ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) "Коммерциялық емес ұйымдарды біржолғы зерттеу" (индексі 1-НКО, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) "Коммерциялық емес ұйымдарды біржолғы зерттеу" (индексі 1-НКО, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
Ж. Шаймарданов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрлігi
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 23 Бұйрыққа 1-қосымша |
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді |
Коммерциялық емес ұйымдарды біржолғы зерттеу Единовременное обследование некоммерческих организаций
Индексі |
1-НКО |
біржолғы |
есепті кезең |
жыл |
Экономикалық қызмет түрлері жалпы жіктеуішінің 94-кодына сәйкес негізгі және қосалқы қызмет түрлері "Қоғамдық бірлестіктер (ұйымдар) қызметі" болып табылатын коммерциялық емес ұйымдар ұсынады
Представляют некоммерческие организации с основным и вторичным видами деятельности "Деятельность общественных объединений (организаций)" согласно коду Общего классификатора видов экономической деятельности 94
Ұсыну мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі 5 мамырға (қоса алғанда) дейін
Срок предоставления –до 5 мая (включительно) после отчетного периода
БСН коды | |||
1. Заңды тұлғаның деректемелері: | |||
1.1 Ұйымның нақты орналасқан орнын көрсетіңіз (оның тіркелген жеріне қарамастан) - облыс, қала, аудан, елді мекен | |||
1.2 Əкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сəйкес аумақ коды (респондент статистикалық нысанды қағаз жеткізгіште ұсынған кезде аумақтық статистика органының тиісті қызметкері толтырады) | |||
1.3 Заңды тұлғаның (бөлімшенің) нақты жүзеге асырылатын экономикалық қызметінің негізгі түрінің кодын Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) көрсетіңіз |
2. Кәсіпорынның кірісі туралы ақпаратты көрсетіңіз, мың теңге
Укажите информацию о доходах предприятия, тысяч тенге
Жол коды |
Көрсеткіштер атауы |
Есепті жылға |
А | Б | 1 |
1 |
Коммерциялық емес қызметтен түскен кірістер | |
оның ішінде: | х | |
1.1 |
мүшелікке кіру, мақсатты, пайлық, қосымша, ерікті, демеушілік, қайырымдылық жарналар, қайырмалдықтар | |
оның ішінде мыналардан алынған: | х | |
1.1.1 |
заңды тұлғалардан | |
1.1.2 |
жеке тұлғалардан | |
1.2 |
Өзге де кірістер |
2.1. Қызметтің қайталама түрлері бөлінісінде өндірілген өнімнен және көрсетілген қызметтерден түскен кірістер туралы ақпаратты көрсетіңіз (коммерциялық қызметтен түскен кіріс), мың теңге
Укажите информацию о доходах от произведенной продукции и оказанныхуслуг в разрезе вторичных видов деятельности (доход от коммерческой деятельности), тысяч тенге
Жол коды |
ЭҚЖЖ1) коды (5 таңбалы) бойынша қызмет түрінің атауы |
ЭҚЖЖ1) коды (5 таңбалы) |
Өндірілген өнімнен және көрсетілген қызметтерден түскен кіріс |
А | Б | В | 1 |
1 | |||
2 | |||
3 |
1) Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес
согласно Общему классификатору видов экономической деятельности(ОКЭД)
3. Кәсіпорынның шығыстары туралы ақпаратты көрсетіңіз, мың теңге
Укажите информацию о расходах предприятия, тысяч тенге
Жол коды |
Көрсеткіштер атауы |
Есепті жылға |
А | Б | 1 |
1 |
Шығыстар, барлығы | |
1.1 |
Жеке тұлғаларға әлеуметтік және қайырымдылық көмек | |
одан | х | |
1.1.1 |
ақшалай мәнде | |
1.1.2 |
заттайны санда | |
1.2 |
Негізгі қорлар өтелімі | |
1.3 |
Өзге де шығыстар |
4. Бухгалтерлік баланс көрсеткіштері бойынша ақпаратты көрсетіңіз, мың теңге
Укажите информацию по показателям бухгалтерского баланса, тысяч тенге
Жол коды |
Көрсеткіштер атауы |
Жыл соңына |
Жыл басына |
А | Б | 1 | 2 |
БАЛАНС (АКТИВТЕР) | |||
1 |
Ақшалай қаражат | ||
одан | х | х | |
1.1 |
кассадағы ақшалай қаражат | ||
1.2 |
ағымдағы банк шоттарындағы ақшалай қаражат | ||
1.3 |
өзге де ақшалай қаражат | ||
2 |
Өзге дедебиторлық берешек | ||
3 |
Запастар | ||
БАЛАНС (ПАССИВТЕР) | |||
4 |
Салықтар бойынша міндеттемелер | ||
5 |
Өзге де кредиторлық берешек | ||
6 |
Резервтер |
5. Негізгі қорлардың қолда бары және қозғалысы туралы ақпаратты көрсетіңіз, мың теңге. (94.91.0 қызмет түрі бар респонденттер толтырады)
Укажите информацию о наличии и движении основных фондов, тысяч тенге. (Заполняются респондентами с видом деятельности 94.91.0)
Жол коды |
Көрсеткіштер атауы |
Жыл басына бастапқы құны бойынша негізгі қорлардың қолда бары |
Есепті жылы түскені |
Есепті жылы істен шыққаны |
Жыл соңына бастапқы құны бойынша негізгі қорлардың қолда бары |
Жыл соңына баланстық құны бойынша негізгі қорлардың қолда бары | ||||||
жаңа негізгі қорлардың іске қосылғаны |
қайта бағалау есебінен |
өзге де себептер бойынша |
негізгі қорлардың есептен шығарылғаны |
одан |
қайта бағалау есебінен |
өзге де себептер бойынша |
одан | |||||
төтенше жағдайлар салдарынан |
тәркілеу бойынша | |||||||||||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1 |
Негізгі қорлардың барлығы | |||||||||||
1.1 |
Ғимараттар | |||||||||||
1.1.1 |
Тұрғын ғимараттар | |||||||||||
1.1.2 |
Тұрғын емес ғимараттар | |||||||||||
1.2 |
Имараттар | |||||||||||
1.3 |
Машиналар мен жабдықтар | |||||||||||
1.4 |
Материалдық емес активтер (зияткерлік меншік өнімдері) |
Атауы | Мекенжайы (респонденттің) | ||||
Наименование _________________________ | Адрес (респондента) _________________________ | ||||
Телефоны (респонденттің) | |||||
Телефон (респондента) | _________________________ | _____________________ | |||
стационарлық |
ұялы | ||||
Электрондық пошта мекенжайы (респонденттің) | |||||
Орындаушы | |||||
Исполнитель _________________________________ | _____________________________ | ||||
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
қолы, телефоны (орындаушының) | ||||
Бас бухгалтер немесе оның | |||||
исполняющее его обязанности __________________________________ | _______________ | ||||
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
қолы | ||||
Басшы немесе оның | |||||
исполняющее его обязанности __________________________________ | _______________ | ||||
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
қолы |
Ескертпе:
Примечание:
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады
Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики в установленный срок являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях"
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 23 Бұйрыққа 2-қосымша |
"Коммерциялық емес ұйымдарды біржолғы зерттеу" (индексі 1-НКО, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы нұсқаулық "Коммерциялық емес ұйымдарды біржолғы зерттеу" (индексі 1-НКО, кезеңділігі біржолғы) (бұдан әрі – статистикалық нысан) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.
2. Статистикалық нысанды коммерциялық емес қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар (мекемелер, саяси партиялар, кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер, қорлар, діни бірлестіктер, олардың шетелдік филиалдары) ұсынады.
Осы статистикалық нысанды ұсыну электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электрондық түрде толтыру Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында (https://cabinet.stat.gov.kz/) орналастырылған "Респонденттің кабинеті" арқылы он-лайн режимде жүзеге асырылады.
3. Коммерциялық емес ұйымдар бастапқы құжаттар, кірістер мен шығыстар сметасы, бухгалтерлік және салықтық есепке алу құжаттары негізінде нысан бойынша мәліметтерді толтырады.
2-бөлімде есепті кезеңде алынған кірістер көрсетіледі.
2-бөлімнің 1.1-жолы бойынша құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түсетін тұрақты және біржолғы түсімдер көрсетіледі; ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар; демеушілік қайырмалдықтар, гуманитарлық көмек және басқа да өтеусіз түсімдер түріндегі кіру жарналары.
2-бөлімнің 1.2-жолы бойынша өзге кірістерде активтердің шығуынан, өтеусіз алынған активтерден, мемлекеттік субсидиялардан, құнсызданудан болатын залалды қалпына келтіруден, бағамдық айырмадан, операциялық жалдаудан, биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен болатын кірістер және басқалар көрсетіледі.
2.1-бөлімде қызметтің қайталаматүрлері бөлінісінде өндірілген өнімнен және қызметтер көрсетуден түскен кірістер (коммерциялық қызметтен түскен кіріс) көрсетіледі.
3-бөлімде ұйымдардың әлеуметтік және қайырымдылық көмекке арналған шығыстары; негізгі қорлардың өтеліміне арналған шығыстар көрсетіледі.
4-бөлімде бухгалтерлік баланстың көрсеткіштері бойынша ақпарат көрсетіледі.
5-бөлімде Діни ұйымдар қызметі - 94.91.0 қызмет түрімен негізгі қорлардың болуы және қозғалысы туралы ақпарат келесі бағандарда көрсетіледі:
1-бағанда есепті жылдың басына бастапқы құны бойынша негізгі қорлардың нақты бары көрсетіледі. Аталған баған өткен жылдың соңындағы негізгі қордың нақты бары туралы деректерге тең болуы тиіс;
2-бағанда ағымдағы жылы іске қосылған және сатып алынған (бұрын пайдалануда болмаған) қаржыландыру көздеріне қарамастан, соның ішінде банк кредиттері есебінен жаңа негізгі қорлар; бұрын есепке алынбаған, төлем үшін сатып алынған және жеке және заңды тұлғалардан түскен негізгі құралдар көрсетіледі;
3-бағанда қайта бағалаудан, бағамдық айырмашылық (шетел валютасында белгіленген негізгі қорлар жағдайында) есебінен түскен түсім көрсетіледі;
4-бағанда өзге де себептер бойынша негізгі қорлардың түсімі (өтеусіз түсім, жалдау мерзімінің бітуі бойынша меншік құқығының ауысуы, түгендеу нәтижелері бойынша негізгі құралдардың кіріске алынбаған (ескерілмеген) объектілерін айқындау, бас ұйымдардан еншілес (тәуелді) кәсіпорындарына түсім, мемлекеттік меншікті жекешелендіру тәртібіндегі түсім, ұйымдардың жарғылық капиталына салым түріндегі түсім) көрсетіледі;
5-бағанда есепті жылы есептен шығарылған негізгі қордың бастапқы құны (моральдық немесе табиғи тозған жағдайдағы есептен шығару, құқықтық өтуі кезінде бұрын сатып алу құқығымен жалға берілген негізгі құралдардың есептен шығарылуы) көрсетіледі;
6-бағанда 5-бағаннан төтенше жағдайлардың, атап айтқанда: жер сілкінісі, дауылдар, құрғақшылық, су тасқыны, орман өрті, табиғат апаттары, індеттер, технологиялық процестермен (улы қалдықтардың ірі шығарындылары) байланысты жазатайым оқиғалардың нәтижесінде есептен шығарылған негізгі қорлардың бастапқы құны бөліп көрсетіледі;
7-бағанда есепті жыл ішінде жүргізілген қайта бағалау, бағамдық айырмашылықтың (шетел валютасында белгіленген негізгі қорлар жағдайында) нәтижесінде құнын азайту есебінен істен шығуы көрсетіледі;
8-бағанда өзге де себептер бойынша негізгі қорлардың істен шығуы (объектіні заңды немесе жеке тұлғаға сату, ұйымдардың жарғылық капиталына салым түрінде негізгі құралдардың объектілерін беру, негізгі құрал объектілерін сыйға тарту, айырбас шарттары бойынша беру, бас ұйымдардан еншілес ұйымдарға түсім) көрсетіледі;
9-бағанда 8-бағаннан негізгі құралдарды тәркілеу нәтижесінде өзге де себептер бойынша олардың бастапқы құны бөліп көрсетіледі;
10-бағанда бастапқы құн бойынша есепті жылдың соңына кәсіпорынның негізгі қорларының қолда бары көрсетіледі;
11-бағанда жыл соңына баланстық құны бойынша (жинақталған амортизация сомасын және құнсызданудан болған залалды шегергендегі) негізгі қорлардың нақты қолда бары көрсетіледі.
Имараттарға ашық аспан астындағы автотұрақтар, спорт және демалыс орындарына арналған имараттар, спорт алаңдары, жазғы алаңдар, теннис корттары жатады.
Машиналар мен жабдықтарға көлік құралдары мен жабдықтары, ақпараттық, компьютерлік және телекоммуникациялық (АКТ) жабдықтар, өзге де машиналар мен жабдықтар (тасымалданатын радиоқабылдағыштар, телевизиялық қабылдағыштар, магнитофондар мен дыбыс жазу аппаратурасы, жазу бейнекамералары және бейне жазу немесе бейне көрсету аппаратурасы, цифрлық камералар, тұрмыстық құралдар, кеңсе жабдығы және оның бөліктері) жатады.
Материалдық емес активтерге зияткерлік меншік өнімдері: ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер, компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету және деректер базасы, ойын-сауық, әдеби және көркем туындылардың түпнұсқалары жатады.
6. Арифметикалық-логикалық бақылау:
1) 2-бөлім:
1 - баған бойынша 1-жол = 1.1, 1.2 -жолдардың қосындысына;
1 - баған бойынша 1.1-жол = 1.1.1, 1.1.2 -жолдардың қосындысына;
2) 3-бөлім:
1 - баған бойынша 1-жол = 1.1, 1.2, 1.3 - жолдардың қосындысына;
1 - баған бойынша 1.1-жол = 1.1.1, 1.1.2 - жолдардың қосындысына;
3) 4-бөлім:
1, 2 - бағандар бойынша 1-жол > 1.1,1.2, 1.3 - жолдардың қосындысына;
4) 5-бөлім:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,10, 11 – 11 - бағандар бойынша 1-жол = 1.1, 1.2, 1.3, 1.4 - жолдардың қосындысына;
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 - бағандар бойынша 1.1-жол = 1.1.1, 1.1.2 жолдардың қосындысына;
10-баған = 1, 2, 3, 4-бағандар қосындысынан минус 5, 7, 8-бағандар қосындысы әрбір жол үшін;
5-баған ≥ 6-бағаннан әрбір жол үшін;
8-баған ≥ 9-бағаннан әрбір жол үшін;
7. Бөлімдер арасындағы бақылау:
Егер 3-бөлімінің 1-бағанының 1.2-жолы > 0, онда 5-бөлімінің 11-бағаннын < 10-бағаны әрбір жол үшін.