"Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы"

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 қаңтарда № 16240 болып тіркелді.

      "Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.10.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрi

      Т. Сүлейменов ___________

      2017 жылғы 27 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 466 бұйрығымен бекітілген

Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес әзірленген және аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінім мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлері мен оларды енгізу және қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.10.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;

      2) аукциондық сауда-саттық – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары ескеріле отырып, осы жаңа объектілерді, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудың жаңа объектілерін салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;

      3) аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі – аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша ұйымдастырушы қалыптастыратын және өткізілген сауда-саттық нәтижелерін растайтын құжат;

      4) аукциондық сауда-саттыққа қатысушы (бұдан әрі – қатысушы) – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыда тіркелген және қатысушы дәрежесін алған өтінім беруші;

      5) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) – уәкiлеттi орган айқындайтын, Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) банктік кепілдік – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14915 болып тіркелген) Екінші деңгейдегі банктердің банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларына сәйкес ресімделген және банктің клиентке (борышкер тұлғаға) оның өтініші негізінде үшінші тұлғаның (кредитор тұлғаның) пайдасына берілетін жазбаша құжат, осы құжат негізінде онда көрсетілген шарттарға сәйкес банк шекті соманы үшінші тұлғаға (кредитор тұлғаға) төлеуге міндеттенеді;

      7) белгіленген қуаттың рұқсат етілетін ең аз көлемі – одан төмен болса қатысушы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жаңа объекті құрылысының жобасын іске асыра алмайтын белгіленген қуаттың көлемі;

      8) бенефициар – пайдасына төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылатын тұлға;

      9) борышкер тұлға – эмитент банкке бенефициар пайдасына банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивті шығаруға тапсырма беретін заңды тұлға;

      10) бір жақты аукцион – аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдерін аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың сараланған тізімінен бірізді іріктеу жолымен жеңімпаздарды анықтауға бағытталған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру нысаны;

      11) жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі – ЖЭК) – табиғи жаратылыс процестері есебінен үздіксіз жаңартылатын энергия көздері, олар мынадай түрлерді қамтиды: күн сәулесінің энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуы; сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері: тұтыну қалдықтары, биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын тұтыну қалдықтарынан алынатын өзге де отын;

      12) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – уәкілетті орган айқындаған, Заңның 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының тарапы болып табылатын заңды тұлға;

      13) ЖЭК объектілерінің барынша рұқсат етілген қуаты – электр энергетикалық жүйенің техникалық мүмкіндіктеріне сүйене отырып анықталған, электр желісіне қосылатын күн және жел электр станциялары қуатының барынша рұқсат етілген көлемі;

      14) ЖЭК пайдалану объектісі – ЖЭК пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ЖЭК пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және ЖЭК объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;

      15) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату – органикалық қалдықтардан биогаз және өзге де отын алуды қоспағанда, қалдықтардың көлемін азайту және энергия алу, оның ішінде оларды екінші реттік және (немесе) энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану мақсатында оларды термиялық өңдеу процесі;

      16) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объект – қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуға арналған техникалық құрылғылар мен қондырғылардың және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін технологиялық тұрғыдан қажетті, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылымның жиынтығы;

      17) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган – қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;

      18) өтінім беруші – аукциондық сауда-саттыққа қатысуды жоспарлайтын заңды тұлға;

      19) резервтік аккредитив – жағдай орын алған (борышкер тұлға бенефициар алдында міндеттемелерін орындамаған) кезде бенефициар пайдасына аккредитив бойынша соманы төлеуге банк міндеттемесі. Резервтік аккредитив SWIT жүйесі бойынша шығарылады;

      20) сараланған тізім – аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдерінде көрсетілген бағалардың өсуі бойынша реттелген өтінімдер тізімі;

      21) сатып алу шарты – қаржы-есеп айырысу орталығы мен ЖЭК немесе қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым арасында жасалатын, ЖЭК немесе қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын аукциондық бағамен сатып алу шарты;

      22) сауда жүйесі – интернет арқылы аукциондық сауда-саттықты өткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, техникалық, бағдарламалық компоненттер кешені;

      23) сауда сессиясы – аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың өтінім беруін, аукциондық сауда-саттық бағаларын, көлемдерін анықтау кезінде жүзеге асырылатын және аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі қалыптастырылатын процесс;

      24) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      25) шекті аукциондық баға – электр энергиясына аукциондық бағаның ең жоғары шамасы;

      26) электр желісіне қосылу нүктесі – энергия өндіруші ұйымның жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін, энергия өндіруші ұйымның қалдықтарын энергетикалық кәдеге жарату объектісін энергия беруші ұйымның электр желісіне физикалық қосу орны.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.03.2024 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2-1. ЖЭК пайдаланудың жаңа объектілерін салу бойынша жобаларды іріктеу және ЖЭК пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындау ЖЭК пайдаланудың жаңа объектілерін салу бойынша жобаның дайындалған негізгі параметрлерімен (бұдан әрі – құжаттама) және/немесе құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу арқылы жүргізіледі.

      Ескерту. 1-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2-2. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындау осы Қағидалардың 2-тарауы 6-параграфына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді салу бойынша дайындалған негізгі ақпаратпен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу арқылы жүргізіледі.

      Ескерту. 1-тарау 2-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

1-параграф. Аукциондық сауда-саттыққа дайындық

      3. Уәкілетті орган аукциондық сауда-саттықты өткізудің болжамды күнінен кемінде 3 (үш) ай бұрын аукциондық сауда-саттықты өткізудің күнтізбелік жылға арналған графигін (бұдан әрі - График) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды. Графикте көрсетілген ақпарат түзетуге жатпайды.

      3-1. Құжаттаманы дайындау үшін уәкілетті орган ағымдағы жылдың қаңтар айында қаржы-есеп айырысу орталығына ЖЭК пайдалану объектілерінің үлгілері, олардың орналасу орны (жер учаскелерін көрсете отырып) және алдағы екі жылға белгіленген қуаттың көлемі туралы ақпарат береді.

      Жүйелік оператор ағымдағы жылдың қаңтарында құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттық үшін электр желілеріне қосудың ықтимал нүктелері туралы ақпаратты уәкілетті органның сұрау салуы бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына береді.

      Ескерту. 1-параграф 3-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3-2. Қаржы-есеп айырысу орталығы аукциондық сауда-саттықты өткізудің жоспарланған күніне дейін 3 (үш) айдан кешіктірмей ресми интернет-ресурста орналастыру үшін құжаттаманы оның құнын көрсете отырып Ұйымдастырушыға жібереді.

      Ұйымдастырушы құжаттаманы алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде аукциондық сауда-саттықты өткізу күнін жариялайды.

      Ескерту. 1-параграф 3-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3-3. Құжаттама:

      1) ресурстық әлеуетті бағалауды қоса алғанда, жаңа ЖЭК пайдалану объектісін салу бойынша бастапқы деректерді, маркетингтік зерттеулерді;

      2) қоғамдық тыңдаулар мен қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау нәтижелерін;

      3) жерді сатып алуға/жалға алуға арналған техникалық сипаттамалар мен шығындарды, салықтарды ескере отырып, жер учаскесін орналастыру орнын;

      4) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығымен бекітілген Электр желілік қағидаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген нөмірі № 10899) (бұдан әрі – Электр желілік қағидалар) сәйкес әзірленген және келісілген қуат беру схемасы мен қосылуға арналған техникалық шарттарды қамтиды.

      Құжаттаманы дайындауды құжаттаманы әзірлеуші жүзеге асырады не уәкілетті орган қаржы-есеп айырысу орталығына береді.

      Ескерту. 1-параграф 3-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Графикте ЖЭК объектісін салу үшін бөлінген жер учаскелерін және барынша рұқсат етілген қуатты және ықтимал қатысу санын көрсете отырып, энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосу нүктелері туралы ақпарат болады.

      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қала және астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (бұдан әрі – Жер кодексі) сәйкес аукциондық сауда-саттықтың жеңімпаздарына жер учаскесіне құқық берілген сәтке дейін Заңның 7-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес салуға жоспарланған ЖЭК пайдалану объектілеріне арналған жер учаскелерін резервке қоюды жүзеге асырады және тиісті ақпаратты уәкілетті органға Графиктің 1-кестесіне сәйкес нысан бойынша жібереді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.10.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Аукциондық сауда-саттық жеңімпазымен ЖЭК пайдалану объектілерін қосу туралы шартты жасаған сәтке дейін энергия беруші ұйымдар уәкілетті органға ұсынған электр желісіне қосылу нүктелері салуға жоспарланған ЖЭК пайдалану объектілерін қосу туралы шартты және (немесе) электр желісіне қосылуға техникалық шартты беру үшін резервке қойылады және тиісті ақпаратты уәкілетті органға Графиктің 2-кестесіне сай нысанда жібереді.

      7. Графикті жариялаған сәттен бастап График бойынша барлық жоспарланған аукциондар аяқталғанға дейін энергия беруші ұйымдар резервке қойылған нүктелер бойынша электр желісіне қосуға техникалық шарттар алуға өтінімдерді қабылдауды тоқтата тұрады.

      8. ЖЭК пайдалану объектісін салу және пайдалану Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі және электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, ЖЭК пайдалану объектісін салу жаңа генерациялау (бұған дейін пайдаланылмаған) қондырғыларын пайдаланып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-1. Күн және жел электр станцияларын салу бойынша жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттық электр желілерінің нүктелеріне қосу мүмкіндігі және Графикте көрсетілген, салу жоспарланған объектілер үшін резервтелген жер учаскелері туралы ақпаратқа сәйкес жүргізіледі.

      Бұл ретте, аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін осы Қағидалардың 19-тармағының 7) - 9) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну жүзеге асырылмайды.

      Ескерту. 2-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 13.08.2021 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Құжаттарды қабылдау және өтінім берушілерді аукциондық сауда саттықта тіркеуді Ұйымдастырушы уәкілетті орган бекіткен Графикте көрсетілген мерзімде жүргізеді.

      10. Сауда жүйесінің деректер базасында тіркелу үшін өтінім беруші онлайн тіркеуден өту үшін Ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсына жүгінеді және Ұйымдастырушыға осы Қағидалардың 19-тармағының 1)-5) тармақшаларына сәйкес құжаттарды электрондық түрде ұсынады.

      11. Өтінім беруші осы Қағидалардың 4-параграфына сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығына аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз еті жөніндегі құжаттардың түпнұсқаларын аукциондық сауда-саттық басталу күніне дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      12. Өтінім беруші осы Қағидалардың 19-тармағының 1)-5) тармақшаларына сәйкес құжаттарды ұсынған, өтінім беруші мен Ұйымдастырушы арасында шартты жасасқан және Ұйымдастырушының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеген кезде Ұйымдастырушы өтінім берушіге аукциондық сауда-саттықтарға қатысушының мәртебесін тағайындайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Ұйымдастырушы уәкілетті орган бекіткен аукциондық сауда-саттық жүргізу графигіне сәйкес аукциондық сауда-саттық басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінім берушілерден құжаттарды қабылдауды тоқтатады.

      14. Қатысушы аукциондық сауда-саттықтар басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Ұйымдастырушыға деректемелерінің, қатысушының сауда жүйесіне қосыла алатын қызметкерлері тізімінің өзгеруі туралы хабарлайды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Сауда жүйесіне қосылуға рұқсат беретін паролді үшінші тұлғаларға берілуге жатпайды.

      16. Ұйымдастырушының қызметіне тариф Қазақстан Респубдикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді және өтінім беруші мен ұйымдастырушы арасында жасалатын шарт (бұдан әрі-Шарт) негізінде төлененді.

      17. Шартта:

      1) Шарт мәні, Ұйымдастырушы көрсететін қызметтердің түрлері, төлемнің мерзімдері және тәртібі;

      2) аукциондық сауда-саттыққа қатысу және аукциондық сауда-саттық рұқсат етілуі үшін өтінім берушіге қойылатын өлшем шарттар мен талаптар;

      3) аукциондық сауда-саттықты өткізу әдістері;

      4) Ұйымдастырушының көрсететін қызметтері үшін төленетін ақыны өтінім берушіге қайтару шарты;

      5) Шартқа қатысушылардың Шарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі қамтылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.10.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Ұйымдастырушы аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу мақсатында:

      1) сауда жүйесінің аукциондық сауда-саттықты өткізу бойынша жұмысқа қабілетін қамтамасыз етеді;

      2) аукциондық сауда-саттықты өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар мен регламенттерді әзірлейді және бекітеді;

      3) қатысушыларға аукциондық сауда-саттыққа қол жеткізу үшін тең жағдайларды қамтамасыз етеді;

      4) қатысушылардың қызметкерлеріне сауда жүйесінде жұмыс істеу бойынша нұсқама өткізеді;

      5) уәкілетті органмен және қаржы-есеп айырысу орталығымен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізумен байланысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

      6) ресми интернет-ресурста Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімін жариялайды.

      18-1. Техникалық тапсырмаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығы әлеуетті өтінім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қарастыру, конкурсқа қатысуға және әзірлеуші құжаттарын анықтауға арналған конкурстық комиссия құрады.

      Ескерту. 1-параграф 18-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары

      19. Аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін Қатысушылар құқықтық қабілеттілігі және төлем қабілеттілігі бойынша біліктілік талаптарын мынадай құжаттарды ұсыну арқылы растайды:

      1) Жарғы көшірмесі;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) бірінші басшыны тағайындау туралы заңды тұлғаның тиісті органы шешімінің көшірмесі;

      4) өкілге сенімхат (мүдделерді білдіруді бірінші басшы жүзеге асырмаған жағдайда);

      5) заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат (банк деректемелері, мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы);

      6) аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді енгізу;

      7) Электр желілік қағидаларға сәйкес берілген және келісілген электр желісіне қосуға арналған техникалық шарттардың көшірмелері не Графикке сәйкес электр желілеріне қосылу нүктелерін көрсету;

      8) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері не Графикке сәйкес жер учаскесін көрсету;

      9) Электр желілік қағидаларға сәйкес әзірленген, мәлімделген электр қуаты 5 МВт және одан да көп "Электр станциясының қуатын беру схемасын" жүйелік оператордың келісу хатының көшірмесі немесе Графикке сәйкес электр желілеріне қосылу нүктелерін көрсету;

      10) құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттыққа қатысатын қатысушылар үшін Ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттамамен Қатысушының танысқаны туралы растау хаты.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.10.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Банктік кепілдік түріндегі аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету қаржы-есеп айырысу орталығының пайдасына шығарылған резервтік аккредитив бойынша ұсынылады.

3-параграф. Өтінімнің мазмұны және оны беру тәртібі

      21. Аукциондық сауда-саттық Ұйымдастырушының сауда жүйесінің интернет-ресурсы арқылы интернет желісін пайдалана отырып, қашықтықтан анонимді өткізіледі.

      22. Аукциондық сауда-саттық бір жақты аукцион түрінде өткізіледі.

      23. Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі сауда сессиясы осы Қағидалардың 3-тармағына немесе қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу жағдайында, 60-5-тармағының 7) тармақшасына сәйкес белгіленетін мерзімдерде өткізіледі және 30 (отыз) минутқа созылады.

      Бұл ретте сауда сессиясы аяқталғанға дейін бес минут ішінде аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан қолда бар ең төменгі ұсыныстан төмен бағамен өтінім түскен кезде сауда сессиясы 5 (бес) минутқа ұзартылады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 24.08.2022 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Сауда сессиясы ашылғанға дейін Ұйымдастырушы:

      1) сауда жүйесіне белгіленген қуатты іріктеуге жоспарланған көлемдері туралы ақпаратты, шекті аукциондық бағаны және уәкілетті орган бекіткен Графикке сәйкес өзге де ақпаратты енгізеді;

      2) уәкілетті органнан алынған жоспарланған ЖЭК пайдалану объектілері үшін резервтелген жер учаскелерінің болуы және электр желілеріне қосу нүктелері бойынша ең жоғары рұқсат етілетін қуатты көрсете отырып, энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосу мүмкіндігі жөнінде сауда жүйесіне ақпарат енгізеді.

      3) сауда жүйесіне аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету шамалары туралы қаржы-есеп айырысу орталығынан алған ақпаратты енгізеді;

      4) сауда жүйесіне осы Қағидалардың 19-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес жер учаскелері және электр желілеріне қосылу нүктелері туралы ақпарат енгізеді.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Сауда сессиясын өткізу рәсімі мыналарды қамтиды:

      1) Ұйымдастырушының сауда сессиясын ашуы;

      2) қатысушылардың сауда жүйесінде аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді беруі;

      3) Ұйымдастырушының сауда сессиясын жабуы;

      4) аукциондық бағаларды айқындауды қоса алғанда, аукциондық сауда-саттықтың қорытындысын шығару;

      5) Ұйымдастырушының аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары тізілімін қалыптастыруы және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны өзінің интернет-ресурсында жариялауы.

      26. Қатысушының аукциондық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімінде мынадай негізгі мәліметтер қамтылады:

      1) қатысушының атауы;

      2) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетілген, бөлу белгісінен кейін екі киловатт-сағат үшін электр энергиясының бағасы ҚҚС-сыз;

      3) белгіленген қуат көлемі 100 киловаттан кем емес және 1 (бір) киловатқа тең;

      4) ЖЭК пайдалану объектісінің салуы жоспарланатын жер учаскесі және электр желісіне қосу нүктесі;

      5) белгіленген қуаттың ең аз рұқсат етілген көлемі.

      Бұл ретте Қатысушылар өтінімде осы Қағидалардың 19-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес Ұйымдастырушыға ұсынылған электр желісіне қосуға берілген техникалық шарттарға сәйкес жер учаскесі және электр желісіне қосылу нүктесі туралы тиісті деректерді көрсетеді не кестеден тиісті деректерді таңдайды.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Қатысушылар сауда жүйесіне аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді сауда сессиясын өткізу барысында береді, бұл ретте өтінімдерде көрсетілген бағалар тиісті шекті аукциондық бағалар шамасынан аспауға тиіс.

      28. Қатысушылар сауда сессиясы барысында берген, бағалары сауда жүйесіне берілген басқа Қатысушылардың аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерінде көрсетілген бағалармен бірдей аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер қабылданбайды.

      29. Қатысушылар құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттыққа қатысуға мыналардан асып кететін көлемдерді көрсете отыры, өтінім береді:

      1) уәкілетті орган аукциондық сауда-саттыққа шығарған белгіленген қуат көлемі;

      2) электр желілеріне қосу нүктелері бойынша ең жоғары рұқсат етілетін қуат көлемі;

      3) аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету шамасы.

      Құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттық өткізу кезінде қатысушыдан аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету шегінде аукциондық сауда-саттыққа қойылған жобаның белгіленген қуатының толық көлеміне тең өтінім беріледі.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29-1. Құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттыққа өтінімдер берген кезде қатысушылар әрбір қосылу нүктесіне және жер учаскесіне қатысты аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету шегінде жеке-жеке өтінім береді.

      Ескерту. 3-параграф 29-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Қатысушылар бір мезгілде ЖЭК пайдалану объектілерін салу жоспарланып отырған бірнеше жер учаскелеріне және аукциондық сауда-саттыққа қатысуға берілген әрбір өтінімді қаржылық қамтамасыз ету шегінде электр желісіне қосудың бірнеше нүктелеріне құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер бере алады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Сауда жүйесіне аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінім берген Қатысушы оны аукциондық сауда-саттықтан алып тастай алмайды.

      32. Қатысушылар өз қалауы бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғанға дейін жаңа өтінім беру арқылы бұрын берілген өтінімді өзгертеді.

      Бұл ретте, қатысушылар жаңа өтінімдегі бағаны алдыңғыға қарағанда төмен көрсетеді, ал бұрын берілген өтінімнің көлемі өзгертуге жатпайды.

      Сауда сессиясының негізгі уақыты – 30 (отыз) минут ішінде бағаны өзгерту қадамы 1 (бір) киловатт-сағат үшін кемінде 5 (бес) тиын, сауда сессиясын 5 (бес) минутқа ұзарту уақыты кезеңінен бастап, бағаны өзгерту қадамы 1 (бір) киловатт-сағат үшін кемінде 50 (елу) тиынды құрайды.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 24.08.2022 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Сауда жүйесіне аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді беру күні мен уақытын тіркеуді миллисекундке дейінгі дәлдікпен Ұйымдастырушы жүзеге асырады.

4-параграф. Аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлері және оларды енгізу мен қайтару шарттары

      34. Қатысушылар қабылдаған міндеттемелерді, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарында туындайтын міндеттемелерді орындау кепілдігі мақсатында аталған тұлғалар осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және шарттарда қаржылық қамтамасыз етуді енгізеді.

      Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді қаржылық қамтамасыз ету туралы ақпарат құпия болып табылады және жариялауға жатпайды.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Қаржылық қамтамасыз ету үшінші тұлғалардың талап ету құқықтарынан, сондай-ақ қатысушының және (немесе) аукциондық сауда-саттық жеңімпазының басқа міндеттемелерінен ерікті болуы тиіс.

      36. Банктік кепілдік немесе резервтік аккредитив бойынша төленген талап нәтижесінде алынған ақша қаржы-есеп айырысу орталығының резервтік қорының арнайы шотына аударылады және (немесе) қаржы-есеп айырысу орталығы Қағидалардың 3-3-тармағына сәйкес құжаттаманы дайындауға жібереді.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Қаржылық қамтамасыз етуді енгізу және қайтару шарттары осы параграфқа сәйкес анықталады.

      38. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді өтінім берушілер ұйымдастырушыға ұсынады және ол осы Қағидаларда көзделген шарттар мен мерзімдерде аукциондық сауда-саттық жеңімпазы болып анықталған жағдайда қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу шартын жасауға және сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге кепілдік болып табылады.

      39. Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10662 болып тіркелген) Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларына сәйкес сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді сатып алу шартына қол қойғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде қаржы-есеп айырысу орталығына ұсынады.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету қаржы-есеп айырысу орталығының пайдасына шығарылады және оған аукциондық сауда-саттық басталатын күнге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.

      41. Қаржы-есеп айырысу орталығы Ұйымдастырушыға сомаларды көрсете отырып, қаржылық қамтамасыз етуі бар өтінім берушілердің тізімін аукциондық сауда-саттық басталғанға дейін 2 (екі) сағат бұрын жібереді.

      42. Өтінім беруші аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етудің SWIFT жүйесі бойынша шығарылған мына түрлерінің бірін таңдайды:

      1) банк кепілдігі;

      2) резервтік аккредитив.

      43. Қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету мөлшері:

      1) құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттықта – аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде көрсетілген ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген қуатына көбейтілген белгіленген қуаттың 1 (бір) киловатына 2000 (екі мың) теңге;

      2) құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттықта – Графикте көрсетілген ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген қуатына көбейтілген белгіленген қуаттың 1 (бір) киловатына 5000 (бес мың) теңге.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив түрінде өтінім берушімен енгізілген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету қаржы-есеп айырысу орталығымен тиісті хатты аукциондық сауда-саттықты өткізген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде банкке (банктерге) жолдау арқылы мына жағдайлардың бірі туындаған кезде қайтарылады (босатылады):

      1) қатысушы аукциондық сауда-саттық қорытындысына сәйкес аукциондық сауда-саттық жеңімпазы болып табылмаса;

      2) аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы сатып алу шартын жасаса және сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді енгізсе.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. Егер аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы сатып алу шартын жасасудан жалтарса және (немесе) сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуді Қағидалардың 38 және 39-тармақтарына сәйкес ұсынбаса, қаржы-есеп айырысу орталығы тиісті банктік кепілдік немесе резервтік аккредитив бойынша ақы төлеуге талап қояды.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Қаржылық қамтамасыз ету аукциондық сауда-саттық өткізген күннен бастап кемінде 150 (бір жүз елу) күнтізбелік күнге жарамды мерзімге ресімделеді және қайтарып алуға болмайтын болып табылады.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Банк қаржылық қамтамасыз етуді қаржы-есеп айырысу орталығы мынадай құжаттарды ұсынған кезде орындайды (ұстайды):

      1) қаржы-есеп айырысу орталығының уәкілетті тұлғасы қол қойған және қаржы-есеп айырысу орталығы мөрінің баспа таңбасымен куәландырылған борышкер тұлғаның міндеттемелерін орындамауы туралы қағаз түріндегі өтініші;

      2) осы Қағидаларға сәйкес өтеу сомасы көрсетілген төлемге талап.

      48. Қаржылық қамтамасыз етумен байланысты барлық банктік, соның ішінде Алушы (бенефициар) банктің комиссиялары мен шығыстарын борышкер тұлға төлейді.

      49. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету ретіндегі банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor’s бойынша "В" немесе Fitch бойынша "В-" немесе Moody’sInvestorsService бойынша "В3"-тен төмен болмайтын немесе бас ұйымның (Қазақстан Республикасы резидент банкі акцияларының 50% астамына ие) рейтингі Standard&Poor’s бойынша "ВВВ" немесе Fitch бойынша "ВВВ" немесе Moody’sInvestorsService бойынша "Ваа2" деңгейінен төмен емес Қазақстан Республикасы резидент банктерінен ұсынылады.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының резиденті емес банктерден банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивті резидент банктер резидент емес банктердің контр-міндеттемелеріне кепілдеме шығару жолымен растауы тиіс.

      Standard & Poor's, "BBB" Fitch "Baa2" бойынша Moody's Investorservice бойынша "BBB"-тен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, Қазақстан Республикасының резидент емес-банктері, тиісті қарсы міндеттемелерді шығарусыз банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив шығаруы мүмкін.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.09.2018 № 360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5- параграф. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібі

      50. Сауда сессиясы барысында құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларға мынадай ақпарат ашық:

      1) уәкілетті орган бекіткен Графикте көрсетілген аукциондық сауда-саттықты сипаттайтын жалпы ақпарат;

      2) қатысушының барлық параметрлері бар аукциондық сауда-саттыққа қатысуға берген өтінімі (бағасы, өтінім беру уақыты);

      3) аукциондық сауда-саттыққа қатысуға берілген өтінімдерде көрсетілген ең төмен баға (көлемін көрсетпестен).

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      50-1. Сауда сессиясы барысында құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларға мынадай ақпарат ашық:

      1) уәкілетті орган бекіткен Графикте көрсетілген аукциондық сауда-саттықты сипаттайтын жалпы ақпарат;

      2) қатысушының барлық параметрлері бар аукциондық сауда-саттыққа қатысуға берген өтінімі (бағасы, өтінім беру уақыты);

      3) бағаны көрсете отырып, сауда-саттыққа қатысушылар берген өтінімдер.

      Ескерту. 5-параграф 50-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      51. Ұйымдастырушы баға есебін мынадай шарттар орындалған кезде жүргізеді:

      1) сатуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдердің белгіленген қуатының жиынтық көлемі белгіленген қуатқа сұраныс көлемінің кемінде 130% - ы;

      2) сауда жүйесінде тіркелген және тиісті аукциондық сауда-саттыққа жіберілген қатысушылардың саны екіден кем емес.

      Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда Ұйымдастырушы баға есебін жүргізбейді, сауда сессиясының жабылу уақыты өткенге дейін сауда-саттықты жабады және сауда-саттықты өтпеді деп жариялайды.

      Осы тармақтың 1) тармақшасының ережесі судың гидродинамикалық энергиясын, тұтыну қалдықтарын, биомассаны, биогазды және электр энергиясын өндіру үшін қалдықтардан алынатын өзге де отынды пайдаланатын объектілерді салу жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қолданылмайды.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.03.2024 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      52. Қатысушылардың аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерінен Ұйымдастырушы онда көрсетілген бағалардың өсу ретімен қалыптастырылған сараланған тізімді жасайды.

      53. Құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттықтарда жеңімпаздардың алдын ала тізімін анықтау сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін, сұраныс толық қанағаттандырылғанға дейін мәлімделген бағалардың өсу тәртібімен оларды сараланған тізімнен дәйекті іріктеу жолымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53-1. Құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттықта жеңімпазды анықтау аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді сауда-саттық сессиясына қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін ең төмен бағамен бір өтінімді таңдау жолымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-параграф 53-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. Егер құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттықта жеңімпаздардың алдын ала тізімінде бір атаулы қосылу нүктесі көрсетілген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға бірнеше алдын ала қанағаттандырылған өтінімдер болған жағдайда, техникалық талаптары аукциондық сауда-саттыққа қатысуға осы өтінімдердің жиынтық көлемінің осы қосылу нүктесі бойынша ең жоғары рұқсат етілген қуат көлемінен және/немесе ықтимал қосылу санынан асып түсуіне байланысты орындала алмайтын болса, онда аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінім жеңімпаздарының алдын ала тізімінен осы қосылу нүктесі бойынша белгіленген қуаттың ең жоғары рұқсат етілген көлемі және ықтимал қосулар саны туралы шарт орындалғанға дейін бағаның кему тәртібімен алып тасталады.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54-1. Аукциондық сауда-саттық бір қосылудың техникалық мүмкіндігімен өткізілген кезде, сауда сессиясында Графикте көрсетілгенге тең белгіленген қуаттың көлеміне аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер қабылданады.

      Ескерту. Қағидалар 54-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.03.2024 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55. Егер жеңімпаздардың алдын ала тізімінен құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттыққа қатысуға соңғы талап етілген өтінім бар сұраныс кезінде толық қанағаттандырылмаса, онда сауда-саттық өткізу кезінде мынадай шарттар қолданылады:

      1) егер аукциондық сауда-саттыққа қатысуға соңғы талап етілген өтінімнің қанағаттандырылған көлемі оның мәлімделген көлемінен 50% немесе одан көп болса, онда аукциондық сауда-саттыққа қатысуға мұндай өтінім сауда-саттық қорытындылары бойынша толық көлемде не қосылу нүктесінің ең жоғары рұқсат етілген көлемін шектеу шамасынан аспайтын көлемде қанағаттандырылады. Бұл ретте, уәкілетті орган жариялаған белгіленген қуатты іріктеу көлемі сараланған тізімнен аукциондық сауда-саттыққа қатысуға соңғы талап етілген өтінімнің қанағаттандырылмаған қалдығының (не оның бір бөлігінің) шамасына ұлғайтылатын болады;

      2) егер аукциондық сауда-саттыққа қатысуға соңғы талап етілген өтінімнің қанағаттандырылған көлемі оның мәлімделген көлемінің 50% - ынан кем болса, онда аукциондық сауда-саттыққа қатысуға мұндай өтінім белгіленген қуаттың ең аз рұқсат етілген көлемі туралы шартқа тексеріледі.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      56. Осы Қағидалардың 54 және 55-тармақтарында көрсетілген шарттарды тексергеннен кейін Ұйымдастырушы құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттық жеңімпазын (жеңімпаздарын) анықтайды және оларды аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгізеді. Бұл ретте аукциондық бағалар аукциондық сауда-саттыққа қатысуға берілген өтінімдерде көрсетілген бағалар бойынша айқындалады.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      56-1. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 24.08.2022 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      57. Ұйымдастырушы өткізілген аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша сауда сессиясы жабылғаннан кейін 1 (бір) сағат ішінде Қатысушыларға өткізілген аукциондық сауда-саттық қорытындысы туралы электрондық түрде хабарлама жібереді. Қатысушыларға жазбаша хабарламалар келесі жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 18-00-ден кешіктірілмей жіберіледі.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.10.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58. Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі сауда сессиясы жабылғаннан кейін 1 (бір) сағат ішінде аукциондық бағалар мен аукциондық сауда-саттық барысында іріктелген ЖЭК пайдалану объектілерінің белгіленген қуат көлемін көрсете отырып, Ұйымдастырушының веб-сайтында жарияланады.

      58-1. Есеп айырысу-қаржы орталығының құжаттаманы әзірлеушінің құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттық жеңімпазының меншігіне беруі тиісті сатып алу-сату шартын жасасу жолымен жүзеге асырылады.

      Ілеспе салықтарды қоса алғанда, құжаттаманы әзірлеуге арналған шығындарды жобалық аукциондық сауда-саттық жеңімпазы есеп айырысу-қаржы орталығына аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тиісті тізілімі жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өтейді (төлейді).

      Ескерту. 5-параграф 58-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      59. Ұйымдастырушы сауда сессиясы жабылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей өткізілген аукциондық сауда-саттықтың өткізу тәртібі ашып көрсетілген және сауда жүйесіне берілген барлық өтінімдер тұратын толық ақпаратты көрсете отырып, аукциондық сауда-саттық қорытындысын және Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімін қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді.

      60. Уәкілетті орган Ұйымдастырушыдан Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімін алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарын ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне және күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ЖЭК пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына енгізеді.

      Бұл ретте аукциондық сауда-саттықтың жеңімпаздары ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізілгеннен кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде қаржы-есеп айырысу орталығымен сату шартын жасасу үшін өтінім береді.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.08.2020 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Параграф 6. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу

      Ескерту. 2-тарау 6-параграфпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60-1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдарға қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектіні тиісті өңірде енгізу және осы Қағидалардың 60-2-тармағында көзделген энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді салу жөнінде ақпарат беру қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      60-2. Жергілікті атқарушы органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға бір ай мерзімде жазбаша түрде мынадай ақпаратты жібереді:

      1) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес техникалық сипаттамаларын ескере отырып, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазына жер учаскесін резервтеу және беру (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі салынуы жоспарланған объектілер үшін) туралы кепілдік хат;

      2) электр желілеріне қосудың ең жақын нүктесіне ие энергия беруші ұйым туралы ақпарат;

      3) түзілетін қалдықтардың көлемі.

      60-3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган энергия беруші ұйымдарға және Жүйелік операторға белгілі бір өңірде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық үшін электр желілеріне қосудың ықтимал нүктелері туралы ақпаратты ұсыну қажеттігі туралы сұрау салуды жібереді.

      Энергия беруші ұйымдар сұрау алынған сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға көрсетілген өңірдегі электр желілеріне ең жақын қосылу мүмкіндігі туралы ақпарат береді және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпазы үшін электр желісіне қосудың осы нүктесін резервке қояды.

      Электр желілеріне қосылу мүмкіндігі туралы ақпаратты ұсынған сәттен бастап қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық аяқталғанға дейін энергия беруші ұйымдар электр желісіне резервтелген қосу нүктелері бойынша электр желісіне қосуға арналған техникалық шарттарды алуға өтінімдерді қабылдауды тоқтата тұрады.

      60-4. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру жөніндегі объектілерді салуға жер учаскелерін бөледі және энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді салуға арналған жер учаскелерін жеңімпаздарға жер учаскесіне аукциондық сауда-саттық берген кезге дейін резервте сақтайды.

      60-5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 60-2 және 60-3-тармақтарында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде Ұйымдастырушыға аукциондық сауда-саттық өткізу үшін мынадай ақпаратты жібереді:

      1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 10 тамыздағы № 321 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23936 болып тіркелген) бекітілген Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидаларында айқындалған энергетикалық кәдеге жарату объектілерін енгізу үшін елді мекендердің топтары бойынша;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген топтың әрбір елді мекеніндегі жер учаскелерін резервтеу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың құжаттары бойынша;

      3) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды енгізу болжанатын, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген топтың әрбір елді мекенінде түзілетін қалдықтардың көлемі туралы;

      4) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды енгізу болжанатын, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген топтың әрбір елді мекені үшін электр желілеріне қосудың таяу нүктелері туралы;

      5) әр топ бойынша шекті аукциондық баға туралы;

      6) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі болжамды объектілердің белгіленген қуаты туралы;

      7) аукциондық сауда-саттықты өткізу күні мен мерзімі, құжаттарды қабылдау мерзімі және өтінім берушілерді аукциондық сауда-саттықта тіркеу, сондай-ақ сауда сессиясын өткізу күні мен мерзімі туралы.

      Бұл ретте сауда сессиясын өткізу күні Ұйымдастырушы осы тармақта көрсетілген ақпаратты алған сәттен бастап кемінде 2 (екі) ай бұрын айқындалады.

      Ескерту. 60-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.10.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.03.2024 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      60-6. Энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілерді салу жөніндегі ақпаратты алғаннан кейін Ұйымдастырушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында, сондай-ақ өтінім берушілерді аукциондық сауда-саттықта тіркеу және құжаттарды қабылдау шарттары мен мерзімдерін орналастырады.

      60-7. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа дайындық осы Қағидалардың 10, 11, 12, 15, 16, 17 және 18-тармақтарына, 18-тармақтың 5) тармақшасын және 43-тармақты қоспағанда, сәйкес жүргізіледі.

      60-8. Осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес Ұйымдастырушы осы Қағидалардың 60-5-тармағына сәйкес ұсынылған ақпарат мәтіні орналастырылған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде сауда жүйесінің деректер базасында құжаттарды қабылдауды және өтінім берушілерді тіркеуді жүргізеді.

      60-9. Ұйымдастырушы құжаттарды қабылдау және өтінім берушілерді тіркеу аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға Ұйымдастырушының сауда жүйесінің деректер базасында тіркеуден өткен аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың тізімін жібереді және Ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырады.

      60-10. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 10 тамыздағы № 321 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23936 болып тіркелген) бекітілген Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізу үшін құжаттарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 60-10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің м.а. 04.03.2024 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60-11. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру мәселелері жөніндегі Комиссия 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде қатысушылар ұсынған құжаттарды қарайды, шешім қабылдайды және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін сауда сессиясы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей Ұйымдастырушыға жібереді.

      60-12. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін өтінім беру осы Қағидалардың 21, 22, 23, 25-тармақтарына, 26-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына және 27, 28, 31, 32 және 33-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      60-13. Ұйымдастырушы аукциондық сауда-саттық ашылғанға дейін сауда жүйесіне осы Қағидалардың 60-5-тармағында көрсетілген ақпаратты енгізеді, сауда сессиясы ашылғанға дейін сауда жүйесіне қаржы-есеп айырысу орталығынан алынған аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді қаржылық қамтамасыз ету шамалары туралы ақпаратты енгізеді.

      60-14. Аукционға қатысуға өтінімді қаржылық қолдау түрлері және олардың қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша сауда-саттыққа кіру және қайтару шарттары осы Қағидалардың 20, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 44, 45, 46, 47, 48 және 49-тармақтарына сәйкес регламенттеледі.

      60-15. Қатысуға арналған аукциондық сауда-саттыққа өтінімді қаржылық қамтамасыз ету мөлшері осы Қағидалардың 60-5-тармағының 6) тармақшасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұсынған ақпаратта көрсетілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектінің белгіленген қуатына көбейтілген, белгіленген қуаттың 1 (бір) киловатына - 5000 (бес мың) теңгені құрайды.

      60-16. Сауда сессиясына қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізілген аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар қатысады.

      Сауда сессиясы барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларға мынадай ақпарат ашық:

      1) осы Қағидалардың 60-5-тармағында көзделген ақпарат;

      2) қатысушының оның барлық параметрлерімен берген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімі (бағасы, өтінімді беру уақыты);

      3) баға көрсетілген сауда-саттыққа қатысушылар берген өтінімдер.

      60-17. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 24.08.2022 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60-18. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық қорытындыларын шығару және жеңімпаздарын айқындау тәртібі осы Қағидалардың 51, 52, 53-1, 57, 58 және 60-тармақтарына сәйкес регламенттеледі.

      60-19. Ұйымдастырушы сауда сессиясы жабылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей аукциондық сауда-саттықты өткізу тәртібін кезең-кезеңімен ашып көрсете отырып және сауда жүйесіне берілген барлық өтінімдер туралы толық ақпаратты және аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімін көрсете отырып, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша өткізілген аукциондық сауда-саттық қорытындыларын қалыптастырады және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      60-20. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары оларды аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгізгеннен кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі әрбір жекелеген объект бойынша қаржы-есеп айырысу орталығымен сатып алу-сату шартын жасасу үшін өтінім береді.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      61. Аукциондық сауда-саттықты өткізу мына жағдайлар туындағанда 30 минутқа дейінгі тоқтатыла тұруы мүмкін:

      1) сауда жүйесінің жұмыс істемеуіне алып келген сервер жабдығындағы техникалық ақаулар немесе электрондық жүйедегі іркіліс;

      2) сауда жүйесіне қолжетімділікке кедергі туғызған Интернет желісі жабдықтарының немесе байланыс арналарының техникалық ақаулары.

      62. Аукциондық сауда-саттықты өткізу тоқтатыла тұрған кезде Ұйымдастырушы шұғыл түрде Қатысушыларға қолжетімді техникалық байланыс құралдары арқылы аукциондық сауда-саттықты өткізу процесі қайта қалпына келтірілетін уақытын көрсетіп, сауда-саттықтың тоқтатыла тұру себебі туралы хабарлайды.

      63. Аукциондық сауда-саттықты өткізу мына жағдайлар туындағанда тоқтатылуы мүмкін:

      1) осы Қағидалардың 61-тармағында көрсетілген техникалық ақауларды жоюға 30 минуттан артық уақыт керек болса;

      2) сауда залы және (немесе) сауда жүйесінің сервер жабдығындағы электрмен жабдықтаудағы ұзақ (екі сағаттан артық) үзіліс.

      64. Аукциондық сауда-саттықты осы Қағидалардың 63-тармағында көрсетілген себептер бойынша тоқтатқан жағдайда, аукциондық сауда-саттық екінші қайтара аукциондық сауда-саттықты өткізу күнінің келесі жұмыс күні өткізіледі.

      64-1. Егер аукциондық сауда-саттық осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген себептер бойынша өтпеді деп жарияланған жағдайда, Ұйымдастырушы бұл туралы уәкілетті органды осы Қағидалардың 59-тармағында белгіленген тәртіппен хабардар етеді.

      Қайталама аукциондық сауда-саттық аукциондық сауда-саттық өткізілмеген деп жарияланған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей бір реттен көп емес өткізіледі.

      Осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген себептер бойынша қайталама аукциондық сауда-саттықтар өткізілмеді деп жарияланған кезде Ұйымдастырушы қайталама аукциондық сауда-саттықтар өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге Ұйымдастырушының көрсеткен қызметтеріне төленетін ақыны қайтаруды жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген себептер бойынша өтпеген деп жарияланған алдыңғы аукциондық сауда-саттықтарға бұрын қатысқан қатысушылар қайталама аукциондық сауда-саттықтарға қатысқаны үшін Ұйымдастырушының көрсеткен қызметтеріне ақы төлеуді жүргізбейді.

      Аукциондық сауда-саттықты өткізу күнін уәкілетті орган айқындайды және ол туралы қайталама аукциондық сауда-саттықты өткізу күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей уәкілетті органның және ұйымдастырушының интернет-ресурсында жариялайды.

      Құжаттарды қабылдауды және өтініш берушілерді қайталама аукциондық сауда-саттықта тіркеуді Ұйымдастырушы осы Қағидаларға сәйкес жүргізеді және қайталама аукциондық сауда-саттықты өткізу басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын тоқтатады.

      Ескерту. 3-тарау 64-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 27.06.2019 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 11.10.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      65. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу барысында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

  Аукционға қатысушыларға
қойылатын біліктілік
талаптарын, өтінімнің мазмұнын
және оны беру тәртібін,
аукционға қатысуға арналған
өтінімді қаржылық қамтамасыз
ету түрлерін және оларды енгізу
мен қайтару шарттарын,
қорытынды шығару және
жеңімпаздарды анықтау
тәртібін қамтитын аукциондық
сауда- саттықты ұйымдастыру
мен өткізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Аукциондық сауда-саттықты өткізу графигі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 11.10.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Сауда-саттық күні (айы)

Сауда-саттықты өткізу уақыты (Астана қаласы уақыты мен)

Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар тізіліміне енгізу үшін құжаттар қабылдау кезеңі

БЭЖ аймағы

ЖЭК типі

Сатып алынатын белгіленген қуат көлемі, МВт

Шекті аукциондық баға шамасы, тг/кВт*сағ

Пайдалануға енгізу талап етілетін күн, шарттың қолданылу мерзімі

Жобаның белгіленген қуатының 1 кВт есебінен аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету

Жобаның белгіленген қуатының 1 кВт есебінен сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету

Құжаттама ның болуы (бар/жоқ)

шағын 0,1-ден 10 МВт дейін қоса алғанда ( 0,75 МВт басталатын ЖЭС үшін)

ірілері 10 МВт және одан жоғары

      Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу үшін жоспарланатын резервтелген жер учаскелері туралы ақпараты бар 1-кесте:

р/с №

Облыс

Аудан

Елді мекен

Жер ауданы, гектар

Жер санаты







      Электр желілеріне қосу нүктелері бойынша барынша рұқсат етілген қуат және болжамды қосу саны көрсетілген энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосылу мүмкіндігі туралы ақпараты бар 2-кесте:

Энергия беруші ұйым

Облыс

Аудан

ЭБЖ

Кіші станция

Қосылу қуаты бойынша (белгіленген қуаттың максималды рұқсат етілген көлемі) шектеу, МВт

Жаңа қосылулар саны бойынша шектеу (жалғаным)

Атауы, координаттары

Шиналары

      Ескертпе:

      осы қосымшада қолданылатын аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БЭЖ – біртұтас энергетикалық жүйе;

      ЖЭК – жаңартылатын энергия көздері;

      ЖЭС – жел электр станциялары;

      ЭБЖ – электр беру желілері;

      МВт – мегаватт;

      кВт – киловатт;

      тг/кВт*сағ – теңге/киловатт*сағат.

  Аукционға қатысушыларға
қойылатын біліктілік
талаптарын, өтінімнің мазмұнын
және оны беру тәртібін,
аукционға қатысуға арналған
өтінімді қаржылық қамтамасыз
ету түрлерін және оларды енгізу
мен қайтару шарттарын,
қорытынды шығару және
жеңімпаздарды анықтау тәртібін
қамтитын аукциондық сауда-
саттықты ұйымдастыру
мен өткізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

20__ жылғы "__" _______ № __ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.03.2021 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ п/п

Сауда-саттық күні

Мәміле нөмірі

ЖЭК түрі/қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі

Жеңімпаздың атауы

Жер учаскесі

Қосылу нүктесі

Аукциондық бағасы, тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз)

Белгіленген қуат, кВт

1









2










ЖИЫНЫ:


      Ескертпе:

      осы қосымшада қолданылатын аббревиатуралардың оқылуы:

      ЖЭК – жаңартылатын энергия көздері;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      тг/кВт*сағ – теңге/киловатт*сағат;

      кВт – киловатт.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады