Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 қазанда № 29963 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
В. Дудник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министірлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министірлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министірлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
  2022 жылғы 30 қыркүйектегі
  № ҚР ДСМ-108 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Міндетті медициналық қарап-тексерулер жататын адамдардың нысаналы топтарында, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемінде:

      реттік нөмірі 11- жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Санаторийлердің, демалыс үйлерінің, пансионаттардың, интернаттардың және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Әрбір 12 ай сайын

      ";

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшамен бекітілген Зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесінде:

      Кәсіптер мен жұмыстарда:

      реттік нөмірі 29-жолдағы мынадай редакцияда жазылсын:

29

Барлық санаттағы автокөлік құралдарының қозғалысымен байланысты жұмыстар;

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, офтальмолог, нарколог, оториноларинголог, хирург, психиатр, гинеколог

Қанның жалпы талдауы, ЭКГ, ФГ, вестибулярлық аппаратты зерттеу, қан тобын және резус-факторды анықтау (алдын ала медициналық қарап-тексеруден өту кезінде), көру жітілігі мен өрісін зерттеу

Көру функциясы бұзылған көз қабықтарының созылмалы аурулары, көзге кедергі келтіретін немесе көз алмасының қозғалысын шектейтін қабақтың бұлшық еттерінің тұрақты өзгерістері мен парездері (жақсы нәтижемен операциялық емдеуден кейін жүргізуге рұқсат етіледі).

Барлық үлгідегі және маркадағы мотоциклдер, мотороллерлер, мотонарттар;

Көз жасы қапшығының созылмалы, консервативті емдеуге келмейтін қабынуы мен жыланкөзі, табанды, емдеуге келмейтін жас ағу (жақсы нәтижемен операциялық емдеуден кейін жүргізуге рұқсат етіледі).

Жолаушылар тасымалдауға арналған трамвайлар, троллейбустар, автобустар, шағын автобустар және өзге де автокөлік құралдары;

Қылилықтың салдарынан тұрақты диплопия.

Тракторлар және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері;

Кез келген меридианда көру өрісінің 200 артық шектелуі.

Барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдарға арналған қолмен басқарылатын автомобильдер;

Абсолютті немесе салыстырмалы орталық скотома.

Өзен және теңіз порттарының жұмыскерлері, өзен және теңіз кемелерінің экипаждары, капитандар мен олардың көмекшілері, штурмандар, механиктер, матростар, радио мамандар, лоцман қызметінің және кеме қозғалысын басқару қызметінің жұмыскерлері

Түзетілген көру жітілігі бір көзде 0,8 Д төмен, екінші көзде 0,4 Д, бір көздің көрмеуі.

Әуе кемелерін және өзге де ұшу аппараттарын басқару (инженер – пилоттар, бортинженерлер); әуе кемелеріне және өзге де ұшу аппараттары мен авиация техникасына техникалық қызмет көрсету, пайдалану және жөндеу; әуе кемелерінің қозғалысын басқару және қызмет көрсету (инженер – авиадиспетчерлер); авиациялық электрлендірілген, пилотаждық-навигациялық және радиоэлектрондық жабдықтарды; Автокөлік құралдарының электр жабдықтарын техникалық пайдалану; авиациялық аспаптарды, жерүсті және борттық басқару жүйелерін пайдалану, әуе кемелері мен өзге де ұшу аппараттарының диагностикасы навигациясы; авиациялық қауіпсіздік; жолаушыларға қызмет көрсету (бортсеріктер) кәсіптері мен жұмыскерлері

Мөлдір қабықтағы рефракциялық операциядан кейін көлік құралдарының жүргізушілері 3 айдан кейін жүргізуге жіберіледі.

Көру жітілігі түзетумен - бір көзде 0,8 Д төмен және екіншісінде 0,4 Д төмен, + 8,0-ден 8,0 Д-ға дейін бастапқы (операцияға дейін) рефракция кезінде асқынулардың болмауы.

Операцияға дейінгі рефракцияны белгілеу мүмкін болмаған кезде көз осінің ұзындығы 21,5-тен 27,0 мм-ге дейін болғанда жарамды;

Жасанды көз бұршағы кем дегенде бір көзде болғанда жеке рұқсат етіледі. Көру жітілігі түзетілген (0,8 Д - 0,4 Д), қалыпты көру өрісі және операциядан кейін жарты жыл ішінде асқынулар болмаған кезде өтілі бар жүргізушілер жіберіледі.

Түсті сезінудің бұзылуы.

Көз торының және көру нервінің аурулары.


Ауызекі сөйлеуді қабылдау кезінде бір құлақтың толық кереңдік, екіншісімен 3 м-ден кем қашықтыққа естімеуі, 1 м қашықтықта сыбырлап сөйлеуді немесе екінші құлақпен 2 м-ден кем ауызекі сөйлеуді қабылдау (толық кереңдік, мылқаулық кезінде рұқсат беру кемінде 2 жылдан кейін қайта куәландыра отырып, жеке жүзеге асырылады).

Холестеатомамен, грануляциялармен немесе полиппен (эпитимпанит) асқынған ортаңғы құлақтың созылмалы біржақты немесе екі жақты іріңді қабынуы.

Фистульдік симптомның болуы (жақсы нәтижемен операциялық емдеуден кейін мәселе жеке шешіледі), созылмалы іріңді мастоидит.

Вестибулярлық аппарат функциясының бұзылуы, бас айналу синдромдары, нистагм (Меньер ауруы, лабиринтиттер, кез келген этиологиядағы вестибулярлық криздер).

Көз қарашығының ортаңғы жағдайдан 700 ауытқуы кезіндегі спонтанды нистагм.


Аяқ-қолдардың қозғалысын едәуір қиындататын қатерсіз ісіктер, баяу қозғалатын тыртықтар.

Мойын қозғалғыштығының кенеттен айқын шектеулері, үлкен буындардағы тұрақты өзгерістер, дұрыс өспеген сынықтар, аяқ-қолдардың қозғалысын едәуір қиындататын жалған буындар, сондай-ақ оның қозғалысын бұзатын омыртқадағы тұрақты өзгерістер.

Бір қолдың немесе аяқтың, қолдың немесе табанның болмауы, қозғалысты едәуір қиындататын қолдың немесе табанның деформациясы.

Егер ампутациялық тұқыл сирақтың кемінде 1/3 болса және ампутацияланған аяқ-қолдың тізе буынындағы қозғалғыштық толық сақталған болса, ерекшелік ретінде бір ампутацияланған сирағы бар адамдарға рұқсат етілуі мүмкін.

Саусақтардың немесе фалангтардың болмауы.

Неврологиялық симптоматикасы бар травматикалық деформациялар және бас сүйегінің ақаулары, рұқсат беру 2 жылдан кейін қайта куәландыра отырып, жеке жүзеге асырылады.

Аяқ-қолдың 6 см-ден артық қысқаруы, егер аяқ-қолдың сүйек, жұмсақ тіндер мен буындар жағынан ақаулары болмаса, қозғалыс көлемі сақталса, аяқ-қолдың ұзындығы 75 см-ден артық болса, куәландырылушылар жарамды деп танылуы мүмкін.

Қозғалыс кезінде қозғалысты шектеуді немесе ауырсынуды тудыратын аурулар, операциялық емдеуден кейін мәселе жеке шешіледі.

Қолқаның, бас миы тамырларының, сан және тізе асты артерияларының аневризмасы; облитерациялаушы эндартериит, II-III сатысы, Такаясу ауруы; трофика бұзылған, шораяқтық бар варикоздық кеңею.

Тыныс алуды қиындататын жұтқыншақтың, көмейдің, трахеяның тұрақты өзгерістері.

Кеуде қуысы ағзалары функциясы елеулі бұзылған кеуде қуысы мен омыртқаның деформациясы (жіберу туралы мәселе жеке шешіледі).

Кез келген этиологиядағы туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек және қан тамырларының ақаулары компенсация болған жағдайда бір жылдан кейін қайта куәландыра отырып, жеке жіберіледі.

Жүрекке және ірі тамырларға операциядан кейінгі жағдай, компенсация кезінде мәселе бір жылдан кейін қайта куәландыра отырып, жеке шешіледі.


Имплантацияланған жасанды жүрек ырғағының жүргізушілері бар адамдарға жеке рұқсат етіледі.

Жүрек аурулары, ырғақтың бұзылуы, жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, миокард инфарктісінен кейінгі жағдай жіберу туралы мәселе жеке шешіледі (тыныштық стенокардиясы бар адамдарды қоспағанда, жыл сайын қайта куәландыру).

Қан және қан өндіру ағзаларының аурулары, жіберу туралы мәселе анемиялық синдром және негізгі аурудың асқынуы болмаған кезде жеке шешіледі.

Жатыр мен қынаптың түсуі, ректовагинальды және қуық-қынаптық жыланкөздер (тік ішек сфинктері тұтастығы бұзылған бұттың жыртылу) (операциялық емдеуден кейін мәселе жеке шешіледі).

150 см-ден төмен бой (мәселе жеке шешіледі), дене дамуының күрт артта қалуы.

Жолаушылар көлігінің жүргізушілері үшін сөйлеу ақаулары және кекештену болған жағдайда мәселе жеке шешіледі

      ".

      2. "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      2-қосымшада:

      1-кестенің ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: Мүгедектігі бар адамдардың еңбегін пайдалану мүмкіндігі көзделетін кәсіпорындарда медициналық пункттің ауданы 0 ден 3 м2 дейін ұлғайтылады.".

      3-кестенің ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: Дене күші әлсіреген адамдардың және мүгедектігі бар адамдардың еңбегін пайдалану мүмкіндігі көзделген кәсіпорындарда дәрігерлік денсаулық сақтау пунктінің үй-жайлары құрамы жұмыс істейтін адамдардың мүгедектігін, ауру тобын және еңбекке қабілеттілікті жоғалту дәрежесін есепке ала отырып, жергілікті денсаулық сақтау органдарының келісімі бойынша толықтырылады.".

      3. "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      4-тармақтың 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – егде жастағы адамдар, мүгедектігі бар адамдар, өз бетінше жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды және (немесе) кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады