"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 20 қазандағы № 86 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қазанда № 30351 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 26-8-тармақпен толықтырылсын:

      "26-8. Транзиттік портфель – кейіннен активтер бойынша төлемдерді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін мән-жайлардың (дүлей күш құбылыстары, соғыс қимылдары, төтенше жағдай) салдарынан Қағидалардың параметрлеріне сәйкес келмеуі туындаған, бұрын жинақ портфеліне сатып алынған Қордың осы активтерінен қалыптастырылатын уақытша портфель.";

      мынадай мазмұндағы 35-6-тармақпен толықтырылсын:

      "35-6. Қордың портфельдері үшін Қағидаларда көзделген шектеулер транзиттік портфельде орналастырылған активтерге қолданылмайды.";

      36-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. ICE BofA US 6-Month Treasury Bill Index индексінің құрамы тұрақтандыру портфелінің эталондық портфелі болып табылады. Бұл индекс алты айға дейінгі өтеу мерзімі бар АҚШ қазынашылық вексельдерінен тұратын ICE Data Indices компаниясының индексі болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 44-2-тармақпен толықтырылсын:

      "44-2. Жинақ портфелінің құрылымында транзиттік портфельді жасауға жол беріледі.

      Транзиттік портфельді бағалы қағаздарды сатып алу арқылы толықтыруға жол берілмейді.

      Транзиттік портфельді басқарудың мақсаты үстеме кірісті алу болып табылмайды.";

      48-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Өтімділігі жоғары бағалы қағаздардың мынадай индекстерінен тұратын дамыған елдер облигацияларының композиттік индексі дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелі үшін эталондық портфель болып табылады:

      ICE BofA 1-10 Year US Treasury Index (G5O2) – 62,5 (алпыс екі бүтін оннан бес) пайыз;

      ICE Q1AR Custom Index (Q1AR) – 12,5 (он екі бүтін оннан бес) пайыз;

      ICE BofA 1-10 Year UK Gilt Index (G5L0) – 10 (он) пайыз;

      ICE BofA 1-10 Year Japan Government Index (G5Y0) – 5 (бес) пайыз;

      ICE BofA 1-10 Year Australia Government Index (G5T0) – 5 (бес) пайыз;

      ICE BofA 1-10 Year Canada Government Index (G5C0) – 5 (бес) пайыз.";

      51-2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "экспортта 80 (сексен) пайыздан астам мөлшерде мұнай үлесі бар елдердің облигацияларын қоспағанда, ICE BofA Q34A Custom Index индекстері бар эталондық портфельдерді қолданып, дамушы елдердің мемлекеттік облигацияларының портфелінен;";

      51-10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51-10. Парниктік газдар шығарындыларының жоғары деңгейі бар компаниялар, көмір өндіруші компаниялар және темекі өнімдерін өндірушілер шығаратын бағалы қағаздарды қоспағанда, ICE BofA Q35A Custom Index индексі корпоративтік облигациялар портфелі үшін эталондық портфель болып табылады.";

      3-1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Монетарлық операциялар департаменті (Н.А. Тұрсынханов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Қасенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.М. Молдабековаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
Г. Пирматов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
2022 жылғы 20 қазандағы
№ 86 Қаулыға
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының
инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру қағидаларына
3-1-қосымша

Өту жоспары


Жинақ портфель құрамындағы портфельдердің әр жылдың соңындағы
нысаналы үлестері (пайызбен)

Жыл

Облигациялар

Дамыған елдердің акциялары

Балама құралдар

Алтын

Мемлекеттік

Корпоративтік

дамыған елдер

дамушы елдер

р/с

1

2

3

4

5

6

7

1

2019

63

5

3

22 және жоғары

5-ке дейін

3-ке дейін

2

2020

63

5

3

22 және жоғары

4-5-ке дейін

3

2021

47

12

6

26 және жоғары

5-ке дейін

4

2022

29 және жоғары

21-ге дейін

10-ға дейін

30 және жоғары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады