Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 785 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 қыркүйекте № 29583 болып тіркелді.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 101-2-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      _________________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      _________________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      _________________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      _________________________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      _________________________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 785 Бұйрықпен
бекітілген

Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесі

      Ескерту. Тібеге өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 27.12.2022 № 1263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.01.2024 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Р/с №

Гарнизон (облыс,
республикалық маңызы бар қала, астана)

Әскери қалашықтың орналасқан жері

Санаты (жабық, оқшауланған)

Орналасқан әскери бөлiм (бөлімше)

1

2

3

4

5

1-бөлім. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

1-кіші бөлім. Астана қаласы

1.

Ақмола

Астана қаласы, Железнодорожный тұрғын алабы

Жабық

68665

2.

Ақмола

Астана қаласы

Жабық

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті

2-кіші бөлім. Ақмола облысы

3.

Ақмола

Аршалы ауданы,
Арнасай ауылы

Жабық

68665, 44813

4.

Ақмола

Ақкөл қаласы

Жабық

55209

5.

Щучинск

Щучинск қаласы

Жабық

"А" кадет корпусы

3-кіші бөлім. Алматы облысы

6.

Алматы

Қарасай ауданы,
Шамалған ауылы

Оқшауланған

11567

7.

Қонаев

Қонаев қаласы

Жабық

32363

8.

Шеңгелді

Қонаев қаласы,
Шеңгелді ауылы

Оқшауланған

86621

4-кіші бөлім. Жетісу облысы

9.

Жаркент

Жаркент қаласы

Оқшауланған

74261

10.

Сарыөзек

Кербұлақ ауданы,
Сарыөзек ауылы

Жабық

12740, 68602

11.

Үшарал

Алакөл ауданы,
Достық ауылы

Жабық

31767 "Д"

12.

Жетісу

Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы

Оқшауланған

15603

13.

Жетісу

Талдықорған қаласы

Жабық

Талдықорған аудандық пайдалану бөлімі, 54380

5-кіші бөлім. Шығыс Қазақстан облысы

14.

Өскемен

Өскемен қаласы,
Жаңа Ахмер ауылы

Оқшауланған

27943, 64471

15.

Өскемен

Күршім ауданы,
Күршім ауылы

Жабық

31767 "В"

6-кіші бөлім. Абай облысы

16.

Өскемен

Жарма ауданы,
Жаңғызтөбе кенті

Оқшауланған

47007

17.

Аягөз

Аягөз қаласы

Оқшауланған

10810

18.

Аягөз

Аягөз қаласы,
Мамырсу ауылы

Оқшауланған

97616

7-кіші бөлім. Жамбыл облысы

19.

Гвардейск

Қордай ауданы,
Гвардейск қала үлгісіндегі кенті

Жабық

30212, 21450

20.

Тараз

Жуалы ауданы, Қызыларық ауылы

Жабық

91678

21.

Луговой

Т. Рысқұлов ауданы,
Құлан ауылы,
Луговая станциясы

Жабық

42062

22.

Луговой

Меркі ауданы,
Меркі ауылы

Жабық

11971

23.

Тараз

Байзақ ауданы,
Қайнар разъезді, Сарыкемер ауылы

Оқшауланған

28349

24.

Тараз

Байзақ ауданы,
Ақжар ауылы

Жабық

40336

25.

Тараз

Жамбыл ауданы,
Айша бибі ауылы

Оқшауланған

10216 "Г"


8-кіші бөлім. Қарағанды облысы

26.

Қарағанды

Абай ауданы,
Спасск ауылы

Оқшауланған

36352

27.

Қарағанды

Саран қаласы,
Ақтас кенті

Жабық

22750

28.

Балқаш

Ақтоғай ауданы,
Орта Дересін ауылы

Жабық

03876

29.

Приозерск

Приозерск қаласы

Жабық

44841

9-кіші бөлім. Маңғыстау облысы

30.

Ақтау

Ақтау қаласы

Оқшауланған

25744, 51809

31.

Ақтау

Форт-Шевченко қаласы

Жабық

51809

32.

Ақтау

Бейнеу ауданы,
Бейнеу ауылы

Оқшауланған

99116

10-кіші бөлім. Түркістан облысы

33.

Арыс

Арыс қаласы

Оқшауланған

44859

34.

Шымкент

Сарыағаш ауданы,
Жібек жолы ауылы

Оқшауланған

32039

11-кіші бөлім. Шымкент қаласы

35.

Шымкент

Шымкент қаласы

Жабық

35748

12-кіші бөлім. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің, байланыс тораптарының бөлімшелері мен әскери қоймалары

36.

Әуе қорғанысы күштерi бөлiмшелерiнiң өз тұрғын үй қоры бар және елдi мекендерден тыс орналасқан әскери қалашықтары

Оқшауланған


37.

Байланыс тораптары мен әскери қоймалардың өз тұрғын үй қоры бар және елдi мекендерден тыс орналасқан әскери қалашықтары

Оқшауланған


2-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

38.

Алматы облысы

Іле ауданы, Қараой ауылы

Оқшауланған

Шекара академиясы

1-кіші бөлім. Шекара қызметіне ведомстволық бағынысты ұйымдар

39.

Абай облысы

Жарма ауданы,
Жаңғызтөбе ауылы

Оқшауланған

"Жаңғызтөбе" жабдықтау басқармасы

39-1.

Алматы қаласы

Жетісу ауданы,

Көкмайса шағын ауданы

Жабық

Техника мен

қару-жарақты жөндеу басқармасы

39-2.

Алматы облысы

Іле ауданы,

Қараой ауылы

Жабық

Қызметтік кинология басқармасы

2-кіші бөлім. Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері
Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті

40.

Жетісу облысы

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы

Жабық

құрылымдық бөлімше

41.

Жетісу облысы

Панфилов ауданы, Пенжім ауылы

Оқшауланған

құрылымдық бөлімше

42.

Жетісу облысы

Алакөл ауданы, Үшарал қаласы

Жабық

құрылымдық бөлімше

2-1-кіші бөлім. Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті

42-1.

Алматы облысы

Ұйғыр ауданы,

Шонжы ауылы

Жабық

құрылымдық бөлімше

3-кіші бөлім. Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаменті

43.

Атырау облысы

Атырау қаласы

Жабық

Департамент

4-кіші бөлім. Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

44.

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы, Күршім ауылы

Жабық

құрылымдық бөлімше

45.

Шығыс Қазақстан облысы

Зайсан ауданы, Зайсан қаласы

Жабық

құрылымдық бөлімше

5-кіші бөлім. Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті

46.

Абай облысы

Үржар ауданы, Мақаншы ауылы

Жабық

құрылымдық бөлімше

6-кіші бөлім. Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті

47.

Жамбыл облысы

Қордай ауданы, Қордай ауылы

Жабық

құрылымдық бөлімше

48.

Жамбыл облысы

Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылы

Жабық

құрылымдық бөлімше

7-кіші бөлім. Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті

49.

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы, Өнеркәсіптік аймақ

Жабық

құрылымдық бөлімше

50.

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы

Жабық

құрылымдық бөлімше

51.

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы, Баутино ауылы

Жабық

құрылымдық бөлімше

8-кіші бөлім. Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті

52.

Түркістан облысы

Сарыағаш ауданы,

Сарыағаш қаласы

Жабық

құрылымдық бөлімше

53.

Түркістан облысы

Төлеби ауданы, Леңгір қаласы

Жабық

құрылымдық бөлімше

53-1.

Түркістан облысы

Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті

Жабық

құрылымдық бөлімше

9-кіші бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекара бөлімдері (бөлімшелері)

54.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекара бөлімдері (бөлімшелері)

Оқшауланған


10-кіші бөлім. Авиация қызметі

55.

Алматы облысы

Іле ауданы, Боралдай қала үлгісіндегі кенті

Жабық

құрылымдық бөлімше

56.

Жетісу облысы

Алакөл ауданы, Үшарал қаласы

Жабық

құрылымдық бөлімше

Ескертпе.
Әскери қалашық деп бір жер учаскесінде орналасқан және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерін орналастыру үшін белгілі бір нысаналы мақсаты бар ғимараттар мен құрылыстар кешені түсініледі.

3-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы

1-кіші бөлім. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы

57.

Алматы қаласы

Бостандық ауданы

Жабық

5571

58.

Алматы қаласы

Әуезов ауданы

Жабық

7552

2-кіші бөлім. "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы

59.

Павлодар облысы

Павлодар қаласы

Жабық

6679

3-кіші бөлім. "Батыс" өңірлік қолбасшылығы

60.

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

Жабық

5517

61.

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

Жабық

5548

62.

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

Жабық

3502

4-кіші бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының орталық бағыныстағы әскери бөлімдері

63.

Астана қаласы

Есіл ауданы, Үркер шағын ауданы

Жабық

5573

64.

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылы

Оқшауланған

6654

65.

Алматы облысы

Іле ауданы,
Заречный кенті

Оқшауланған

5574

66.

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы

Жабық

Ұлттық ұлан академиясы

4-бөлім. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

67.

Алматы облысы

Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы

Жабық

28237

68.

Қарағанды облысы

Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан ауданы

Жабық

52859


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады