"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 101-2-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
_________________________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
_________________________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
_________________________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
_________________________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
_________________________
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 786 бұйрығымен бекітілген |
Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесі
Ескерту. Тізімге өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 27.12.2022 № 1263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с | Гарнизон (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) | Әскери қалашықтың орналасқан жері | Санаты (жабық, оқшауланған) | Орналасқан әскери бөлiм (бөлімше) | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |||
1-бөлім. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі | |||||||
1-кіші бөлім. Астана қаласы | |||||||
1. | Ақмола | Астана қаласы, Железнодорожный тұрғын алабы | Жабық | 68665 | |||
2. | Ақмола | Астана қаласы | Жабық | Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті | |||
2-кіші бөлім. Ақмола облысы | |||||||
3. | Ақмола |
Аршалы ауданы, | Жабық | 68665, 44813 | |||
4. | Ақмола | Ақкөл қаласы | Жабық | 55209 | |||
5. | Щучинск | Щучинск қаласы | Жабық | "А" Кадет корпусы | |||
3-кіші бөлім. Алматы облысы | |||||||
6. | Алматы |
Қарасай ауданы, | Оқшауланған | 11567 | |||
7. | Қонаев | Қонаев қаласы | Жабық | 32363 | |||
8. | Шеңгелді |
Қонаев қаласы, | Оқшауланған | 86621 | |||
4-кіші бөлім. Жетісу облысы | |||||||
9. | Жаркент | Жаркент қаласы | Оқшауланған | 74261 | |||
10. | Сарыөзек |
Кербұлақ ауданы, | Жабық | 12740, 68602 | |||
11. | Үшарал |
Алакөл ауданы, | Жабық | 31767 "Д" | |||
12. | Жетісу | Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы | Оқшауланған | 15603 | |||
13. | Жетісу | Талдықорған қаласы | Жабық | Талдықорған аудандық пайдалану бөлімі, 54380 | |||
5-кіші бөлім. Шығыс Қазақстан облысы | |||||||
14. | Өскемен |
Өскемен қаласы, | Оқшауланған | 27943, 64471 | |||
15. | Өскемен |
Күршім ауданы, | Жабық | 31767 "В" | |||
6-кіші бөлім. Абай облысы | |||||||
16. | Өскемен |
Жарма ауданы, | Оқшауланған | 47007 | |||
17. | Аягөз | Аягөз қаласы | Оқшауланған | 10810 | |||
18. | Аягөз |
Аягөз қаласы, | Оқшауланған | 97616 | |||
7-кіші бөлім. Жамбыл облысы | |||||||
19. | Гвардейск |
Қордай ауданы, | Жабық | 30212, 21450 | |||
20. | Тараз | Жуалы ауданы, Қызыларық ауылы | Жабық | 91678 | |||
21. | Луговой |
Т. Рысқұлов ауданы, | Жабық | 42062 | |||
22. | Луговой |
Меркі ауданы, | Жабық | 11971 | |||
23. | Тараз |
Байзақ ауданы, | Оқшауланған | 28349 | |||
24. | Тараз |
Байзақ ауданы, | Жабық | 40336 | |||
25. | Тараз |
Жамбыл ауданы, | Оқшауланған | 10216 "Г" | |||
8-кіші бөлім. Қарағанды облысы | |||||||
26. | Қарағанды |
Абай ауданы, | Оқшауланған | 36352 | |||
27. | Қарағанды |
Саран қаласы, | Жабық | 22750 | |||
28. | Балқаш |
Ақтоғай ауданы, | Жабық | 03876 | |||
29. | Приозерск | Приозерск қаласы | Жабық | 44841 | |||
9-кіші бөлім. Маңғыстау облысы | |||||||
30. | Ақтау | Ақтау қаласы | Оқшауланған | 25744, 51809 | |||
31. | Ақтау | Форт-Шевченко қаласы | Жабық | 51809 | |||
32. | Ақтау |
Бейнеу ауданы, | Оқшауланған | 99116 | |||
10-кіші бөлім. Түркістан облысы | |||||||
33. | Арыс | Арыс қаласы | Оқшауланған | 44859 | |||
34. | Шымкент |
Сарыағаш ауданы, | Оқшауланған | 32039 | |||
11-кіші бөлім. Шымкент қаласы | |||||||
35. | Шымкент | Шымкент қаласы | Жабық | 35748 | |||
12-кіші бөлім. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бөлімшелері, байланыс тораптары мен әскери қоймалары | |||||||
36. | Әуе қорғанысы күштерi бөлiмшелерiнiң өз тұрғын үй қоры бар және елдi мекендерден тыс орналасқан әскери қалашықтары | Оқшауланған | |||||
37. | Байланыс торабының және әскери қоймалардың өз тұрғын үй қоры бар және елдi мекендерден тыс орналасқан әскери қалашықтары | Оқшауланған | |||||
2-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті | |||||||
38. | Алматы облысы |
Іле ауданы, | Оқшауланған | Шекара академиясы | |||
1-кіші бөлім. Шекара қызметі | |||||||
39. | Астана қаласы | Сарыарқа ауданы | Жабық | Шекара қызметі | |||
1-1-кіші бөлім. Шекара қызметіне ведомстволық бағынысты ұйымдар | |||||||
39-1. | Алматы қаласы |
Жетісу ауданы, | Жабық | Техника мен қару-жарақты жөндеу басқармасы | |||
39-2. | Алматы қаласы | Түрксіб ауданы | Жабық | "Алматы" жабдықтау басқармасы | |||
39-3. | Алматы облысы |
Іле ауданы, | Жабық | Қызметтік кинология басқармасы | |||
39-4. | Абай облысы |
Жарма ауданы, | Оқшауланған | "Жаңғызтөбе" жабдықтау басқармасы | |||
2-кіші бөлім. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері | |||||||
40. | Жетісу облысы |
Панфилов ауданы, | Жабық | құрылымдық бөлімше | |||
41. | Жетісу облысы |
Панфилов ауданы, | Оқшауланған | құрылымдық бөлімше | |||
42. | Жетісу облысы |
Алакөл ауданы, | Жабық | құрылымдық бөлімше | |||
2-1-кіші бөлім. Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті | |||||||
42-1. | Алматы облысы |
Ұйғыр ауданы, | Жабық | құрылымдық бөлімше | |||
3-кіші бөлім. Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаменті | |||||||
43. | Атырау облысы | Атырау қаласы | Жабық | Департамент | |||
4-кіші бөлім. Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті | |||||||
44. | Шығыс Қазақстан облысы |
Күршім ауданы, | Жабық | құрылымдық бөлімше | |||
45. | Шығыс Қазақстан облысы |
Зайсан ауданы, | Жабық | құрылымдық бөлімше | |||
5-кіші бөлім. Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті | |||||||
46. | Абай облысы |
Үржар ауданы, | Жабық | құрылымдық бөлімше | |||
6-кіші бөлім. Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті | |||||||
47. | Батыс Қазақстан облысы | Орал қаласы | Жабық | Департамент | |||
7-кіші бөлім. Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті | |||||||
48. | Ақмола облысы |
Шортанды ауданы, | Жабық | құрылымдық бөлімше | |||
7-1-кіші бөлім. Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті | |||||||
48-1. | Қызылорда облысы | Қызылорда қаласы | Жабық | Департамент | |||
8-кіші бөлім. Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті | |||||||
49. | Жамбыл облысы |
Қордай ауданы, | Жабық | құрылымдық бөлімше | |||
50. | Жамбыл облысы |
Меркі ауданы, | Жабық | құрылымдық бөлімше | |||
9-кіші бөлім. Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті | |||||||
51. | Маңғыстау облысы |
Бейнеу ауданы, | Жабық | құрылымдық бөлімше | |||
52. | Маңғыстау облысы |
Түпқараған ауданы, | Жабық | құрылымдық бөлімше | |||
53. | Маңғыстау облысы |
Ақтау қаласы, | Жабық | құрылымдық бөлімше | |||
10-кіші бөлім. Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті | |||||||
54. | Түркістан облысы | Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы | Жабық | құрылымдық бөлімше | |||
55. | Түркістан облысы |
Төлеби ауданы, | Жабық | құрылымдық бөлімше | |||
55-1. | Шымкент қаласы | Еңбекші ауданы | Жабық | құрылымдық бөлімше | |||
55-2. | Шымкент қаласы | Абай ауданы | Жабық | Департамент | |||
55-3. | Түркістан облысы | Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті | Жабық | құрылымдық бөлімше | |||
11-кіші бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекара бөлімдері (бөлімшелері) | |||||||
56. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекара бөлімдері (бөлімшелері) | Оқшауланған | |||||
12-кіші бөлім. Авиация қызметі | |||||||
57. | Алматы облысы |
Іле ауданы, |
| құрылымдық бөлімше | |||
58. | Жетісу облысы |
Алакөл ауданы, | Жабық | құрылымдық бөлімше | |||
Ескертпе. | |||||||
3-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы | |||||||
1-кіші бөлім. "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы | |||||||
59. | Павлодар облысы | Павлодар қаласы | Жабық | 6679 | |||
2-кіші бөлім. "Батыс" өңірлік қолбасшылығы | |||||||
60. | Маңғыстау облысы | Жаңаөзен қаласы | Жабық | 5548 | |||
61. | Маңғыстау облысы | Ақтау қаласы | Жабық | 3502 | |||
3-кіші бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының орталық бағыныстағы әскери бөлiмдері | |||||||
62. | Астана қаласы | Есіл ауданы, Үркер шағын ауданы | Жабық | 5573 | |||
63. | Алматы облысы |
Еңбекшіқазақ ауданы, | Оқшауланған | 6654 | |||
64. | Алматы облысы |
Іле ауданы, | Оқшауланған | 5574 | |||
65. | Солтүстік Қазақстан облысы | Петропавл қаласы | Жабық | Ұлттық ұлан академиясы | |||
4-бөлім. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі | |||||||
66. | Алматы облысы |
Жамбыл ауданы, | Жабық | 28237 | |||
67. | Қарағанды облысы |
Қарағанды қаласы, | Жабық | 52859 |