"Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 144/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 359/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қыркүйекте № 29915 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 144/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19015 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне қорытынды – бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелерінің әкімшілері ұсынған жобаның мақсаттылығына, пайдаланылатын техникалық шешімдердің оңтайлығына, "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы және мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының қорытындылары негізінде жүргізілетін ақпараттық қамтамасыз ету нысанына ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның кешендік бағасы;

      2) ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы инвестициялық ұсыныстарға қорытынды – инвестициялық ұсыныстардың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері ұсынған жобаның мақсаттылығына, пайдаланылатын техникалық шешімдердің оңтайлығына, "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы және мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының қорытындылары негізінде жүргізілетін ақпараттық қамтамасыз ету нысанына ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның кешендік бағасы;

      3) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныс (бұдан әрі – инвестициялық ұсыныс) – ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған инвестициялық ұсыныс;

      4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;

      5) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;

      6) реинжиниринг – ұйым қызметінің тиімділігін, сапасын және нәтижелілігін арттыру мақсатында ағымдағы жұмыс процесін қайта өзгерту;

      7) "электрондық үкіметтің" архитектурасы – тиісті салалар (аялар) бөлінісінде мемлекеттік басқарудың міндеттерін, функцияларын қоса алғанда, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің цифрлық нысандағы сипаттамасы;

      8) "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы – "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Инвестициялық ұсынысты әзірлеу немесе түзету Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу, бағалау және бюджеттік инвестициялардың орындылығын айқындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі – Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидалары).

      Егер әкімші инвестициялық ұсыныстарды бюджеттік инвестициялық жобалар арқылы іске асыруды көздесе инвестициялық ұсынысқа "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырма электрондық форматта келісуге бір мезгілде жіберіледі, оларды жасау және қарау Заңның 7-бабы 20) тармақшасында бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманы қарау нәтижесінде пысықтауға жіберіліп жатқан қорытынды инвестициялық ұсынысқа теріс қорытынды беру үшін негіз болып табылмайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сервистік интегратор инвестициялық ұсыныстың сараптамасын:

      1) осы Қағидаларға;

      2) Заңның 7-бабы 10) тармақшасында бекітілген "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту бойынша талаптарға;

      3) Заңның 6-бабы 3) тармақшасында бекітілген ақпараттық – коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға;

      4) "электрондық үкіметтің" архитектурасына;

      5) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді пайдалану мүмкіндігіне;

      6) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы мен тиімділігін айқындау, шығыстарды есептеулер негіздемесін бағалау, тұрғысынан бағалауға;

      7) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес инвестициялық ұсынысты, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріні бағалау өлшемшарттарына;

      8) инвестициялық ұсыныста белгіленген техникалық-экономикалық параметрлеріне сәйкес жүргізеді.";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Мемлекеттік жоспарлау құжаттарында, нормативтік құқықтық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларында, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларында, "электрондық үкіметтің" архитектурасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаны (бұдан әрі – АКТ жобасы) іске асырудың болуы не ол болмаған жағдайда уәкілетті орган келісімінің болуы

      ";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаның 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде оларға сәйкес жобаны іске асыру болжамдалатын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, реинжиниргілеу және "электрондық үкіметтің" архитектурасы


      ";

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшаның 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде оларға сәйкес жобаны іске асыру болжамдалатын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, реинжиниргілеу және "электрондық үкіметтің" архитектурасы


      ";

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшаның 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12

Жылдар бойынша қаржыландыру бөлінген жобаның жалпы құны

Қаржыландыру көзі

Қаржыландыру нысаны

Жылды/соманы (мың тенге) көрсету

Барлығы (мың тенге)


20__

20__

20__

жиынтығы

Республикалық бюджет

Инвестициялық шығындар





Жергілікті бюджет






Өзге көздер







Жиынтығы:






      ".

      2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады