"Жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерiнің, жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерiнің, жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтiрудi болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне айтарлықтай зиян келтiру қаупiнiң алдын алу мақсатында саны реттелуге тиiс түрлерiнің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 620 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қыркүйекте № 29864 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерiнің, жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерiнің, жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтiрудi болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне айтарлықтай зиян келтiру қаупiнiң алдын алу мақсатында саны реттелуге тиiс түрлерiнің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 258 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6223 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология
және табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 620 Бұйрығына 1-қосымша

Жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерiнің тізбелері

Жануарлардың түрлері

1. Сүт қоректілер

1.1

Шұбар мысық немесе дала мысығы

1.2

Қарақас

2. Құстар:

2.1

Кiшкене, қара мойын, қызыл мойын, сұржақ, үлкен сұқсыр, үлкен суқұзғын, үлкен көлбұқа, бақылдақ құтан, көкқұтан және сары құтан

2.2

Үлкен аққұтан

2.3

Маусымқұс, қошқылқанат және алтынжон татрең, шүрілдек, шаушүрiлдек, моңғол шүрiлдегi, сарысағақ шүрiлдек, шығыс шүрiлдегi, теңiз шүрілдегi, алқалы татрең, тасшырған, сутартар, тартар, кiшкене тартар, титтей тартар, қызылқасқа сутартар, дала қарақасы, қарала балшықшы, бұлыңғыр, фифи, үлкен балшықшы, шөпiлдек, тәкiлдек балшықшы, бұлақшы, мамырқұс, қайқытұмсық балшықшы, ақжал қалтқы, ақтамақ қалтқы, құмғақша, қызылмойын құмдауық, ұзынсаусақ құмдауық, аққұйрық құмдауық, қызылбауыр құмдауық, қаратөс құмдауық, сүйiрқұйрық құмдауық, құмқұс, тұнбашы, шалғын және дала қарақасы, сақиналы түркептер, сарыжағал қараторғай, сарытұмсық шауқарға, қараторғай, пайыз торғай, қызылтелпектi құнақ, көкқарға, бозторғайлар (айдарлы, теңбiлтөс, ұзынтұмсық, сұр, сор, дала бозторғайы, қараалқалы, аққанат, қара, құлақты), орман бозторғайы, егіс бозторғайы, шауторғай, қызылтұмсық шауқарға, алабажақ сайрауық

2.4

Қаршыға

2.5

Қырғи, маубас жапалақ, байғыз, жүнбалақ байғыз, құлақты жапалақ, саз жапалағы, жамансары

3. Бауырымен жорғалаушылар::

3.1

Орта Азия тасбақасы, саз тасбақасы

3.2

Ешкіемер, бат-бат кесiртке, жұмырбас құм кесiртке, сығыркөз

3.3

Бозша жылан

3.4

Өрнектi қарашұбар жылан, шығыс және құм жыланы

3.5

Көлбақа

4. Балықтар:

4.1

Орыс бекiресi

4.2

Пiлмай (арал және іле популяцияларынан басқасы)

4.3

Парсы бекіресі

4.4

Шоқыр

4.5

Қортпа

4.6

Құбылмалы бахтах (микижа)

4.7

Шұбар дөңмаңдай

4.8

Ақ амур

4.9

Сазан (тұқы)

4.10

Ақ дөңмаңдай

4.11

Кәдімгі ақсаха

4.12

Шортан

4.13

Пайдабалық

4.14

Алтын түстес мөңке

4.15

Күміс түстес мөңке

4.16

Көкшұбар

4.17

Сүйрiк

4.18

Марқакөл майқабы

4.19

Кәдімгі көксерке

4.20

Үлкенауызды буффало

4.21

Балқаш шармайы

4.22

Ніл тилапиясы

4.23

Канал жайыны

4.24

Гуппи

4.25

Миссисип гамбузиясы

5. Омыртқасыз су жануарлары:

5.1

Артемия (жұмыртқалары)

5.2

Дафниялар

5.3

Сүлiктер

5.4

Гаммарустар (бүйіржүзгіш шаян)

5.5

Хирономид дернәсілдері

5.6

Ұзынсаусақты шаян (түркістандық түршесінен басқасы)

5.7

Креветка

5.8

Австралиялық шаян

5.9

Азқылтанды құрттар

5.10

Калифорниялық құрты

5.11

Энхитрей

5.12

Коловратка

  Бұйрығына 2-қосымша

Жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерiнің тізбелері

Жануарлардың түрлері

1.

Тынықмұхит миногасы

2.

Cібір миногасы

3.

Северцов талма балығы

4.

Тибет талма балығы

5.

Сұр талма балығы

6.

Теңбiл талма балығы

7.

Бiртүстi талма балығы

8.

Кәдімгі гольян

9.

Жетiсу гольяны

10.

Абдурахманов қарақшысы

11.

Бэр қарақшысы

12.

Қазақ қарақшысы

13.

Тiкенекбасты қарақшы

14.

Түйiршiктi қарақшы

15.

Гримм қарақшысы

16.

Кесслер қарақшысы

17.

Жіңішкебасты қарақшы

18.

Каспий (үлкенбасты) қарақшы

19.

Берг бұзаубасы

20.

Түркімен қарақшысы

21.

Берг қарақшысы

22.

Жұлдызша қарақшысы

23.

Жалпақтұмсықты қарақшысы

24.

Махмудбеев қарақшысы

25.

Тiкенектi қарақшысы

26.

Световидов қарақшысы

27.

Сұр бұзаубас-балық

28.

Ильин бұзаубасы

29.

Терең бұзаубас балығы

30.

Хвалын бұзаубас балығы

31.

Каспий үлкенбас бұзаубас балығы

32.

Жұмыр бұзаубас балығы

33.

Терс талма балығы

34.

Кушакевич талма балығы

35.

Сiбiр талма балығы

36.

Мұртты талма балығы

37.

Сiбiр шырма балығы

38.

Кәдiмгi шырма балығы

39.

Шұбар бұзаубас балығы

40.

Ратан бұзаубас балығы

41.

Балқаш гольяны

42.

Көл гольяны

43.

Кəдiмгi тастасалағыш

44.

Ала қанатты тастасалагыш

45.

Жалаңаш тастасалағыш

46.

Сiбiр тастасалағышы

47.

Тікенекті тастасалағышы

48.

Зеравшан тарақ балығы

49.

Талас тарақ балығы

50.

Кәдімгі тарақ балығы

51.

Сiбiр теңге балығы

52.

Кәдімгі теңге балығы

53.

Жолақ үкi шабақтектес

54.

Ташкент үкi шабақтектес

55.

Алдыңғы азиялық шырма балығы

56.

Тоғыз тiкенектi шаншар балығы

57.

Хвалын шырма балығы

58.

Каспий шырма балығы

59.

Кәдiмгi бетшабақ

60.

Оңтүстiк шаншар балығы

61.

Ұзынқұйрықты Книпович бұзаубас балығы

62.

Қуғыншы бұзаубас балығы

63.

Бубырь бұзаубас балығы

64.

Құмдауыт бұзаубас балығы

65.

Мыжырайған бұзаубас балығы

66.

Шырман бұзаубас балығы

67.

Каспиосома

68.

Тебен балығы

69.

Кәдiмгi атерина

70.

Ақ қанатшалы теңге балығы

71.

Шырма балық

72.

Түрі белгісіз талма балығы

73.

Өзен жыланбалығы

74.

Медака

75.

Қытай элеотрисы

76.

Қытай бұзаубас балығы

77.

Сегізмұртты талма балығы

78.

Өзен абботтинасы

79.

Амур шабағы

80.

Теңбiл кекiре

81.

Амур кәдiмгi кекiре

82.

Амур қара тыраны

83.

Ротан-элеотрисi

84.

Үкi шабақ

85.

Никольский шырма балығы

86.

Үш тiкенектi шаншар балығы

87.

Үш-ерiндi

88.

Ақ амур тыраны

  Бұйрығына 3-қосымша

Жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай зиян келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс түрлерінің тізбесі

Жануарлардың түрлері

1. Сүт қоректілер:

1.1

Қасқыр

1.2

Шибөрі

2. Құстар:

2.1

Қарға

2.2

Үлкен суқұзғын

3. Балықтар:

3.1

Жыланбас (арал-сырдария популяциясынан басқасы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады