Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жеке құрамымен тәрбие жұмысын, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру, қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 416 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2022 жылғы 24 қарашада № 30705 болып тіркелді

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-1-бабы 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жеке құрамымен тәрбие жұмысын, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Кадр жұмысы департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін.

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) Төрағасы
2022 жылғы 22 қарашадағы
№ 416 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жеке құрамымен тәрбие жұмысын, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру ҚАҒИДАЛАРЫ 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жеке құрамымен тәрбие жұмысын, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 54-1-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жеке құрамымен тәрбие жұмысы, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Агенттік).

2-тарау. Агенттікте тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәртібі

      2. Тәрбие жұмысының негізгі мақсаттары:

      1) жеке құрамның құқықтық хабардар болу, сауаттылық, мәдениет және адамгершілік дәрежесін арттыру;

      2) қызметкерлерде құқық қорғау органдарының мақсатын, олардың алтына тұрған жұмыс істеу жене ерекшеліктерін және алдарына қойылған міндерттердің орындалуын түсінуге тәрбиелеу;

      3) қызметкерлерде олардың мемлекеттік саясаттың негіздеріне, құқық қорғау органдарына тиесілігі үшін жауапкершілікке сәйкес олардың мемлекет мүдделерін қорғауға дайындығын қалыптастыру және қолдау;

      4) жеке құрамға жоғары рухани мәдениет пен адамгершілікті, мемлекеттік дүниетаным мен әлеуметтік белсенділікті сіңіру;

      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті кәсіби-сауатты тұрғыдан, мақтанышпен және Агенттікке деген адалдықпен өткеруді меңгеруге тұрақты ұмтылысты дамыту.

      3. Тәрбие жұмысының негізгі міндеттеріне:

      1) мемлекеттік-құқықтық дайындық;

      2) жеке құрамды хабардар ету;

      3) Агенттік бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарларын бағыныстыларымен тәрбие жұмысының формаларымен әдістеріне оқыту;

      4) Агенттіктің, соғыс және еңбек ардагерлерімен, мемлекет қайраткерлерімен өткізілетін тақырыптық кездесулер;

      5) тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу;

      6) жеке-тәрбие жұмысы;

      7) аудиоматериалдар мен бейнематериалдар, ақпараттық-анықтамалық материалдар, жадынамалар дайындау және шығару жатады.

      4. Жеке-тәрбие жұмысын Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің және оның аумақтық органдарының басшылары жүргізеді және ұжымдарда салауатты моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға, заңдылық пен тәртіпті бұзушылардың алдын алуға, қызметкерлердің өз қызметтік міндеттерін орындағаны үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

      5. Тәрбие жұмысының негізгі формаларына мәдени-демалыс іс - шаралары мен көрнекі ақпарат құралдары жатады:

      1) мәдениет қайраткерлерінің және басқа да шығармашылық бригадалардың сөз сөйлеуін ұйымдастыру;

      2) спорттық ойындар және басқа да мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізу;

      3) мұражайларға экскурсиялар.

      6. Тәрбие жұмысының негізгі әдістері:

      1) ақпараттандыру;

      2) сендіру, ағарту;

      3) оқыту;

      4) насихаттау;

      5) үгіттеу;

      6) нұсқаума;

      7) сын;

      8) пікірталас.

      7. Агенттікте және оның аумақтық органдарында тәрбие жұмысы іс-шараларын Агенттіктің Кадр жұмысы департаменті ұйымдастырады.

      8. Тәрбие жұмысы іс-шараларын Агенттіктің негізгі тәрбие іс-шараларына сәйкес, Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің және оның аумақтық органдарының басшылары жүргізеді.

      9. Агенттікте және оның аумақтық органдарында атқарылған тәрбие жұмысы туралы есепті Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің және оның аумақтық органдарының басшылары жыл сайын (ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін) еркін формада жүзеге асырады және Агенттіктің Кадр жұмысы департаментінің басшысына жолданады.

3-тарау. Агенттіктегі психологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібі

      10. Психологиялық жұмыстың негізгі мақсаттары:

      1) Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінде және оның аумақтық органдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету;

      2) Жеке құрамның Агенттіктің, оның ішінде әскери және төтенше жағдай кезеңінде терроризмге қарсы операцияларды жүргізу міндеттерін орындауға психологиялық дайындығын қолдау;

      3) қызметкердің атқаратын лауазымының психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерінің сәйкестігін айқындау.

      11. Психологиялық жұмыстың міндеттері:

      1) Агенттіктің құрылымдық бөлімшелеріндегі және оның аумақтық органдарындағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін жыл сайынғы әлеуметтанушылық мониторинг жүргізу арқылы зерделеу және Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық органдарының басшылары үшін ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      2) Қызметкердің кәсіби қызметті табысты және тиімді орындау және мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті кәсіби-маңызды қасиеттерін дамыту және қолдау;

      3) жеке және тұлғааралық жанжалдарды, қызметкердің проблемаларын шешуге, кәсіби күйіп-пісудің алдын алуға, сондай-ақ Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінде және оның аумақтық органдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      4) психологиялық ағарту және қызметкерге психология саласындағы арнайы танымдарды талап ететін кәсіби және жедел-қызмет жұмысында көмек көрсету болып табылады.

      12. Психологиялық жұмыс мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

      1) психологиялық диагностика (бұдан әрі – психодиагностика);

      2) психологиялық кеңес беру (бұдан әрі – психоконсультация);

      3) психологиялық профилактика (бұдан әрі – психопрофилактика);

      4) психологиялық түзету (бұдан әрі – психокоррекция);

      5) психология саласында арнайы білімді талап ететін (бұдан әрі – арнайы бағыт) кәсіби және жедел-қызметтік жұмысын жүзеге асыру кезінде қызметкерлерге консультация беру және жәрдемдесу.

      13. Психодиагностика мынадай мақсаттарда үшін жүргізіледі:

      1) адамгершілік, іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау, сондай-ақ кәсіби және әлеуметтік мінез-құлықты болжау үшін қызметкердің жеке-психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін зерделеу;

      2) ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық процестерді зерделеу;

      3) қызметкердің әлеуметтік-психологиялық бейімделу дәрежесін бағалау және оны жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және өткізу;

      4) қосымша психологиялық көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыны жасау кезінде қызметкердің жеке-психологиялық ерекшеліктері мен жай-күйін айқындау.

      Психодиагностика қызметкердің өзінің, Агенттік басшысының не Агенттіктің аумақтық органдары басшыларының тапсырмасы бойынша жүргізіледі.

      Психодиагностикалық зерттеулер нәтижелернің ұсынымдық және құпия құпия сипаты болады.

      Қызметкер үшінші тұлғалардың араласуын талап ететін өзінің басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына ықтимал қауіп туралы ақпаратты хабарлайтын жағдайларды қоспағанда, ақпараттың құпиялылығына кепілдік беріледі.

      14. Психологиялық түзетуді психодиагностикалық зерттеулердің қолайсыз нәтижелері анықталған жағдайларда жүргізуге жол беріледі (бұл ретте, бұрын келтірілген қандай да бір психикалық аурулардың, мидың органикалық зақымдану сыртартқысында жоқ).

      Психокоррекция мыналарды қамтиды:

      мінез-құлықтың өзгеруі;

      нанымының өзгеруі;

      тұлғаның қасиеттерінің өзгеруі;

      құндылықтардың өзгеруі;

      тұлғаның сапалық қасиеттерінің өзгеруі қамтылады.

      15. Психоконсультация қызметкерге жеке, отбасылық және кәсіби сипаттағы мәселелерді шешуге көмек көрсету мақсатында жүргізіледі.

      Психоконсультация кезінде психолог консультация берудің жеке және топтық формаларын, оның ішінде телефон және электрондық пошта байланысын пайдалана алады.

      Қызметкер психоконсультация үшін дербес немесе басшылықтың ұсынымы бойынша жүгінеді.

      Психоконсультация құпиялықты, ыңғайлылықты және қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған кабинетте жүргізіледі.

      16. Конфиденциалдык ақпаратты қорғау мақсатында, қызметкерлермен жүргізілген психологиялық жұмыстардың (психодиагностика және психоконсультация) барлық материалдары цифрлық немесе әріптік шифр пайданыла отырып құжатталады.

      17. Зерттеу аяқталғаннан кейін әлеуметтанушылық зерттеулер материалдары (сауалнамалар, сұрастырулар, анонимді сауалнамалар) психологта алты ай бойы сақталады, мерзімі өткеннен кейін акт бойынша жойылады.

      18. Психопрофилактикалық іс-шараларға ұжымда салауатты психологиялық ахуалды сақтау үшін жағдайларды ұйымдастыру, сондай-ақ ұжымға және жекелеген қызметкерлерге қатысты психопрофилактикалық іс-шараларды кезеңдік өткізу кіреді.

      19. Психопрофилактика мынадай жұмыс түрлерінен тұрады:

      1) тренинг;

      2) психологиялық ағарту (дәрістер, семинарлар және басқасы);

      3) әдістемелік қамтамасыз ету (әдістемелік ұсынымдар, құралдар, жадынамалар, буклеттер және өзге де тарату материалдарын әзірлеу);

      4) релаксация және қызметкердің жұмысын қалпына келтіру сеанстары.

      20. Тренинг өткізу кезінде психолог топтардың мақсаттарын, ерекшеліктерін және нақты жағдайды ескере отырып, оңтайлы әдістемелік, практикалық, әлеуметтік-психологиялық тәсілдермен әдістемені таңдайды.

      Тренингтер бағдарламалары күйзеліске төзімділікті арттыруға және психоэмоционалды шиеленісті төмендетуге, қызметкердің кәсіби маңызды қасиеттері мен коммуникативті құзыреттілігін дамытуға, ұжымдағы өзара қарым-қатынасты біріктіруге және жақсартуға, жеке тұлғаны дамытуға және басқа да мақсаттарға бағытталуға тиіс.

      21. Психологиялық жұмысты ретке келтіру және дұрыс ұйымдастыру үшін, психолог осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес форма бойынша Психологиялық жұмыстарды есепке алу журналын жүргізеді.

      22. Агенттіктің аумақтық органдары жасаған психологиялық жұмыс (ағымдағы жылдың 25 желтоқсанына дейін) және екінші жартыжылдық (ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін) бойынша есепті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес форма бойынша Агенттіктің Кадр жұмысы департаментіне жібереді.

      23. Агенттікте және оның аумақтық органдарында психологиялық жұмыстың қызметін талдау және үйлестіру, сондай-ақ оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуді Агенттіктің психологі жүзеге асырады.

4-тарау. Агенттікте идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібі

      24. Идеологиялық жұмыстың негізгі мақсаттары:

      1) қызметкерлерде патриоттық сананы, Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілікті, антқа адалдықты, лауазымдық міндеттер мінсіз орындауға ұмтылысты қалыптастыру;

      2) қызметкерлерде Қазақстан Республикасының конституциялық қағидаттары мен ұлттық мүдделеріне адалдықты қалыптастыру;

      3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Агенттіктің оң имиджін қалыптастыру;

      4) мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

      25. Идеологиялық жұмыстың міндеттері:

      1) жеке құраммен идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу, мемлекеттің идеологиясын, ел басшылығы заңдылықты сақтау, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету бойынша қабылдайтын шараларды түсіндіру;

      2) қызметкерлердің лауазымдық міндеттемелерін мінсіз орындауға тиімді әсер ететін мемлекеттің саясатына адалдығын дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      3) жеке құрамда моральдық-психологиялық тұрақтылықты, олардың деструктивті идеологияны қабылдамауын дамыту;

      4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Агенттіктің қызметі туралы қоғамдық оң пікір қалыптастыру болып табылады.

      26. Деструктивті идеялардың ұжымдарға енуіне жол бермеу саласындағы идеологиялық жұмыс мынадай тәртіппен ұйымдастырылады және жүргізіледі:

      1) діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы идеологиялық жұмысты жоспарлау;

      2) қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін қолдау, ардагерлерге құрмет көрсету жөніндегі іс-шаралар кешенін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, әдеп нормалары талаптарының сақталуын насихаттау және Агенттіктің беделін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      3) жеке құрамды теріс ақпараттық әсерден қорғау жөнінде шаралар қабылдау.

      27. Идеологиялық жұмыс мынадай жұмыс формаларынан тұрады:

      1) қызметкерлермен идеологиялық жұмыстың және патриоттық тәрбиелеудің өзекті мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастыру;

      2) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы туралы жағымды материалдарды жариялау, қызметкерлердің кәсібилігінің оң мысалдары туралы халықты үнемі хабардар ету;

      3) қызметкерлерге мәдени және идеологиялық тәрбие беру мақсатында тарихи және ескерткіш орындарына, театрларға, мұражайларға, көрме залдарына баруын қамтамасыз ету;

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері арасында идеологиялық бағытта көркемөнерпаздар шығармашылығын дамыту;

      5) қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, мотивациясын дамыту және психикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, спорттық іс-шараларды өткізу.

      28. Агенттікте және оның аумақтық органдарында идеологиялық жұмыс іс-шараларын Агенттіктің Кадр жұмысы департаменті ұйымдастырады.

      29. Идеологиялық жұмыстың іс-шараларын Агенттіктің негізгі идеоологиялық іс-шараларына сәйкес, Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің және оның аумақтық органдарының басшылары жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) жеке құрамымен тәрбие
жұмысы, психологиялық және
идеологиялық жұмысты
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша

Психологиялық жұмыстарды есепке алу журналы

Күні

Қызметкердің шифры
(кодтау)

Жұмыс түрі

Жүргізілген жұмыстың қысқаша мазмұны

Ескерпе







  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) жеке құрамымен тәрбие
жұмысының, психологиялық
және идеологиялық жұмысты
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша

атқарылаған психологиялық жұмыстар бойынша есеп _______ 20__жылы (есептік кезеңді көрсету)

Жұмыстар бойынша атауы

Саны

1 бөлім. Психологиялық жұмыс нәтижелері

Психодиагностика (барлығы)


басшының тапсырмасы бойынша


қызметкердің өтініші бойынша


Агенттіктің тапсырмасы бойынша


Психоконсультация (оның ішінде:)


басшымен


қызметкермен


қызметкердің отбасы мүшесімен


Психопрофилактика (барлығы)


тренингтер


дәрістер


релаксация сеанстары


әдістемелік қамтамасыз ету


Әлеуметтанушылық зерттеулер (барлығы)


басшының сұрауы бойынша


Агенттіктің тапсырмасы бойынша


қызметтік тергеу шеңберінде


Атқарылған психологиялық жұмыс туралы есепке анықтама

      Кіріспе

      Психодиагностика

      Психоконсультация

      Психопрофилактика

      Арнайы іс-шаралар

      Әлеуметтанушылық зерттеулер

      Тұжырымдар

      Психолог (қолы) (тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады