"Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары жөніндегі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 18 қарашадағы № 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қарашада № 30627 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары жөніндегі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19959 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы үлгілік шарт нысанында:

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өңірлік үйлестірушіден қажетті қаражатты алғанға дейін банкке/даму банкіне/ислам банкіне/лизингтік компанияға/исламдық лизингтік компанияға/МҚҰ-ға субсидиялар аудармауға;";

      4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Ұлттық жоба/Тетік шеңберінде ай сайын/лизинг бойынша тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейін өңірлік үйлестірушіге/уәкілетті органға Субсидиялау қағидаларына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жіберуге міндеттенеді".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы үлгілік шарт нысанында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұдан әрі "қаржы агенттігі" деп аталатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы атынан _________________________ негізінде әрекет ететін ______________________________________ бір тараптан және "__________________ банкі/даму банкі/лизингтік компания/ микрокредиттер беру жөніндегі микроқаржы қызметін жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ)" акционерлік қоғамы/жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атынан ________________________________________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі "банк/лизингтік компания/МҚҰ" деп аталатын ______________________________________ екінші тараптан және бұдан әрі – "Алушы" деп аталатын ____________________________атынан ________________________ негізінде әрекет ететін _______________________, бірлесіп "Тараптар", ал жеке алғанда "Тарап" деп не жоғарыда көрсетілгендей болып аталатындар:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға (бұдан әрі – Ұлттық жоба); Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары); "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне (бұдан әрі – Тетік); қаржы агенттігі уәкілетті органының 20__ жылғы____ __________ № ____ отырыс хаттамасына сәйкес осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.";

      1 және 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) Субсидиялау қағидалары/Тетік шеңберіндегі экономиканың басым секторлары – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес экономиканың басым секторлары;

      2) банк – Субсидиялау қағидаларын/Тетікті іске асыру шеңберіндегі екінші деңгейдегі банк;

      3) даму банкі (бұдан әрі – банк) – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және (немесе) оның үлестес лизингтік компаниясы;

      4) банк-төлем агенті – қаржы агенттігімен келісілген лизингтік компанияның/МҚҰ уәкілетті банкі және жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған лизингтік компания/МҚҰ арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;

      5) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;

      6) "жасыл" таксономия – "Жасыл" облигациялар мен "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасын (таксономиясын) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 қаулысымен бекітілген "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы;

      7) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – Алушының жобасын субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі және тоқтатылуы/қалпына келтірілуі туралы шешімді қарау және қабылдау жөніндегі ішкі актілерде оған берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметін жүзеге асыратын тұрақты әрекет ететін "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының алқалы органы;

      8) қаржылық лизинг шарты – лизингтік компания/банк және кәсіпкердің арасында жасалған жазбаша келісім, оның талаптары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;

      9) микрокредит – "Микроқаржы қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мөлшерде және тәртіппен ақылы, мерзімді және қайтарымды шарттарда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен МҚҰ қарыз алушыға беретін ақша;

      10) микрокредит бойынша шарт – микрокредит беру туралы шарт, оған сәйкес МҚҰ қарыз алушыға микрокредит береді;

      11) микроқаржы ұйымы – микрокредиттер беру жөніндегі микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйым;

      12) субсидиялау шарты – қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания/МҚҰ және кәсіпкердің арасында жасалған үшжақты жазбаша келісім, ондағы шарты бойынша қаржы агенттігі банк/лизингтік компания/МҚҰ берген кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;

      13) субсидиялар – қаржы агенттігінің субсидиялау шарттары негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде банкке/лизингтік компанияға/МҚҰ-ға төлейтін өтеусіз және өтелетін негіздегі мерзімдік төлемдері;

      14) субсидиялау – болашақта кәсіпкердің операциялық қызметіне қатысты белгіленген шарттардың орындалуын алмастыратын кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға/МҚҰ-ға кредиттер/микрокредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде төленетін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны.";

      2. Осы Шарттың талаптары бойынша қаржы агенттігі Алушының ______________(қаржы ұйымының атауы) мынадай шарттарда алынған кредит/микрокредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асырады:

Банктік қарыз шарты/микрокредит бойынша шарт/қаржылық лизинг шарты

20___ жылғы
" " ________ №

Нысаналы мақсаты


"Жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін кредит болған жағдайда:
"жасыл" жоба жататын "жасыл" таксономия санаты/санаттары


Субсидиялау мерзімі басталған күнге кредит/микрокредит/лизинг сомасы


Кредит/лизинг валютасы


Сыйақы мөлшерлемесі


Кредит/микрокредит/лизинг мерзімі


Ерекше шарттар


      ";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Банк/лизингтік компания/МҚҰ осы Шарт жасалғаннан кейін қаржы агенттігіне өтеу кестесін қоса бере отырып, Алушымен жасалған банктік қарыз шартын/микрокредит бойынша шартты/қаржылық лизинг шартын (лауазымды адамның қолымен және банктің/лизингтік компанияның/МҚҰ-ның мөрімен (болған жағдайда) расталған көшірме);";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кредит/микрокредит/лизинг бойынша ____________ мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялануға жатады, бұл ретте _______ мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржы агенттігі төлейді, ал сыйақы мөлшерлемесінің ________ мөлшеріндегі қалған бөлігін осы Шартқа қосымшаға (бұдан әрі – Қосымша) сәйкес нысан бойынша Субсидиялау шартына берілген өтеу кестесіне сәйкес Алушы төлейді.

      7. Банк/лизингтік компания/МҚҰ аударған және Алушы мерзімі өткен берешек бойынша төлемеген сыйақылар субсидияланбайды.";

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды Қаржы агенттігі кәсіпкердің кредит/микрокредит/лизинг бойынша (негізгі борыш, сыйақының субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігі) толық төлем жүргізу фактісі туралы банктің/лизингтік компанияның/МҚҰ-ның хабарламасы не қысқа мерзімді кезеңге арналған сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша алушының алдағы міндеттемелерін жабатын төлемдер негізінде жүзеге асырады субсидиялау шарттарына төлем кестелерін негізге ала отырып, кредиттік рейтинг төмендеген кезде және банктердің/банк-төлем агентінің қаржылық жай-күйінің нашарлауының өзге де белгілері (бір немесе бірнеше жағдайдың басталуы), оның ішінде:";

      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) уәкілетті органға есеп беру мақсатында кредиттер/микрокредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бөлігінде Ұлттық жобаның/Тетіктің іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асыруға;";

      13-тармақта:

      2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қаражаттың мақсатты пайдаланылуы тұрғысынан Алушыға тексерулер жүргізуге құқылы. Алушыдан кредит/микрокредит/лизинг мәнінің мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге;

      3) банктен/лизингтік компания/МҚҰ-дан Алушы туралы, сондай-ақ Ұлттық жобаға/Тетікке қатысатын банктік қарыз шартының/микрокредит бойынша шарттың/қаржылық лизинг шартының іске асырылуы туралы құжаттарды және ақпаратты сұратуға және алуға;

      4) банкке/лизингтік компанияға/МҚҰ-ға және Алушыға алдын ала жазбаша хабарлай отырып, банк/лизингтік компания/МҚҰ мен Алушы арасындағы банктік қарыз шартында/микрокредит бойынша шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген құқықтардың шеңберінде Жоба іске асырылатын жерге жарты жылда кемінде 1 (бір) рет шыға отырып, жобаның және (немесе) Алушының Субсидиялау қағидаларының/Тетіктің талаптарына сәйкестігін мониторингтеуді, субсидиялау жүзеге асырылатын қаражаттың мақсатты пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асыруға;";

      7), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) банкке/лизингтік компанияға/МҚҰ-ға жазбаша хабарлай отырып, олардың жедел қызметіне араласпай, банкке/лизингтік компанияға/МҚҰ-ға барып, осы Шарт міндеттемелерінің орындалуын тексеруді жүзеге асыруға;

      8) жарнама науқанын жүргізген кезде, ақпаратты қаржы агенттігінің ресми сайтында орналастырған кезде осы Шартты орындау шеңберінде Алушыдан немесе банктен/лизингтік компаниядан/МҚҰ-нан алынған Алушы туралы ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ Алушының жазбаша келісімімен оны үшінші тұлғаларға беруге;

      9) анықталған мынадай фактілер негізінде субсидиялауды тоқтата тұруға құқылы:

      субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті/микрокредитті/лизингті мақсатты пайдаланбау, бұл ретте субсидиялау кредит қаражатын/лизингтік мәмілелер қаражатын мақсатты пайдаланбау сомасына барабар түрде тоқтатыла тұрады;

      Алушының субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын алмауы;

      жобаның және/немесе Алушының Субсидиялау қағидаларының талаптарына және/немесе қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне сәйкес келмеуі;

      төтенше жағдай/ахуал қолданылатын кезеңде туындаған жағдайларды қоспағанда, Алушының банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/ субсидиялау шартына төлемдер кестесіне сәйкес төлемдерді төлеу бойынша банк/МҚҰ алдындағы міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      төтенше жағдай/ахуал кезінде туындаған жағдайларды қоспағанда, Алушының қаржылық лизинг шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес лизингтік төлемдерді жасау бойынша лизингтік компания/банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;

      Алушының шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе Алушының шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасын кері талап ету;

      қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін Алушының салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, сондай-ақ кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10 %-ға өсуіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы (Субсидиялау қағидаларының "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша);

      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің "Өңірлік бағдарламасын қаржыландыру, шағын жеке меншік және орта жеке кәсіпкерлік" шеңберінде жоба қаржыландырылатын күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) немесе төленетін салықтар көлемінің (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу міндеттемелерін орындамауы;

      "Жасыл" жоба бойынша мәлімделген "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттары:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төмен мәндерін;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төмен деңгейлерін;

      3) қалдықтардың үлесін азайтуды/кәдеге жаратуды;

      4) су тұтынуды төмендетуді;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкес келуі (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көзделген жағдайда Алушы ұсынатын сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысы негізінде жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң Алушының "жасыл" жоба бойынша аталған шекті өлшемшарттарға қол жеткізбеуі.

      Тетік шеңберінде Алушының:

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100% инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу;

      жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салықтық төлемдер немесе өндіріс көлемі (ақшалай мәнде) бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу (салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар Тетік талаптарына сәйкес салықтық төлемдерді ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толтыру мақсатында берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салықтық төлемдер бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы (салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар Тетік талаптарына сәйкес салықтық төлемдерді ұлғайтуды қамтамасыз етеді).

      "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шарттары бойынша мақұлданған Алушының жобалары бойынша субсидиялау мынадай:

      субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті мақсатты пайдаланбау;

      кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын алмауы;

      жобаның және/немесе Алушының Субсидиялау қағидаларының талаптарына және/немесе уәкілетті органның шешіміне сәйкес келмеуі;

      Алушының банктік қарыз шартына/субсидиялау шартына төлемдер кестесіне сәйкес төлемдерді төлеу бойынша банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      Алушының қаржылық лизинг шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес лизингтік төлемдерді жасау бойынша лизингтік компания/банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;

      Алушының шоттарындағы ақшаға тыйым салу және/немесе Алушының шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасын кері талап ету;

      қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін Алушының міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде кірістің өсуіне және жұмыс орындарының орташа жылдық санын 10 %-ға ұлғайтуға қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы (Субсидиялау қағидаларының шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша, сондай-ақ "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберінде Алушы – шағын кәсіпкерлік субъектісінің жобалары бойынша);

      қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық есептілігі деректерінің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау және (немесе) ұлғайту және (немесе) кірістің 10 %-ға өсуіне қол жеткізу бойынша Тетік шеңберінде Алушының міндеттемелерді орындамау фактілері анықталған кезде тоқтатыла тұрады.

      "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шарттары бойынша мақұлданған Алушының жобалары бойынша субсидиялау мынадай:

      субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті мақсатты пайдаланбау;

      Алушының субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын алмауы;

      жобаның және/немесе Алушының Субсидиялау қағидаларының талаптарына және/немесе уәкілетті органның шешіміне сәйкес келмеуі;

      төтенше жағдай/ахуал қолданылатын кезеңде туындаған жағдайларды қоспағанда, Алушының банктік қарыз шартына/субсидиялау шартына төлемдер кестесіне сәйкес төлемдерді төлеу бойынша банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      төтенше жағдай/ахуал қолданылатын кезеңде туындаған жағдайларды қоспағанда, Алушының қаржылық лизинг шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес лизингтік төлемдерді енгізу бойынша лизингтік компания/банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;

      Алушының шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе Алушының шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасын кері талап ету;

      қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін Алушының салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту жөніндегі немесе еңбекке ақы төлеу қорының көлемін ұлғайту жөніндегі немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10 %-ға өсуіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы ("Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберінде Алушының жобалары бойынша);

      Тетік шеңберінде Алушының:

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу;

      жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салықтық төлемдер немесе өндіріс көлемі (ақшалай мәнде) бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу (салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар Тетік талаптарына сәйкес салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толтыру мақсатында берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салықтық төлемдер бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу (салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар Тетік талаптарына сәйкес салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді) жөніндегі міндеттемелерді орындамау фактілері анықталған кезде субсидиялау тоқтатыла тұрады;

      14-тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) банктік қарыз шарты/микрокредит бойынша шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      2) банкке/лизингтік компанияға/МҚҰ-ға:

      банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартына/қаржылық лизинг шартына сәйкес өтеу кестесіне сай субсидияланбайтын сыйақы мөлшерлемесін;

      осы Шарттың 8-тармағында көрсетілген жағдайларды ескере отырып, сыйақының субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігін төлеуге;

      3) қаржы агенттігіне жазбаша сұрау салу бойынша кредиттің/микрокредиттің мақсатты пайдаланылуына, жобаның және (немесе) Алушының Субсидиялау қағидаларының/Тетіктің талаптарына сәйкес келуіне жобаның іске асырылатын аумағында тексерулер жүргізу құқығын беруге;

      4) қаржы агенттігінің жазбаша сұрау салуы бойынша Субсидиялау қағидаларының/Тетіктің, банктік қарыз шартының/микрокредит бойынша шарттың/қаржылық лизинг шартының және осы Шарттың талаптарын орындауға байланысты құжаттар мен ақпаратты беруге;";

      15-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қаржы агенттігінен банкке/лизингтік компанияға/МҚҰ-ға субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесі бөлігінде субсидиялар төлеуді талап етуге;

      2) субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 75 (жетпіс бес) күннен кешіктірмей банкке/лизингтік компанияға/МҚҰ-ға субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзартуға өтінім беруге құқылы;";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Банк/МҚҰ/лизингтік компания:

      1) осы Шарт жасалғаннан кейін осы Шарттың барлық қолданылу мерзімінде Алушының кредиті/микрокредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ұлғайтпауға;

      2) осы Шарт Субсидиялау қағидаларында көзделген мерзімде уақтылы жасалмаған жағдайда кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен қаржы агенттігін хабардар етуге;

      3) қаржы агенттігінің тиісті хабарламасының негізінде Алушының жобасы бойынша қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялардың сомасын ай сайын есептен шығаруды жүзеге асыруға міндетті, бұл ретте банктің/лизингтік компанияның/МҚҰ-ның қаржы агенттігінің шоттарындағы қаражаттың ағымдағы жалпы қалдықтарынан субсидияны есептен шығаруға құқығы жоқ. Алушы кредит/микрокредит/лизинг бойынша жоспарлы төлемді нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасы есептен шығарылған жағдайда қаржы агенттігінің талабы бойынша банк/лизингтік компания/МҚҰ қаржы агенттігіне 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде айыппұл төлейді;

      4) Алушы кредит/микрокредит/лизинг бойынша төлемді уақтылы өтемеген жағдайда, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін уақтылы өтемеген жағдайда немесе Алушы 3 (үш) ай қатарынан (қаржылық лизинг шарты бойынша қатарынан 2 (екі) және одан көп рет) төлемдерді төлеу бойынша банктің/лизингтік компанияның/МҚҰ-ның алдындағы міндеттемелерді орындамаған жағдайда бұл туралы қаржы агенттігіне 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті. Бұл ретте банк/лизингтік компания /МҚҰ Алушы берешекті өтегенге дейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді.

      Осы тармақшада көзделген жағдайлар басталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабарламаған/хабарлаған жағдайда қаржы агенттігінің талабы бойынша банк/лизингтік компания/МҚҰ қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;

      5) Алушының кредиті/микрокредиті/лизингі бойынша негізгі борышы мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда қаржы агенттігіне 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті. Алушы негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабарламаған/хабарлаған жағдайда қаржы агенттігінің талабы бойынша банк/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Алушының кредиті/микрокредиті/лизингі бойынша негізгі борышы мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда және Алушының кредиті/микрокредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған жағдайда банк/банк-төлем агенті 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне өзара есеп айырысу бойынша салыстырып тексеру актісін беруге міндетті. Бұл ретте банк/лизингтік компания/МҚҰ салыстырып тексеру актісінде іс жүзінде есептен шығарылған субсидиялардың сомасы мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидиялардың аударылған сомасы мен күндерін көрсетеді;

      6) Алушы субсидиялардың сомасын дербес төлеген жағдайда кейін қаржы агенттігі қаражатты өтеген кезде қаржы агенттігі хабарламасының негізінде субсидиялардың тиісті сомасын есептен шығаруға және Алушының ағымдағы шотына аударуға;

      7) сұрау салу бойынша қаржы агенттігіне Алушының субсидияланатын кредит/микрокредит/лизингтің төлем тәртібіне қатысты деректерді беруге;

      8) жобаға мониторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды беруге, қаржы агенттігімен және Алушымен мониторингтік есептерге қол қоюға;

      9) осы Шарттың талаптарын орындауға әсерін тигізуі мүмкін барлық мән-жайлар туралы қаржы агенттігіне уақтылы хабарлауға;

      10) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде қаржы агенттігімен келісусіз кредиттің/микрокредитінің/лизингтің сомасын және (немесе) кредит/микрокредит/лизинг бойынша сыйақының номиналдық мөлшерлемесін өзгертпеуге;

      11) банк/лизингтік компания/МҚҰ тарапынан Субсидиялау қағидаларында/Тетікте көзделген өндіріп алынуы ықтимал комиссияларды қоспағанда, қаржы агенттігінің уәкілетті органы қолданыстағы кредитті/микрокредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, Алушыға ағымдағы қаржы жылы бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдерді өтеуге міндетті. Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер барлық тараптар бірінші Шартқа қол қойған нақты күннен бастап 3 (үш) ай ішінде Алушыға өтелуге тиіс. Банк/лизингтік компания/МҚҰ ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді Шарттың осы тармағында көрсетілген мерзімде алушыға уақтылы өтемеген жағдайда банк/лизингтік компания/МҚҰ қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;

      12) Алушы кредит/микрокредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда қаржы агенттігіне кредит/микрокредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеу фактісі туралы хабарлауға міндетті.

      Алушының кредиті/микрокредиті/лизингі бойынша негізгі борышы мерзімінен бұрын ішінара өтелген жағдайда банк/лизингтік компания/МҚҰ банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісім жасаған кезде қаржы агенттігіне негізгі борышты ішінара өтеу күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде төлемдерді өтеу кестесін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды;

      13) қаржы агенттігінен субсидиялар сомасын атаулы аудару туралы хабарлама алмаған жағдайда Алушыға сыйақы мөлшерлемесін толық көлемде өтеу туралы хабарлауға;

      14) Субсидиялау қағидалары шеңберінде 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған, субсидиялау мерзімі үш жыл болатын жоба бойынша осы Шарттың 15-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келіп түскен Алушының өтінімін қарау нәтижесі оң болған кезде күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей, субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасауға міндетті.";

      17. Банк/лизингтік компания/МҚҰ:

      1) қаржы агенттігінен осы Шарттың шеңберінде көзделген субсидияларды уақтылы аударуды талап етуге;

      2) Субсидиялау қағидаларының 135-тармағында белгіленген фактілер негізінде қолданыстағы кредит/микрокредит/лизинг бойынша субсидиялау тоқтатылған жағдайда, Алушыға бұрын қолданыста болған қаржыландыру шарттарын (оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және (немесе) басқа төлемдерді) белгілеуге;

      3) қолданыстағы кредит/микрокредит/лизинг бойынша субсидиялау мерзімі аяқталған жағдайда Алушыға ол бұрын төлеген және банк/лизингтік компания/МҚҰ қайтарған комиссияларды, алымдарды және (немесе) қолданыстағы кредит/микрокредит/лизинг бойынша өзге де төлемдерді қоспағанда, бұрын қолданыста болған қаржыландыру шарттарын белгілеуге құқылы.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына және банктік қарыз шартына/ микрокредит бойынша шартқа/қаржылық лизинг шартына сәйкес кредитті/микрокредиті/лизингті уақтылы және толық қайтару бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамағаны және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін өтемегені үшін банк/МҚҰ/лизингтік компания алдындағы барлық жауапкершілікті Алушы көтереді. Бұл ретте осындай жауапкершілік ешбір жағдайда қаржы агенттігіне жүктелмейді.";

      33-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) субсидиялау жүзеге асырылатын осы Кредит/микрокредит/лизинг шарты шеңберінде алынған ақпарат пен құжаттарды, оның ішінде банктік және коммерциялық құпияны мүдделі үшінші тұлғаларға Алушының алдын ала жазбаша келісімінсіз қаржы агенттігінің беруіне;";

      "Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары" деген 10-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қаржы агенттігі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы_
_________________
мөр орны
(болған жағдайда)

Банк/лизингтік компания/МҚҰ
____________________
мөр орны
(болған жағдайда)

Алушы __________________
мөр орны
(болған жағдайда)

Қазақстан Республикасы
____________ қаласы
____________көшесі
телефоны__________
БСН _____________
ЖСК KZ__________
БСК______________
КБЕ ______________
"_____________" АҚ

Қазақстан Республикасы
____________ қаласы
____________көшесі
телефоны___________
БСН ______________
ЖСК KZ___________
БСК ______________
КБЕ ______________
"_________" АҚ/ЖШС

Қазақстан Республикасы
____________ қаласы
____________көшесі
телефоны___________
БСН_____________

      ";

      көрсетілген шартқа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар берудің үлгілік шарты нысанында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шарт субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ЭЦҚ пайдалана отырып, Тараптардың соңғысы оған қол қойған сәттен бастап күшіне енеді. Бұл ретте осы шарттың жасалған күні соңғы тараптың ЭЦҚ-мен қол қойған күнімен айқындалады және олар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Грант беру конкурстық комиссияның хатшысы Конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қол қойған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кәсіпкердің ағымдағы шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асырылады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар конкурстық комиссияның шешімі негізінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қосымша келісім нысанында электрондық түрде ресімделеді және оған Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қояды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 18 қарашадағы
№ 82 Субсидиялау шартына
қосымша

      Нысан

Субсидиялау шартының өтеу графигі Сәйкестендіру коды: (IBAN форматындағы бірегей 20 таңбалы код)

Негізгі борышты өтеу күні

Негізгі борыштың қалдық сомасы

Негізгі борышты өтеу сомасы

Қаржы агенттігі төлейтiн сыйақы сомасы

Алушы төлейтiн сыйақы сомасы

Есептелген сыйақы сомасының жиыны

























Қаржы агенттігі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

Банк/лизингтік компания/МҚҰ

Алушы

____________________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

____________________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

__________________
мөрдің орны
(болған жағдайда)

Қазақстан Республикасы
____________ қаласы
____________көшесі
телефоны___________
БСН _____________
ЖСК KZ__________
БСК______________
КБЕ ______________
"_____________" АҚ

Қазақстан Республикасы
____________ қаласы
____________көшесі
телефоны___________
БСН ______________
ЖСК KZ___________
БСК ______________
КБЕ ______________
"_____________" АҚ/ЖШС

Қазақстан Республикасы
____________ қаласы
____________көшесі
телефоны___________
БСН _____________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады