10) селекциялық жетiстiктiң атауы; (өсімдік түрі, жануарлар, тұқым атаулары, түрлері);

      11) Автордың ТАӘ (бар болса) және ДЗМҰ-ның стандарты сәйкес елдің коды;

      12) Патент иеленушінің ТАӘ (бар болса) немесе ДЗМҰ-ның стандартына сәйкес елдің кодын көрсете отырып атауы;

      13) басымдылық талап етілетін өтінімнің нөмірі, (32) өтінім беру күні басымдылық талап етіледі және (33) ДЗМҰ стандарты бойынша бірінші өтінім берген елдің коды, егер өтінімде сараптама жасау ұйымына өтініш беру күнінен артық болса, өтінімде ертеректегі басымдық күні белгіленетін іргелі селекциялық жетістікке басымдық беріледі.

      Селекциялық жетістікті ресми бюллетеньде тіркеу қатысты мәліметтерді жариялау қорғау құжаты жіберілгеннен кейін сараптама ұйымымен жүзеге асырылады.

4-параграф. Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді жариялау тәртібі

      20. Патенттің құқықтық мәртебесінің барлық өзгерістері (тіркелген келісімшарттар туралы мәліметтерді қоса алғанда), патентке қатысты толықтырулар, түсіндірулер немесе түзетулер, қолданылу мерзімін ұзарту және патентті қалпына келтірілуі мемлекеттік тізілімге енгізілгеннен кейін, ресми бюллетенде сараптама ұйымының жариялануына ескерту түрінде беріледі.

      Мемлекеттік тізілімде мынадай өзгерістер жарияланады:

      1) Мемлекеттiк тiзiлiмнiң жазбаларында анық және техникалық қателердi түзету туралы;

      2) патент алуға құқықты тiркеген кезде:

      шарттың түрі;

      шарттың нөмірі;

      шартты тіркеу күні;

      атауы;

      патент нөмірі;

      тіркеу нөмірі;

      иесі;

      иесінің мекенжайы;

      құқық иеленуші;

      мұрагердің мекенжайы.

      3) берілген құқықтың тіркелегндігі туралы:

      шарттың түрі;

      шарттың нөмірі;

      шартты тіркеу күні;

      атауы;

      патент нөмірі;

      тіркеу нөмірі;

      лицензиар (қосалқы лицензиар);

      лицензиардың (қосалқы лицензиардың) мекенжайы;

      лицензиат (қосалқы лицензиат);

      лицензиаттың (қосалқы лицензиаттың) мекенжайы.

      4) тіркелген лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттың маңыздылығына қатысты тіркелген өзгерістер туралы:

      шарттың түрі;

      шарттың нөмірі;

      шартты тіркеу күні;

      атауы;

      патент нөмірі;

      тіркеу нөмірі;

      лицензиар (қосалқы лицензиар);

      лицензиардың (қосалқы лицензиардың) мекенжайы;

      лицензиат (қосалқы лицензиат);

      лицензиаттың (қосалқы лицензиаттың) мекенжайы;

      өзгерістерді көрсету.

      5) тіркелген лицензиялық (қосалқы лицензия) шартты бұзу (мерзімінен бұрын тоқтату) туралы:

      шарттың түрі;

      шарттың нөмірі;

      шарттың тіркелген күні;

      шартты мерзімінен бұрын бұзу күні;

      атауы;

      патент нөмірі;

      тіркеу нөмірі;

      лицензиар (қосалқы лицензиар);

      лицензиардың (қосалқы лицензиардың) мекенжайы;

      лицензиат (қосалқы лицензиат);

      лицензиаттың (қосалқы лицензиатың) мекенжайы.

      6) патенттің жойылған жағдайда:

      тіркеу нөмірі;

      өтінім нөмірі;

      ұсыну күні;

      патент атауы;

      иесінің аты;

      тоқтату күні;

      тоқтату себебі.

      7) патент иесінің өтініші бойынша патент тоқтатылған кезде:

      тіркеу нөмірі;

      өтінім нөмірі;

      ұсыну күні;

      патент атауы;

      иесінің аты;

      тоқтату күні;

      тоқтату себебі.

      8) уақытылы төлемеген жағдайда патенттің мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы:

      тіркеу нөмірі;

      өтінім нөмірі;

      ұсыну күні;

      патент атауы;

      иесінің аты;

      тоқтату күні;

      тоқтату себебі.

      9) патент иеленушiнiң - заңды тұлғаның хат-хабар жөнiндегi мекенжайы, орналасқан жерiнiң атауы және/немесе мекенжайы өзгергені туралы:

      тіркеу нөмірі;

      патент иеленушінің жаңа атауы және/немесе оның орналасқан мекенжайы.

      10) патент иесімен хат алмасуға арналған мекенжайының, автордың ТАӘ (бар болса), патент иеленушінің - жеке тұлға және/немесе тұрғылықты жерінің мекенжайының өзгеруі туралы:

      тіркеу нөмірі;

      патент иеленушінің жаңа атауы және/немесе оның мекенжайы.

      11) патент мерзімінің ұзартылуы туралы:

      тіркеу нөмірі;

      иесінің аты;

      тіркеудің қолданылу мерзімі ұзартылған күн.

      12) қорғау құжатын қалпына келтіру туралы:

      қорғау құжатының нөмірі;

      қалпына келтіру күні;

      атауы;

      қалпына келтірудің себебі.

      Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізу туралы мәліметтерді жариялау тиісті хабарлама жіберілгеннен кейін сараптама ұйымы жүзеге асырады.

5-параграф. Селекциялық жетістіктің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтерді жариялау тәртібі

      21. Селекциялық жетістіктің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде апта сайын сараптама ұйымымен "Хабарлама - Извещения" бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіле отырып жарияланады:

      1) қорғау құжатының нөмірі;

      2) өтінім нөмірі;

      3) атауы;

      4) патент мерзімінің ұзартылған күні.

      Селекциялық жетістіктің қолданылу мерзімін ұзартуға қатысты мәліметтерді жариялау тиісті хабарлама жіберілгеннен кейін сараптама ұйымы жүзеге асырады.

6-параграф. Селекциялық жетістікті мерзімінен бұрын тоқтату, жарамсыз деп тану және күшін жою туралы мәліметтерді жариялау тәртібі

      22. Селекциялық жетістіктің қолданылуын тоқтату туралы мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде апта сайын сараптама ұйымымен "Хабарлама - Извещения" бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіле отырып жарияланады:

      1) қорғау құжатының нөмірі;

      2) өтінім нөмірі;

      3) атауы;

      4) қолданылу мерзiмiнен бұрын тоқтату, жарамсыз деп тану және күшін жою күні;

      5) қолданылу мерзiмiнен бұрын тоқтату, жарамсыз деп тану және күшін жою себебі.

      Селекциялық жетістікті мерзімінен бұрын тоқтату, жарамсыз деп тану және күшін жою туралы мәліметтерді жариялау тиісті хабарлама жіберілгеннен кейін сараптама ұйымы жүзеге асырады.

7-параграф. Селекциялық жетістіктің қолданылу мерзімін қалпына келтіру туралы мәліметтерді жариялау тәртібі

      23. Селекциялық жетістіктің қолданылу мерзімін қалпына келтіру туралы мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде апта сайын сараптама ұйымымен "Хабарлама - Извещения" бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіле отырып жарияланады:

      1) қорғау құжатының нөмірі;

      2) қалпына келтiру күнi;

      3) атауы;

      4) қалпына келтірудің себебі.

      Селекциялық жетiстiктiң қолданылу мерзiмiн қалпына келтiруге қатысты мәлiметтердi жариялау тиiстi хабарлама жiберiлгеннен кейiн сараптама ұйымымен жүзеге асырады.

8-параграф. Интегралдық микросхемалар топологияларына қатысты мәліметтерді жариялау тәртібі

      24. Интегралдық микросхемалар топологиясының Мемлекеттік тізіліміне тіркелген топологиялар туралы мәліметтер негізінде қазақ және орыс тілдерінде сараптама ұйымымен "Топология интегральных микросхем – Интегралдық микросхемалар топологиялары" бөліміде жарияланады:

      Ресми бюллетенде интегралдық микросхема топологиясын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді жариялау кезінде:

      тіркелген интегралдық микросхема топологиясының атауы;

      интегралдық микросхема топологиясының тіркеу нөмірі (интегралдық микросхема топологиясын мемлекеттік тіркеу куәлігінің нөмірі);

      интегралдық микросхеманың топологиясын мемлекеттік тіркеу күні;

      интегралдық микросхеманың топологиясын мемлекеттік тіркеуге өтінім нөмірі;

      құқықиесі (иелері) туралы мәліметтер: ұйымның толық атауы, құқық иесінің (иелерінің) орналасқан жерінің елдің кодын көрсете отырып, жеке тұлғаның ТАӘ (бар болса);

      автор (лар) туралы мәліметтер: ТАӘ (бар болса), жеке тұлға - ол туралы айтуға қарсы болмаса, (егер автор (лар);тұрғылықты жерінің елдің кодын көрсету;

      айрықша құқықтың жарамдылық мерзімінің аяқталуы;

      реферат.

      Интегралдық микросхемалар топологияларының Мемлекеттік тізіліміне енгізілген өзгерістерге қатысты мәліметтерді жариялау тиісті хабарлама жіберілгеннен кейін сараптама ұйымымен жүзеге асырады.

9-параграф. Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімге енгізілген өзгерістер

      25. Интегралдық микросхемалар топологиясының Мемлекеттік тізіліміне енгізілген өзгерістер негізінде сараптама ұйымымен "Хабарлама-Извещения" бөлімінде мынадай мәліметтер жарияланады:

      1) тіркелген интегралдық микросхеманы пайдалану құқығын ұсыну:

      шарттың түрі;

      шарттың нөмірі;

      шартты тіркеу күні;

      интегралдық микросхеманың атауы;

      тіркеу нөмірі;

      өтінім нөмірі;

      иесі;

      автор (лар)

      иесінің мекенжайы;

      құқық иеленуші;

      мұрагердің мекенжайы.

      2) тіркелген тауар таңбасын пайдалану құқығын ұсыну:

      шарттың нөмірі;

      шартты тіркеу күні;

      интегралдық схеманың атауы

      тіркеу нөмірі;

      өтінім нөмірі;

      лицензиар (қосалқы лицензиар);

      лицензиардың (қосалқы лицензиярдың) мекенжайы;

      лицензиат (қосалқы лицензиат);

      лицензияттың (қосалқы лицензиатп) мекенжайы.

      3) тіркелген келісімдерге қосымша келісімшарттар туралы:

      шарттың нөмірі;

      шартты тіркеу күні;

      интегралдық микросхеманың атауы

      тіркеу нөмірі;

      өтінім нөмірі;

      лицензиар (қосалқы лицензиар);

      лицензиардың (қосалқы сублицензиярдың) мекенжайы;

      лицензиат (қосалқы лицензиат);

      лицензиаттың (қосалқы лицензиаттың) мекенжайы.

      4) интегралдық микросхемалар топологиясын тіркеуді толық немесе ішінара жарамсыз деп тану:

      интегралдық микросхеманың атауы

      тіркеу нөмірі;

      өтінім нөмірі;

      ұсыну күні;

      иесі;

      авторлар;

      тақырыбы және тоқтату себептері.

      5) интегралдық микросхемалар топологиясын тіркеуді тоқтату туралы интегралдық схеманың атауы;

      тіркеу нөмірі;

      өтінім нөмірі;

      ұсыну күні;

      иесі;

      авторлар;

      тақырыбы және тоқтату себептері.

      6) интегралдық микросхемалар топологияcын тіркеу мерзімін ұзарту туралы:

      тіркеу нөмірі;

      иесінің аты;

      тіркеудің жарамдылық мерзімі ұзартылған күн;

      7) қайта ұйымдастырылуына (мұрагерлілігіне) байланысты иесінің атының өзгергені және/немесе оның орналасқан жерінің мекенжайының өзгергені туралы:

      тіркеу нөмірі;

      тіркелген тауар таңбасы иесінің жаңа атауы;

      8) ТАӘ (бар болса) иесі туралы және/немесе орналасқан жерінің мекенжайының өзгергені туралы:

      тіркеу нөмірі;

      тіркелген тауар таңбасы иесінің және/немесе мекенжайының жаңа атауы;

      9) айқын және техникалық қателерді, сондай-ақ тауар таңбасын тіркеуге қатысты басқа да өзгерістер туралы:

      тіркеу нөмірі;

      түзетілген деректердің сипаттамасы.

      Хат алмасу және өкіл үшін мекенжайын өзгертуден басқа, тіркеуге қатысты өзгерістер бюллетенде жариялауға арналған хабарландыру түрінде беріледі.

      Интегралдық микросхемалар топологияларының Мемлекеттік тізіліміне енгізілген өзгерістерге қатысты мәліметтерді жариялау тиісті хабарлама жібергеннен кейін сараптама ұйымымен жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады