Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 195 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 қазанда № 29986 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 3 қаңтардағы № 2 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16268 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу туралы нұсқаулықта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Электрондық сот ісін жүргізу сотқа дейінгі тергеп-тексеруді электрондық форматта жүзеге асыру, оның ішінде лауазымды адам қабылдаған процестік шешімдер мен әрекеттердің негізінде СДТБТ-ға электрондық құжатты енгізу немесе PDF-құжатты салу арқылы, сондай-ақ ЭЦҚ-мен қол қойылатын электрондық ақпараттық есеп құжаттарының қажетті деректемелерін (бұдан әрі – электрондық нысандар) толтыру болып табылады.

      Электрондық нысандардың қажетті деректемелерін толтыру тәртібі Қазақстан Республиксы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларымен (бұдан әрі – СДТБТ-нің Қағидалары) анықталады (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген).";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Қылмыстық процеске қатысушы процестік мәртебе алған сәттен бастап ҚР ҚПК-нің талаптарын ескере отырып, жария сектор арқылы өзіне қатысты немесе қорғалатын адам туралы қабылданған процестік шешімдер, қылмыстық іс материалдары туралы СДТБТ-да бар және өзге де мәліметтерге қол жеткізуге құқылы.

      Жария секторіне қол жеткізу СДТБТ-нің Қағидаларымен регламенттелген.";

      2) "Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 85 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20962 болып тіркелген):

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 737-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектiлерiне мәлімет үшiн, сондай-ақ Комитеттiң аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады