БҰЙЫРАМЫН:
1. "Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 ақпандағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20057 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 2-тармағына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 40-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілетін бұйрықпен бекітілген Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 2-тармағына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 40-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және cуармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібін айқындайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Республикалық мемлекеттік мекеме суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде ақылы қызмет түрлерін көрсетуді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19997 болып тіркелген) бекітілген суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтерге сәйкес жүзеге асырады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Республикалық мемлекеттiк мекеменiң суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алынған қаражат түсімдер және шығыстар жоспарларына сәйкес мыналарға жұмсалады:
1) далалық топырақтық-мелиорациялық, зертханалық және гидрогеологиялық іздестіру жұмыстарын жүргiзу;
2) республикалық мемлекеттiк мекеменiң материалдық-техникалық базасын жарақтандыру үшiн транспорт құралдарын, кеңсе техникасын, далалық аспаптарды, зертханалық жабдықтар мен механизмдердi сатып алу;
3) тауарлық-материалдық құндылықтарды: жанар-жағармайды, химиялық реактивтердi, қосалқы бөлшектердi, байланыс құралдарын, еңбектi қорғауды, өрт қауiпсiздiгi мен гигиенаны қамтамасыз етуге арналған арнайы қорғаныш құралдарын сатып алу;
4) байланыс қызметiне, банктік көрсетілетін қызметке, коммуналдық қызметке, көлiк құралдарын техникалық байқау және мiндеттi сақтандыру, мамандандырылған жабдықтарды тексеру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу;
5) далалық топырақтық-мелиорациялық және гидрогеологиялық іздестіру жұмыстарын жүргiзу үшiн республикалық мемлекеттiк мекеме тартатын штаттан тыс маусымдық мамандар мен жұмысшылардың еңбегiне ақы төлеу;
6) мониторинг және мелиорация саласындағы нәтижелердiң деректерiн автоматты түрде өңдеуге арнайы бағдарламалық қамтылым сатып алу және енгiзу;
7) мемлекеттiк мекеменiң жұмыс iстеуiне байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және объектiлердi жөндеу;
8) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес іссапар шығындарын өтеу шегінде республикалық мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiнiң iссапар шығыстары, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге iссапар шығыстары;
9) республикалық мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiн еңбек көрсеткiштерi үшiн көтермелеу;
10) республикалық мемлекеттiк мекеменiң мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
11) республикалық мемлекеттiк мекеменiң ғылыми, әдiстемелiк материалдарын және ресми бюллетендерiн шығару.
Түсімдер және шығыстар жоспары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жасалады.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |