БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 911 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30165 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидалары";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. МҚД бойынша сабақ оқу жылына бекітілген бірыңғай тақырыптық жоспар және күнтізбелік жоспар бойынша әскери қызметшілердің мынадай санаттары бойынша тұрақты негізде өткізіледі:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және ҚР ҚК Бас штабы құрылымдық бөлімшелерінің, ҚР ҚК бас басқармаларының, әскер түрлері бас қолбасшылары, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшылары басқармаларының офицерлерімен – 20 сағаттық бағдарлама бойынша, бұл ретте 2 оқу сағаты резервке бөлінеді;
2) жергілікті әскери басқару органының, медициналық мекеменің, әскери оқу орнының, аудандық пайдалану бөлімінің, әскери бөлімнің (бригаданың, полктің, корабльдің, базаның, арсеналдың, жеке батальонның, дивизион мен ротаның) және бөлімшенің (желілік батальонның, дивизионның, ротаның, батарея мен оған теңестірілгеннің) офицерлерімен – 50 сағаттық бағдарлама бойынша, бұл ретте кемінде 2 оқу сағаты резервке бөлінеді;
3) келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен – 30 оқу сағатын қоса алғанда, 100 сағаттық бағдарлама бойынша, бұл ретте кемінде 4 оқу сағаты резервке бөлінеді;
4) сарбаздармен (матростармен) – 160 сағаттық бағдарлама бойынша, бұл ретте кемінде 6 сағат резервке бөлінеді;
5) далалық жорық және бітімгершілік миссияға қатысу уақытында мемлекеттік-құқықтық даярлық бойынша сабақ хабардар ету түрінде санаттар бойынша аптасына 2 рет 1 сағаттан өткізіледі.
Әскери оқу орнының тәрбиеленушілері, ұландары, кадеттері, курсанттары, тыңдаушылары МҚД бойынша сабаққа тартылмайды.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Тақырыптық жоспарда хронологиялық тәртіппен жасалған бөлімдер (кіші бөлімдер) бойынша сабақ тақырыптары көрсетіледі.";
40-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 57-1-тармақпен толықтырылсын:
"57-1. Әскери бөлімде (мекемеде) құқық бұзушылықты түбегейлі жою және алдын алу мақсатында бақылау күшейтілген топқа алынған әскери қызметшілермен профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады және жүргізіледі.
Бақылау күшейтілген топқа әскери тәртіпті жүйелі бұзуға бейім әскери қызметшілер, оның ішінде мынадай адамдар алынады:
1) күнтізбелік жыл ішінде қылмыстық қылық, үш және одан көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған;
2) теріс себеп бойынша ҚР ҚК қатарынан және әскери бөлім (мекеме) тізімінен шығарылғанға дейін сынақ мерзімін белгілеумен шартты жазалау шарасына сотталған әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілер (офицерлер, сарбаздар);
3) қызметтен тыс уақытта күнтізбелік жыл ішінде спирттік ішімдікті ішуге жол берген, оның ішінде масаң күйде болу дәрежесіне қарамастан, қоғамдық орында алкогольдік (есірткілік) масаң күйде ұсталған;
4) әскери атағы (лауазымы) бір сатыға төмендетілген не қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту жасалған офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер;
5) бөлімше, әскери бөлім (мекеме) қолбасшылығына олардың күнтізбелік жыл ішінде жол берілген құқық бұзушылық (әкімшілік, қылмыстық) туралы уақтылы баяндамаған, оның ішінде құқық қорғау органы анықтағаннан кейін бөлімше, әскери бөлім (мекеме) қолбасшылығына мәлім болған жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл төлегені туралы ақпаратты жасырған;
6) жеке құрамды зерделеу барысында ұжымдық (қоғамдық) пікірге және әскери ұжымда болып жатқан әлеуметтік процеске теріс ықпал ететін теріс бағыттағы жасырын көшбасшы ретінде анықталған.
Осы санаттағы әскери қызметшілерге әскери бөлім (мекеме) қолбасшылығы тарапынан ерекше назар аудару мен күшейтілген бақылау талап етіледі. Олармен құқықтық, ақпараттық-түсіндіру профилактикалық әңгімелесу арқылы нақты жеке-тәрбие жұмысы жүргізіледі.
Бұл әскери қызметшілер бақылау күшейтілген топқа алынады, одан әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) атына жазған әскери бөлім (мекеме) командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарының баянаты негізінде шығарылады.
Бақылау күшейтілген топқа алынған әскери қызметшілерді есепке алуды әскери бөлім (мекеме) тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің (бөлімшесінің) әскери тәртіп жөніндегі офицері (аға офицері) жүзеге асырады.
Бақылау күшейтілген топқа алынған әскери қызметшілермен жүргізілетін профилактикалық жұмысты әдістемелік қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.";
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Жеке құрамды зерделеу құралдарымен әдістемелік қамтамасыз етуді ҚР ҚК-де тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру мәселесіне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.";
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Психологиялық жұмыс нәтижесі туралы жеткізілім бағыныстылық тәртібінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі:
1) әскери бөлім (мекеме) – ай сайын;
2) өңірлік қолбасшылық, әскер тегі және жергілікті әскери басқару органы – тоқсан сайын;
3) әскер түрі және бағынысты әскери бөлімі (мекемесі) бар Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және ҚР ҚК құрылымдық бөлімшесі – оқу кезеңінің қорытындысы бойынша.";
67-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) әскери қызметшілерді жоғары эмоционалдық және нервтік-психикалық тұрақтылықты талап ететін оқу-жаттығу, оқу-жауынгерлік және оқу-жаттықтыру міндеттерінің жекелеген түрін орындауға жіберу.";
мынадай мазмұндағы 67-1-тармақпен толықтырылсын:
"67-1. Оқу-жаттығу, оқу-жауынгерлік және оқу-жаттықтыру міндеттерінің жекелеген түріне мыналар жатады:
1) оқу-жаттығу ұшуы;
2) арнайы тапсырма бойынша ұшу;
3) әуе-десанттық даярлық шеңберінде парашютпен секіру;
4) сайыс пен армиялық ойынға қатысу;
5) бітімгершілік миссияға қатысу;
6) төтенше жағдай салдарын жою, аумақты жарылу қаупі бар заттардан тазарту бойынша қызметтік іссапарға жіберу.";
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Нервтік-психикалық тұрақсыздық, бейімделу қиын және депрессия белгісі бар, ауыр өмірлік, отбасылық-тұрмыстық және қаржылық қиындық, психофизиологиялық, тұлғалық проблема жағдайында жүрген суицид жасау қаупі деңгейі жоғары, психологиялық зерделеу нәтижесі бойынша жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жіберілмеген әскери қызметшілер динамикалық қадағалау тобына алынады.
Әскери қызметшілер әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарының әскери бөлім (мекеме) командирі (бастығы) атына жазған баянаты негізінде динамикалық қадағалау тобына алынады (одан шығарылады).
Динамикалық қадағалау тобына алынған әскери қызметші бөлімшесінің командирі, сондай-ақ оның тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары баянаттың сыртқы жағына танысқаны туралы қолтаңбасын қояды және психологиялық жұмыс мамандарымен бірлесіп, бақылауды және профилактикалық жұмысты ұйымдастырады.
Динамикалық қадағалау тобына алынған әскери қызметші қызмет орнын ауыстырған кезде оған ақпараттық анықтама жасалады, ол ауыстырылған қызмет орнына әскери қызметшінің жеке ісімен бірге жіберіледі.
Динамикалық қадағалау тобына алынған әскери қызметші емдеу мекемесіне жіберілген кезде емдеу мекемесінің басшылығы (қолбасшылығы) осы әскери қызметшінің динамикалық қадағалау тобында тұрғаны туралы жазбаша ескертіледі.
Әскери бөлімнің (мекеменің) динамикалық қадағалау тобына алынған әскери қызметшілерді есепке алуды әскери бөлімнің (мекеменің) психологиялық жұмыс маманы жүзеге асырады. Бұл ақпарат жасырын болып табылады және жария етілмейді.";
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Психологиялық зерделеу нәтижесі бойынша мынадай қорытындының бірі шығарылады:
1) "ұсынылады";
2) "ұсынылмайды".";
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"75. Жеке құрамның өзіндік ерекшелігін (жеке қасиетін) диагностикалау қорытындысы бойынша психологиялық жұмыс маманы алынған нәтижені талдайды және әскери бөлім (мекеме) қолбасшылығына (басшылығына) психологиялық көмек көрсету, динамикалық қадағалау тобына алу, ұйымдық және басқарушылық шешім қабылдау талап етілетін адамдар туралы баяндайды.
Бұл ақпарат жасырын болып табылады және жария етілмейді.";
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Психологиялық жұмыс маманы жүргізген жұмыс нәтижесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша психологиялық жұмыс маманының жеке және топтық жұмыс нысанын есепке алу журналында есепке алынады.";
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"84. Жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті психологиялық сүйемелдеуді әскери бөлім (мекеме) және бөлімше командирлері (бастықтары), штаб (басқару органы), командирдің (бастықтың) тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары, психологиялық жұмыс мамандары және әскер қызметін ұйымдастыру жөніндегі лауазымды адамдар ұйымдастырады.
Әскери бөлім (мекеме) және бөлімше командирлері (бастықтары) психологиялық жұмыс мамандарының ұсынымына сәйкес атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметке түсетін жеке құрамды іріктеуді, орналастыруды жүзеге асырады.
Әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті психологиялық сүйемелдеу іс-шараларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және психологиялық жұмыс маманына осы іс-шараны жүргізуде көмек көрсетеді.";
85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"85. Жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті психологиялық сүйемелдеу:
1) моральдық-психологиялық жағдайы бойынша атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқара алмайтын әскери қызметшілерді жібермеу;
2) кезекші есептоптарды, жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметке түсетін ауысымдарды қалыптастыру бойынша психологиялық ұсыным дайындау;
3) әртүрлі жедел жағдай шартында әрекет ету кезінде психологиялық төзімділік пен дайын болуды қалыптастыру;
4) жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқару барысында жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын мониторингтеу мақсатында жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 85-1-тармақпен толықтырылсын:
"85-1. Атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға:
1) суицид жасау қаупі белгісі бар, суицид әрекетін жасаған, суицид жасаған туыстары, психологиялық, отбасылық-тұрмыстық және қаржылық проблемасы бар, сондай-ақ динамикалық қадағалау тобына алынған әскери қызметшілер;
2) каникулдық демалыстан келгеннен кейін психологиялық зерделеуден өтпеген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орнының курсанттары, кадеттері жіберілмейді.";
мынадай мазмұндағы 85-2-тармақпен толықтырылсын:
"85-2. Әскери қызметшілерді атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жіберу үшін психодиагностикалық зерделеу жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша мынадай қорытындының бірі шығарылады:
1) "жіберіледі";
2) "жіберілмейді".";
86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"86. Оқу кезеңі басталар алдында жеке құрамды психологиялық зерделеу жүргізіледі, оның нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жіберу үшін жеке құрамды психологиялық зерделеу актісі (бұдан әрі – акт) жасалады. Актіге әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары қол қояды және оны әскери бөлім (мекеме) командирі (бастығы) бекітеді.
Жауынгерлік іс-қимыл, төтенше жағдай аймағынан, бітімгершілік миссиядан, ұзақ іссапар мен демалыстан, ұзақ емделуден кейін оралған, әскери бөлімнен (мекемеден) ауысып келген әскери қызметшілерді атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жіберу үшін олар келгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде психологиялық зерделеу жүргізіледі. Нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес акт жасалады.
Атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жіберілмеген әскери қызметшілер динамикалық қадағалау тобына алынады, оларға тұрақты бақылау жүзеге асырылады және бар проблеманы шешуде көмек көрсетіледі. Атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жіберілмеген әскери қызметшілер екі оқу кезеңі ішінде дәрігерге (психиатрға) консультацияға жіберіледі.
Жеке құрамның қарауылда қызмет атқаруға даярлығын психологиялық сүйемелдеу үш кезеңде жүргізіледі:
1) бірінші – нарядқа түскенге дейін екі-үш күн бұрын психологиялық жұмыс мамандарының ұсынымын ескеріп, бөлімше командирлері қарауылдың жеке құрамын іріктеуді, бөлуді және тағайындауды жүзеге асырады.
Қарауылды, кезекші ауысымды, атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметке түсетін есептопты құру кезінде оған түсетін адамдардың психологиялық үйлесімділігі ескеріледі. Психологиялық үйлесімділігі нашар – жанжалшыл, аразшыл, бір-біріне наразылығы мен орынсыз талабы бар әскери қызметшілердің бір қарауыл, бір кезекші ауысым, кезекші есептоп құрамына түсуіне жол берілмейді;
2) екінші – нарядқа түсер алдындағы күні қарауылдың (кезекші ауысымның, кезекші есептоптың) жеке құрамымен психологиялық зерделеу жүргізіледі.
Бір тәуліктен кейін атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметте түскен кезде психологиялық зерделеу түсетін күні жүргізіледі.
Атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметке түсетін жеке құрамды зерделеу нәтижесі әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) атына баянатпен баяндалады. Баянатқа әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары қол қояды.
Әскери бөлім (мекеме) штабының бастықтары, бөлімше командирлері, командирлердің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары және әскер қызметін ұйымдастыру жөніндегі лауазымды адамдар психологиялық зерделеуден өтпеген әскери қызметшілерді атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жібермеуге бақылауды жүзеге асырады;
3) үшінші – қарауылға түсетін күні қарауыл жасақталған бөлімше командирлері және олардың тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары, әскери бөлімнің (мекеменің) тәрбие және идеологиялық жұмыс органдары, психологиялық жұмыс мамандары практикалық сабақ барысында жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын қадағалау және сұрау арқылы мониторингтейді.
Әскери бөлім (мекеме) және бөлімше командирлері (бастықтары), жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті ұйымдастыруды тексеру жөніндегі функциялар жүктелген лауазымды адамдар қызмет атқаруды тексеру барысында жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын қадағалау және әңгімелесу әдісімен бағалайды. Әскери қызметшілерде өзіне, қызметтік ісіне, әскери ұжымдағы тұлғааралық қатынастарға, отбасындағы жағдайға және (немесе) жеке өмірінің басқа да проблемасына қанағаттанбауынан туындаған психоэмоционалдық жай-күйінің өзгеру белгілері анықталған кезде осы әскери қызметшіні ауыстыру және оны психологиялық жұмыс маманына консультацияға жіберу жөнінде шаралар қабылдайды.";
103-тармақ алып тасталсын;
108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"108. Жоғары, орта-техникалық, кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орнында психологиялық жұмыс мынадай ерекшелікпен ұйымдастырылады және жүргізіледі:
1) атыс қарумен жауынгерлік кезекшілікті, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызметті атқаруға жіберу үшін жеке құрамды психологиялық зерделеу жылына екі рет курсанттар (кадеттер) қысқы және жазғы каникулдық демалыстан келген соң жүргізіледі;
2) курсанттарды, кадеттерді психологиялық зерделеу каникулдық демалыстан келгеннен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде жүргізіледі;
3) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орнына оқуға қабылдау кезінде кәсіби-психологиялық іріктеу нәтижесі бойынша мынадай қорытындының бірі шығарылады:
"бірінші кезекте ұсынылады" – бірінші санат;
"ұсынылады" – екінші санат;
"шартты түрде ұсынылады" – үшінші санат;
"ұсынылмайды" – төртінші санат.";
117-тармақтың 8) тармақшасы "озық тәжірибесін тұжырымдау және тарату;" деген редакцияда жазылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) әскерге шақыру жасына дейінгі жастармен әскери-патриоттық бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.";
Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 5-қосымша алып тасталсын;
Қағидаларға 6-қосымша алып тасталсын;
Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
Әскери басқару органдарында, әскери бөлімдер мен мекемелерде ҚР ҚК жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі есеп беру-жоспарлау құжаттамасының тізбесі
1. ҚР ҚК-де тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік ететін Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі:
1) ҚР ҚК-де оқу жылына арналған тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстың кешенді жоспары (20 қарашаға дейін);
2) оқу жылына арналған ҚР ҚК жеке құрамымен МҚД, әскери педагогика және психология бойынша сабақтың тақырыптық жоспары (20 қарашаға дейін);
3) жас буынды зерделеу нәтижесін талдау (жылына екі рет жеке құрам бөлімше қатарына алынғаннан кейін).
2. ҚК түрі, әскер тегі, өңірлік қолбасшылық, бағынысты әскери бөлімі (мекемесі) бар департаменттер мен бас басқармалар:
1) оқу жылына арналған МҚД, әскери педагогика және психология бойынша сабақтың күнтізбелік жоспарын қоса алғанда, тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстың кешенді жоспары (25 қарашаға дейін);
2) оқу кезеңіндегі және оқу жылындағы тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстың жай-күйі туралы талдау және бұйрық;
3) санаттар бойынша бөлінген әскери қызметшілермен жүргізілген жасырын сауалнама нәтижесін талдау (тоқсан сайын);
4) жас буынды зерделеу нәтижесін талдау (жылына екі рет жеке құрам бөлімше қатарына алынғаннан кейін);
5) динамикалық қадағалау тобына алынған әскери қызметшілерге мәлімет (ай сайын жаңарту);
6) МҚД бойынша сабақтың жоспар-конспектісін қоса алғанда, МҚД тыңдаушыларының сабаққа қатысуы мен үлгерімін есепке алу журналы.
3. Әскери бөлім (бригада, полк, авиабаза, база, арсенал, жеке батальон, 1-дәрежелі корабль), әскери оқу орны:
1) оқу жылына арналған МҚД, әскери педагогика және психология бойынша сабақтың күнтізбелік жоспарын қоса алғанда, тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстың кешенді жоспары (30 қарашаға дейін);
2) бір айдағы, тоқсандағы, оқу кезеңіндегі және оқу жылындағы тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстың жай-күйі туралы талдау және бұйрық;
3) оқу жылына арналған жеке құраммен МҚД-ны және ақпараттандыруды ұйымдастыру туралы бұйрық (25 қарашаға дейін);
4) жас буынды зерделеу нәтижесі туралы талдау және жеткізілім (жылына екі рет жеке құрам бөлімше қатарына алынғаннан кейін);
5) атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызмет атқаруға жіберу үшін жеке құрамды психологиялық зерделеу актісі;
6) қарумен жауынгерлік кезекшілік, қарауылдық қызмет, ішкі қызмет атқаруға жеке құрамды жіберу туралы баянат (түсетін күні);
7) МҚД бойынша сабақтың жоспар-конспектісін қоса алғанда, МҚД тыңдаушыларының сабаққа қатысуы мен үлгерімін есепке алу журналы;
8) динамикалық қадағалау тобына алынған әскери қызметшілерге мәлімет.
4. Қорғаныс істері департаменті:
1) оқу жылына арналған МҚД, әскери педагогика және психология бойынша сабақтың күнтізбелік жоспарын қоса алғанда, тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстың кешенді жоспары (30 қарашаға дейін);
2) оқу жылына арналған жеке құраммен МҚД-ны ұйымдастыру және хабардар ету туралы бұйрық;
3) МҚД бойынша сабақтың жоспар-конспектісін қоса алғанда, МҚД тыңдаушыларының сабаққа қатысуы мен үлгерімін есепке алу журналы;
4) динамикалық қадағалау тобына алынған әскери қызметшілерді есепке алу журналы.
5. Батальон (дивизион, екінші дәрежелі корабль), қорғаныс істері басқармасы (бөлімі):
1) бір айға арналған тәрбие жұмысы жоспары және есептік материал;
2) жеке құраммен өткізілетін жеке-тәрбие жұмысының журналы.
6. Рота (батарея, үшінші дәрежелі корабль):
1) ай сайын 25-і күніне қарай әзірленетін бір айға арналған тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыс жоспары;
2) ротада (батареяда, үшінші дәрежелі корабльде) қорытынды жасау журналы;
3) МҚД бойынша сабақтың жоспар-конспектісі.
_________ әскери бөлімінде 20___ жылғы _______ психологиялық жұмыс нәтижесі туралы жеткізілім
1. Психологиялық жұмыс нәтижесі туралы мәліметтер
Р/с № | Орындалған іс-шара | Саны | Ескертпе |
Жеке құрамды психологиялық зерделеу | |||
1. | Жеке әңгімелесу әдісімен зерделенген адам саны | ||
2. | Тестілеу әдісімен зерделенген адам саны | ||
3. | Келісімшарт бойынша әскери қызметке кәсіби және психологиялық іріктеу шеңберінде зерделенген адам саны, оның ішінде: | ||
ұсынылады | |||
ұсынылмайды | |||
4. | Атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілік, қарауылдық және ішкі қызмет құрамында қызмет атқаруға рұқсат ету үшін зерделенген әскери қызметшілер саны, оның ішінде | ||
рұқсат етілді | |||
рұқсат етілген жоқ | |||
5. | Социометрия әдісімен зерделенген бөлімше саны | ||
Жеке құрамға психологиялық көмек | |||
6. | Өткізілген жеке консультация саны | ||
7. | Жүргізілген профилактикалық әңгімелесу саны | ||
8. | Өткізілген тренинг саны | ||
Суицидтік оқиға профилактикасы бойынша психологиялық жұмыс | |||
9. | Суицид жасау қаупі деңгейі жоғары болып айқындалған адам саны | ||
10. | Әскери қызметшілердің психикалық денсаулығын нығайту және суицидтік әрекет профилактикасы бойынша жүргізілген іс-шара саны | ||
11. | Психиатр-дәрігерге консультацияға жіберілген адам саны | ||
12. | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери-клиникалық госпиталіне психиатриялық тексеруге жіберілген әскери қызметші саны | ||
13. | Психикалық денсаулық көрсеткіші бойынша ҚР ҚК қатарынан шығарылған әскери қызметші саны | ||
14. | Динамикалық қадағалау тобына алынған әскери қызметші саны, оның ішінде: | ||
есептік кезеңде қосылды: | |||
есептік кезеңде шығарылды | |||
Психологиялық тұрғыдан ағарту | |||
15. | Командирлік (кәсіби) даярлық жүйесінде өткізілген сабақ саны | ||
16. | Өткізілген дәріс саны | ||
17. | Әзірленген брошюра, бюллетень, плакат және басқа да ақпараттық материал саны |
2. Динамикалық қадағалау тобына алынған әскери қызметшілер туралы мәліметтер
Р/с № | Әскери атағы, тегі, инициалы | Динамикалық қадағалау тобына алынған күні мен себебі | Профилактикалық іс-шаралар | Ескертпе |
1 | ||||
2 |
Ескертпе:
Көрсетілген нысанға толықтыру ретінде мәтіндік түрде фото, бейне және басқа да есептік материалды қоса берумен, есепті кезеңде жүргізілген қосымша психологиялық жұмыс іс-шаралары сипатталуы мүмкін.
Атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызмет атқаруға рұқсат беру үшін жеке құрамды психологиялық зерделеудің № ___ АКТІСІ
Р/с № | Әскери атағы | Тегі және инициалы | Психологиялық зерделеу нәтижесі | Тұжырым | Ескертпе |
№ 1 бөлімше | |||||
1 | |||||
2 | |||||
№ 2бөлімше | |||||
3 | |||||
4 |
Әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарының лауазымы, әскери атағы, тегі және инициалы, қолы
20__ жылғы "__" _______
Ескертпе:
1. "Психологиялық зерделеу нәтижесі" бағанында жеке тұлғаның кейбір мінезінің айқын көрінуін көрсетумен психологиялық зерделеу нәтижесі көрсетіледі.
2. "Тұжырым" бағанында психологиялық жұмыс маманының ұсынымы сипатталады (рұқсат етілді, рұқсат етілген жоқ).
3. "Ескертпе" бағанында атыс қаруымен жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі қызмет атқаруға кедергі келтіретін қосымша мән-жай, сондай-ақ әңгімелесу мен қадағалау нәтижесі сипатталады.
Психологиялық жұмыс маманының жеке және топтық жұмыс нысанын есепке алу журналы
1-бөлім. Жеке жұмыс нысаны
Р/с № | Әскери атағы, тегі, инициалы, лауазымы | Жеке жұмыс нысаны | Нәтижесі | Ұсыным | Ескертпе |
Өткізілетін күні | |||||
2-бөлім. Топтық жұмыс нысаны
Р/с № | Өткізілетін күні | Бөлімше | Адам саны | Жұмыс түрі | Мақсаты | Ескертпе |
Ескертпе:
1) психологиялық жұмыс маманы жеке жұмыс нысанында жұмыс күні ішінде кемінде үш іс-шара өткізеді;
2) тренинг аптасына кемінде 2 рет өткізіледі.