Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 432-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 қарашада № 30562 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20135 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) портал арқылы көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін алым "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге сәйкес жүзеге асырылады.

      Алым сомасын төлеу үшін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда немесе ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.";

      4-тармақтын үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жазылған.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттарда мәліметтердің толық емес немесе анық емес болуы;

      2) Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта бекітілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларының 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген талаптардың сақталмауы;

      3) лицензия беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттар қолданысының тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы;

      4) іске асыру үшін лицензия сұралатын шартты (келісімшартты) орындау салдарынан туындауы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;

      5) квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның бітуі не олардың болмауы (квоталанатын тауарларға лицензия ресімделген жағдайда);

      6) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      7) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      10. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа шағым жасауға жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

      "11. Көрсетілетін қызмет беруші осы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) портал арқылы көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.";

      4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жазылған.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      9. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа шағым жасауға жол беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Көрсетілетін қызмет беруші осы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      3-қосымшада:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі";

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті

      ";

      реттік нөмірлері 7, 8 және 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы Заң) 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) Көрсетілетін қызметті беруші - Кодекске және Мерекелер туралы Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.beta.egov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер".

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес рәсімделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру жобасының электрондық көшірмесі бар сұрау жолдайды.

9

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-77-77 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
2) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында көрсетілген www.beta.egov.kz,
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі.

      ";

      4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
С. Жумангарин

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2022 жылғы 15 қарашадағы
№ 432-НҚ Бұйрығына
1-қосымша
  "Тауарлардың жекелеген
түрлерінің импортына және
(немесе) экспортына
лицензия беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша

"Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік қызметтің атауы:
"Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру"
Мемлекеттік қызмет көрсетудің атауы:
1. "Импортқа лицензия беру"
2. "Экспортқа лицензия беру"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "импортқа лицензия беру":
өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz, www.elicense.kz.
2) "экспортқа лицензия беру":
өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz, www.elicense.kz.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсету мерзімі - өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

1) "импортқа лицензия беру":
Электрондық (толық автоматтандырылған).
2) "экспортқа лицензия беру":
Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1) "Импортқа лицензия беру":
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы уәжделген жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
2) "Экспортқа лицензия беру":
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы уәжделген жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін алым "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Алым ставкалары: лицензия беру үшін – 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Алым сомасын төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы Заң) 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Кодекске және Мерекелер туралы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www. beta. egov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер".

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық өшірмесі, қосымшалары және ( немесе) оған толықтырулар (біржолғы лицензия үшін), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі;
3) егер қызмет түрі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға лицензияның электрондық көшірмесі немесе лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға лицензияның болуы туралы мәліметтер (егер бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса);
4) лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер жолдайды.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметті
көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттарда мәліметтердің толық емес немесе анық емес болуы;
2) Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта бекітілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларының 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген талаптарды сақталмауы;
3) лицензия беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттар қолданысының тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы;
4) іске асыру үшін лицензия сұралатын шартты (келісімшартты) орындау салдарынан туындауы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;
5) квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның бітуі не олардың болмауы (квоталанатын тауарларға лицензия ресімделген жағдайда);
6) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның енгізілмеуі;
7) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы:1414, 8-800-0807777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
2) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында көрсетілген www. beta. egov. kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2022 жылғы 15 қарашадағы
№ 432-НҚ бұйрығына
2-қосымша
  "Тауарлардың жекелеген
түрлерінің импортына және
(немесе) экспортына
лицензия беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
5-қосымша

      нысан



ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ЭКСПОРТЫНА ЛИЦЕНЗИЯ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ САУДА КОМИТЕТІ

1. Лицензия №

2. Қолдану кезеңі КК.АА.ЖЖЖЖ. дан бастап КК.АА.ЖЖЖЖ дейін

3. Лицензияның типі | ЭКСПОРТ

4. ____ _________№_______келісімшарт

5.Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Жіберілген елі

8. Сатып алушының елі

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Уәкілетті тұлға
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2022 жылғы 15 қарашадағы
№ 432-НҚ бұйрығына
3-қосымша
  "Тауарлардың жекелеген
түрлерінің импортына және
(немесе) экспортына
лицензия беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
6-қосымша

      нысан



ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ИМПОРТЫНА ЛИЦЕНЗИЯ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ САУДА КОМИТЕТІ

1. Лицензия №

2. Қолдану кезеңі КК.АА.ЖЖЖЖ. дан бастап КК.АА.ЖЖЖЖ дейін

3. Лицензияның типі | ИМПОРТ

4. ____ _________№_______келісімшарт

5.Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Жіберілген елі

8. Сатып алушының елі

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

9. Статистикалық құны |

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі |

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Уәкілетті тұлға
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2022 жылғы 15 қарашадағы
№ 432-НҚ бұйрығына
4-қосымша
  "Қазақстан Республикасының
аумағында тауарлардың
жекелеген түрлерінің
экспортына және (немесе)
импортына рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша

      нысан



ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ИМПОРТТАУҒА РҰҚСАТ БЕРУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ САУДА КОМИТЕТІ

1. Рұқсат №

2. Қолдану кезеңі КК.АА.ЖЖЖЖ. дан бастап КК.АА.ЖЖЖЖ дейін

3. Рұқсат түрі | ИМПОРТ

4. ____ _________№_______келісімшарт

5. Өтініш беруші

6. Сатушы

7. Жөнелту елі |

8. Сатушының елі |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Өтініш берушінің
уәкілетті тұлғасы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефон
Күні

18. Уәкілетті тұлға
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Күні

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2022 жылғы 15 қарашадағы
№ 432-НҚ бұйрығына
5- қосымша
  "Қазақстан Республикасының
аумағында тауарлардың
жекелеген түрлерінің
экспортына және (немесе)
импортына рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
5-қосымша

      нысан



ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ЭКСПОРТТАУҒА РҰҚСАТ БЕРУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ САУДА КОМИТЕТІ

1. Рұқсат №

2. Қолдану кезеңі КК.АА.ЖЖЖЖ. дан бастап КК.АА.ЖЖЖЖ дейін

3. Рұқсат түрі | ЭКСПОРТ

4. ____ _________№_______келісімшарт

5. Өтініш беруші

6. Сатушы

7. Жөнелту елі |

8. Сатушының елі |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны |

12. Шығарылған елі|

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17.Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефон
Күні

18. Уәкілетті тұлға
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Күні


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады