"Аэротүсіру жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 131/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 18 қарашадағы № 450/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 қарашада № 30741 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 89/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 14.03.2023 № 89/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аэротүсіру жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 131/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20366 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэротүсіру жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсаттарды тіркеуді, есепке алуды және беру қағидаларында:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 8) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және аэротүсіру жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторын және Бірыңғай байланыс орталығын енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылған.";

      11-тармақ алып тасталсын;

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі 2022 жылғы
18 қарашадағы № 450/НҚ
Бұйрыққа қосымша
  Аэротүсiру жұмыстарын
жүргiзуге арналған рұқсаттарды
тіркеу, есепке алу және беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Аэротүсiру жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады

4

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

13 (он үш) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

6

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Аэротүсіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

7

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің www.gov.kz/memleket/entities/mdai интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.

9

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1) электрондық құжат нысанындағы аэротүсіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін өтініш;
2) меншік құқығын растайтын құжаттардың немесе әуе кемесін жалға алу шартының не аэротүсірілім жұмыстарына әуе кемесі бар меншік иесімен қызметтер көрсетуге шарттың электрондық көшірмелері;
3) географиялық координаталарын көрсете отырып, аэротүсіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырған аумақ картограммасының электрондық көшірмесі;
4) жоспарланып отырған аэротүсіру жұмыстарының техникалық жобаларының (немесе техникалық тапсырмаларының) электрондық көшірмесі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

11

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады