Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 1110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 қарашада № 30373 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 31 қазандағы
№ 1110 бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

      осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 12-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 16.08.2024 № 552 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 521 бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18768 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 15.08.2024 № 546 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 798 бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19121 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері санаттарына жататын тауарларды және сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз етуді және осы тауарларды уақытша пайдалану жөніндегі ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу бойынша тендер алдын ала біліктілік іріктеуді қолдана отырып жүргізіледі.

      Алдын ала біліктілік іріктеуден өтудің шарты әлеуетті өнім берушінің тауары электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету мен электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде болуы болып табылады.

      Тауарлары осы Қағидалардың 153-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізілімінде бар әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылған сатып алу өткізілмеді деп танылғанда, тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өзге әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 153-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын тауарларды сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізілімінде жүзеге асырылған әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алу өткізілмеді деп танылғанда, сатып алу осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен осы тендерге қатысуға өтінім ұсынған әлеуетті өнім берушіден бір көзден жүзеге асырылады.";

      247 және 248-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "247. Сенімді бағдарламалық қамтылым тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімінің санаттарына жататын тауарларды және сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз етуді және осы тауарларды уақытша пайдалану жөніндегі ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу алдын ала біліктілік іріктеуі қолданыла отырып, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүргізіледі.

      Әлеуетті өнім берушінің тауарларының электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын сенімді бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде болуы алдын ала біліктілік іріктеуден өтудің шарты болып табылады.

      248. Тауарлары және осы тауарларды уақытша пайдалану жөніндегі ақпараттық-коммуникациялық қызметтері осы Қағидалардың 284-тармағында көзделген негіз бойынша электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізілімінде орналасқан әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылған сатып алу өткізілмеді деп танылғанда, тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өзге әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 283-тармағында көзделген негіз бойынша электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын тауарлары сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізілімінде жүзеге асырылған әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алу өткізілмеді деп танылғанда, сатып алу осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен осы тендерге қатысуға өтінім ұсынған әлеуетті өнім берушіден бір көзден жүзеге асырылады.".

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру
қағидаларына
12-қосымша

Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне қосу шарттары


Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы

Тізбеге қосу шарттары

Ескертпе

Сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізілген, бағдарламалық қамтамасыз етуге және электрондық өнеркәсіп өнімінің санатына (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауыштарына сәйкес) жататын тауарлар, сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз етуді және электрондық өнеркәсіп өнімдерін уақытша пайдалану жөніндегі ақпараттық-коммуникациялық қызметтер.

Әлеуетті өнім берушінің бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде болуы және осы Қағидаларда белгіленген біліктілік талаптарға сәйкестігі.

Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыратын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары–
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 31 мамырдағы
№ 521 бұйрығымен
бекітілген

Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

1.

Сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізілген, бағдарламалық қамтамасыз етуге және электрондық өнеркәсіп өнімінің санатына (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауыштарына сәйкес) жататын тауарлар және осы тауарларды уақытша пайдалану жөніндегі ақпараттық-коммуникациялық қызметтер.

      Ескертпе:

      1. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілікті іріктей отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

      2. Алдын ала біліктілік іріктеуі бар конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылғанда, тапсырыс берушілер мұндай мемлекеттік сатып алуды Заңның 13-бабында айқындалған өзге де тәсілдермен жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 29 шілдедегі
№ 798 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі

1.

Сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізілген, бағдарламалық қамтамасыз етуге және электрондық өнеркәсіп өнімінің санатына (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауыштарына сәйкес) жататын тауарлар және осы тауарларды уақытша пайдалану жөніндегі ақпараттық-коммуникациялық қызметтер.

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

2.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары.

Конкурс

3.

Техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) және қала құрылысы жобалары құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар.

Конкурс

4.

Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар.

Конкурс

5.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау, жобаны басқару).

Конкурс


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады