БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінде:
110-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беру ұйымдары, интернаттық ұйымдар, стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар, бір пәтерлі тұрғын ғимарат жер учаскесінің шекарасына;";
114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"114. Көлік құралдарын сақтау және қызмет көрсету орындарынан (жер үсті және жер үсті-жер асты гараждар, жеңіл автомобильді тұрақты және уақытша сақтауға арналған ашық тұрақтар және техникалық қызмет көрсету станциясынан) бастап тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттар, сондай-ақ елді мекендердің тұрғын, қоғамдық-іскерлік және рекреациялық мақсаттағы аймақтарда орналасқан мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беру ұйымдары, интернаттық ұйымдар, стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға дейін өртке қарсы қашықтықтар осы Техникалық регламентке 9-қосымшаның кестесінде келтірілгеннен кем қабылданбауы керек.";
115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"115. Өртке қарсы қашықтықты тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар, құрылысдар және құрылыстан бастап және мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беру ұйымдары және стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардан бастап гараж қабырғасы немесе ашық тұрақ шекарасына дейін анықтау қажет.";
125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"125. Сұйылтылған көмірсутекті газдардың жер үсті резервуарсынан бастап бір мезгілде 800-ден артық адам болуы мүмкін (стадион, базар, парк, тұрғын үй) орындарға дейінгі, сондай-ақ орта білім беру, мектепке дейінгі және санаторийлік-курорттық ұйымдарына дейінгі қашықтық орын санына қарамай, осы Техникалық регламентке 11-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген мәндермен салыстырғанда 2 есе арттыруға рұқсат етіледі.";
246-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"246. Ұйықтайтын және палаталық үй-жайларда, сондай-ақ Ф1.1 қосалқы сыныбының мектепке дейінгі ұйымдарының ғимараттарының үй-жайларында КМ2 қарағанда, өрт қауіптілігі барынша жоғары болатын сәндік-өңдеу, қаптау материалдары мен еден төсеніштерін қолдануға жол берілмейді.";
247-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"247. Мектепке дейінгі ұйымдарда музыка және дене тәрбиесі сабақтары өтетін залдарының қабырғалары мен төбелерін өңдеу КМО сыныбының материалынан орындалуы тиіс.";
271, 272, 273, 274, 275, 277, 278 және 279-тармақтар алып тасталсын;
"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне 1-қосымшаның 59-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Ф1 – адамдардың тұрақты тұруға және уақытша болуына арналған ғимараттар:
Ф1.1 – мектепке дейінгі ұйымдар, мамандандырылған қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың (пәтерлік емес) үйлері, ауруханалар, интернаттық ұйымдардың ұйықтауға арналған корпустары;
Ф1.2 – қонақ үйлер, жатақханалар, жалпы типтегі санаторийлер мен демалыс үйлерінің, кемпингтердің, мотельдер мен пансионаттардың ұйықтауға арналған корпустары;
Ф1.3 – көп пәтерлі тұрғын үйлер;
Ф1.4 – бір пәтерлік, оның ішінде бұғатталған тұрғын үйлер;
Ф1.5 – көп функциялы ғимараттар;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"Ф4 – ғылыми-зерттеу ұйымдарының және білім беру ұйымдарының, жобалық ұйымдардың, басқару органдары мекемелерінің ғимараттары:
Ф4.1 – орта білім беру ұйымдардың, қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйым, училище, колледж, жоғары колледж;
Ф4.2 – біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, білім беру ұйымдары;
Ф4.3 – әкімшілік ғимараттар, жобалау-конструкторлық ұйымдар, ақпараттық және редакциялық-баспа ұйымдары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, банктер, конторлар, кеңселер;
Ф4.4 – өрт депосы;";
"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне 7-қосымшаның 2-кестесінің ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе: Мектепке дейінгі ұйымдардың, орта білім беру ұйымдарының, интернаттық ұйымдардың, денсаулық сақтау және демалыс ұйымдарының, ойын – сауық мекемелері мен спорт құрылыстарының ғимараттарынан сыйымдылығы 100 м3 дейінгі қоймаларға дейінгі арақашықтықты екі есе ұлғайтуға, ал сыйымдылығы 100 м3 асатын қоймаларға дейін-сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қабылдауға жол беріледі.";
"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне 8-қосымшаның 1-кестесі ескертпелерінің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қашықтықты отын сақтайтын жерасты резервуарларынан, тарату бағандарынан, автоцистернадан төгуге арналған құрылыстан мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беру ұйымдары, интернаттық ұйымдар, стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға жер телімдерінің шекараларына дейін немесе тұрғын үй және өзге арналған қоғамдық ғимараттар қабырғаларына дейін анықтау керек.";
"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне 9-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 116 бұйрығына қосымша |
|
"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне 9-қосымша |
Көлік құралдарын сақтау мен қызмет көрсету орындарына дейін өртке қарсы қашықтықтар
Оларға дейінгі қашықтық анықталатын ғимарат | Көрші ғимаратқа дейінгі қашықтық, м | |||||
Жеңіл автомобильдер саны жағдайда гараждар мен ашық тұраққа дейін | Орындар саны жағдайда техникалық қызмет көрсету станциясынан | |||||
10 дейін | 11-50 | 51-100 | 101-300 | 10 дейін | 11-30 | |
Тұрғын үйлер: | ||||||
Жақтаулы қабырғаға дейін | 10(12) | 15 | 25 | 35 | 15 | 25 |
Тұйық қабырғаға дейін | 10(12) | 10(12) | 15 | 25 | 15 | 25 |
Қоғамдық ғимарат | 10(12) | 10(12) | 15 | 25 | 15 | 20 |
Орта білім беру ұйымдары, мектепке дейінгі ұйымдар, интернаттық ұйымдар | 15 | 25 | 25 | 50 | 50 | 50 |
Стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар | 25 | 50 | 50 | 50 | 50 | 50 |
Ескертпе: жақшада отқа төзімділік деңгейлері III - IV гараждар үшін мән көрсетілген |