Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 167) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 738 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21952 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 753 Бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әскери қызмет қауіпсіздігі – әскери қызмет өткеру процесінде әскери қызметшілерге зиянды және қауіпті ықпал етуді болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген әскери қызметші қорғалуының жай-күйі;
2) әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру процесінде әскери қызметшілерге зиянды және қауіпті ықпал етуді болдырмайтын әскери басқару органдары қабылдайтын іс-шаралар кешені.
3. Әскери қызметтің қауіпсіздігі:
1) әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басқару;
2) әскери қызметшілерді күнделікті қызметте әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауға даярлау;
3) әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйін бақылауды ұйымдастыру;
4) әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйіне талдау жүргізу жолымен қамтамасыз етіледі.
2-тарау. Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басқару
4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басқару әскери басқару органдарының әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі мақсатты қызметі арқылы жүзеге асырылады.
5. Әскери басқару органдарының командирлері (бастықтары) жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы жылға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды (бұдан әрі – Жоспар) әзірлейді және бекітеді.
Жоспар әскерлердің (күштердің) күнделікті қызметінің жағдайлары өзгерген кезде, сондай-ақ қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың жаңа үлгілері әскери басқару органдарына келіп түскен кезде нақтыланады.
6. Жоспарда әскери басқару органдарының командирлері (бастықтары):
1) әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды және жауапты лауазымды адамдарды;
2) әскери басқару органдары және олардың бөлімшелері мен қызметтері әскери қызметшілер қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, күнделікті қызмет іс-шараларын орындаған кезде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын айқындайды.
3-тарау. Әскери қызметшілерді күнделікті қызметте әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауға даярлау
7. Әскери қызметшілерді әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауға даярлау әскери басқару органдарының күнделікті қызметі барысында туындайтын зиянды және қауіпті ықпал етуден қорғауды қамтамасыз ететін әскери қызметшілердің кәсіби даярлығы деңгейін ұстап тұруды қамтиды.
8. Әскери басқару органдарында әскери қызметшілерді әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауға даярлауды командирлер (бастықтар) ұйымдастырады. Әскери басқару органдарының лауазымды адамдары лауазымдық міндеттеріне, сондай-ақ олардың командирлері (бастықтары) қойған міндеттерге сүйене отырып, әскери қызметшілерді даярлауға қатысады.
9. Әскери қызметшілерді қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын орындауға даярлау әскерлердің (күштердің) күнделікті қызметі жағдайында белгіленген қауіпсіздік талаптарын орындаудағы қажетті білімі мен дағдыларын қалыптастыру үшін әскери қызмет өткеру уақытында жүргізіледі.
10. Әскери қызметшілерді қауіпсіздік шараларының талаптарын орындауға даярлау жауынгерлік даярлық шеңберінде сабақтар өткізу арқылы да, арнайы сабақтар мен іс-шаралар өткізу барысында да жүзеге асырылады.
11. Арнайы сабақтар мен іс-шараларға мыналар жатады:
1) әскери басқару органдары ауқымында әскерлердің (күштердің) күнделікті қызметіндегі қауіпсіздік шараларының талаптарын сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі кешенді тактикалық-саптық сабақтар – қысқы және жазғы оқу кезеңі басталар алдында және бөлімшелер мен қызметтердегі ұқсас сабақтар – полигондарға (іс-қимыл аудандарына) шығумен сабақтарды (жаттықтыруларды), әскерлердің (күштердің) жүріп-тұруына, қару-жарақта, әскери және арнайы техникада жұмысты орындауға байланысты, сондай-ақ әскери қызметшілерді тәуліктік нарядта қызмет өткеруге даярлау кезінде оқу-жаттығуларды және басқа да іс-шараларды өткізу алдында;
2) әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі айлықтар (онкүндіктер).
4-тарау. Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйін бақылауды ұйымдастыру
12. Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйін бақылаудың негізгі бағыттарына мыналар жатады:
1) әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйін, әскери басқару органдарында лауазымды адамдардың әскери қызметтің қауіпсіз жағдайларын жасау және қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын зерделеу;
2) әскери басқару органдары орындайтын міндеттердің ерекшеліктері және маусымдық факторлар ескеріле отырып, әскери қызметшілердің қаза табуының (қайтыс болуының), олардың мертігуінің (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) себептері мен алғышарттарын айқындау;
3) әскери басқару органдарының бағынысты командирлеріне (бастықтарына), штабтарына әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау, өткізу және жан-жақты ұйымдастыру бойынша көмек көрсету.
13. Әскери басқару органдарының командирлері (бастықтары) және олардың орынбасарлары бағынысты бөлімшелерде тоқсанына бір рет Жоспарға сәйкес әскери қызмет қауіпсіздігінің жай-күйіне бақылау жүргізеді.
14. Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйін бақылау нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен ресімделеді.
15. Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жай-күйінің актілері бақылау аяқталғаннан кейін әскери басқару органдарының құпия емес іс жүргізуінде бес жыл бойы сақталады және әскери басқару органдарының әскери қызметі қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жүргізу үшін пайдаланылады.
5-тарау. Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйіне талдау жүргізу
16. Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйін талдау өткен жылдың ұқсас кезеңімен (қысқы және жазғы оқу кезеңімен, оқу жылымен) салыстыру арқылы жүргізіледі және:
1) әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы ақпаратты жинауды;
2) лауазымды адамдардың әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысында тән кемшіліктерді, қызметтік іс міндеттерін орындау кезінде әскери қызметшілердің қаза табу (қайтыс болу) және олардың мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) себептерін анықтауды;
3) әскери қызмет қауіпсіздігінің жай-күйі нашар әскери басқару органдарын, бөлімшелер мен қызметтерді, лауазымды адамдардың, әскери басқару органдары командирлерінің (бастықтарының) жұмыс істеу нысандары мен әдістерін, сондай-ақ әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру жағдайларын болдырмау жөніндегі шараларды айқындауды қамтиды.
17. Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа сандық көрсеткіштер мен олардың коэффициенттері (бір мың әскери қызметшіге шаққанда әскери қызметшілердің қаза табуы (қайтыс болуы), олардың мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) фактілерінің сандық көрсеткішінің мәні) бойынша талдау жүргізу кезінде әскери басқару органдарының және лауазымды адамдардың әскери қызметтің қауіпсіз жағдайларын жасау және қамтамасыз ету жөніндегі жұмысының тиімділігі айқындалады.
18. Әскери қызмет қауіпсіздігінің жай-күйін талдаудың сандық көрсеткіштеріне мыналар жатады:
1) әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде әскери қызметшілердің қаза табуы (қайтыс болуы);
2) әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде әскери қызметшілердің мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы).
19. Жүргізілген талдау негізінде әскери басқару органдарында әскери қызмет қауіпсіздігінің жай-күйі туралы қорытындылар жасалады және әскери қызмет қауіпсіздігін арттыруға, әскери қызметшілердің қаза табуы (қайтыс болуы) және олардың мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайының алдын алуға және оларды болдырмауға бағытталған шаралар айқындалады.
20. Әскери басқару органдарының командирлері (бастықтары) әскери қызмет қауіпсіздігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындаумен оны қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйін талдауды талданатын кезеңнен кейінгі күнтізбелік айдың 10-ы күнінен кешіктірмей жүргізеді:
1) стратегиялық əскери басқару органдарында – жыл сайын;
2) жедел-стратегиялық əскери басқару органдарында – жарты жылда бір рет және жыл сайын;
3) жедел-аумақтық және жедел-тактикалық əскери басқару органдарында – тоқсан сайын, жарты жылда бір рет және жыл сайын;
4) тактикалық жəне жергілікті əскери басқару органдарында – ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет және жыл сайын.
20__ жылға арналған әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жоспар
Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жоспардың мақсаттары:
Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жоспардың міндеттері:
Әскери басқару органдары және олардың бөлімшелері мен қызметтері әскери қызметшілер қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, күнделікті қызмет іс-шараларын орындаған кезде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары:
Р/с № | Іс-шара атауы | Жауапты адам (орындаушы) | Кім бақылайды | Орындау мерзімі | Аяқталу нысаны | Орындалуы туралы белгі (кіріс, шығыс, тіркеу нөмірі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Әскери басқару органы командирінің (бастығының) орынбасары (көмекшісі) (әскери атағы, тегі және инициалдары)
Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйін бақылау актісі
_______________________________________________
(бөлімше атауы)
____________________________________________________________________ сәйкес
(бақылаудың негізі)
әскери басқару органы командирінің (бастығының) орынбасары __________________,
__________________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, тегі мен инициалдары)
20___ жылғы "___" __________ мен 20__ жылғы "___" ___________ кезеңінде
_____________________________________________________________ әскери қызмет
(бөлімше атауы)
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйіне бақылау жүргізді.
Бақылау барысында мынадай бұзушылықтар анықталды:
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар: ___________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Бұзушылықтарды жою туралы 20___ жылғы "___" _________ баяндалсын.
Әскери басқару органы командирінің (бастығының) орынбасары ___________________
__________________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, тегі мен инициалдары)
Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйін бақылау актісімен таныстым.