"Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлерінің құзыретіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 89 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 20 қазандағы № 71 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 қазанда № 30333 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлерінің құзыретіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 89 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21251 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлерінің құзыретіне қойылатын талаптарда:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық қауіпсіздік – ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қауіптерден қорғалу жағдайы;

      2) домен – белгілі бір пән саласындағы білімдер жиынтығы;

      3) құзырет – оқу және жеке тәжірибе барысында алынған ақпаратты игеру нәтижесі; оқыту немесе жұмыс саласына жататын білімнің, теорияның және практиканың жиынтығы; бағалауға ұшырайтын біліктілік құрауышы.

      Талаптарда "Сәйкестікті бағалау. Қызметкерлерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар" ISO/IEC 17024-2014 Мемлекетаралық стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес терминдер мен ұғымдар қолданылады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Маманға мына өлшемшарттардың біріне сәйкес келу туралы талап қойылады:

      1) домендердің бірі бойынша орташа арнайы немесе жоғары білімнің болуы;

      2) бір немесе одан да көп домен бойынша оқудан өту;

      3) бір немесе одан да көп домен бойынша кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі;

      4) Стандарттың немесе "Conformity assessment - general requirements for bodies operating certification of persons" (Комфомити ассесмент – дженерал реквайрментс фор бодиес оператинг сертификэйшн оф персонс) (Сәйкестікті бағалау. Қызметкерлерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар) ISO/IEC 17024:2012 Халықаралық стандартының (бұдан әрі – Халықаралық стандарт) сәйкес берілген, бір немесе одан да көп домен бойынша білімі мен тәжірибесін растайтын сертификаттың болуы.";

      мынадай редакциядағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. Талаптардың 4-тармағында көрсетілген, ұйымдағы ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі қызметкерлерінің кемінде бес пайызы Талаптардың 18-тармағы 4) тармақшасының өлшемшарттарына сәйкестігін растайды.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Оқудан өту туралы құжаттардың және (немесе) Стандарттың немесе Халықаралық стандарттың сәйкес берілген сертификаттың болуы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты мамандар мен басшылардың біліктілігін арттырудың растауы болып табылады.".

      2. Киберқауіпсіздік басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады