БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мидың біржола семуін растау қағидаларын және мидың біржола семуі кезінде ағзалардың функцияларын демеу жөніндегі жасанды шараларды тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының № ҚР ДСМ-156/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21531 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 153-бабының 4-тармағына және 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Осы қағидалар "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 153-бабының 4-тармағына және 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мидың біржола семуін растау тәртібін (бұдан әрі – Қағидалар) айқындайды.
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мидың біржола семуін растау үшін денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен кемінде 3 (үш) адамның қатысуымен тұрақты жұмыс істейтін консилиумның дербес құрамы: денсаулық сақтау ұйымының басшысы немесе медициналық бөлім бойынша орынбасары тұлғасында консилиумның төрағасы, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі бар невролог немесе нейрохирург, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі бар анестезиолог-реаниматолог бекітіледі.
Арнайы зерттеулер жүргізу кезінде (электроэнцефалографиямен тіркеу, ангиография) консилиум құрамына мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі бар тиісті бейінді маман, оның ішінде консультациялық негізде басқа медициналық ұйымдардан шақырылған мамандар енгізіледі.
Консилиумға ағзаларды алу және трансплантаттауға қатысатын бейінді мамандар енгізілмейді.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін .
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен cоң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. |
В. Дудник |