ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т . қараңыз
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 40-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
Аэроқорғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 28 қазандағы № ҚР ДСМ-121 Бұйрығына қосымша |
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары
р/с № | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар | Ескертпе |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
Патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары | |||
1 | Меншік құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар немесе кемінде бір жыл мерзімге жалдау шарттары (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркей отырып) немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану (несие) немесе мүлікті сенімгерлік басқару шарттары немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына, "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығы) талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер |
Көрсетілетін қызметті беруші меншік құқығын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді жалдау шарттарын, жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану шартын, мүлікті сенімгерлік басқару шарттарын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын қоспағанда, "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқорымен интеграцияланған "Жылжымайтын мүлік тізілімі" мемлекеттік дерекқорынан алады, олар құжаттың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады. |
2 | № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығына сәйкес келетін жұмыс істеп тұрған зертханалық жабдық пен жиһаз, сондай-ақ мүкәммал, көлік құралдары | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер | |
3 | Жеке қорғаныш құралдары | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер | |
4 | "Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидалары" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24809 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-105 бұйрығы) сәйкес зертханалардың орындалатын зерттеулер номенклатурасына сай жарақтандырылуы | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер | |
5 | Таза және жұқпалы ағындардың қиылысуын болдырмауды көздейтін биологиялық материалдың ағымдылығын сақтау | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер | |
6 | Штатта "Зертханалық диагностика" немесе "Гигиена және эпидемиология" немесе "Мейіргер ісі" немесе "Емдеу ісі" немесе "Акушерлік іс" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімі немесе "Ветеринария" мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі және (немесе) "Денсаулық сақтау" немесе "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" (биологиялық, химиялық, химиялық-биологиялық) немесе "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және (немесе) ғылыми дәрежесі бар, білім және ғылым ұйымдарында не аккредиттеу органдары таныған "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес қалыптасатын аккредиттелген органдардың тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәлігі бар патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандардың болуы | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер |
Жоғары немесе орта медициналық білім туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші 2015 жылға дейін аяқтаған адамдарды, сондай-ақ білім туралы құжаттың көшірмесін ұсынатын, Қазақстан Республикасының аумағы шегінен тыс аяқтаған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің ақпараттық жүйесінен (мәліметтер 2015 жылдан бастап) алады. порталынан алады. |
7 |
Штатта көмекші персоналдың болуы: | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер | |
Патогендігі III және (немесе) IV топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары | |||
1 | Меншік құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар немесе кемінде бір жыл мерзімге жалдау шарттары (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркей отырып) немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану (несие) немесе мүлікті сенімгерлік басқару шарттары немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына, № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер |
Көрсетілетін қызметті беруші меншік құқығын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді жалдау шарттарын, жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану шартын, мүлікті сенімгерлік басқару шарттарын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын қоспағанда, "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқорымен интеграцияланған "Жылжымайтын мүлік тізілімі" мемлекеттік дерекқорынан алады, олар құжаттың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады. |
2 | № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығының, талапатарына сәйкес келетін жұмыс істеп тұрған зертханалық жабдық пен жиһаз, сондай-ақ мүкәммал, көлік құралдары | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер | |
3 | Жеке қорғаныш құралдары | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер | |
4 | № ҚР ДСМ -105 бұйрығына сәйкес зертханалардың орындалатын зерттеулер номенклатурасына сай жарақтандырылуы | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер | |
5 | Таза және жұқпалы ағындардың қиылысуын болдырмауды көздейтін биологиялық материалдың ағымдылығын сақтау | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер | |
6 | Штатта "Зертханалық диагностика" немесе "Гигиена және эпидемиология" немесе "Мейіргер ісі" немесе "Емдеу ісі" немесе "Акушерлік іс" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімі немесе "Ветеринария" мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі және (немесе) "Денсаулық сақтау" немесе "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" (биологиялық, химиялық, химиялық-биологиялық) немесе "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және (немесе) ғылыми дәрежесі бар, білім және ғылым ұйымдарында не аккредиттеу органдары таныған "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес қалыптасатын аккредиттелген органдардың тізіліміне енгізілген, аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәлігі бар патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандардың болуы | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер |
Жоғары немесе орта медициналық білім туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші 2015 жылға дейін аяқтаған адамдарды, сондай-ақ білім туралы құжаттың көшірмесін ұсынатын, Қазақстан Республикасының аумағы шегінен тыс аяқтаған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің ақпараттық жүйесінен (мәліметтер 2015 жылдан бастап) алады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім алған мамандар "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" |
7 | Штатта биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезінде биологиялық қауіпсіздік жөніндегі жыл сайынғы нұсқамадан өткен көмекші персонал, оның ішінде санитарлардың болуы | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер |
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына қосымша |
Мәлімделген зерттеулер номенклатурасына байланысты патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер
1. Өтініш беру жоспарланып отырған зерттеулердің мәлімделген номенклатурасы және патогенді биологиялық агенттер
__________________________________________________________________________
2. Меншік құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар немесе кемінде бір жыл мерзімге жалдау шарттары (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркей отырып) немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану (несие) немесе мүлікті сенімгерлік басқару шарттары немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына, "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығы) талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары
1) Кадастрлық нөмірі ______________________________________________________
2) Орналасқан жері ________________________________________________________
3) Жалдау туралы шарттың нөмірі мен күні _____________________________________
4) Жалға беруші ____________________________________________________________
5) Жалдаудың аяқталу мерзімі ________________________________________________
6) Үй-жайдың (ғимараттың) қабаттық жоспары __________________________________
3. № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығына сәйкес келетін жұмыс істеп тұрған зертханалық жабдық пен жиһаз, сондай-ақ мүкәммал, көлік құралдары:
Зертханалық жабдық, жиһаз, мүкәммал, көлік құралдары тізбесі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
4. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес келетін жеке қорғаныш құралдары.
Типі мен саны көрсетіле отырып, жеке қорғаныш құралдарының тізбесі:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
5. "Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидалары" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24809 болып тіркелген) сәйкес зертханалардың орындалатын зерттеулер номенклатурасына сай жарақтандырылуы:
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін шығыс материалдарының тізімі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
6. Таза және жұқпалы ағындардың қиылысуын болдырмауды көздейтін биологиялық материалдың ағымдылығын сақтау:
Материалдың қозғалыс схемасы (ағымдылығы) көрсетіле отырып, үй-жайдың (ғимараттың) қабаттық жоспары
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
7. Штатта патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандардың болуы:
№ |
Аты, тегі, әкесінің аты | Лауазымы | Мамандығы және біліктілігі | Жоғары немесе орта білімі туралы дипломның нөмірі мен күні | Оқу орнының атауы | Дипломның нострификациясы туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасынан тыс жерде білім алғандар үшін) | Мамандығы бойынша еңбек өтілі | Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттық курс туралы куәліктің нөмірі мен берілген күні, оны берген ұйым туралы деректер* | Биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың нөмірі және берілген күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
*Ескертпе: патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандар үшін
8. Штатта патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезінде қосалқы функцияны орындайтын көмекші персоналдың болуы:
№ |
Аты, тегі, әкесінің аты | Лауазымы | Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезінде биологиялық қауіпсіздік бойынша жыл сайынғы нұсқамадан өту күні (дезинфекторлар, жүргізушілер мен санитарлар бойынша толтырылады) | Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау мәселелері бойынша қосымша білім алудан өткендігі туралы құжаттың (сертификат, куәлік) нөмірі мен берілген күні (дезинфектор-нұсқаушылар бойынша толтырылады) | Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу кезінде биологиялық қауіпсіздік жөніндегі курстарды аяқтағандығы туралы құжаттың (сертификат, куәлік) нөмірі және берілген күні (далалық жағдайда жұмыс істейтін дезинфектор-нұсқаушылар, дезинфекторлар бойынша толтырылады) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |