"Автомобиль, теміржол, ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1205 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 823 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 25 қарашадағы № 658 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 88 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 қарашада № 30827 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Автомобиль, теміржол, ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1205 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 823 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12769 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына:

      қосымшада:

      "алдыңғы тексерулердің нәтижелері (бұзушылықтың ауыртпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеулі емес) Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді)" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 231-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

231.

Поездың құрамында кресло-арбамен қозғалатын адамдарды отырғызуға және түсіруге арналған көтергіш құрылғылары бар, кресло-арбамен қозғалатын адамдарға арналған мамандандырылған орындары бар вагонның болмауы.

өрескел

  ";

      реттік нөмірі 267-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

267.

Теміржол вокзалында билет кассаларының, күтуге арналған үй-жайлардың, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлардың, ана мен бала бөлмесінің, ақпараттық қызмет көрсету объектілерінің (оның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункттің, қоғамдық тәртіпті қорғау пункттің болмауы

елеулі

  ";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Тасымалдаушыға қатысты теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағында:

      реттік нөмірі 76-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

76.

Поездың құрамында кресло-арбамен қозғалатын адамдарды отырғызуға және түсіруге арналған көтергіш құрылғылары бар, кресло-арбамен қозғалатын адамдарға арналған мамандандырылған орындары бар вагонның болмауы.





  ";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Теміржол вокзалдарына қатысты теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағында:

      реттік нөмірі 10-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

10.

Теміржол вокзалында билет кассаларының, күтуге арналған үй-жайлардың, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлардың, ана мен бала бөлмесінің, ақпараттық қызмет көрсету объектілерінің (оның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункттің, қоғамдық тәртіпті қорғау пунктінің болмауы.





  ".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров
     
      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
Е. Дауылбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады