"Кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 17 қазандағы № 575 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 қазанда № 30252 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15577 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңізшілерге диплом беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидалар әскери-теңіз флоты, балық аулауға арналған кемелер, коммерциялық мақсаттарда пайдаланбайтын серуендік яхталар, қарапайым пішінді ағаш кемелер экипаждарының мүшелерінен басқа сауда мақсатында теңізде жүзетін кемелерінде жұмыс істейтін немесе жұмыс істеуге үміттенген Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік азаматтарға қолданылады.";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тізбесі және нысандары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 362 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11173 болып тіркелген) бекітілген теңіз көлігі мамандарын даярлаудың тиісті куәліктері кеменің мынадай түрлерінде жұмыс істейтін теңізшілерде:

      1) мұнай танкерлері, химия тасушылары, газ тасушылары;

      2) жолаушылар кемелері;

      3) Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға, түзетулеріне, (бұдан әрі – СОЛАС конвенциясы) сәйкес тұтанудың төмен температурасымен отынында жұмыс істейтін кемелер;

      4) СОЛАС конвенциясына сәйкес поляр суларында пайдаланатын кемелер;

      5) СОЛАС конвенциясына сәйкес жоғары жылдамдықтағы кемелер.

      Мұнай танкерлері, химия тасушылары немесе газ тасушыларында жұмыс істейтін капитандар мен басшы құрамы адамдарының кәсіби дипломдарында теңіз көлігі мамандарын даярлаудың тиісті куәліктерінің растамалары болады.

      Барлық теңізшілерде теңіз көлігі мамандарын даярлаудың мынадай куәліктері:

      1) "Бастапқы даярлау";

      2) "Кемені күзету туралы хабардарлық саласындағы даярлау" немесе "Күзет мәселелері бойынша тағайындалған міндеттер саласындағы даярлау".

      Палуба командасының кәсіби дипломын алуға барлық кандидаттарда:

      1) ҚБЖТЖ радиооператорының немесе ҚБЖТЖ шектеулі әрекет ету радиооператорының кәсіби дипломы;

      2) ТДВА кодексінің A-II/1 бөліміне сәйкес радиолокациялық станцияны пайдалану бойынша дайындық;

      3) ТДВА кодексінің A-II/1 бөліміне сәйкес автоматты радиолокациялық төсем жүйесін (бұдан әрі – АРКЖ) пайдалану бойынша дайындық (кәсіби диплом болмаған жағдайда "АРКЖ-сыз" шектеуімен беріледі);

      4) ТДВА кодексінің A-II/1 бөліміне сәйкес электрондық картографиялық навигациялық ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ЭКНАЖ) пайдалану бойынша дайындық (кәсіби диплом болмаған жағдайда "ЭКНАЖ-сыз" шектеуімен беріледі).

      Басқару құрамы адамының кәсіби дипломын алуға барлық кандидаттарда теңіз көлігі мамандарын даярлаудың мынадай куәліктері:

      1) "Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман";

      2) "Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес";

      3) "Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету".

      11. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеме екінші механигінің кәсіби диплом иесіне бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеме аға механигінің лауазымын атқаруға рұқсат етіледі.

      Кәсіби дипломға кеме экипажының мүшесі атқаратын барлық лауазымдар, әрбір лауазым бойынша шектеуді көрсете отырып, барлық төмен тұрған лауазымдарды қоса алғанда енгізіледі.";

      13, 14 және 14-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Кәсіби дипломды алуға кандидат Порттың теңіз әкімшілігіне мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Порттың теңіз әкімшілігі басшысының атына өтініш;

      2) 3х4 см нысандағы сурет – 2 дана;

      3) Порттың теңіз әкімшілігі берген теңізде жүзу кітапшасының көшірмесі;

      4) жеке басын куәландыратын құжат (немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат) (жеке басын анықтау үшін);

      5) осы Қағидалардың 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкестігі туралы құжаттардың көшірмелері;

      6) "Кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидаларын, олардың денсаулығы мен дене жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ медициналық қорытындының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 364 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11546 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша медициналық қорытындының (бұдан әрі – медициналық қорытынды) көшірмесі;

      7) кәсіби дипломды бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.

      14. Шет тіліндегі құжаттардың көшірмелері Порттың теңіз әкімшілігіне мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.

      14-1. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда, Порттың теңіз әкімшілігі құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда өтініш берушіге Теңізшілерге диплом беру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүргізетін әңгімелесудің орны, күні және уақыты туралы хабарланады.

      Комиссияның құрамы, сондай-ақ оның ережесі Порттың теңіз әкімшілігі басшысының шешімімен бекітіледі. Комиссия құрамына Комиссия төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары, Комиссия мүшелері, Комиссия хатшысы кіреді.

      Комиссия мүшелерінің шешімдер қабылдау үшін кворумы төрағаны не оның орынбасарын қоса алғанда, 5 адамды құрайды. Әңгімелесу өткізу кезінде кворумға кандидаттар үміттеніп отырған кәсіби дипломнан төмен емес кәсіби диплом бар кемінде 1 маман кіреді.

      Әңгімелесу нәтижелері бойынша Комиссия өтініш берушінің осы Қағидалардың 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74-тармақтарының талаптарына сәйкестігін айқындайды.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Кәсіби дипломды беруден бас тарту үшін негіздер мыналар болып табылады:

      1) ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған құжаттардың Қағидалардың 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74-тармақтарына сәйкес келмеуі.

      Өтініш беруші әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен кәсіби дипломды беруден бас тартуға шағым жасауға құқылы.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Кәсіби дипломның иесі оның мерзімін ұзарту үшін Порттың теңіз әкімшілігі басшысының атына еркін нысандағы өтінішті, сондай-ақ мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

      1) медициналық қорытынды;

      2) ТДВА курстарынан өту туралы құжаттар;

      3) алдыңғы 5 жыл ішінде жалпы 1 жыл мерзімде немесе тікелей мерзімді ұзарту алдында 6 ай ішінде 3 ай бойы кемеде жұмыс істеу туралы растайтын құжаттар және кәсіптік дипломға немесе теңіз көлігі саласында:

      Кеме жүргізушілері үшін:

      1) лоцман;

      2) басқарушы лауазымындағы кеме қатынасы компаниясының қызметкері;

      3) кеме жүргізуші біліктілігі бар әскери-теңіз флотының офицері.

      Кеме механиктері үшін:

      1) кеме қатынасы компаниясының техникалық инспекторы;

      2) теңіз құрылғыларында электростанциялық құрылғыларды эксплуатациялайтын механик болып жұмыс істейтін маман;

      3) кеме механик біліктілігі бар әскери-теңіз флотының офицері.

      Капитанның немесе командалық құрам адамының кәсіби дипломының қолданылу мерзімін ұзарту кезінде жұмыс өтілі олардың жалпы сыйымдылығына немесе басты қозғалтқыш қондырғысының қуатына қарамастан кемелерден алынуы мүмкін.

      Жұмыста ұзақ үзіліс болған жағдайда, ТДВА кодексінің А-I/11 бөліміне сәйкес куәландырылған ұйым берген мақұлданған дайындықтан өткенін растайтын құжат беріледі және кандидаттың атқаратын лауазымына сәйкестігін тексеруден өту мақсатында ұзартылатын кәсіби диплом алынған лауазым бойынша Комиссиямен әңгімелесу өткізіледі.";

      20-1 және 20-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-1. Осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда, Порттың теңіз әкімшілігі құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығы мен жарамдылығы анықталған жағдайда, кәсіби дипломның қолданылу мерзімін Порттың теңіз әкімшілігі ұзартады.

      20-2. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау кәсіби дипломның қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту үшін негіз болып табылады.";

      25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитаны вахталық көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА II/1 қағидаларының 2-тармағына сәйкес кандидат:

      1) куәландырылған білім беру ұйымы берген кеме жүргізу саласында жоғары немесе орта кәсіптік білім алғаны туралы құжат;

      2) ТДВА кодексінің А-II/1 бөліміне сәйкес дайындықты тіркеу кітапшасында расталған кемедегі дайындықты қоса алғанда теңіз көлігі маманын даярлаудың бөлігі ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі немесе 36 айдан кем емес жүзу өтілі және ТДВА кодексінің А-II/1 бөліміне сәйкес куәландырылған ұйымда даярлауды өту туралы құжат. Еңбек өтілі 6 айдан кем емес уақытта капитанның немесе командалық құрамның басқа адамының басшылығымен көпірде вахтаны атқару жөніндегі міндеттер орындалады;

      3) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар.

      26. Жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000-ға дейін тіркелімдік тоннаға дейінгі кеме капитанының аға көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА II/2 қағидаларының 4-тармағына сәйкес кандидат:

      1) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитаны вахталық көмекшісінен төмен емес кәсіби диплом;

      2) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының вахталық көмекшісінен төмен емес лауазымдағы 12 айдан кем емес жүзу өтілі;

      3) ТДВА кодексінің А-II/2 бөліміне сәйкес даярлауды өту туралы құжат (ТДВА II/2 қағидаларының 4.3-тармағы);

      4) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар;

      5) "Кемедегі медициналық күтім" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.

      27. Жалпы сыйымдылығы 3000 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының аға көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА ІІ/2 қағидаларының 2-тармағына сәйкес кандидат:

      1) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының вахталық көмекшісінен төмен емес кәсіби диплом;

      2) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам кемелерде капитанның вахталық көмекшісінен төмен емес лауазымдағы 12 айдан кем емес жүзу өтілі;

      3) ТДВА кодексінің А-II/2 бөліміне сәйкес даярлауды өту туралы құжат (ТДВА II/2 қағидаларының 2.2-тармағы);

      4) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар;

      5) "Кемедегі медициналық күтім" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.

      28. Жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000-ға дейін тіркелімдік тоннаға дейінгі кеме капитанының кәсіби дипломын алған кезде ТДВА II/2 қағидаларының 4.2 және 4.3-тармақтарына сәйкес кандидат:

      1) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының вахталық көмекшісінен төмен емес кәсіби диплом;

      2) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының вахталық көмекшісі ретінде кемінде 36 ай немесе жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелімдік тоннаға дейін немесе одан астам кеме капитанының аға көмекшісі ретінде 12 ай және жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам және жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының вахталық көмекшісі ретінде 12 ай немесе жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелімдік тоннаға дейін немесе одан астам кеме капитанының аға көмекшісі ретінде 24 ай немесе жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000-ға дейін тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитаны ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі;

      3) ТДВА кодексінің А-II/2 бөліміне сәйкес даярлауды өту туралы құжат (ТДВА II/2 қағидаларының 4.3-тармағы);

      4) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар;

      5) "Кемедегі медициналық күтім" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.

      29. Жалпы сыйымдылығы 3000 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының кәсіби дипломын алған кезде ТДВА II/2 қағидаларының 2-тармағына сәйкес кандидат:

      1) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының вахталық көмекшісінен төмен емес кәсіби диплом;

      2) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының вахталық көмекшісі ретінде кемінде 36 ай немесе жалпы сыйымдылығы 3000 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының аға көмекшісі ретінде 12 ай және жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының вахталық көмекшісі ретінде немесе жалпы сыйымдылығы 3000 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме аға көмекшісі ретінде 24 ай жалпы сыйымдылығы 3000 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитаны не жалпы сыйымдылығы 3000 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитаны ретінде 12 ай жүзу өтілі;

      3) ТДВА кодексінің А-II/2 бөліміне сәйкес даярлауды өту туралы құжат (ТДВА II/2 қағидаларының 2.1.2-тармағы);

      4) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар;

      5) "Кемедегі медициналық күтім" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.

      30. Жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тоннадан кем жағалаудағы жүзу кемесі капитанының вахталық көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА ІІ/3 қағидаларының 4-тармағына сәйкес кандидат:

      1) куәландырылған білім беру ұйымы берген кеме жүргізу саласында жоғары немесе орта кәсіптік білім алғаны туралы құжат;

      2) капитанның вахталық көмекшісінің барлық функцияларын орындау бойынша сынақты (ТДВА II/3 қағидаларының 4.2.1-тармағы) қоса алғанда, диплом алған маманның тікелей басшылығымен вахтаны атқару жөніндегі міндеттерді оқу бағдарламасының бөлігі ретінде орындай отырып, кемінде 6 ай жүзу өтілі, немесе капитанның вахталық көмекшісінің барлық функцияларын орындау бойынша сынақты (ТДВА II/3 қағидаларының 4.2.2-тармағы) қоса алғанда, диплом алған маманның тікелей басшылығымен вахтаны атқару жөніндегі міндеттерді орындай отырып оқу бағдарламасының бөлігі ретінде 6 ай құрайтын палубалық команда құрамында кемінде 36 ай жүзу өтілі және ТДВА кодексінің А-II/3 бөліміне сәйкес даярлауды өту туралы құжат (ТДВА II/3 қағидаларының 4.4-тармағы);

      3) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар.

      31. Жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тоннадан кем болатын жағалауда жүзетін кеме капитанының кәсіби дипломын алған кезде ТДВА II/3 қағидаларының 6-тармағына сәйкес кандидат:

      1) капитан вахталық көмекшісінен төмен емес кәсіби диплом;

      2) кеме капитанының вахталық көмекшісінен төмен емес лауазымдағы 12 айдан кем емес жүзу өтілі;

      3) ТДВА кодексінің А-II/3 бөліміне сәйкес даярлауды өту туралы құжат (ТДВА II/3 қағидаларының 6.3-тармағы);

      4) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар;

      5) 20 жастан кіші емес.

      32. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигінің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА III/1 қағидаларының 2-тармағына сәйкес кандидат:

      1) куәландырылған білім беру ұйымы берген кемелік күштік қондырғыларды пайдалану саласында жоғары немесе орта кәсіптік білім алғаны туралы құжат;

      2) дайындықты тіркеу кітапшасында расталған, ТДВА кодексінің А-III/1 бөліміне сәйкес кемедегі дайындықты қамтитын даярлау бағдарламаларынан өту бөлігі ретінде кемінде 12 ай жүзу өтілі немесе кемінде 30 ай машина командасының құрамында кемеде жұмыс өтілі болып табылатын кемінде 36 ай жүзу өтілі. Өтіл барысында білікті механиктің басшылығымен машина бөлімшесінде вахта атқару бойынша міндеттері кемінде 6 ай орындалады. Кемеде қалған 6 айлық жұмыс куәландырылған зертханаларда, тренажер-симуляторларда, оқу-жаттығу машина бөлімінде сабақтарға ауыстырылады;

      3) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар.

      33. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің екінші механигінің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА III/3 қағидаларының 2-тармағына сәйкес кандидат:

      1) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигінен төмен емес кәсіби диплом;

      2) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің механик-стажердан төмен емес лауазымында 12 айдан кем емес жүзу өтілі;

      3) ТДВА кодексінің А-IIІ/3 бөліміне сәйкес даярлауды өту туралы құжат (ТДВА IІI/3 қағидаларының 2.2-тармағы);

      4) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар.

      34. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің екінші механигінің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА III/2 қағидаларының 2-тармағына сәйкес кандидат:

      1) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигінен төмен емес кәсіби диплом;

      2) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигінен төмен емес лауазымында 12 айдан кем емес жүзу өтілі;

      3) ТДВА кодексінің А-IIІ/2 бөліміне сәйкес даярлауды өту туралы құжат (ТДВА IІI/2 қағидаларының 2.2-тармағы);

      4) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар.

      35. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің аға механигінің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА III/3 қағидаларының 2-тармағына сәйкес кандидат:

      1) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің екінші механигінен төмен емес кәсіби диплом;

      2) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің екінші механигі ретінде 12 айдан және вахталық механигі ретінде 12 айдан немесе екінші механигі ретінде 24 айдан немесе аға механигі ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі;

      3) ТДВА кодексінің А-IIІ/3 бөліміне сәйкес даярлауды өту туралы құжат (ТДВА IІI/3 қағидаларының 2.2-тармағы);

      4) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар.

      36. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеме аға механигінің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА III/2 қағидаларының 2-тармағына сәйкес кандидат:

      1) қуаты 750 кВт немесе одан астам басты қозғалтқыш қондырғысы бар кеменің вахталық механигінен төмен емес кәсіби диплом;

      2) қуаты 750 кВт немесе одан астам басты қозғалтқыш қондырғысы бар кемелерде вахталық механик ретінде кемінде 36 ай немесе екінші механик ретінде 12 ай және вахталық механик ретінде 12 ай немесе қуаты 3000 кВт басты қозғалтқыш қондырғысы бар кемелерде екінші механик ретінде 24 ай немесе аға механик ретінде 12 ай жүзу өтілі;

      3) ТДВА кодексінің А-IIІ/2 бөліміне сәйкес даярлауды өту туралы құжат (ТДВА IІI/2 қағидаларының 2.2-тармағы);

      4) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар.

      37. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеме электр механигінің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА III/6 қағидаларының 2-тармағына сәйкес кандидат:

      1) куәландырылған білім беру ұйымы берген кеме электр жабдығын және автоматиканы пайдалану саласында жоғары немесе орта кәсіптік білім алғаны туралы құжат;

      2) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт кемелерде электр механик лауазымында кемінде 12 айлық жүзу өтілі, соның ішінен кемінде 6 айы ТДВА Кодексінің А-III/6 бөліміне сәйкес, даярлықты тіркеу кітапшасында расталған даярлау бағдарламаларынан өту бөлігі ретінде кемедегі жұмыс өтілі, немесе кемінде 36 айлық жүзу өтілі, соның ішінен кемінде 30 айы машина командасының құрамында жұмыс өтілі немесе кемінде 12 айлық жүзу өтілі;

      3) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар.";

      42, 43, 44, 45, 46, 47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі навигациялық вахта құрамындағы матростың кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА II/4 қағидаларына сәйкес кандидат:

      1) капитан, капитанның вахталық көмекшісі немесе білікті матростың басқаруымен палуба командасының құрамында 6 айдан кем емес жүзу өтілі, ТДВА кодексінің А-II/4 бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына сәйкестік немесе ТДВА кодексінің А-II/4 бөліміне сәйкес білім беру ұйымында арнайы дайындық және диплом алған маманның тікелей басшылығымен қозғалыс көпіршесінде вахтаны атқару жөніндегі міндеттерді орындай отырып оқу бағдарламасының бөлігі ретінде 2 айдан кем емес жүзу өтілі;

      2) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар.

      43. Жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі бірінші санаттағы матростың кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА II/5 қағидаларына сәйкес кандидат:

      1) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі навигациялық вахта құрамындағы матростың кәсіби дипломы;

      2) навигациялық вахта құрамындағы матростың лауазымында 18 айдан кем емес жүзу өтілі, ТДВА кодексінің А-II/5 бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына сәйкестік немесе ТДВА кодексінің А-II/5 бөліміне сәйкес білім беру ұйымында арнайы дайындық және навигациялық вахта құрамындағы матростың лауазымында 12 айдан кем емес жүзу өтілі;

      3) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар.

      44. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі машиналық вахта құрамындағы мотористтің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА III/4 қағидаларына сәйкес кандидат:

      1) машина командасының басшы құрамы адамының басқаруымен моторист ретінде машина командасының құрамында 6 айдан кем емес жүзу өтілі, ТДВА кодексінің А-IIІ/4 бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына сәйкестік немесе ТДВА кодексінің А-IІI/4 бөліміне сәйкес білім беру ұйымында арнайы дайындық және машина командасының басшы құрамы адамының басқаруымен машиналық вахтаны атқару жөніндегі міндеттерді орындай отырып оқу бағдарламасының бөлігі ретінде 2 айдан кем емес жүзу өтілі;

      2) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар.

      45. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі бірінші санаттағы мотористтің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА III/5 қағидаларына сәйкес кандидат:

      1) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі машиналық вахта құрамындағы мотористтің кәсіби дипломы;

      2) машиналық вахта құрамындағы мотористтің лауазымында 12 айдан кем емес жүзу өтілі, ТДВА кодексінің А-IIІ/5 бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына сәйкестік немесе ТДВА кодексінің А-IІI/5 бөліміне сәйкес білім беру ұйымында арнайы дайындық және машиналық вахта құрамындағы мотористтің лауазымында 6 айдан кем емес жүзу өтілі.

      46. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі электриктің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА III/7 қағидаларына сәйкес кандидат:

      1) машина командасының басшы құрамы адамының басқаруымен бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі 12 айдан кем емес жүзу өтілі, ТДВА кодексінің А-IIІ/7 бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына сәйкестік немесе ТДВА кодексінің А-IІI/7 бөліміне сәйкес білім беру ұйымында электрик бағдарламасы бойынша арнайы дайындық және машина командасының басшы құрамы адамының басқаруымен 6 айдан кем емес жүзу өтілі немесе ТДВА кодексінің А-IIІ/7 бөлімінде көрсетілген техникалық мәселелерде құзыреттілік стандарттарына сәйкес біліктілік және машина командасының басшы құрамы адамының басқаруымен 3 айдан кем емес жүзу өтілі;

      2) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар.

      47. Танкерлердегі жүк немесе тиейтін жабдықтарға жауапты қатардағы және командалық құрамның адамдарында жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау бойынша теңіз көлігі маманын даярлау тиісті куәлігі болады.

      Мұнай немесе химия тасушы танкерлерінде жұмыс істеу және осы куәлікті алған кезде ТДВА V/1-1 қағидаларының 2-тармағына сәйкес болу, "Мұнай немесе химия тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" бағдарламасы бойынша курсын өту, "Бастапқы даярлау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі болу қажет.

      Газ тасушы танкерлерінде жұмыс істеу және осы куәлікті алған кезде ТДВА V/1-2 қағидаларының 2-тармағына сәйкес болу, "Газ тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" бағдарламасы бойынша курсын өту, "Бастапқы даярлау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі болу қажет.

      48. Капитан, аға механик, капитанның аға көмекшісі, екінші механик және жүктерді тасымалдау, басқару, танкерді тазарту немесе басқа тиеп-түсіру операциялары кезіндегі жүктерді тиеуге, түсіруге, қарауға жауапты басқа да адамда жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген даярлауды өту туралы тиісті теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі болады.

      Мұнай танкерлерінде жұмыс істеу және осы куәлікті алған кезде ТДВА V/1-1 қағидаларының 4-тармағына сәйкес болу, "Мұнай танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" бағдарламасы бойынша курсын өту, "Мұнай танкерлері немесе химия тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі және мұнай танкерлерінде кемінде үш ай жұмыс өтілінің мақұлдануы не мұнай танкерлерінде кемінде бір ай штаттан тыс лауазымда үш тиеу операциялары мен үш мұнай танкерін тиеу операцияларын қамтитын мақұлданған даярлықтан өтуі түсіру бойынша операциялар және дайындықты тіркеу кітапшасында құжатпен расталған жұмыс өтілі болу қажет.

      Химия тасушы танкерлерінде жұмыс істеу және осы куәлікті алған кезде ТДВА V/1-1 қағидаларының 6-тармағына сәйкес болу, "Химия тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" бағдарламасы бойынша курсын өту, "Мұнай танкерлері немесе химия тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі және химтасымалдау танкерлерінде кемінде үш ай жұмыс стажы болуы не штаттан тыс лауазымда кемінде бір ай жұмыс істейтін мұнай химтасымалдау танкерлерінде мақұлданған даярлықтан өтуі тиіс, ол мұнай танкерлерінде мұнай тасымалдау жөніндегі үш операцияны қамтиды. тиеу және түсіру бойынша үш операция және дайындықты тіркеу кітапшасында құжатпен расталған жұмыс өтілі болу қажет.

      Газ тасушы танкерлерінде жұмыс істеу және осы куәлікті алған кезде ТДВА V/1-2 қағидаларының 4-тармағына сәйкес болу, "Газ тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау" бағдарламасы бойынша курсын өту, "Газ тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау" бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі және газ тасушы танкерлерде кемінде үш ай жұмыс істеу немесе газ тасушы танкерлерде кемінде бір ай штаттан тыс лауазымда мақұлданған дайындықтан өту, ол үш тиеу және үш түсіру операцияларын қамтиды және дайындықты тіркеу кітабында құжатталған жұмыс өтілі болу қажет.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Капитан, аға механик, капитанның аға көмекшісі, екінші механик және жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін, немесе РО-РО жолаушылар кемесінің корпусында тесіктерді жабуға жауапты басқа адамдарда ТДВА V/2 қағидаларының 9-тармағына сәйкес жолаушылардың және жүктердің қауіпсіздігі, сондай-ақ корпустың су өткізбеушілігі бойынша даярлаудан өту туралы куәлігі болады және ТДВА кодексі А-V/2 бөлімінің 9-тармағына сәйкес келетін жолаушылардың және жүктердің қауіпсіздігі, сондай-ақ корпустың су өткізбеушілігі бойынша даярлау курсынан өтеді.";

      61-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Полярлы суларда жұмыс істейтін капитанда, капитанның аға көмекшісінде, капитанның вахталық көмекшісінде ТДВА V/4 қағидаларының 2-тармағына сәйкес полярлы суларда жұмыс істейтін кемелер үшін бастапқы даярлау бойынша куәлігі болады және ТДВА кодексі А-V/4 бөлімінің 1-тармағына сәйкес полярлы суларда жұмыс істейтін кемелер үшін бастапқы даярлау бойынша курсынан өтеді.";

      67 және 68-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Теңіз кемесінде жұмыс істейтін немесе жұмыс істейтін, жолаушылар болып табылмайтын барлық адамдар кемеде жұмыс басталар алдында ТДВА VI/1 қағидаларының 1-тармағына сәйкес қауіпсіздік бойынша таныстыру курсынан өтеді. Бұл дайындық ТДВА Кодексінің A-VI/1 бөлімінің 1-тармағына сәйкес келеді. Капитан кеме бортында осы курстан өткен персонал туралы барлық жазбаларды сақтайды.

      68. Қағидалардың 63, 64, 65 және 66-тармақтарында көрсетілген куәліктердің иесі куәліктердің қолданылуын әрбір 5 жыл сайын ұзартады. Ол үшін ол курстардан А-VI/1 бөлімінің 2-тармағына, А-VI/2 бөлімінің 1 және 2-тармақтарына, ТДВА кодексі А-VI/3 бөлімінің 1 және 2-тармақтарына сәйкес өтеді.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Кәсіби дипломды шетелдік кәсіби диплом тану түріндегі растаманы алу үшін кандидат немесе сенімхат бойынша оның өкілі Порттың теңіз әкімшілігіне мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан түрінде Порттың теңіз әкімшілігінің басшысының атына өтініш;

      2) 3 х 4 см сурет – 2 дана;

      3) жеке басын куәландыратын құжат (немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат) (жеке басын анықтау үшін);

      4) шетелдік кәсіби дипломның көшірмесі;

      5) ҚБЖТЖ радиооператоры шетелдік кәсіби дипломының көшірмесі (палуба командасы құрамының адамдары үшін);

      6) мұнай танкерлері, химия тасышулар немесе газ тасушылардағы жүк операциялары бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігінің көшірмесі (егер қолданылатын болса);

      7) шетелдік кәсіби дипломды беруді куәландыратын растаманың көшірмесі (егер аталған растама жеке құжатпен берілсе);

      8) ТДВА талаптарына сәйкес берілген медициналық куәліктің көшірмесі.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Шет тіліндегі құжаттардың көшірмелері Порттың теңіз әкімшілігіне мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.";

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Шет мемлекеттің құзыретті органынан кәсіби дипломның түпнұсқалығын растауды алғаннан кейін 1 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Порттың теңіз әкімшілігі өтініш берушіге комиссияның әңгімелесу өткізу орны, күні мен уақыты туралы хабарлайды.

      Әңгімелесу шет мемлекеттің құзыретті органынан кәсіби дипломның түпнұсқалығын растауды алғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өткізіледі.

      Шет мемлекеттің құзыретті органынан кәсіби дипломның түпнұсқалығын растауды алған сәтте өтініш берушінің әңгімелесуден өтуі мүмкін болмаған жағдайда, әңгімелесу өтініш берушіден әңгімелесуден өтуге дайын екендігі туралы хабарламаны алғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өткізіледі.

      Өтініш беруші шет мемлекеттің құзыретті органынан кәсіптік дипломның төлнұсқалығын растауды алған сәтте тұрақты тұратын жерінде (шетелдік азаматтар, басқа қаладан келгендер) болған жағдайда әңгімелесу ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қашықтықтан 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өткізіледі.

      Кәсіби дипломның растамасын беру комиссияның оң шешімінен кейін жүзеге асырылады.

      Комиссия теріс шешім шығарған жағдайда, кандидат шектеусіз рет, бірақ Комиссияның келесі отырысынан бұрын емес, қайта әңгімелесуге жіберіледі.

      Кандидат әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен кәсіби дипломды беруден бас тартуға шағым жасауға құқылы.";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Кандидат осы Қағидалардың талаптарына сай болуы кезінде Қағидалардың 82-тармағында көрсетілген мерзімдерде кәсіби дипломдар, кәсіби дипломдар растамалары, жеңілдік рұқсаттары тізіліміне кәсіби диплом растамасын беру туралы ақпарат енгізіледі және кәсіби дипломның растамасы беріледі.

      Қағидалардың 83-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, құжаттарды ұсынған өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту жолданады.

      ТДВА I/10 қағидаларының талаптарына сәйкес басқа шет мемлекет берген шетелдік кәсіби дипломды тану кейіннен Порттың теңіз әкімшілігінің шетелдік кәсіби дипломды растауын беруі үшін негіз болып табылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады