"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң мұрағат жұмыстары бөлiмшесiмен прокуратура органдары арқылы қылмыстық iстердi қозғаудан бас тарту туралы қаулылары шыққан қысқартылған қылмыстық iстер мен материалдарды қабылдау және беру Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 7 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4087 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамамен бекітілген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектiлерiне және Комитеттiң аумақтық органдарына орындау үшiн жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты жанындағы
Соттар қызметін қамтамасыз ету
Департаменті
(Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты аппараты)
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет)
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі