Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 66 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 қаңтарда № 33951 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 785 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29583 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесінде:

      1-бөлімде:

      1-кіші бөлімдегі реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.

Ақмола

Астана қаласы

Жабық

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті

  ";

      3-кіші бөлімдегі реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7.

Қонаев

Қонаев қаласы

Жабық

32363

  ";

      4-кіші бөлімдегі реттік нөмірлері 12 және 13-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12.

Жетісу

Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы

Оқшауланған

15603

13.

Жетісу

Талдықорған қаласы

Жабық

Талдықорған аудандық пайдалану бөлімі, 54380

  ".

      2. "Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 786 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29582 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесінде:

      1-бөлімде:

      1-кіші бөлімдегі реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.

Ақмола

Астана қаласы

Жабық

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті

  ";

      3-кіші бөлімдегі реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7.

Қонаев

Қонаев қаласы

Жабық

32363

  ";

      4-кіші бөлімдегі реттік нөмірлері 12 және 13-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12.

Жетісу

Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы

Оқшауланған

15603

13.

Жетісу

Талдықорған қаласы

Жабық

Талдықорған аудандық пайдалану бөлімі, 54380

  ".

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      _________________________


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      _________________________


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      _________________________


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      _________________________


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      _________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады