"Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 97 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 қарашада № 30742 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7552 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы қаулымен бекітілген Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларында және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарда:

      1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидалары және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Сақтандыру қызметі туралы" (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" (бұдан әрі − Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі − Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" (бұдан әрі - Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш беруші, көрсетілетін қызметті алушы) банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы (бұдан әрі – қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу тәртібін және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Қағидаларда Банктер туралы заңда, Сақтандыру қызметі туралы заңда, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында көрсетілген мәндерде қолданылатын ұғымдар қолданылады.

      3. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге еркін нысандағы өтініш талап етілетін құжаттар қоса беріліп, "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар және талаптар тізбесі, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі, сондай-ақ өзге де мәліметтер (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерін жүзеге асыруға келісім беру Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      Өтініш беруші өтінішті портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін мемлекеттік қызметті көрсету үшін жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері білдірген жағдайда өтініштерді қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      5. Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті алушының банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге құжаттарын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінішті бұдан әрі қараудан бас тарту туралы оны көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдау арқылы дәлелді бас тарту дайындайды және жібереді.

      Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтерді немесе цифрлық құжаттар сервисін көрсету үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерден:

      Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын;

      Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлғаның алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын;

      Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      6. Ұсынылған құжаттардың толық болуы фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше құжаттарды 36 (отыз алты) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру (беруден бас тарту) туралы көрсетілетін қызмет берушінің Басқармасы қаулысының жобасын дайындайды және көрсетілетін қызмет берушінің Басқармасының қарауына жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде, өтінішті қарау мерзімі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен тиімді мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты жағдайларды анықтау қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға ӘРПК-нің 76-бабының үшінші бөлігіне сәйкес мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуі жағдайында мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшін ұсынылған өтініш пен құжаттарды қарау мерзімін, егер оларды қарау процесінде аталған құжаттарда өтініш беруші және оның қызметі туралы жалған мәліметтер, ұсынылған құжаттардың заңнама талаптарына сәйкес келмеген, сондай-ақ уәкілетті органға ұсынылған мәліметтердің шынайылығын тексеру қажеттілігі жағдайында тоқтата тұрады.

      Өтініш беруші ескертулерді жойған және құжаттарды ұсынғаннан кейін оларды қарау мерзімі жаңартылады. Уәкілетті органның құжаттарды келесі қарауы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.";

      29, 30, 31 және 32-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Бизнес-жоспар мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) төмендегілермен шектелмей, мынадай ақпаратты қамтиды:

      қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерін және көрсетілетін қызметтер түрлерін сипаттау;

      қаржы ұйымының қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);

      қаржы ұйымы қызметінің таяудағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылындағы даму стратегиясы және ауқымы;

      таяудағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылға арналған толық жылдық қаржылық жоспар (негізгі қаржылық көрсеткіштерді есепке алу, бюджет, бухгалтерлік баланс, пайда мен зиян туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);

      тәуекелдерді басқару жоспары (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерді сипаттау және алдағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылына оларды басқару тәсілдері);

      таяудағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылына еңбек ресурстарын тарту жоспары;

      өтініш берушінің және қаржы ұйымының болжалды есеп айырысу балансын қоса алғанда, қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін алғаннан кейін иеленудің қаржылық салдарын талдау, егер мұндайлар бар болса, іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымын қоса алғанда, қаржы ұйымының активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе қаржы ұйымының қызметіне немесе басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстары және жоспарлары.

      Егер өтініш берушінің банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі тиісінше банк конгломератының немесе сақтандыру тобының қалыптасуына әкелген жағдайда, банк немесе сақтандыру холдингінің қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарын талдау банк конгломератының немесе сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді сақтауына тексеруді қамтиды.

      Осы тармақшаның тоғызыншы абзацында және Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының он бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келмеу қаржы ұйымының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әкеледі;

      егер өтініш берушінің банк немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуі тиісінше банк конгломератының немесе сақтандыру тобының қалыптасуына әкелген жағдайда, банк конгломератының немесе сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің болжамды есебі;

      2) өтініш беруші жеке тұлғаның не өтініш беруші заңды тұлғаның бірінші басшысының, оның ірі акционерінің (акционерлерінің) қойылған қолымен расталады.

      30. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды, осы құжаттардың мазмұны өзгерген не олардың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларды қоспағанда, оларды бұрын уәкілетті органға ұсынған адамдар ұсынбайды. Бұл ретте уәкілетті органға өзгерістер енгізілген немесе қолданылу мерзімі аяқталған құжаттар ғана ұсынылады. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену туралы өтініште уәкілетті органға бұрын ұсынылған құжаттар туралы мәліметтер (шығыс құжатының күні, нөмірі), сондай-ақ оларды ұсыну негіздері көрсетіледі.

      Шет мемлекеттердің құзыретті органдары немесе лауазымды тұлғалары берген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес заңдастырылуға немесе апостильдендірілуге тиіс (Қазақстан Республикасының бейрезиденті жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарды қоспағанда). Шет тілінде ұсынылатын бұл құжаттар қазақ, және қажет болған кезде орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариалды куәландырылуға жатады.

      31. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген өтінімдерде мыналар көрсетіледі:

      1) өтініш беруші жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі не өтініш беруші заңды тұлғаның бизнес – сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;

      2) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), орналасқан жері туралы мәліметтер;

      3) қаржы ұйымының сатып алынатын акцияларының саны, олардың құны, қаржы ұйымының сатып алуға болжамдалған акциялары санының тиісінше орналастырылған (артықшылық берілген және сатып алынғандарды қоспағанда) акциялар санына және (немесе) қаржы ұйымының дауыс беруші акцияларының санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтер;

      4) қаржы ұйымының, оның ішінде бұрын сатып алынған акцияларын сатып алу талаптары мен тәртібі туралы мәліметтер, сондай-ақ растайтын құжаттармен қоса, акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипаты;

      5) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім (өтініш беруші жеке тұлға үшін) және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтер.

      32. Ұсынылған құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган оларды қараудың Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 3-тармағында көрсетілген мерзімі ішінде өтініш берушіге пошталық, факсимильдік байланыс, электрондық пошта және (немесе) портал арқылы өтініш берушіге оларды жою үшін ескертулермен және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсыну туралы хат жолдайды. Бұл ретте уәкілетті органның келісім беруге арналған құжаттарды қарау мерзімі үзілмейді.";

      1 және 3-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2022 жылғы 23 қарашадағы
№ 97 Қаулыға
1-қосымша
  Банктің, банк холдингінің ірі
қатысушысы, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының,
сақтандыру холдингінің ірі
қатысушысы, инвестициялық
портфельді басқарушының ірі
қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім беру, оны
кері қайтарып алу қағидаларына
және көрсетілген келісімді алу
үшін табыс етілетін құжаттарға
қойылатын талаптарға
1-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік қызмет атауы

Банктің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімімен көзделген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген)

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Порталға өтініш берген күннен бастап 50 (елу) жұмыс күні ішінде

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса берумен қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алым жинау мөлшерлемесі:
1) банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім бергені үшін:
жеке тұлғалар үшін - 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
заңды тұлғалар үшін - 500 (бес жүз) АЕК;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім бергені үшін жеке және заңды тұлғалар үшін - 50 (елу) АЕК құрайды.
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру бойынша мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру кезінде алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңға сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар және мәліметтер тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға банктің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш берген кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) акцияларды иелену талаптары мен тәртібін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, сондай-ақ акцияларды иелену үшін пайдаланылатын көздер мен қаражат.
Қаржы ұйымының акцияларын сыйлық түрінде алынған мүлік есебінен сатып алу кезінде, көрсетілетін қызметті алушы сыйға тартушы және сыйға тартушыда көрсетілген мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;
3) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші ірі қатысушы болып табылатын заңды тұлғалар бойынша мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының акционері (қатысушысы) болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады;
4) Қағидалардың 28-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, қаржы ұйымының қаржылық жай-күйі ықтимал нашарлаған жағдайда қаржы ұйымын қайта капиталдандыру жоспарының электрондық көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйін талдау үшін жеткілікті растайтын құжаттармен қоса, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің кірісі және мүлкі туралы мәліметтер, сондай-ақ барлық міндеттемелері бойынша берешегінің болуы туралы ақпараттың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға (Қазақстан Республикасының резиденті) сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның электрондық көшірмесін (нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кірістер органы растаған) – банктің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы уәкілетті органға өтініш берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылған кірісі және мүлкі туралы декларацияның электрондық көшірмесін (нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кірістер органы растаған) ұсынады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мәліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырған айдың бірінші күні көрсетіледі;
6) білімі, еңбек қызметі, іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, өтініш беруші - жеке тұлға туралы мәліметтердің (қысқаша деректердің), сондай-ақ заңды тұлға - өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректердің электрондық көшірмелері Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Қазақстан Республикасының бейрезидент - жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін азаматтығы бар елде (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесін ұсынады. Көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылған құжатта оның қолданысының өзге мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екені туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында олар туралы көрсетілген мәліметтер сұратылатын тұлғаларға растайтын құжаттар беру көзделмесе, онда тиісті растау азаматтығы бар елдің (шетелдіктер үшін) немесе тұрғылықты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен уәкілетті органның атына жіберіледі.
Өтініш берушінің-заңды тұлғаның басшы қызметкері болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғасы үшін, егер осы басшы қызметкер өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкері лауазымына уәкілетті органмен келісілген болса және көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні осы лауазымға ие болса осы құжатты ұсыну талап етілмейді;
7) Қазақстан Республикасының бейрезиденті - көрсетілетін қызметті алушы тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резидент- қаржы ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасымен рұқсат етілгендігі туралы жазбаша растамасының электрондық көшірмесі, не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген құрылтайшының мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың қажет етілмейтіндігі туралы өтініші;
8) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қосымша ұсынылады.
Қазақстан Республикасының резиденті- көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлға банктің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) қаржы ұйымының акцияларын иелену туралы көрсетілетін қызметті алушының тиісті органы шешімінің электрондық көшірмесі (шешім қаржы есептілігі депозитарийінің интернет-ресурсында немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда).
Егер көрсетілетін қызметті алушы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 61-4 және 61-11-баптарында көзделген операцияны жүзеге асырған банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуші банк немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті-қаржы ұйымы болып табылса, көрсетілетін қызметті алушы басқару органының банктің акцияларын иелену туралы шешімінің электрондық көшірмесі ұсынылады;
3) заңды тұлға акцияларының он немесе одан көп пайызын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иеленген (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп), сондай-ақ шартқа сәйкес немесе өзгеше түрде осы заңды тұлғаның шешімін айқындауға немесе бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар туралы мәліметтер мен растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушының үлестес тұлғаларының тізімі (тізім қаржы есептілігі депозитарийінің интернет-ресурсында немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда);
5) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
6) банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған электрондық көшірмесі қаржы есептілігі депозитарийінің интернет-ресурсында немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда олар қосымша ұсынады;
7) аяқталған соңғы 2 (екі) қаржы жылы үшін аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептіліктің, сондай-ақ тиісті өтініш берер алдында аяқталған соңғы тоқсан үшін қаржылық есептіліктің электрондық көшірмесі. Жылдық қаржылық есептілік осы есептілік қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында немесе оны көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлға банктің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 8) тармақшаларында және екінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген мәліметтер мен құжаттар;
3) Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 26-бабының 1-тармағында, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (бұдан әрі - № 385 қаулы) белгіленетін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған көрсетілетін қызметті алушының (не банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленген жағдайда оның бас ұйымы) кредиттік рейтингі туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаның инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсаттың (келісімнің) электрондық көшірмесі не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың (келісімнің) талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі.
Көрсетілетін қызметті алушы - бейрезидент қаржы ұйымы банктің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
3) көрсетілетін қызметті алушы (Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы) орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті беруші осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растаманың электрондық көшірмесі не көрсетілетін қызметті алушы (Қазақстан Республикасының бейрезиденті-қаржы ұйымы) орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының 25 (жиырма бес) немесе одан көп пайызын иеленуге ниет білдіретін Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін осы тармақтың төртінші бөлігінде белгіленген құжаттардан басқа, көрсетілетін қызметті алушы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растаманың электрондық көшірмесін ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
2) көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушы шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растаманың электрондық көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының орналасқан елдің қаржылық қадағалау органынан көрсетілетін қызметті алушының банк холдингінің немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуге жазбаша рұқсаттың (келісімнің) электрондық көшірмесі не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат (келісім) талап етілмейтіндігі туралы өтініші.
Көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлға бірмезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
3) қаржы ұйымдарын қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы олардың ірі қатысушысы, банк холдингі немесе сақтандыру холдингі болып табылатын және (немесе) болуға ниет білдірген көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерін ескерумен жасалған, Қағидалардың 28-тармағында көзделген ақпарат қамтылған қаржы ұйымының қаржылық жай-күйі ықтимал нашарлаған жағдайларда әрбір қаржы ұйымы бойынша қайта капиталдандыру жоспары.
Көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға бірмезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 6) тармақшаларында, осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында және осы тармақтың жетінші бөлігінің 3) тармақшасында және осы тармақтың он бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттар.
Көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлға бірмезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш жасаған кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 6) тармақшаларында, осы тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында, осы тармақтың жетінші бөлігінің 3) тармақшасында және осы тармақтың он бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
3) қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын тікелей иеленуші немесе ең төменгі талап етілетін рейтингі бар қаржы ұйымының дауыс беретін 10 (он) немесе одан да көп акцияларымен дауыс беру мүмкіндігі бар немесе қаржы ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын жанама иеленуді немесе қаржы ұйымының дауыс беретін акцияларының 10 (он) немесе одан да көп акцияларымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының бейрезидент- заңды тұлға үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмеген жағдайларды қоспағанда, тізбесі № 385 қаулымен белгіленетін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған заңды тұлғаның (не банкің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленген жағдайда оның бас ұйымының) кредиттік рейтингі туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушы - Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының бірнеше қаржы ұйымдарының ірі қатысушысы немесе банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісімді бір мезгілде алу үшін өтініш білдірген кезде:
1) Қағидалардың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіле отырып еркін нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы тармақтың төртінші бөлігінің 3) тармақшасында және осы тармақтың тоғызыншы бөлігінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттар.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қосымша талаптар:
1) оған қойылатын талаптар Қағидалардың 29-тармағында белгіленген құжаттар мен мәліметтерге қосымша түрінде таяудағы 5 (бес) жылға арналған бизнес-жоспарды келесі көрсетілетін қызметті алушылар ұсынады:
орналастырылған (артықшылық берілген және қаржы ұйымы сатып алған) акциялардың 25 (жиырма бес) немесе одан да көп пайызын құрайтын иелену үлесімен қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниет білдіретін көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғалар;
банк холдингі немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдіретін заңды тұлғалар;
2) егер көрсетілетін қызметті алушы - жеке немесе заңды тұлға көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала жазбаша келісімін алмай қаржы ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, сыйлыққа тарту шарты немесе сенімгерлік басқару шарты негізінде Банктер туралы заңның 17-1-бабы 16-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабы 14-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-1-бабының 14-тармағында белгіленген талаптарға сай тиісті мәртебені иеленуі туралы олар өтініш берген кезде қосымша мыналар ұсынылады:
қаржы ұйымының акцияларын сыйға тарту және қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару талаптары мен тәртібін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттар;
сыйға тарту шартының немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып бағалаушы айқындаған сенімгерлік басқару шартының мәні болып табылатын акциялар құны туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру бойынша:
1) көрсетілетін қызметті алушы - жеке тұлғаның не көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның басшы қызметкерінің Банктер туралы заңның 20-бабының 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларының, Сақтандыру қызметі туралы заңның 34-бабының 3-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларының, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабының 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес болмауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйінің тұрақсыздығы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Мына талаптардың бірінің болуы көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйі тұрақсыздығының белгісі болып табылады:
көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін 2 (екі) жылдан аз уақыт бұрын құрылған;
көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелері акцияларға орналастырылған активтер сомасын және басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесін шегергенде оның активтерінен және банктің иеленуге болжанатын акцияларынан асып кетеді;
аяқталған әрбір 2 (екі) қаржы жылының нәтижелері бойынша зиян;
көрсетілетін қызметті алушы міндеттемелерінің мөлшері қаржы ұйымының қаржылық ахуалы үшін айтарлықтай тәуекел тудырады;
көрсетілетін қызметті алушының банк алдында мерзімі өткен және (немесе) банк балансына жатқызылған берешегінің болуы;
көрсетілетін қызметті алушының қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына жасалған талдау көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжайды;
көрсетілетін қызметті алушының мүлкінің құны (көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерін шегергенде) банктің акцияларын иелену үшін жеткіліксіз болса;
көрсетілетін қызметті алушының қаржылық жай-күйі тұрақсыз екендігін және (немесе) қаржы ұйымына және (немесе) оның депозиторларына шығын келтіруі мүмкін екендігін білдіретін өзге негіздер;
3) көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
4) қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену бойынша мәміледе иеленуші тарап тізбесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысымен белгіленетін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын жағдайлар;
5) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген қаржы ұйымының ірі қатысушыларына, банк немесе сақтандыру холдингтеріне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
6) көрсетілетін қызметті алушының қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына жасалған талдау қаржы ұйымының қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжаса;
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент -қаржы ұйымы көрсетілетін қызметті алушыда сол елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру өкілеттіктерінің болмауы;
8) көрсетілетін қызметті алушыда - Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлғада (не банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алған жағдайда оның бас ұйымында) көрсетілген рейтингтің болуы қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын тікелей иеленетін немесе талап етілетін ең төмен рейтингі бар қаржы ұйымының дауыс беретін акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар қаржы ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын, Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызын тікелей иеленуді немесе қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының 10 (он) немесе одан да көп пайызымен дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы үшін талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, тізбесі № 385 қаулымен белгіленетін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз талап етілетін рейтингінің болмауы;
9) қаржы ұйымының қаржылық жай-күйі ықтимал нашарлаған жағдайда қаржы ұйымын қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіз болуы;
10) көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғада, көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы.
Осы тармақтың мақсаты үшін мінсіз іскерлік беделінің болмауы Банктер туралы заңның 20-бабының 7-тармағында, Сақтандыру туралы заңның 34-бабының 7-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 54-бабының 6-тармағында айқындалған өлшемшарттар болып табылады;
11) көрсетілетін қызметті алушы бұрын көрсетілетін қызметті беруші немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу немесе оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын, оның ішінде олардың таратылуына және (немесе) қаржы нарығында өз қызметін жүзеге асыруды тоқтатуына алып келген Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде ірі қатысушы - жеке тұлға не ірі қатысушы - заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не болып табылатын жағдайлар. Көрсетілген талап көрсетілетін қызметті беруші немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер санатына жатқызу, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын, оның ішінде олардың таратылуына және (немесе) қаржы нарығында өз қызметін жүзеге асыруды тоқтатуына алып келген Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады. Осы тармақтың мақсаттары үшін қаржы ұйымы ретінде сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы түсіндіріледі.
Осы тармақшаның Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымына қатысты бөлігіндегі шарттары көрсетілетін қызметті алушыға банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартқан кезде қолданылады;
12) көрсетілетін қызметті алушы - заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнаманың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға (инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену жағдайларын қоспағанда) сәйкес келмеуі;
13) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері –қаржы ұйымдары болып табылатын ірі қатысушылар - заңды тұлғалар, банк және сақтандыру холдингтері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдары арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болмауы (инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену жағдайларын қоспағанда);
14) көрсетілетін қызметті алушы - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
15) Қазақстан Республикасының бейрезидентері - банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермейтіндігіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін болмауы;
16) банкті ашуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздердің болуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады;
17) инвестициялық портфельді басқарушының немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленген, ұсынылған құжаттар осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында және Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
18) ұсынылған құжаттар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің ескертулерді жоймауы;
19) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену жағдайында осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау;
20) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
21) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
22) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру бойынша:
1) осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер;
2) көрсетілетін қызметті алушы - қаржы ұйымы орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар.

Көрсетілетін қызметті алушының банк ашуға рұқсат алуы немесе микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде көзделген банк немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік қызмет жиынтығын көрсетуді көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуы шеңберінде көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруді көрсетілетін қызметті беруші бір өтініштің негізінде бірнеше мемлекеттік қызмет жиынтығын көрсетуді көздейтін "бір өтініш" қағидаты бойынша жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігіне ие.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.

  Қаулыға
2-қосымша
  Банктің, банк холдингінің ірі
қатысушысы, сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының,
сақтандыру холдингінің ірі
қатысушысы, инвестициялық
портфельді басқарушының ірі
қатысушысы мәртебесін
иеленуге келісім беру, оны
кері қайтарып алу қағидаларына
және көрсетілген келісімді алу
үшін табыс етілетін құжаттарға
қойылатын талаптарға
3-қосымша
  Нысан

Өтініш беруші - жеке тұлға туралы мәліметтер (қысқаша деректер), өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер

      1. Өтініш беруші ірі қатысушы, банктік немесе сақтандыру холдингі мәртебесін

      иеленетін қаржы ұйымының толық атауы

      ____________________________________________________________________

      2. Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

      ____________________________________________________________________

      3. Өтініш беруші- заңды тұлғаның лауазымы және толық атауы (өтініш беруші – заңды

      тұлғаның басшы қызметкері толтырады)

      ____________________________________________________________________

      4. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      _____________________________________________________________________

      5. Азаматтығы ________________________________________________________

      6. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері (шетел азаматтарына,

      азаматтығы жоқ тұлғаларға)

      ____________________________________________________________________

      7. Тұратын жері және заңды мекенжайы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      8. Телефон нөмірі (үй, жұмыс)

      ____________________________________________________________________

      9. Өтініш беруші ірі қатысушы, банктік немесе сақтандыру холдингі мәртебесін

      иеленетін қаржы ұйымының және онымен үлестес заңды тұлғалардың жарғылық

      капиталында қатысуы туралы мәліметтер: 

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы деректер, жарғылық қызмет түрлері (негізгі қызмет түрлері көрсетілсін)

Құрылтайшы – жеке тұлғаның иелігіндегі акциялар санының жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      10. Өтініш беруші ірі қатысушы, банктік немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін қаржы ұйымының және онымен үлестес заңды тұлғалардың жарғылық капиталында оның жұбайының, жақын туыстарының (ата-аналары, аға-інілері, апа-қарындастары (сіңлілері), балалары) және жекжаттарының (жұбайының (зайыбының) ата-аналары, інілері (ағалары), апа-қарындастары (сіңлілері), балалары) қатысуы туралы мәліметтер:

Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны және лауазымы

Заңды тұлғаның атауы

Жарғылық капиталға қатысу сомасы (сатып алынған акцияларының құны (мың теңгемен)

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Акциялар санының дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе оның жарғылық капиталына қатысу үлесі (пайызбен)

Жеке иелік ету

Бірлесіп иелік ету

тікелей

жанама

пайызы

заңды тұлғаның атауы (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

8

9

10

11

      11. Білімі:

 №

Оқу орнының атауы

Түскен жылы - аяқтаған жылы

Мамандығы

Білімі туралы дипломының деректемелері (бар болса күні және нөмірі)

1

2

3

4

5

      12. Еңбек қызметі туралы мәліметтер

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)*

Жұмыс орны**

Лауазымы

Тәртіптік жазалардың болуы

Жұмыстан шығу, лауазымынан босатылу себептері

1

2

3

4

5

6

      Ескертпе: осы тармақта өтініш беруші-жеке тұлғаның немесе өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкерінің еңбек қызметi, (сондай-ақ басқару органындағы мүшелігі), оның iшiнде өтініш беруші – заңды тұлғадағы лауазымын көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметi туралы мәліметтер, сондай-ақ өтініш беруші-жеке тұлға немесе өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкерінің (күнтізбелік 14 (он төрт) күннен артық еңбек қызметін жүзеге асырмаған жағдайда көрсетіледі) еңбек қызметі жүзеге асырылмаған кезең көрсетіледі

      * қаржы ұйымдарындағы (оның ішінде шыққан елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктері бар Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдарындағы), банк немесе сақтандыру холдингтеріндегі, халықаралық қаржы ұйымдарының біріндегі, аудиторлық ұйымдардағы, қаржы қызметтерін және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдарда еңбек қызметі туралы мәліметтер, сондай-ақ қаржы ұйымдарының (оның ішінде шыққан елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттігі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымдарының) басқару органдарына, банктік немесе сақтандыру холдингтеріндегі мүшелігі туралы мәліметтер көрсетіледі, күні, айы, жылы көрсетіледі. Қалған жағдайларда жылы көрсетіледі.

      ** егер қаржы ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, қаржы ұйымының тіркелген елі көрсетіледі.

      13. Өтініш беруші – жеке тұлға, өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкерінің бұдан бұрын Қазақстан Республикасының бейрезидент- банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, банктердің филиалдары санатына жатқызу туралы немесе банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға әкеп соққан лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін, немесе қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін, немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент- банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танығанға дейін, немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары немесе атқарушы органның мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы, басшының орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) - заңды тұлғасының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымының басшысы еншілес ұйымның басшы қызметкері (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидат) болып табылғандығы туралы мәліметтер.

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ____________ (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі көрсетілсін)

      14. Өтініш беруші - жеке тұлға немесе өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкері бұдан бұрын қаржы ұйымының басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қатарынан төрт және одан астам кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша дефолтқа жеткізген не дефолтқа жеткізілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселік және (немесе) одан астам мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлем жасау күніндегі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын эмитент – заңды тұлғаның – ірі қатысушысы (ірі акционердің) жеке тұлғасы, ірі қатысушысының (ірі акционердің) басшысы, басқару органының мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болғандығы туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі көрсетілсін)

      15. Өтініш беруші-жеке тұлғаға, өтініш беруші-жеке тұлғаның басшы қызметкеріне қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) немесе оның негізінде мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнаулы құқықтан айырылған сот шешімі бар ма.

      ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ (иә (жоқ), заңды күшіне енген сот шешімінің күні мен нөмірі көрсетілсін)

      16. Өтініш беруші – жеке тұлға, өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы қызметкері уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ашуға рұқсат беру туралы өтініш берген күніне дейін 3 (үш) жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысты жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды ма

      _________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________ (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаты, ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ жауапкершілікке тартудың негіздерін көрсете отырып).

      17. Өтініш беруші-жеке тұлға, өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкері ірі қатысушы немесе басшы қызметкер болған кезеңде заңды тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлауының немесе банкроттық фактілерінің болуы:

      ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________

      18. Өтініш беруші ірі қатысушы - банктік немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін қаржы ұйымымен үлестес болуы (болмауы):

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ______ (иә (жоқ), үлестестік белгілері көрсетілсін)

      19. Өзге де ақпарат (бар болса):

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Осы ақпарат тексерілгенін және ол дәйекті және толық болып табылатынын растаймын, сондай - ақ өтініш беруші - жеке тұлғаға, өтініш беруші-заңды тұлғаның басшы қызметкеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін және мінсіз іскерлік беделінің болуын растаймын.

      Дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)

      __________________________________________________________________________

      (өтініш беруші – жеке тұлға, өтініш беруші – заңды тұлғаның басшы

      __________________________________________________________________________

      қызметкерінің өз қолымен баспа әріптерімен толтырылады)

      Қолы _________________

      Күні____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады