"Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 24 тамыздағы № 284 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 тамызда № 29279 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16240 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі сауда сессиясы осы Қағидалардың 3-тармағына немесе қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу жағдайында, 60-5-тармағының 7) тармақшасына сәйкес белгіленетін мерзімдерде өткізіледі және 30 (отыз) минутқа созылады.

      Бұл ретте сауда сессиясы аяқталғанға дейін бес минут ішінде аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан қолда бар ең төменгі ұсыныстан төмен бағамен өтінім түскен кезде сауда сессиясы 5 (бес) минутқа ұзартылады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Қатысушылар өз қалауы бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғанға дейін жаңа өтінім беру арқылы бұрын берілген өтінімді өзгертеді.

      Бұл ретте, қатысушылар жаңа өтінімдегі бағаны алдыңғыға қарағанда төмен көрсетеді, ал бұрын берілген өтінімнің көлемі өзгертуге жатпайды.

      Сауда сессиясының негізгі уақыты – 30 (отыз) минут ішінде бағаны өзгерту қадамы 1 (бір) киловатт-сағат үшін кемінде 5 (бес) тиын, сауда сессиясын 5 (бес) минутқа ұзарту уақыты кезеңінен бастап, бағаны өзгерту қадамы 1 (бір) киловатт-сағат үшін кемінде 50 (елу) тиынды құрайды.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Ұйымдастырушы баға есебін мынадай шарттар орындалған кезде жүргізеді:

      1) сатуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдердің белгіленген қуатының жиынтық көлемі белгіленген қуатқа сұраныс көлемінің кемінде 130% - ы;

      2) сауда жүйесінде тіркелген және тиісті аукциондық сауда-саттыққа жіберілген қатысушылардың саны екіден кем емес.

      Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда, Ұйымдастырушы баға есебін жүргізбейді, сауда сессиясының жабылу уақыты өткенге дейін сауда-саттықты жабады және сауда-саттықты өтпеді деп жариялайды.";

      56-1 тармақ алынып тасталсын;

      60-17-тармақ алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. М. Журебеков

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады