Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 10.09.2024 № 416-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18617 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 84 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 13-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қағидалар "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-3-бабының 13-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін есептеу әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-3-бабының 13-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін есептеу, сондай-ақ қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың хабар тарату, теле-, радиоарналарда қазақ тіліндегі жарнаманың тең бөліну көлемдерін, отандық өндірістің теле-, радиобағдарламаларының және музыкалық шығармаларының көлемдерін, шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялау көлемдерін, теле-, радиоарналарда жарнаманың тәулікпен алғандағы көлемдерін, теле-, радиоарналарда бір сағат хабар тарату уақыты ішінде жергілікті уақыт бойынша он сегіз сағаттан бастап жиырма үш сағатқа дейінгі уақыт аралығындағы кезеңде жарнама ұзақтығының жалпы көлемін, жарнамалық сипаттағы хабарламаларға және материалдарға мамандандырылмаған телеарналарда телесауда көлемдерін есептеу тәсілдерін айқындайды.";
8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) сөзбен сүйемелденбейтін теле-, радиобағдарламалар – оларды сүйемелдеуде қандай да бір тілдегі сөзді және оның негізгі мазмұнымен байланысты ақпаратты қамтымайтын теле-, радиобағдарламалардың көлемі "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – "Телерадио хабарларын тарату туралы" Заң) 10-бабының 1-тармағында және 2-тармағында белгіленген заңнаманың талаптарын сақтау тұрғысындағы мониторингте ескерілмейді;";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Жарнама туралы" Заң) талаптарын сақтау мәнінде теле-, радиоарналардың мониторингін жүргізу кезінде әлеуметтік жарнамалық роликтер, жүгіртпе жол, теле-, радиоарнаның өз ақпараты (анонс) жарнаманың көлемін есептеу кезінде ескерілмейді.";
2-тараудың 9-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"9-параграф. Теле-, радиоарналардың Қазақстан Республикасы заңнамасының Мемлекеттік гимнді орындауға, телебағдарламаларды тарату кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауға қойылатын талаптарды сақтауы тұрғысынан мониторингті есептеу ерекшеліктері әдістемесі";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 8-бабы 1-тармағының 4) тармақшасымен белгіленген талаптарды сақтау мәніне теле-, радиоарналардың мониторингін жүзеге асырған кезде тәулік сайын теле-, радиоарналар эфирге шыққан кезде, олардың хабар таратуы басталғанда және аяқталғанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалмаған жағдайда бұзушылық тіркеледі.
Үздіксіз хабар тарататын теле-, радиоарналарға қатысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін тәулігіне бір рет орындау міндетті болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау ұзақтығы теле-, радиоарналардың тәуліктік эфирінің жалпы көлемінде ескерілмейді.".
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
Д. Қыдырәлі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі