"Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есебін жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 369/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қазанда № 30032 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстар есебін жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13631 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебін жасау, ұсыну және қарастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарын жасау кезінде әкімші:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      2) шығыстар есебінің Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 140/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен нормативтеріне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18927 болып тіркелген) сәйкестігін қамтамасыз етеді;

      3) ақпараттандырудың сервистік моделіне өту және ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді алу басымдығын қамтамасыз етеді;

      4) шығыстар есебінің "электрондық үкіметтің" бекітілген архитектурасына сәйкестігін қамтамасыз етеді;

      5) активтерді пайдалану кезеңіне, сондай-ақ енгізілетін немесе көбейтілетін ақпараттық жүйелердің талаптарына және мерзімдеріне сәйкес оларды жарақтандыруды және ауыстыруды жүзеге асырады;

      6) шығыстардың қайталануын болдырмайды;

      7) шығыстардың негізделген есебін жасау үшін тиісті тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарығындағы ұсыныстарды зерттейді;

      8) лицензиялық бағдарламалық қамтылымды пайдалану кезінде "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      9) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.";

      6 және 11-тармақтар алып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша шығыстарды есептеу мынадай құжаттарды қамтиды:

      1) Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының талаптарына сәйкес түсіндірме жазба;

      2) толық мәлімет көрсетілген екі әлеуетті өнім берушіден кем емес коммерциялық ұсыныстардың көшірмелері:

      тауарлар (тауар бірлігінің саны, тауардың сипаттамасы, тауардың құны);

      жұмыстар және (немесе) қызметтер (жұмыстағы және (немесе) көрсетілетін қызметтегі операциялардың сипаттамасы), жұмыстағы және (немесе) көрсетілетін қызметтегі операциялардың саны, жұмыста және (немесе) көрсетілетін қызметте бір операцияны жүргізуге тартылған уақыт пен адамдардың саны, жұмыстағы және (немесе) қызмет көрсетілетін көрсетілетін қызметтегі адамдардың саны және операциялардың құны;

      3) әкімшінің байланыс тұлғасы туралы мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, телефоны, электрондық поштасы;

      4) бекітілген инвестициялық ұсыныстың, қаржы-экономикалық негіздемелердің, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға техникалық тапсырманың көшірмелері;

      5) әкімшінің бекітілген штат санының көшірмелері.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Архитектуралық порталда болмаған жағдайда жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша шығыстарды негіздеу үшін осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар:

      1) орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша үш жылдық кезеңге ұқсас жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы, техникалық ерекшеліктердің электрондық көшірмелері) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардағы мәліметтер (олар болған кезде);

      2) кезекті қаржы жылына ақпараттандыру саласында сатып алуға жоспарланған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшеліктердің көшірмелері;

      3) орындалған жұмыстардың нақты көлемін (олар болған кезде) көрсете отырып, ұқсас жұмыстар мен қызметтердің үш жылдық кезеңдегі орындалған жұмыстарының (көрсетілген қызметтерінің) актілерінен мәліметтер ұсынылады.";

      18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Сервистік интегратор шығыстар есебін қараған кезде мыналар ескеріледі:

      1) "электрондық үкіметтің" бекітілген архитектурасының іске асырылу барысы туралы ақпарат;

      2) есепті қаржы жылы үшін бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуын, оның ішінде ақпараттандыру саласында тауарлардың, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің мерзімдері, көлемі мен құны туралы мәліметтерді қамтиды;

      3) ағымдағы қаржы жылының бюджеттік инвестицияларын жүзеге асыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру барысы туралы ақпарат;

      4) кезекті қаржы жылы мен жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша күтілетін тиімділік пен нәтижелер туралы мәліметтер;

      5) мемлекеттік органның архитектуралық порталындағы ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтері;

      6) әкімшінің немесе басқа әкімшінің есепті қаржы жылындағы ұқсас шығыстарымен немесе іс-шараларымен салыстырғанда шығыстардың негізділігі және салыстырмалылығы (олар болған кезде);

      7) тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге жоспарланатын бағалардың нарықтық бағалармен салыстырмалылық;

      8) әкімшінің ақпараттандыру объектілерінің техникалық жай-күйі, кәдеге жаратылуы және баланстық құны;

      9) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорында қамтылған бағаларға тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге жоспарланатын бағалардың салыстырмалылығы;

      10) ақпараттандыру саласындағы шығыстарды есептеу басымдығы;

      11) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің басымдығы.

      19. Уәкілетті органның қарауына "электрондық үкіметтің" бекітілген архитектурасында көрсетілген тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстардың есебі жатады;

      20. "Электрондық үкіметтің" бекітілген архитектурасы болмаған жағдайда, уәкілетті орган осы Нұсқаулықтың 11 және 12-тармақтарында құжаттарды талдау арқылы шығыстар есебін қарауды жүзеге асырады." ;

      1, 1-1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2022 жылғы 4 қазандағы
№ 369/НҚ Бұйрыққа
1-қосымша
  Ақпараттандыру саласындағы
тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді мемлекеттік сатып
  алу шығыстарының есебін
жасау, ұсыну және қарастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарын есептеу басымдығы

Шығындардың атауы

Басымдық (1 – жоғары , 2 – орташа, 3 – біркелкі , 4 – төмен)

1

2

3

1.

Ақпараттық жүйе аудиті

орташа

2.

пайдаланушыларды оқыту

біркелкі

3.

деректерді жүктеуге дайындау және жүйеге деректерді енгізу (бастапқы, архивті деректер)

жоғары

4.

ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның құрауыштары үшін қосалқы бөлшектер сатып алу

біркелкі

5.

клиенттік бағдарламалық қамтылымды сатып алу

біркелкі

6.

телекоммуникациялық жабдықтарды сатып алу

біркелкі

7.

серверлік үй-жайлар үшін электр жабдығын және жабдықты сатып алу

төмен

8.

басқа да консалтингтік қызметтер

төмен

9.

ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттерін жөндеу

біркелкі

10.

көрсетілетін телекоммуникациялық қызметтерді сатып алу

жоғары

11.

ақпараттық жүйе мен электрондық ақпараттық ресурс хостингі

жоғары

12.

Ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға техникалық тапсырма әзірлеу бойынша қызметтерді сатып алу

жоғары

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2022 жылғы 4 қазандағы
№ 369/НҚ Бұйрыққа
2-қосымша
  Ақпараттандыру саласындағы
тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді мемлекеттік сатып
алу шығыстарының есебін
жасау, ұсыну және қарастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
1-1-қосымша

Ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің тізбесі

Ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің атауы

Мысалдар

1

Ақпараттық жүйені әзірлеу

ақпараттық жүйені енгізу;
ақпараттық жүйелерді интеграциялау;
ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді ұсыну;
ақпараттық жүйені дамыту;
ақпараттық жүйені құру;
ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту жөніндегі жобаны басқару

2

Ақпараттық жүйені сүйемелдеу

ақпараттандыру объектісін сүйемелдеу

3

Лицензиялық-бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық қолдау

жұмыс орындарына жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
серверлік жабдыққа жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
бағдарламалық қамтылымды техникалық қолдау;
жабдықты техникалық қолдау

4

Серверлік жабдық

серверлік жабдық сатып алу; серверлік бағдарламалық қамтылым сатып алу; серверлік жабдықты жалға алынатын серверлік үй-жайға орналастыру

5

"Электрондық үкімет" архитектурасын әзірлеу немесе дамыту

"Электрондық үкімет" архитектурасын әзірлеу немесе дамыту

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2022 жылғы 4 қазандағы
№ 369/НҚ Бұйрыққа
3-қосымша
  Ақпараттандыру саласындағы
тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді мемлекеттік сатып
алу шығыстарының есебін
жасау, ұсыну және қарастыру
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша

      Нысан

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебіне уәкілетті органның қорытындысы

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Ерекшілік

Атауы

Жоспардағы 1-інші жылға бюджеттік өтінім
мың
теңге

Жоспардағы 1-інші жылға қолдау көрсетілген сома мың теңге

Жоспардағы 2-інші жылға бюджеттік өтінім мың теңге

Жоспардағы 2-інші жылға қолдау көрсетілген сома мың теңге

Жоспардағы 3-інші жылға бюджеттік өтінім мың теңге

Жоспардағы 3-інші жылға қолдау көрсетілген сома Мың теңге

Дәлелді қорытынды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады