Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 738 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 желтоқсанда № 21952 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 753 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 05.09.2022 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 21-тармағының 19-87) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ №738 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әскери қызмет қауіпсіздігі – әскери қызмет өткеру процесінде әскери қызметшілерге зиянды және қауіпті ықпал етуді болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген әскери қызметші қорғалуының жай-күйі;

      2) әскери қызмет қауіпсіздігі объектілері – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері;

      3) әскери қызмет қауіпсіздігі субъектілері – жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – әскери басқару органдары);

      4) әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру процесінде әскери қызметшілерге зиянды және қауіпті ықпал етуді болдырмайтын әскери басқару органдары қабылдайтын іс-шаралар кешені.

      3. Әскери қызметтің қауіпсіздігі:

      1) әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басқару;

      2) әскери қызметшілерді күнделікті қызметте әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауға даярлау;

      3) әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйін бақылауды ұйымдастыру;

      4) әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйіне талдау жүргізу.

2-тарау. Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басқару

      4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басқару әскери басқару органдарының әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі мақсатты қызметі арқылы жүзеге асырылады.

      5. Әскери басқару органдарының командирлері (бастықтары) жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы жылға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды (бұдан әрі – Жоспар) әзірлейді және бекітеді.

      Жоспар әскерлердің (күштердің) күнделікті қызметінің жағдайлары өзгерген кезде, сондай-ақ қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың жаңа үлгілері әскери басқару органдарына келіп түскен кезде нақтыланады.

      6. Жоспарда әскери басқару органдарының командирлері (бастықтары):

      1) әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды және жауапты лауазымды адамдарды;

      2) әскери басқару органдары және олардың бөлімшелері мен қызметтері әскери қызметшілер қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, күнделікті қызмет іс-шараларын орындаған кезде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын айқындайды.

3-тарау. Әскери қызметшілерді күнделікті қызметте әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауға даярлау

      7. Әскери қызметшілерді әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауға даярлау әскери басқару органдарының күнделікті қызметі барысында туындайтын зиянды және қауіпті ықпал етуден қорғауды қамтамасыз ететін әскери қызметшілердің кәсіби даярлығы деңгейін ұстап тұруды қамтиды.

      8. Әскери басқару органдарында әскери қызметшілерді әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауға даярлауды командирлер (бастықтар) ұйымдастырады. Әскери басқару органдарының лауазымды адамдары лауазымдық міндеттеріне, сондай-ақ олардың командирлері (бастықтары) қойған міндеттерге сүйене отырып, әскери қызметшілерді даярлауға қатысады.

      9. Әскери қызметшілерді қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын орындауға даярлау әскерлердің (күштердің) күнделікті қызметі жағдайларында белгіленген қауіпсіздік талаптарын орындаудағы қажетті білімі мен дағдыларын қалыптастыру үшін әскери қызмет өткеру уақытында жүргізіледі.

      10. Әскери қызметшілерді қауіпсіздік шараларының талаптарын орындауға даярлау жауынгерлік даярлық шеңберінде сабақтар өткізу арқылы да, арнайы сабақтар мен іс-шаралар өткізу барысында да жүзеге асырылады.

      11. Арнайы сабақтар мен іс-шараларға мыналар жатады:

      1) әскери басқару органдары ауқымында әскерлердің (күштердің) күнделікті қызметіндегі қауіпсіздік шараларының талаптарын сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі кешенді тактикалық-саптық сабақтар – қысқы және жазғы оқу кезеңі басталар алдында және бөлімшелер мен қызметтердегі ұқсас сабақтар – полигондарға (іс-қимыл аудандарына) шығумен сабақтарды (жаттықтыруларды), әскерлердің (күштердің) жүріп-тұруына, қару-жарақта, әскери және арнайы техникада жұмыстарды орындауға байланысты, сондай-ақ әскери қызметшілерді тәуліктік нарядта қызмет өткеруге даярлау кезінде оқу-жаттығуларды және басқа да іс-шараларды өткізу алдында;

      2) әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі айлықтар (онкүндіктер).

4-тарау. Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйін бақылауды ұйымдастыру

      12. Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйін бақылаудың негізгі бағыттарына мыналар жатады:

      1) әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйін, әскери басқару органдарында әскери қызметтің қауіпсіз жағдайларын жасау және қамтамасыз ету жөніндегі лауазымды адамдардың жұмысын зерделеу;

      2) әскери басқару органдары орындайтын міндеттердің ерекшеліктері және маусымдық факторлар ескеріле отырып, әскери қызметшілердің қаза табуының (қайтыс болуының), олардың мертігуінің (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) себептері мен алғышарттарын айқындау;

      3) әскери басқару органдарының бағынысты командирлеріне (бастықтарына), штабтарына әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау, өткізу және жан-жақты ұйымдастыру бойынша көмек көрсету.

      13. Әскери басқару органдарында әскери қызмет қауіпсіздігінің жай-күйін бақылау Жоспарға сәйкес жүргізіледі. Тоқсан ішінде бөлімшелер мен қызметтердің жалпы санының кемінде 25 %-і тексеріледі.

      14. Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйін бақылау нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен ресімделеді.

      15. Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жай-күйінің актілері бақылау аяқталғаннан кейін әскери басқару органдарының құпия емес іс жүргізуінде бес жыл бойы сақталады және әскери басқару органдарының әскери қызметі қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау жүргізу үшін пайдаланылады.

5-тарау. Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйіне талдау жүргізу

      16. Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйін талдау өткен жылдың ұқсас кезеңімен (қысқы және жазғы оқу кезеңімен, оқу жылымен) салыстыру арқылы жүргізіледі және:

      1) әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы ақпаратты жинауды;

      2) лауазымды адамдардың әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысында тән кемшіліктерді, қызметтік істер міндеттерін орындау кезінде әскери қызметшілердің қаза табу (қайтыс болу) және олардың мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) себептерін анықтауды;

      3) әскери қызмет қауіпсіздігінің жай-күйі нашар әскери басқару органдарын, бөлімшелер мен қызметтерді, лауазымды адамдардың, әскери басқару органдары командирлерінің (бастықтарының) жұмыс істеу нысандары мен әдістерін, сондай-ақ әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру жағдайларын болдырмау жөніндегі шараларды айқындауды қамтиды.

      17. Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа сандық көрсеткіштер мен олардың коэффициенттері (бір мың әскери қызметшіге шаққанда әскери қызметшілердің қаза табуы (қайтыс болуы), олардың мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) фактілерінің сандық көрсеткішінің мәні) бойынша талдау жүргізу кезінде әскери басқару органдарының және лауазымды адамдардың әскери қызметтің қауіпсіз жағдайларын жасау және қамтамасыз ету жөніндегі жұмысының тиімділігі айқындалады.

      18. Әскери қызмет қауіпсіздігінің жай-күйін талдаудың сандық көрсеткіштеріне мыналар жатады:

      1) әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде әскери қызметшілердің қаза табуы (қайтыс болуы);

      2) әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде әскери қызметшілердің мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы).

      19. Жүргізілген талдау негізінде әскери басқару органдарында әскери қызмет қауіпсіздігінің жай-күйі туралы қорытындылар жасалады және әскери қызмет қауіпсіздігін арттыруға, әскери қызметшілердің қаза табуы (қайтыс болуы) және олардың мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайларының алдын алуға және оларды болдырмауға бағытталған шаралар айқындалады.

      20. Әскери басқару органдарының командирлері (бастықтары) әскери қызмет қауіпсіздігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындаумен оны қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйін талдауды талданатын кезеңнен кейінгі күнтізбелік айдың 10-ы күнінен кешіктірмей жүргізеді:

      1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде – жыл сайын;

      2) бағынысында әскери бөлімдер (мекемелер) бар әскери басқару органдарында – жарты жылда бір рет және жыл сайын;

      3) әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінде – тоқсан сайын, жарты жылда бір рет және жыл сайын;

      4) әскери бөлімдерде (мекемелерде) – ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет және жыл сайын.

  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерінде әскери
қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз
ету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
Әскери басқару органының
командирі (бастығы)
(әскери атағы, тегі және
инициалдары)
20 __ жылғы "____" __________

20__ жылға арналған әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жоспар

      Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жоспардың мақсаттары:

      Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жоспардың міндеттері:

      Әскери басқару органдары және олардың бөлімшелері мен қызметтері әскери қызметшілер қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, күнделікті қызмет іс-шараларын орындаған кезде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары:

Р/с №

Іс-шара атауы

Жауапты адам (орындаушы)

Кім бақылайды

Орындау мерзімі

Аяқталу нысаны

Орындалуы туралы белгі (кіріс, шығыс, тіркеу нөмірі)

1

2

3

4

5

6

7








Әскери басқару органы командирінің (бастығының) орынбасары (көмекшісі) (әскери атағы, тегі және инициалдары)

  Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерінде әскери
қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз
ету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
Әскери басқару органының
командирі (бастығы)
(әскери атағы, тегі және
инициалдары)
20 __ жылғы "____" __________

Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйін бақылау актісі _______________________________________________ (бөлімше атауы) ____________________________________________________________________ сәйкес (бақылаудың негізі)

      комиссия төрағасы _________________________________________________________,

      (лауазымы, әскери атағы, тегі мен инициалдары)

      комиссия мүшелері _________________________________________________________

      (лауазымдары, әскери атақтары, тектері мен инициалдары)

      20___ ж. "___" __________ мен 20__ж. "___" ___________ кезеңінде

      _____________________________________________________________ әскери қызмет

      (бөлімше атауы)

      қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйіне бақылау жүргізді.

      Бақылау барысында мынадай бұзушылықтар анықталды:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар: ___________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бұзушылықтарды жою туралы 20___ ж. "___" _________ баяндалсын.

      Комиссия төрағасы _________________________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, тегі мен инициалдары)

      Комиссия мүшелері ________________________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, тегі мен инициалдары)

      Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жай-күйін бақылау актісімен таныстым.

Әскери басқару органы бөлімшесінің командирі (бастығы) (әскери атағы, тегі мен инициалдары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады