БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 252 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізімінде № 16534 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттардың есебі, мемлекеттік кірістер органдарында бар деректер бойынша салық төлеушілерді санаттарға бөлу жүргізілетін жартыжылдықтың алдындағы екінші айының бірінші күніндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.";
10 және 11 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген, мемлекеттік кірістер органдары алған түсіндірулер негізді болған жағдайда тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану кезінде, осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өзгертілген мәліметтерді "Салық төлеушінің кабинеті" веб-қосымшасына жолдай отырып, есепке алуға жатады.
Салық төлеушіні қолданыстағы санаттау есебіне өзгерістер енгізу мәліметтердің сәйкессіздігі анықталған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
11. Санаттарға бөлу субъектісінің тәуекел дәрежесі (деңгейі) құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекелдер дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары және құпия (қызметтік) ақпарат болып табылатын тәуекелдер дәрежесін (деңгейін) бағалау өлшемшарттары бойынша есептеледі және жартыжылда бір рет өзектендіріледі.
Салықтық берешекті және (немесе) әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам өтемеген кезде, тәуекел дәрежесі (деңгейі) төмен деп айқындалған салық төлеушілер бойынша тәуекел дәрежесі (деңгейі) айына 1 (бір) реттен кем емес өзектендірілуге жатады.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. "Бюджетке төленуге жататын салықтар сомасын азайта отырып, қосымша декларацияны табыс ету жолымен салық төлеуден жалтаратын салық төлеушілер" өлшемшарты, корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындағаннан кейін салық төлеуші корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша азайтуға қосымша декларацияны табыс еткен кезде айқындалады.
Осы өлшемшарттың басымдылығы – 5 балл қосу, тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.";
21-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 26-1 және 26-2 тармақтармен толықтырылсын:
"26-1. "Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін табыс етпеу" өлшемшарты.
Есеп айырысу жүргізілетін кезең – соңғы 12 (он екі) ай.
Осы өлшемшарттың басымдылығы – 4 балл қосу, тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.
26-2. "Салық төлеуші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған сенімсіз салық төлеушілердің тізімінде тұр" өлшемшарты.
Осы өлшемшарттың басымдылығы – 5 балл қосу, тәуекелдер дәрежесіне (деңгейіне) әсер етуі – теріс.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Биржанов |