"Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 415 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 қазанда № 30068 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13420 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 3 қазандағы
№ 415 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 95 бұйрығымен
бекітілген

"Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, өткізу тәртібін, сондай-ақ олардың қызметін курстан кейінгі сүйемелдеуді ұйымдастыру, өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) біліктілік – тиісті кәсіби қызмет түрі шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажетті кәсіби білім, іскерлік, дағды және жұмыс тәжірибесінің жиынтығы;

      2) білім беру мониторингі – білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;

      3) қорытынды бағалау – қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары бағдарламасының талаптарына сәйкес педагогтің біліктілік деңгейі мен құзыреттілігін растау рәсімі;

      4) педагогтердің біліктілігін арттыру – оқыту мен оқыту сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ бұрын алған кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдылары мен құзыреттерін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;

      5) педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымы – үздіксіз білім беру жүйесінде педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым;

      6) педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу – педагогтің курстан кейінгі қызметін үздіксіз мониторингтеу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы оның кәсіби құзыреттілігін дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі;

      7) сертификат – біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасына сәйкес қорытынды бағалаудан табысты өткен тыңдаушыларға берілетін құжат;

      8) сертификатқа қосымша – бағалары көрсетілген білім беру бағдарламасының меңгерілген модульдерінің тізбесі бар құжат;

      9) сертификатталған тренер – тренерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өткен және біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын адам;

      10) сыртқы қорытынды бағалау – біліктілікті арттырудың ұзақ мерзімді курстары бағдарламасының талаптарына сәйкес педагогтің біліктілік деңгейі мен құзыретін растау рәсімі;

      11) тыңдаушы – біліктілікті арттыру курсынан өтуші адам.

      3. Курстарды:

      1) штаттық (штаттан тыс) тренерлер, оның ішінде ғылыми дәрежелері (ғылым кандидаты және (немесе) ғылым докторы және (немесе) философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша доктор) және (немесе) философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі бар және (немесе) философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша доктор дәрежелері бар оқытушылар және (немесе) "педагог-зерттеуші" және (немесе) "педагог-шебер" біліктілік санаты бар педагогтер қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша кемінде және (немесе) 3 (үш) жыл жұмыс өтілі бар өндірістік кәсіпорындардың мамандары біліктілікті арттыру ұйымдары штатының жалпы санының кемінде 40 (қырық) пайыз (бұдан әрі - %) қызметкерлері;

      2) білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, келісуді және бекітуді, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру мен өткізуді, педагогтердің қызметін курстан кейінгі сүйемелдеуді жүзеге асыруды және біліктілікті арттыру ұйымының басшысы бекіткен білім беру бағдарламаларының тиімділігіне мониторинг жүргізуді реттейтін құжаттары;

      3) тиісті санитарлық қағидалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару, немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі материалдық активтері, немесе жалға алынған материалдық активтері бар педагогтердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар (бұдан әрі – Ұйым) өткізеді.

      4. Шетелдегі курстар тиісті бюджеттер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен ұйымдастырылады.

2-тарау. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру рәсімі

      5. Курстар:

      1) еңбек қызметінен қол үзбей (оның ішінде қашықтықтан оқыту тәсілімен);

      2) жалақысын сақтай отырып еңбек қызметінен қол үзіп (оның ішінде қашықтықтан оқыту тәсілімен);

      3) шетелде еңбек қызметінен 1 (бір) жылға дейінгі мерзімге қол үзе отырып;

      4) аралас (күндізгі қашықтықтан оқыту әдісімен) әдістерімен ұйымдастырылады.

      6. Ұйым білім саласындағы Уәкілетті органға (бұдан әрі – Уәкілетті орган) келесі құжаттарды (бұдан әрі – Құжаттар) ұсынады:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі, Ұйымның жарғысы;

      2) тренерлердің дәрежесін растайтын дипломдардың және (немесе) біліктілік санаттарын беру туралы куәліктердің көшірмелері;

      3) тренерлермен ниет туралы еңбек шарттарының көшірмелері;

      4) біліктілікті арттыру ұйымының басшысы бекіткен білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, келісуді және бекітуді, педагогтердің қызметін курстан кейінгі сүйемелдеуді жүзеге асыруды және бағдарламаларының тиімділігін мониторингілеуді реттейтін құжаттар;

      5) шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару, немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың, немесе ғимаратты (үй-жайды) жалдау шартының көшірмелері;

      6) санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының (актінің) және өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің (хаттың) көшірмесі.

      7. Ұйым құжаттарының толықтығын, олардың қолданылу мерзімдерін, сондай-ақ осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкестігін қарау үшін Уәкілетті органның бұйрығымен 3 (үш) жыл мерзімге консультативтік-кеңесші орган – жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрылады.

      Жұмыс тобына уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің, Уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшелері қатарынан кемінде 5 (бес) адам енгізіледі.

      8. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды Жұмыс тобының қарауына жібереді. Құжаттарды қарау мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.

      Ұйымның Құжаттарын қарау қорытындылары бойынша Жұмыс тобы келесі шешімдердің бірін қабылдайды: "осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес келеді", "осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес келмейді".

      9. Ұйымдар:

      1) педагогтерді курстарда оқытуды;

      2) педагогтердің қызметін курстан кейінгі сүйемелдеуді;

      3) білім беру бағдарламаларының тиімділігін мониторингілеуді жүзеге асырады.

      10. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын курстарда оқуға үміткер педагог білім беру ұйымына осы Қағидалардың 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.

      Педагог өзінің кәсіби шеберлігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіру мақсатында мемлекеттік тапсырыс есебінен де, басқа да көздер есебінен де біліктілікті арттыру курстарынан өтуге тең мүмкіндіктерге ие.

      11. Білім беру ұйымы жыл сайын:

      1) педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективалық даму жоспарын жасайды және өтінім дайындайды;

      2) 1 (бірінші) маусымға дейін:

      облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті білім беруді басқару органдарына (бұдан әрі – Білім беруді басқару органдары) педагогтерді курстарға жіберу туралы өтінімді;

      Уәкілетті органға (республикалық білім беру ұйымдары) педагогтерді Курстарға жіберу туралы өтінімді еркін нысанда ұсынады.

      12. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдері педагогтердің біліктілігін арттыру жоспарын қалыптастырады және ұсынылған өтінімдерді қарап жыл сайын 1 шілдеге дейін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларына (бұдан әрі – Білім басқармасы) жібереді.

      13. Білім басқармалары жыл сайын 1 қыркүйекке дейін педагогтерді Курстарға бөле отырып, алдағы қаржы жылына арналған облыс педагогтерінің біліктілігін арттыру жоспарын қалыптастырады және Уәкілетті органға ұсынады.

      14. Білім басқармалары бекітілген жоспарларға сәйкес Курс басталғанға дейін екі ай бұрын Курстарға педагогтердің тізімін қалыптастырады.

      15. Ұйым Курстарды өткізудің жылдық кестесін әзірлейді және:

      жергілікті бюджет есебінен біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларымен;

      республикалық бюджет есебінен біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде Уәкілетті органмен және тиісті облыстық, республикалық маңызы бар қаладардың білім басқармаларымен келіседі.

      16. Педагогтер Курстарға білім беру ұйымдары, білім бөлімдері, білім басқармалары басшыларының бұйрықтары негізінде жіберіледі.

      17. Білім беру үрдісі Ұйымның оқу жоспарымен, жылдық кестелерімен, сабақ кестесімен реттеледі.

      18. Бюджет қаражаты есебінен тыңдаушыларды біліктілікті арттыру курстарына қабылдау тыңдаушылардың тізімдері қоса берілген білім басқармаларының хаттары негізінде Ұйым басшысының бұйрығымен ресімделеді.

      Курстарға оқуға жіберілген педагог Ұйымға жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

      19. Білім беру ұйымдары "Білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген) сәйкес "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - ҰБДҚ) әкімшілік есептілік нысандары бойынша деректерді толтырады. Деректер педагогтер біліктілікті арттыру курстарын аяқтаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей толтырылады.

3-тарау. Педагогтердің біліктіліктерін арттыру курстарын өткізу рәсімі

      20. Курстарды өткізу аудиториялық және қашықтықтан оқыту нысандарында әртүрлі бағыттар мен модульдерді игеру арқылы, сондай-ақ оқытатын бейініне сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері үшін кәсіпорындар (ұйымдар) базасында бір рет немесе кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

      21. Курстарды келесі санаттағы тренерлер өткізеді:

      1) біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі бар педагогтер;

      2) қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі бар өндірістік кәсіпорындардың мамандары мен қызметкерлер;

      3) педагогикалық және бейіндік мамандықтар бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы.

      22. Курстарды өткізу кезеңінде Ұйым жеке дәрістер оқуға және практикалық сабақтарды жүргізуге әдіскерлерді, педагогтерді, білім беру ұйымдарының басшыларын, практиктерді, өндірістік кәсіпорындардың мамандарын, өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен жұмыс берушілер қауымдастықтарының өкілдерін тартады.

      23. Курстардың ұзақтығы:

      1) қысқа мерзімді Курстар – 36-дан бастап 108 академиялық сағатқа дейін;

      2) ұзақ мерзімді Курстар – 108 академиялық сағаттан көп;

      3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің тағылымдамасы – кемінде 36 академиялық сағат.

      Шетелдегі курстардың ұзақтығы:

      1) қысқа мерзімді курстар – 36 бастап 80 академиялық сағатқа дейін;

      2) ұзақ мерзімді курстар – 1 (бір) жылға дейін.

      Курстың бір академиялық сағаты 45 минутты құрайды.

      Біліктілікті арттыру курстарын кезең-кезеңмен ұйымдастыру кезінде педагогтер оқытудан жыл сайын өтеді.

      24. Тыңдаушы біліктілікті арттыру курстарынан келесі өту шарттарын көрсете отырып, Ұйыммен оқу шартына (келісіміне) қол қояды:

      1) белгіленген оқу жоспарына, кестесіне және сабақ кестесіне сәйкес оқуға;

      2) оқу тәртібін және мінез-құлық нормаларын сақтауға, оның ішінде профессорлық-оқытушылар құрамына және басқа да білім алушыларға құрмет көрсетуге, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұқпауға;

      3) біліктілікті арттыру курсының кестесіне сәйкес барлық сабақтардың кемінде 80%-на қатысуға;

      4) алынған ең жоғары балдың кемінде 50% көлемінде қорытынды тестілеуден өтуге міндетті.

      Ұйым тыңдаушылардың дербес деректерін "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінен жинауды жүзеге асырады және тыңдаушы шартта (келісімде) белгіленген талаптарды бұзған жағдайда жұмыс берушіні және (немесе) білім беру органдарын хабардар етеді.

      25. Шарт (келісім) курстардан өтуді ұйымдастыру бойынша барлық шығындарды төлеуге байланысты бюджеттен тыс қаражатты аудару үшін негіз болып табылады.

      26. Курстарды аяқтағаннан кейін шетелдік ұйым біліктілікті арттыру курстарының тақырыбы бойынша тақырыбы мен сағат көлемін көрсете отырып жеке үлгідегі сертификат беріледі.

      27. Тыңдаушы курстан өтуде шетелдік ұйымнан шығаруға әкеп соғатын теріс нәтижені алған жағдайда, педагог шетелде курстан өтуге байланысты Ұйым жұмсаған нақты шығындарды өтеуді жүзеге асырады.

      28. Қысқа мерзімді курстар аяқталғаннан кейін Ұйым оқу бағдарламасына сәйкес нысан бойынша қорытынды бағалау жүргізеді.

      29. Біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасына сәйкес қорытынды бағалаудан табысты өткен тыңдаушыларға Ұйым осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тақырыпты және сағат көлемін көрсете отырып, біліктілікті арттыру курстарының тақырыбы бойынша сертификат, сондай-ақ осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес сертификатқа қосымша береді.

      Сертификат арнайы қорғау дәрежесін талап етеді және "Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 Қаулысына сәйкес сатып алынады.

      30. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы педагогінің тағылымдамасы өзінің кәсіптік қызметіне одан әрі енгізу үшін саладағы озық тәжірибені зерделеуге, сондай-ақ біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларын игеру кезінде алынған кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды бекітуге бағытталған біліктілікті арттырудың бір бөлігі болып табылады.

      Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы педагогінің тағылымдамасы курстардың бекітілген білім беру бағдарламасына сәйкес кәсіпорын (ұйым) базасында ұйымдастырылады және біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын ұйым мен кәсіпорын (ұйым) арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум негізінде жүргізіледі.

      Кәсіпорынның (ұйымның) басшысы педагогтің тағылымдамадан өтуін сүйемелдеу үшін жұмыс орнын айқындайды, кәсіпорын (ұйым) қызметкерлері қатарынан жауапты адамды бекітеді. Тағылымдама аяқталғаннан кейін педагог Ұйымға осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсіпорын (ұйым) толтырған педагогтің кәсіпорын (ұйым) базасында тағылымдамадан өткені туралы анықтаманы ұсынады.

      Педагог ұсынған кәсіпорын (ұйым) базасындағы педагогтің тағылымдамадан өткені туралы анықтаманың негізінде ұйым осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өткені туралы сертификат береді.

      31. Қорытынды бағалаудан өтпеген тыңдаушыларға Ұйым біліктілікті арттыру курсын тыңдағаны туралы еркін нысанда анықтама береді.

      Сертификат ала алмаған тыңдаушылардың мынадай мүмкіндіктері бар:

      1) бір жылда бір реттен артық емес білімін қайта бағалау;

      2) курстардың келесі легімен білімін қайта бағалау;

      3) дәлелді себептер бойынша ағымдағы жылдың ішінде бір лектен екінші лекке ауысу;

      4) дәлелді себептер бойынша аяқталмай қалған курсты растау құжаттарын ұсына отырып аяқтау.

      32. Біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы Келісімнің шарттарын орындамаған тыңдаушылар Ұйым басшысының бұйрығына және курс тыңдаушыларының өтініштері мен өтінімдерін қарау жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес оқудан шығарылады. Ұйым тыңдаушының жұмыс берушісін оқудан шығару туралы хабардар етеді.

      33. Ұйым басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы тұлға курстар аяқталған күннен бастап және сертификат берілген күннен бастап 3 (үш) жыл бойы қолданыстағы сертификатқа және сертификаттың түпнұсқалығын тексеру үшін QR-коды (кью ар-код) бар оған қосымшаға қол қояды.

4-тарау. Педагог қызметін курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру және жүргізу рәсімі

      34. Біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагог алған кәсіби құзыреттерін оқу процесінде қолданады.

      35. Білім беру ұйымдарының әкімшілігі:

      1) педагогтің алған құзыреттерін қолдану нәтижелерін қадағалау мақсатында педагог қызметіне мектепішілік бақылау және мониторинг жүргізеді;

      2) курстан кейінгі сүйемелдеу және білім беру бағдарламаларының тиімділігіне мониторинг жүргізу мақсатында Ұйымға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      36. Біліктілікті арттыру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар алған білімін тәжірибеде сапалы іске асыру үшін күнтізбелік бір жыл ішінде біліктілікті арттырудан өткен педагогтердің қызметін курстан кейінгі сүйемелдеуді жүзеге асырады.

      37. Курстан кейінгі сүйемелдеу мазмұны біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының мақсаттарымен, міндеттерімен және күтілетін нәтижелерімен айқындалады.

      Педагог қызметін курстан кейінгі қолдауды жүргізудің түрлері:

      1) тыңдаушыларға олардың педагогикалық, зерттеу және рефлексиялық қызметінде әдістемелік, консультациялық көмек көрсету;

      2) педагогикалық және зерттеу қызметінің нәтижелерін жариялауға дайындауда консультациялық көмек көрсету;

      3) педагогтердің кәсіби қоғамдастықтарының жұмысын ұйымдастыру және қолдау, оның ішінде тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар (байқаулар, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да білім беру шаралары) өткізу.

      38. Курстан кейінгі сүйемелдеу нәтижелерін талдау және білім беру бағдарламаларының тиімділігін мониторингілеу 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет жүргізіледі.

  Педагогтердің біліктілігін
арттыру курстарын
ұйымдастыру және өткізу,
сондай-ақ педагогтің қызметін
курстан кейінгі
қолдау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  ____________________________
(ұйымның атауы)
басшысы
__________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
____________________________
(қызметі)
________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

Өтініш

      Мен, ____________________________________________________________________,

                        (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ______________тілінде жүргізілетін Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарында оқу үшін менің кандидатурамды қарауыңызды өтінемін.

      __________________

      (өтініш берушінің қолы)

      "____" _______20____ жыл

      (өтініш берілген күні)

  Педагогтердің біліктілігін
арттыру курстарын
ұйымдастыру және өткізу,
сондай-ақ педагогтің қызметін
курстан кейінгі
қолдау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  аты (бар болған жағдайда)
____________________________
(қызметі)
________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

Өтініш

      Мен, ____________________________________________________________________,

                        (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      шетелде_____________________________________________ Қазақстан Республикасы

                        (оқитын ел)

      педагогтерінің біліктілігін арттырудың айлық (жылдық) курсында (3 айға дейін немесе 1 жылға дейін) оқу______________тілінде жүргізілетін топта оқу үшін менің кандидатурамды қарауыңызды өтінемін.

      __________________

      (өтініш берушінің қолы)

      "____" _______20____ жыл

      (өтініш берілген күні)

  Педагогтердің біліктілігін
арттыру курстарын
ұйымдастыру және өткізу,
сондай-ақ педагогтің қызметін
курстан кейінгі
қолдау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Ұйымның
ресми
атауы

Ұйымның
логотипі

Официальное
наименование
организации

 
СЕРТИФИКАТ

Осымен _________________________________ біліктілікті арттыру
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
курсын ____________________________________ тақырыбы бойынша
(курс тақырыбы)
______ академиялық сағат көлемінде өткендігін растайды.

 
Ұйым басшысы ____________________________ ____________ Мөр орны
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) (бар болған жағдайда)

Тіркеу нөмірі № ________
Берілген күні: "___"____________ 20__жыл

  Педагогтердің біліктілігін
арттыру курстарын
ұйымдастыру және
өткізу, сондай-ақ педагогтің
қызметін курстан кейінгі
қолдау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Ұйымның
ресми
атауы

Ұйымның
логотипі

Официальное
наименование
организации

 
Сертификатқа қосымша
_____________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Біліктілікті арттыру курстарында оқу кезінде келесі модульдер бойынша тиісті білім мен дағдыларды көрсетті:

Бағдарлама модульдерінің атауы

Сағат саны

Баға









 

      Ұйым басшысы ____________________________ ____________ Мөр орны

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) (бар болған жағдайда)

      Берілген күні: "___"____________ 20__жыл

  Педагогтердің біліктілігін
арттыру курстарын
ұйымдастыру және
өткізу, сондай-ақ педагогтің
қызметін курстан кейінгі
қолдау қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Ұйымның ресми атауы

Педагогтің кәсіпорын (ұйым) базасында тағылымдамадан өткені туралы
анықтама

_____________________________________________________________ берілді.
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Ол 20___жылғы "___" ___________ 20____ жылғы "___"_____________
аралығында ________________________________ бойынша
(мамандықтың және біліктіліктің атауы)
_____________________________ базасында ______бастап ______дейін
(кәсіпорынның (ұйымның) атауы)
__________ академиялық сағат көлемінде тағылымдамадан өтті
_______________________________________________________ бойынша
(қызметтің атауы)
функционалдық міндеттерін атқарды ______________________ кәсіби
дағдыларға ие болды.

      Кәсіпорын (ұйым)

      басшысы___________________________________ ______ Мөр орны

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) (бар болған жағдайда)

      __________________________ __________

  Педагогтердің біліктілігін
арттыру курстарын
ұйымдастыру және
өткізу, сондай-ақ педагогтің
қызметін курстан кейінгі
қолдау қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Ұйымның
ресми
атауы

Ұйымның
логотипі

Официальное
наименование
организации

СЕРТИФИКАТ
____________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)





____________________________________________ тақырыбы бойынша курс аясында ______ академиялық сағат көлемінде
практика базасы ретінде айқындалған ұйымнан тағылымдамадан өткендігін растайды.





Ұйым басшысы ___________________________
Тіркеу нөмірі № ______
Берілген күні: 20__жылғы "___"______
Мөр орны (бар болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады